Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қаңтарда № 18249 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен
бекітілген

Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тіркеушіні айқындау жөніндегі ашық конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;

      2) уәкілетті орган – құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс уәкілетті органмен жүргізіледі.

      4. Уәкілетті орган www.gov.kz ресми интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      2) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;

      3) уәкілетті органның заңды мекенжайы; комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны.

      Әлеуетті тіркеушілердің конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталған күні конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсты жүргізу тәртібі

      5. Тіркеушіні айқындау үшін уәкілетті орган тіркеушіні айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Егіншілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      6. Комиссия құрамына уәкілетті органының, қоғамдық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жекеше кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде бес адам. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.

      Уәкілетті органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия хатшысы жұмыс органның қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      7. Комиссия төрағасы отырыстарға төрағалық етеді, комиссияның қызметін жоспарлайды және басқарады.

      8. Комиссия отырысы оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

      9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

      Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда комиссия мүшелері тіркеушіні айқындау жөніндегі ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса берілетін еркін нысандағы ерекше пікірді жазбаша баяндайды.

      10. Комиссия хатшысы:

      1) комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;

      2) тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, комиссия мүшелерінің оған қол қоюын қамтамасыз етеді;

      3) конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      11. Комиссия отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Комиссия отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Комиссия отырысы барысының аудио -, бейнежазбасы үздіксіз жүзеге асырылады. Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасын рұқсатсыз тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.

      12. Әлеуетті тіркеуші конкурсқа қатысу үшін мыналарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті тіркеушінің бірінші басшысы не өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім;

      2) әлеуетті тіркеуші иесі болып табылатын ақпараттық жүйе бойынша құжаттардың көшірмелері:

      ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар актісі немесе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар хаттамасы;

      3) ақпараттық жүйені клиенттерге ақылы электрондық қызметтер көрсетуге арналған баға прейскуранты.

      13. Конкустық өтінім уәкілетті органның кеңсесі арқылы не конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін пошта арқылы беріледі.

      14. Конкурстық өтінім уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні қабылданады және тіркеледі және комиссия хатшысына беріледі.

      Әлеуетті тіркеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде конкурстық өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      15. Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті тіркеушілердің қатысуымен тіркеушіні айқындау бойынша комиссияның отырысы өткізеді.

      16. Комиссия ұсынылған құжаттар мен әлеуетті тіркеушілердің осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін анықтайды.

      Ақпараттық жүйенің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік жүйелерімен және дерекқорлармен интеграциялық өзара іс-қимылының болуын, сондай-ақ ақпараттық жүйеде астық қолхаттарымен операциялар, оның ішінде blockchain технологияларын пайдалана отырып жүргізу мүмкіндіктерін растау үшін әлеуетті тіркеуші комиссия үшін клиенттің ақпараттық жүйедегі жұмысын көрсетуді жүргізеді.

      Ақпараттық жүйеде клиенттің жұмысын көрсету осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға әлеуетті тіркеушінің сәйкестігі айқындалғаннан кейін комиссияның отырысында жүргізіледі.

      17. Егер конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін бір ғана конкурстық өтінім ұсынылса, комиссия осы заңды тұлғаны тіркеуші ретінде айқындау туралы шешім қабылдайды.

      Егер конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 12 -тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін бірнеше конкурстық өтінім ұсынылса, комиссия ақпараттық жүйені клиентінің дербес шотына жылдық қызмет көрсеткені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемақының ең аз мөлшерін негізге ала отырып тіркеушіні айқындайды.

      Бұл ретте, астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қол жеткізгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлем айлық есептік көрсеткіштің отыз алты еселенген мөлшерін құрайды, ал клиенттің (астық қолхатын ұстаушының, астық иесінің, кепіл ұстаушының) жеке шотына жылдық қызмет көрсетілгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемді әлеуетті тіркеуші дербес айқындайды.

      18. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және отырысқа қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері қол қояды және әр парағына қол қояды.

      19. Мынадай жағдайларда комиссия конкурсты өткізілмеген деп таниды:

      1) бірде-бір конкурстық өтінім берілмеген;

      2) барлық әлеуетті тіркеушілер осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген.

      20. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама конкурстық өтінімдер қаралған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      21. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

      22. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттаманың негізінде уәкілетті орган Заңның 6-бабы 1-3) тармақшасына сәйкес тіркеушіні айқындау туралы шешім қабылдайды.

      23. Тіркеушіні айқындау мәселелері бойынша шағымды қарау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүргізіледі.

  Тіркеушіні айқындау бойынша
ашық конкурс өткізу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ________________________
(мемлекеттік орган)

Өтінім _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы көрсетіледі)

      тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Осымен ақпараттық жүйе:

      1) веб-порталдық шешімге ие;

      2) ашық бастапқы коды бар дерекқорларды басқарудың бос жүйесі пайдаланылатын;

      3) ашық бастапқы коды бар бос операциялық жүйе пайдаланылатын;

      4) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы актіге ие;

      5) ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар актісі немесе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар хаттамасына ие;

      6) ақпараттық жүйенің астық қолхаттарымен операциялар туралы деректерін сақтауға арналған blockchain-платформасы пайдаланылатын;

      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес астық қолхаттарымен операциялар орындауға мүмкіндік беретін;

      8) мемлекеттік жүйелермен және дерекқорлармен интеграцияланған, атап айтқанда:

      астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға қатысты – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      астық қабылдау кәсіпорындары қаржылық есептілік депозитарийіне беретін ақпаратқа қатысты – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелеріне қатысты – жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      тізілімде тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      астық қабылдау кәсіпорындарының лицензиарларына және олардың кеңістіктік (географиялық) деректеріне қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік органмен;

      салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындары және астық қолхаттарын ұстаушылар шығарған электрондық шот-фактуралар жөніндегі деректерге қатысты;

      астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы мәліметтерге қатысты – Ұлттық темір жол компаниясымен;

      тізілімде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты – сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;

      клиенттер ақпараттық жүйеде операциялар жүргізу кезінде ақпараттық жүйе қатысушыларының электрондық цифрлық қолтаңба пайдалануына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен;

      клиенттің "төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалана отырып жүзеге асыруы үшін – екінші деңгейдегі банктің төлем жүйесімен интеграциясы бар;

      9) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулігіне 24 сағат/аптасына 7 күн жұмыс істейтін ақпараттық жүйені пайдалана отырып, қызметтер көрсетінін растаймыз.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы және байланыс телефоны_____________________________

      __________             _______________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "____" _______________

  Тіркеушіні айқындау бойынша
ашық конкурс өткізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама

      _________________________             _______________

      (отырысты өткізу орны)                   (уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы тіркеушіні айқындау жөніндегі комиссия:

      ____________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы көрсетіледі)

      2. Мынадай әлеуетті тіркеушілердің конкурстық өтінімдері конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілді:

Әлеуетті тіркеушінің атауы

Әлеуетті тіркеушінің мекенжайы

Конкурстық өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      3. Себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген әлеуетті тіркеушілер туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ___________________________________________________

      4. Конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      (тіркеушінің атауы көрсетіледі)

      5. Комиссия төрағасы мен мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолдары

      6. ______ парақта ерекше пікір.


Об утверждении Правил проведения открытого конкурса по определению регистратора

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 января 2019 года № 33. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 января 2019 года № 18249.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра сельского хозяйства РК от 24.12.2024 № 413 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 32-5) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О зерне" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра сельского хозяйства РК от 24.12.2024 № 413 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения открытого конкурса по определению регистратора.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра сельского хозяйства РК от 24.12.2024 № 413 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение 10 (десяти) календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение 10 (десяти) календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      5) в течение 10 (десяти) рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении 21 (двадцати одного) календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
У. Шукеев

  Утверждены приказом
Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 25 января 2019 года № 33

Правила проведения открытого конкурса по определению регистратора

      Сноска. Правила - в редакции приказа и.о. Министра сельского хозяйства РК от 24.12.2024 № 413 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения открытого конкурса по определению регистратора (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 32-5) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О зерне" (далее – Закон) и определяют порядок проведения открытого конкурса по определению регистратора (далее – конкурс).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) регистраторская информационная система (далее – информационная система) – автоматизированная система ведения реестра, предназначенная для хранения, обработки, поиска, распространения, передачи и предоставления информации по зерновым распискам и их держателям;

      2) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах компетенции координацию и регулирование деятельности участников зернового рынка.

      3. Открытый конкурс по определению регистратора проводится уполномоченным органом.

      4. Уполномоченный орган размещает на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа www.gov.kz объявление о проведении конкурса за 15 (пятнадцать) рабочих дней до начала приема заявок.

      В объявлении о проведении конкурса указывается следующая информация:

      1) дата и время начала и завершения приема конкурсных заявок;

      2) перечень необходимых документов, указанных в пункте 12 настоящих Правил;

      3) юридический адрес уполномоченного органа; дата, время и место проведения заседания комиссии.

      Срок окончательной даты представления потенциальными регистраторами конкурсных заявок составляет 10 (десять) рабочих дней со дня размещения объявления о проведении конкурса.

Глава 2. Порядок проведения открытого конкурса по определению регистратора

      5. Для определения регистратора уполномоченным органом создается комиссия по определению регистратора (далее – комиссия).

