Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зеленый ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Зеленов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленый ауылындағы "Красноармейская" көшесін "Азаттық" көшесі, ал "Октябрьская" көшесін "Достық" көшесі деп қайта аталсын.
2. Зеленов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Молтуганов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеленов ауылдық округінің әкімі | И.Давлетов |