Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 24.04.2020 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде №14010 болып тіркелді) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 31 "Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4727 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Есалиев |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 212 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі | 65 | 2% | 1 |
2 | Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі | 115 | 3% | 3 |
3 | Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Лұқпан Клышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі | 133 | 3% | 4 |
4 | Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) мемлекеттік мекемесінің коммуналдық кәсіпорны "Шыңғырлаукомтехсервис" | 72 | 2% | 1 |
5 | Шаруашылық жүргізу қүқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Шыңғырлау аудандық орталық аурухана" | 281 | 4% | 11 |
6 | Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі | 72 | 2% | 1 |
7 | Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі | 79 | 2% | 2 |
8 | Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Андрей Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі | 97 | 2% | 2 |
9 | Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 112 | 3% | 3 |
10 | Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Болашақ бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 74 | 2% | 1 |