Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 наурыздағы №12-4 "Тіркелген салықтың айына салық салу бірлігіне базалық ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-4-84 тіркелген, 2009 жылы 14 сәуірде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 наурыздағы №12-5 "Бөкей ордасы ауданының жерлеріне салық салу мақсатында аймақтандыру үшін түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-4-85 тіркелген, 2009 жылы 21 сәуірде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Арстанбеков |
Мәслихат хатшысы | Е.Таңатов |