      Рабочим органом комиссии является структурное подразделение уполномоченного органа, осуществляющее функции в области земледелия.

      6. В состав комиссии включаются представители уполномоченного органа, общественных организаций, объединений субъектов частного предпринимательства в сфере агропромышленного комплекса.

      Общее количество членов комиссии составляет нечетное число, не менее пяти человек. Комиссия состоит из председателя, членов комиссии и секретаря.

      Председателем комиссии является представитель уполномоченного органа. Секретарь комиссии определяется из числа сотрудников рабочего органа. Секретарь комиссии не является ее членом.

      7. Председатель комиссии председательствует на заседаниях, планирует и руководит деятельностью комиссии.

      8.  Заседание комиссии считается состоявшимся, если на нем присутствуют не менее двух третей от общего числа ее членов.

      9. Решения комиссии принимаются путем открытого голосования и оформляются протоколом.

      При несогласии с принимаемым решением члены комиссии излагают письменно особое мнение в произвольной форме, которое прилагается к протоколу об итогах открытого конкурса по определению регистратора.

      10. Секретарь комиссии:

      1) обеспечивает комиссию необходимыми документами, организует проведение заседания комиссии;

      2) оформляет протокол об итогах открытого конкурса по определению регистратора, обеспечивает его подписание членами комиссии;

      3) обеспечивает сохранность документов конкурса.

      11. Заседание комиссии фиксируется с помощью средств аудио-, видеозаписи. Фиксирование заседания комиссии средствами аудио-, видеозаписи осуществляет уполномоченный орган.

      Аудио-, видеозапись хода заседания комиссии осуществляется непрерывно. Несанкционированное приостановление или корректировка аудио-, видеозаписи заседания комиссии не допускается.

      12. Потенциальный регистратор для участия в конкурсе представляет конкурсную заявку, которая содержит:

      1) заявку по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, подписанную первым руководителем потенциального регистратора, либо уполномоченным лицом на основании соответствующего документа, подтверждающего полномочия;

      2) копии документов по информационной системе, владельцем которой является потенциальный регистратор:

      акт испытаний с положительным результатом испытаний информационной системы на соответствие требованиям информационной безопасности или протокол испытаний с положительным результатом испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности;

      3) прейскурант цен на оказание платных электронных услуг клиентам информационной системы.

      13. Конкурсная заявка подается через канцелярию уполномоченного органа либо по почте до окончания срока приема конкурсных заявок.

      14. Конкурсная заявка принимается и регистрируется в канцелярии уполномоченного органа в день ее поступления и выдается секретарю комиссии.

      При обращении потенциального регистратора после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием конкурсной заявки осуществляется следующим рабочим днем.

      15. Не позднее двух рабочих дней со дня окончания срока приема конкурсных заявок проводится заседание комиссии по определению регистратора с участием потенциальных регистраторов.

      16. Комиссия определяет соответствие представленных документов и потенциальных регистраторов требованиям пункта 12 настоящих Правил.

      Для подтверждения наличия интеграционных взаимодействий информационной системы с государственными системами и базами данных, указанными в пункте 3 Правил формирования и ведения государственного электронного реестра держателей зерновых расписок, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 4-1/699 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12016), а также возможности проведения в информационной системе операций с зерновыми расписками, в том числе с использованием технологий blockchain, потенциальный регистратор проводит для комиссии демонстрацию работы клиента в информационной системе.

      Демонстрация работы клиента в информационной системе проводится на заседании комиссии после определения соответствия потенциального регистратора требованиям, указанным в пункте 12 настоящих Правил.

      17. Если в течение срока представления конкурсных заявок представлена только одна конкурсная заявка, соответствующая требованиям, указанным в пункте 12 настоящих Правил, комиссия принимает решение об определении данного юридического лица регистратором.

      Если в течение срока представления конкурсных заявок представлены несколько конкурсных заявок, соответствующих требованиям, указанным в пункте 12 настоящих Правил, комиссия определяет регистратора исходя из наименьшего размера ежегодной абонентской платы за годовое обслуживание лицевого счета клиента информационной системы.

      При этом, ежегодная абонентская плата за предоставление доступа хлебоприемному предприятию к государственному электронному реестру держателей зерновых расписок составляет тридцати шестикратный размер месячного расчетного показателя, а ежегодная абонентская плата за годовое обслуживание лицевого счета клиента (держателя зерновой расписки, владельца зерна, залогодержателя) определяется потенциальным регистратором самостоятельно.

      18. Протокол об итогах конкурса по определению регистратора оформляется по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и подписывается и полистно парафируется всеми присутствующими на заседании членами комиссии.

      19. Конкурс признается комиссией несостоявшимся в случаях, если:

      1) не подано ни одной конкурсной заявки;

      2) все потенциальные регистраторы не соответствуют требованиям, указанным в пункте 12 настоящих Правил.

      20. Протокол об итогах конкурса по определению регистратора не позднее одного рабочего дня с момента рассмотрения конкурсных заявок размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      21. В случае признания конкурса несостоявшимся, уполномоченным органом принимается решение о повторном проведении конкурса.

      22. На основании протокола об итогах конкурса по определению регистратора уполномоченный орган принимает решение об определении регистратора согласно подпункту 1-3) статьи 6 Закона.

      23. Рассмотрение жалобы по вопросам определения регистратора производится в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам проведения
открытого конкурса по
определению регистратора

      Форма

  ________________________
(государственный орган)

Заявка

      Прошу допустить ____________________________________________________
                        (указывается наименование юридического лица)

      к участию в открытом конкурсе по определению регистратора.

      Настоящим подтверждаем, что информационная система:

      1) имеет веб-портальное решение;

      2) использует свободную систему управления базами данных с открытым исходным кодом;

      3) использует свободную операционную систему с открытым исходным кодом;

      4) имеет акт о приемке в промышленную эксплуатацию информационной системы в соответствии с законодательством об информатизации;

      5) имеет акт испытаний с положительным результатом испытаний информационной системы на соответствие требованиям информационной безопасности или протокол испытаний с положительным результатом испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности;

      6) использует blockchain-платформу для хранения данных информационной системы об операциях с зерновыми расписками;

      7) позволяет выполнять операции с зерновыми расписками в соответствии с Правилами формирования и ведения государственного электронного реестра держателей зерновых расписок, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 4-1/699 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12016);

      8) имеет интеграции с государственными системами и базами данных, в частности:

      государственным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере разрешений и уведомлений – в отношении юридических лиц, имеющих лицензию на осуществление деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок;

      государственным органом, осуществляющим регулирование деятельности в сфере бухгалтерского учета и финансовой отчетности – в отношении информации, предоставляемой хлебоприемными предприятиями в депозитарий финансовой отчетности;

      государственным органом, осуществляющим реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере государственной регистрации и государственного технического обследования недвижимого имущества – в отношении объектов недвижимости, зарегистрированных за хлебоприемными предприятиями;

      государственным органом, осуществляющим регулирование в области земельных отношений – в отношении земельных участков, зарегистрированных за хлебоприемными предприятиями;

      государственным органом, осуществляющим государственную регистрацию юридических лиц и учетную регистрацию филиалов и представительств – в отношении юридических лиц, филиалов и представительств, зарегистрированных в реестре;

      государственным органом по управлению государственным имуществом – в отношении лицензиаров хлебоприемных предприятий и их пространственных (географических) данных;

      государственным органом, осуществляющим налоговое администрирование – в отношении данных по электронным счетам-фактурам, выставленным хлебоприемными предприятиями и держателями зерновых расписок;

      Национальной железнодорожной компанией – в отношении сведений о транспортировке зерна на внутреннем рынке и на экспорт;

      государственным органом, осуществляющим формирование идентификационных номеров и ведение национальных реестров идентификационных номеров – в отношении физических лиц, зарегистрированных в реестре;

      Национальным удостоверяющим центром Республики Казахстан – в отношении использования участниками информационной системы электронной цифровой подписи при совершении клиентами операций в информационной системе;

      платежной системой банка второго уровня – для осуществления клиентом операций с использованием опции "поставка против платежа";

      9) функционирует 24 часа в сутки/7 дней в неделю, за исключением технических перерывов

      Прилагаемые документы:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Адрес и контактный телефон ______________________________________

      __________ _____________________________________________________
      (подпись)             (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      "____"_______________ 20__ года

  Приложение 2
к Правилам проведения
открытого конкурса по
определению регистратора
  форма

Протокол об итогах конкурса по определению регистратора

      _________________________ _______________
      (место проведения заседания) (время и дата)

      1. Комиссия по определению регистратора в составе:

      ________________________________________________________________________
            (указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность
            председателя, членов и секретаря комиссии)

      2. Конкурсные заявки следующих потенциальных регистраторов допущены к дальнейшему участию в конкурсе:

Наименование потенциального регистратора

Адрес потенциального регистратора

Дата и время представления конкурсной заявки (по хронологии)

 




      3. Сведения о потенциальных регистраторах, не прошедших конкурс, с указанием причин:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      __________________________________________________

      4. Сведения об итогах конкурса с указанием победителя конкурса:

      ________________________________________________________________________
                        (указывается наименование регистратора)

      5. Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подписи председателя и членов комиссии

      6. Особое мнение на
      листах.