Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі Егіндікөл ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 5059 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Егіндікөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндікөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі Егіндікөл ауылының "Гагарин" көшесі - "Мәңгілік ел" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Имангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауылдық
округінің әкімі
А.Зейнуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады