Зеленов ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленый ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Зеленов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 13 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қазанда № 5357 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зеленый ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Зеленов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленый ауылындағы "Красноармейская" көшесін "Азаттық" көшесі, ал "Октябрьская" көшесін "Достық" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Зеленов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Молтуганов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеленов ауылдық округінің әкімі И.Давлетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады