Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Егіндікөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндікөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі Егіндікөл ауылының "Гагарин" көшесі - "Мәңгілік ел" көшесі деп қайта аталсын.
2. Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Имангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауылдық округінің әкімі |
А.Зейнуллин |