"Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ - 53 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2021 № ҚР ДСМ - 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10623 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы "__" __________
№______ бұйрығымен
бекітілген

"Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 144-бабының 6-тармағына, 145-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әзірленген және жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жарамдылық мерзімі – парфюмерлік-косметикалық өнім мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын кезең. Жарамдылық мерзімін өнімді дайындаушы техникалық құжаттарда белгілейді.

      2) парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі – ПКӨ) – жалғыз немесе басты мақсаты оларды тазарту, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру және (немесе) дененің иісін өзгерту және (немесе) оны қорғау және (немесе) жақсы жағдайда сақтау және (немесе) оларды күту болатын, адамның сыртқы жамылғысына (терісіне, түкті жамылғысына, тырнағына, ерніне және сыртқы жыныс органдарына) немесе тіске және ауыз қуысының шырышты қабығына тікелей жағуға арналған зат немесе зат қоспалары.

      Осы Санитариялық қағидаларда осы тарауда айқындалмаған терминдер Кодекспен, "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен (бұдан әрі – КО ТР 009/2011) белгіленген мәндерде пайдаланылады.

2-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдауға, жобалауға және реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары ескеріле отырып және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарымен айқындалады.

      ПКӨ өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және 3-қосымшасының 30-тармағына сәйкес қызметтің басталғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органға хабарлайды.

      4. Құрылысқа арналған жер учаскесін таңдау кезінде ПКӨ өндіру бойынша объектілерді:

      1) мал қорымдарына, уытты қалдықтарды көму орындарына, қоқыс төгетін орындарға, көң қоймаларына, ассенизация алаңдарына, зираттарға пайдаланылатын, сондай-ақ топырағы органикалық және химиялық сипаттағы ластанған;

      2) радиациялық қауіпсіздік нормативтерінен артатын;

      3) сібір жарасы бойынша стационарлық-қолайсыз пункттердің топырақ ошақтары болып табылатын;

      4) сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғаудың бірінші аймағындағы;

      5) көмір және басқа да шахталар мен разрездердің жыныстары үйінділерінің қауіпті аймақтарындағы жер учаскелерінде орналастыруға жол берілмейді.

      5. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің үй-жайларының көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін жобалау және реконструкциялау кезінде шикізаттың, қаптамалау материалдарының, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің ластануын болдырмайтын технологиялық процестердің ағымдылығын сақтай отырып көзделеді.

      6. ПКӨ өндіру бойынша объектілер жеке аумаққа орналастырылады. Өндірістің аумағында жарықтандыру, қоршау және көгалдандыру көзделеді.

      Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:

      1) өндірістік аймақта: өндірістік үй-жайлар, шикі және дайын өнімдерге арналған қойма үй-жайлары, тұрмыстық үй-жайлар, медицина пункттері қамтылған өндірістік корпус орналастырылады;

      2) шаруашылық аймақта: жөндеу шеберханалары, ыдыстарды және отынды сақтауға арналған қоймалар, от жағатын бөлме, қоқыс жинауға арналған контейнерлері бар алаң, аула ішіндегі дәретхана орналастырылады.

      7. Шаруашылық аймақ өндірістік аймаққа қатысты желдің ық жағында орналасады және жасыл көшеттермен бөлінеді. Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүргіншілер жүретін жолдардың қатты жабыны болады.

      8. Атмосфералық судың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылыстардан су тоғандарына бағытталған еңістер жабдықталады. Су тоғандары мен суағарлар жүйелі түрде тазартылады, уақтылы жөнделеді.

      9. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау үшін су өтпейтін жабыны бар алаңда орнатылатын металл контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтар мен қоқыстарды шығару олардың толуына байланысты жүргізіледі.

      10. Үй-жайларды ішкі әрлеу үшін ылғалды жинауға және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге жеңіл қолданылатын материалдар пайдаланылады.

      11. Өндірістік үй-жайлар санитариялық-тұрмыстық, қызметтік, әкімшілік үй-жайлардан оқшауланады.

      12. Персонал үшін себезгісі бар киім ілетін орын және санитариялық-техникалық құралдармен жарақталған дәретхана жабдықталады.

      13. Жұмыскерлерге арналған асхана немесе буфет тұрмыстық үй-жайлардың құрамында немесе бөлек тұратын ғимараттарда орналасады.

      14. ПКӨ алу технологиясындағы барлық өзгертулерге еңбек жағдайының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін және дайын өнімнің тұтынушылық сапасының нашарлауына әкеліп соқпайтын іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жол беріледі.

3-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілердің сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, желдеткіш және ауа баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      15. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің ғимараттары орталықтандырылған сумен жабдықтау, суды бұру, жылу, желдеткіш және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі және жабдықталады.

      16. Техникалық және ауыз сулардың бөлек су құбырлары көзделеді, ажырату түстерімен боялады және өзара қосылыстары болмайды.

      17. Өндірістік үй-жайларда кәріздеу жүйесі жоспарланады және өнімнің ластану тәуекелін болдырмау есебімен орындалады.

      18. Өндіріске, шикізатты және дайын өнімді сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық ағын сулар құбырларының төсеміне жол берілмейді.

      19. Объектілерді кәріздеу жүргізілмеген елді мекендерде орналастырған кезде жергілікті кәріз құрылғысы көзделеді. Ағын суларды қабылдауға арналған бетондалған шұңқырлардың қақпақтары болады және үштен екіден аспайтын көлемде толуына байланысты тазартылады.

      20. Ашық су қоймалары мен іргелес аумаққа ағын суларды жіберуге, сондай-ақ сіңіріп алатын құдық құрылғысына жол берілмейді.

      21. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтанған жылумен жабдықтау көзі болмаған кезде дербес қазандық немесе басқа да жылумен жабдықтау көздері көзделеді.

      22. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11147 болып тіркелген) адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінің талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарық көзделеді.

      23. Өндірістік үй-жайларда жарықтандыру жүйесі барлық сынықтарды оқшаулауға және олардың өнімдерге түсуіне жол бермеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      24. ПКӨ өндіру бойынша объектінің ғимараттарында желдеткіш және ауа баптау жүйелері көзделеді. Ғимараттардың желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жобалау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық норматвитердің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Өндірістік үй-жайлардың ішінде орналастырылған үй-жайдың ауасына зиянды немесе қатты иіс бөлетін бастапқы өнімдерді, жартылай өнімдерді жинау орындары сору желдеткіші бар арнайы жабынмен жабдықталады.

      26. Өндірістік үй-жайларға орнатылған желдеткіш және ауап баптау жүйелері өндірістік үй-жайға өнімнің ластануын болдырмайтын ауаның келуін қамтамасыз етеді.

4-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      27. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидалар сақталған кезде Кодекстің 21, 21-1, 62-баптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. ПКӨ өндіру бойынша объектілерде жабдықты орналастыру және жұмыс істеуі шикі және дайын өнімнің араласуы мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсету, жуу, дезинфекциялау және жөндеу үшін жабдыққа еркін қолжетімділік мүмкіндігімен шикізаттың, қаптамалау материалының, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің ластануын болдырмай, технологиялық процестің ағымын сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

      Қажет болған кезде өндірістік жабдық технологиялық процестің үздіксіздігін және пайдалану процесінде стерильділік шарттарын сақтауды есепке ала отырып орналастырылады.

      29. Өндіріс процесіндегі ПКӨ-ның қауіпсіздігін объектінің персоналы бақылайды және:

      1) өнімді өндіру кезеңдерінде өнімнің және технологиялық процестің бақыланатын кезеңдерін анықтау;

      2) ПКӨ өндірісі кезінде пайдаланылатын шикізатқа, технологиялық құралдарға және қосалқы материалдарға бақылау жүргізу, өлшеп оралмаған және дайын өнімдерді бақылау;

      3) қауіпсіз ПКӨ өндірісін қамтамасыз ететін тәртіпте технологиялық жабдықтың жұмыс істеуін бақылау;

      4) ПКӨ өндірісі кезеңдерінде оны бақылау нәтижелерін және технологиялық процесстің бақыланатын кезеңдері туралы ақпаратты құжаттауды қамтамасыз ету;

      5) әрбір кезең үшін технологиялық операцияларды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету (қосылатың шикізатты, температурларды, жылдамдықтарды, араластыру, сынама алу, жабдықты тазалау, санитариялық өндеу, өлшеп оралмаған өнімді беру уақытын көрсету);

      6) ПКӨ-ны сақтау шарттарын сақтау;

      7) өндірістік үй-жайларды, ПКӨ өндірісі процесінде пайдаланылатын технологиялық жабдықты және мүкаммалды жинау, жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау тәсілдері мен кезеңділігін анықтау;

      8) өндірілген өнімнің КО ТР 009/2011 талаптарын; ПКӨ қадағалау бойынша сәйкестігін растайтын құжаттарды жүргізу және сақтау;

      9) дайын өнімді нарықта орналастыру алдында оны бақылауды жүргізу;

      10) ПКӨ-ның әрбір партиясының үлгілерін сақтау арқылы қамтамасыз етеді.

      30. Бастапқы өнімдерді, жартылай өнімдерді, қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау тәсілдері объектілердің қоршаған ортаны ластау мүмкіндіктеріне жол бермейтін және өнеркәсіптік қалдықтарды зарарсыздандыру және тазалау бойынша жұмыстардың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асырылады.

      31. Химиялық заттардың, температураның әсеріне төзімсіз және олармен жанасатын ортаға зиянды химиялық заттарды бөлуге қабілетті материалдардан жасалған жабдыққа жол берілмейді.

      32. Сұйық зиянды және (немесе) иісі қатты шығатын заттарға арналған дозалау аппаратурасы олардың толуынан сақтайтын құрылғылармен жабдықталады.

      33. Сусымалы заттарды тиеу және түсіру шаң бөлінуді болдырмайтын тәсілмен жүзеге асырылады.

      34. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникациялар арқылы жүзеге асырылады. Зиянды және (немесе) қатты иісі бар заттардың ерітінділерін ашық ағыспен беруге жол берілмейді.

      35. Үй-жайларды жинауды сығылған ауамен жүргізуге, үй-жайларды және жұмыс беттерін жуу үшін органикалық ерітінділерді пайдалануға жол берілмейді. Жинау жұмыстары жуу құралдарының су ерітінділерін пайдалана отырып жүргізіледі.

      36. Өндірістік үй-жайларға жануарлардың, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуіне жол берілмейді.

      37. Өндірістік үй-жайлар ультракүлгін сәулелегіштермен жабдықталады.

      38. Өндірістік үй-жайларда арнайы киім кию қажет.

      39. Санитариялық киімді сақтау ашық тәсілмен жүзеге асырылады, ол үшін тұрмыстық үй-жайлардың киім ілетін орындары киім ілгіштермен немесе ашық шкафтармен, аяқ киімге арналған төсеніштермен жабдықталады.

      Үй және арнайы киімді сақтауға арналған орындардың саны барлық ауысымдардағы жұмысшылардың санына тең қабылданады. Санитариялық және үй киімдерін бірге сақтауға жол берілмейді.

      40. Қызметтік міндетті орындау кезінде пайдаланылмайтын және өнімді ластау көзі болуы мүмкін заттарды өндірістік үй-жайларға алып келуге, осы үй-жайларда темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді.

      41. Асханаға кіретін жерде киімдерге арналған киім ілгіш, сабынмен және электрлі сүлгімен жабдықталған ыстық және салқын су жүргізілген қол жуғыштар орнатылады.

      42. Өндіруші (дайындаушы) шығарылатын ПКӨ-ның КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

5-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      44. Өнімдер, шикізаттар, материалдар, реактивтер регламенттелген сақтау мерзімі ішінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдырмайтын жағдайларды сақтай отырып, негізгі өндірістен оқшауланған арнайы үй-жайларда сақталады.

      45. Шикізаттың, материалдар мен реактивтердің жарамсыз партиялары таңбаланады және олардың өндірістік процеске кездейсоқ түсуін болдырмау үшін бөлек сақталады.

      46. Қойма үй-жайларының шығарылатын өнім, қосалқы материалдар және шикізат номенклатурасына сәйкес келетін қуаты болады. Көлемдері, конструкциясы және орналасуы өнімді тиімді орналастыруға, жинау жұмысын және басқа да қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Дайын өнім стеллаждарда және (немесе) тұғырықтарда сақталады.

      47. Қоймада уытты және тез тұтанатын заттарды сақтауға арналған бөлек үй-жай (аймақтар) көзделеді.

      48. ПКӨ-ны өткізу КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкес өткізілетін өнімнің сәйкестігін бағалау құжаттары мен өндірушінің мәлімдеген шарттары (сәйкестік туралы декларация немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде жүзеге асырылады.

      49. ПКӨ-ны қоймаларда және өткізу орындарында сақтау және тасымалдау кезінде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттар сақталады.

      50. ПКӨ-ны сақтау және өткізу тамақ өнімдерінен, құрылыс және әрлеу материалдарынан, автобөлшектерден, жанар-жағармай материалдарынан бөлек жүзеге асырылады.

      51. ПКӨ-ы белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде дайын өнім қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін тұтынушылық ыдысы болған кезде өткізіледі.

      52. Жарамдылық мерзімі аяқталған, тұтынушылық ыдысында ақауы бар және сақтау шарттары бұзылған ПКӨ өткізуге жол берілмейді.

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 марта 2019 года № ҚР ДСМ-11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2019 года № 18401. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 июня 2021 года № ҚР ДСМ - 53.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 21.06.2021 № ҚР ДСМ - 53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции".

      2. Признать утратившим силу приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 135 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10623 опубликованный 22 мая 2015 года в Информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет–ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Цой А.В.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

  Утверждены
приказом Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 18 марта 2019 года
№ ҚР ДСМ-11

Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции" (далее – Санитарные правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 7-1, пунктом 6 статьи 144, пункта 1 и пункта 2 статьи 145 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и содержат санитарно-эпидемиологические требования к выбору земельного участка, проектированию, реконструкции, производству, хранению и реализации парфюмерно-косметической продукции.

      2. В настоящих Санитарных правилах используются следующие термины и определения:

      1) срок годности – период, по истечении которого парфюмерно-косметическая продукция считается непригодной для использования по назначению. Срок годности устанавливается изготовителем продукции в технических документах.

      2) парфюмерно-косметическая продукция (далее – ПКП) – вещество или смеси веществ, предназначенные для нанесения непосредственно на внешний покров человека (кожу, волосяной покров, ногти, губы и наружные половые органы) или на зубы и слизистую оболочку полости рта с единственной или главной целью их очищения, изменения их внешнего вида, придания приятного запаха, и (или) коррекции запаха тела, и (или) защиты, и (или) сохранения в хорошем состоянии, и (или) ухода за ними.

      В настоящих Санитарных правилах термины, не определенные в настоящей главе используются в значениях, установленных Кодексом, техническим регламентом Таможенного союза "О безопасности парфюмерно-косметической продукции" (далее – ТР ТС 009/2011).

Глава 2. Санитарно-эпидемиологические требования к выбору земельного участка, проектированию и реконструкции объектов по производству парфюмерно-косметической продукции.

      3. Выбор земельного участка объектов по производству ПКП определяется с учетом требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утвержденных государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса и требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства, утверждаемых уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства согласно подпункта 23-16) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      Юридические и физические лица, осуществляющие деятельность по производству ПКП уведомляют территориальный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения о начале деятельности в соответствии с пунктом 30 приложения 3 и статьей 17 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях".

      4. При выборе земельного участка под строительство не допускается размещение объектов по производству ПКП на земельных участках:

      1) использовавшихся под скотомогильники, места захоронения токсичных отходов, свалки, навозохранилища, поля ассенизации, кладбища, а также имеющих загрязнение почвы органического и химического характера;

      2) при превышении нормативов радиационной безопасности;

      3) являющихся почвенными очагами стационарно-неблагополучных по сибирской язве пунктов;

      4) в первой зоне санитарной охраны источников водоснабжения;

      5) в опасных зонах отвалов породы угольных и других шахт и разрезов.

      5. При проектировании и реконструкции объемно-планировочные и конструктивные решения помещений объектов по производству ПКП предусматриваются с соблюдением поточности технологических процессов, исключающие загрязнение сырья, упаковочных материалов, нерасфасованной и готовой продукции.

      6. Объекты по производству ПКП размещаются на отдельной территории. На территории производства предусматривается освещение, ограждение и озеленение.

      Территория подразделяется на производственную и хозяйственную зоны:

      1) в производственной зоне размещаются: производственный корпус, который включает в себя производственные помещения, складские помещения для сырья и готовой продукции, бытовые помещения, медицинский пункт;

      2) в хозяйственной зоне размещаются: ремонтные мастерские, склады для хранения тары и топлива, котельная, гараж, площадка с контейнерами для сбора мусора, надворный туалет.

      7. Хозяйственная зона располагается с подветренной стороны по отношению к производственной и отделяется зелеными насаждениями. Проезды и пешеходные дорожки имеют твердое покрытие.

      8. Для стока атмосферных вод оборудуются уклоны, направленные от зданий и других сооружений к водосборникам. Водосборники и водостоки регулярно очищаются, своевременно ремонтируются.

      9. Для сбора отходов и мусора используются металлические контейнеры, устанавливаемые на площадке с водонепроницаемым покрытием. Вывоз отходов и мусора производится по мере их заполнения.

      10. Для внутренней отделки помещений используются материалы, легко подвергающиеся влажной уборке и обработке дезинфицирующими средствами.

      11. Производственные помещения изолируются от санитарно-бытовых, служебных, административных помещений.

      12. Для персонала оборудуются гардеробная с душевой и туалет, которые оснащаются санитарно-техническими приборами.

      13. Столовая или буфет для работающих размещаются в составе бытовых помещений или в отдельно стоящих зданиях.

      14. Все изменения в технологии получения ПКП допускаются при осуществления мероприятий, обеспечивающих безопасные условия труда, защиту окружающей среды и не влекущие за собой ухудшение потребительских качеств готовой продукции.

Глава 3. Санитарно-эпидемиологические требования к системам водоснабжения, водоотведения, теплоснабжения, освещения, вентиляции и кондиционирования объектов по производству парфюмерно-косметической продукции

      15. Здания объектов по производству ПКП обеспечиваются и оборудуются централизованными системами водоснабжения, водоотведения, отопления, освещения, вентиляции и кондиционирования.

      16. Предусматриваются раздельные водопроводы технической и питьевой воды, окрашиваются в отличительные цвета и не имеют соединений между собой.

      17. Система канализования в производственных помещениях проектируется и выполняется с учетом исключения риска загрязнения продукции.

      18. Прокладка трубопроводов бытовых сточных вод в помещениях для производства, хранения сырья и готовой продукции не допускается.

      19. При размещении объектов в неканализованных населенных пунктах предусматривается устройство местной канализации. Бетонированная яма для приема сточных вод имеет крышку и очищается по мере накопления.

      20. Сброс сточных вод в открытые водоемы и на прилегающую территорию, также устройство поглощающих колодцев не допускается.

      21. Здания объектов по производству ПКП оборудуются системами центрального отопления. При отсутствии централизованного источника теплоснабжения предусматривается автономная котельная или другие источники теплоснабжения.

      22. На объекте по производству ПКП предусматриваются естественное и искусственное освещение согласно требованиям Гигиенических нормативов к физическим факторам, оказывающим воздействие на человека, утвержденных Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 169 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 23 мая 2015 года под № 11147) и требованиям государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      23. Системы освещения в производственных помещениях обеспечивают возможность локализации всех осколков и предотвращение их попадания в продукцию.

      24. В зданиях объекта по производству ПКП предусматриваются системы вентиляции и кондиционирования воздуха. Проектирование систем вентиляции и кондиционирования зданий осуществляется согласно требованиям санитарных правил, гигиенических нормативов, утвержденных согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса и государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      25. Размещенные внутри производственных помещений места складирования исходных продуктов, полупродуктов, выделяющих в воздух помещений вредные или сильно пахнущие вещества, оборудуются специальными укрытиями с вытяжной вентиляцией.

      26. Системы вентиляции и кондиционирования, установленные в производственных помещениях, обеспечивают поступление в производственное помещение воздуха, исключающего загрязнение продукции.

Глава 4. Санитарно-эпидемиологические требования к объектам по производству парфюмерно-косметической продукции

      27. Деятельность объектов производства ПКП осуществляется при соблюдении настоящих Санитарных правил в соответствии со статьями 21, 21-1, 62 Кодекса, статьей 17 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях".

      28. На объектах по производству ПКП расстановка и работа оборудования обеспечивается с соблюдением поточности технологического процесса, исключением загрязнения сырья, упаковочного материала, нерасфасованной и готовой продукции, возможностью свободного доступа к оборудованию для обслуживания, мытья, дезинфекции и ремонта, с исключением возможности контакта сырья и готовой продукции.

      При необходимости производственное оборудование размещается с учетом непрерывности технологического процесса и соблюдения условий стерильности в процессе эксплуатации.

      29. Безопасность ПКП в процессе производства контролируется персоналом объекта и обеспечивается посредством:

      1) определения контролируемых этапов технологического процесса и продукции на этапах ее производства;

      2) проведения контроля за сырьем, технологическими средствами и вспомогательными материалами, используемыми при производства ПКП, контроль за нерасфасованной и готовой продукцией;

      3) контроля за функционированием технологического оборудования в порядке, обеспечивающим производство безопасной ПКП;

      4) обеспечения документирования информации о контролируемых этапах технологического процесса и результатов контроля ПКП на этапах ее производства;

      5) обеспечения учета и регистрации технологических операций для каждой стадии (указание добавляемого сырья, температур, скоростей, времени перемешивания, отбора проб, очистки, санитарной обработки оборудования, передачи нерасфасованной продукции);

      6) соблюдения условий хранения ПКП;

      7) определения способов и периодичности проведения уборки, мойки, дезинфекции, дезинсекции и дератизации производственных помещений, технологического оборудования и инвентаря, используемых в процессе производства ПКП;

      8) ведения и хранения документации, подтверждающих соответствие произведенной продукции требованиям ТР ТС 009/2011; по прослеживаемости ПКП;

      9) проведения контроля готовой продукции перед размещением ее на рынке;

      10) сохранения образцов от каждой партии ПКП.

      30. Способы сбора, хранения и транспортировки исходных продуктов, полупродуктов, отходов осуществляются способами, не допускающие возможность загрязнения объектов окружающей среды и обеспечивающие безопасность персонала, занятого на всех этапах работы по обеззараживанию и очистке промышленных отходов.

      31. Не допускается оборудование из материалов, не стойких к воздействию химических веществ, температурным воздействиям и способных выделять в контактирующие с ними среды вредные химические вещества.

      32. Дозирующая аппаратура для жидких вредных и (или) сильнопахнущих веществ снабжается устройствами, предупреждающими их переполнение.

      33. Загрузка и выгрузка сыпучих веществ осуществляется способом, исключающим пылевыделение.

      34. Загрузка жидкого сырья осуществляется по закрытым коммуникациям. Подача растворов вредных и (или) сильнопахнущих веществ открытыми струями не допускается.

      35. Не допускается проведение уборки помещений сжатым воздухом, использование органических растворителей для мытья помещений и рабочих поверхностей. Уборка проводится с использованием водных растворов моющих средств.

      36. Не допускается проникновение животных, в том числе грызунов и насекомых в производственные помещения.

      37. Производственные помещения оборудуются ультрафиолетовыми облучателями.

      38. В производственных помещениях необходимо носить специальную одежду.

      39. Хранение специальной одежды осуществляется открытым способом, для чего гардеробные бытовых помещений оборудуются вешалками или открытыми шкафами, подставками для обуви.

      Количество мест для хранения домашней и специальной одежды принимается равному числу работающих во всех сменах.

      Не допускается совместное хранение специальной и домашней одежды.

      40. Не допускается проносить в производственные помещения предметы, которые не используются при исполнении служебных обязанностей и могут стать источниками загрязнения продукции, курить и принимать пищу в этих помещениях.

      41. У входа в столовую устанавливаются вешалки для одежды, умывальные с подводкой горячей и холодной воды, оснащенные мылом и электрополотенцами.

      42. Тара, строительные и хозяйственные материалы хранятся в складах. Допускается складирование тары и временное ее хранение под навесом на асфальтированных площадках.

      43. Производитель (изготовитель) обеспечивает соответствие выпускаемой ПКП требованиям ТР ТС 009/2011.

Глава 5. Санитарно-эпидемиологические требования к хранению и реализации парфюмерно-косметической продукции

      44. Продукция, сырье, материалы, реактивы хранятся в специальных помещениях, изолированных от основного производства, с соблюдением условий, обеспечивающих их сохранность в течение регламентированных сроков хранения и предотвращающих смешивание и загрязнение.

      45. Забракованные партии сырья, материалов и реактивов маркируются и хранятся отдельно для предотвращения их случайного попадания в производственный процесс.

      46. Складские помещения имеют мощности, соответствующие номенклатуре выпускаемой продукции, вспомогательных материалов и сырья. Размеры, конструкции и расположение предусматривает рациональное размещение продукции, проведение уборки и других необходимых технических операций. Готовая продукция хранится на стеллажах и (или) поддонах.

      47. На складе предусматривается отдельное помещение (зоны) для хранения токсичных и легковоспламеняющихся веществ.

      48. Реализация ПКП осуществляется при наличии условий, заявленных производителем и документов оценки соответствия реализуемой продукции (декларация о соответствии или свидетельство о государственной регистрации), согласно требований ТР ТС 009/2011.

      49. При хранении и транспортировке ПКП в складах и точках реализации соблюдаются условия, обеспечивающие качество и безопасность продукции.

      50. Хранение и реализация ПКП осуществляется отдельно от пищевых продуктов, строительных и отделочных материалов, автозапчастей, горюче-смазочных материалов.

      51. ПКП реализуется при наличии потребительской тары, обеспечивающей сохранность свойств готовой продукции в течение установленных сроков годности.

      52. Не допускается к реализации ПКП с просроченными сроками годности, с дефектами потребительской тары и нарушениями условий хранения.