Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 31 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 4727 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 04.12.2018 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Казақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылығы 13 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елуден артық адам- жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы (Н.Ж. Ажмұратова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Т.Каюповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Есалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады