Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 17.08.2018 № 19-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау және қамтамасыз жасау Бөкей ордасы ауданы бойынша салық басқармасына тапсырылсын.
Сессия төрағасы | Н.Жангалиев |
Мәслихаттың хатшысы | Г.Бисекенова |
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 наурыздағы № 12-4 шешіміне қосымша |
Айына салық салу бірлігіне
тіркелген салықтың базалық
ставкалары
Рет № | Салық салу обьектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |