РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2029 дейін қолданыста болады
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 23-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 264 бұйрығына 1-қосымша |
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 23-тармағына сәйкес әзірленген және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну қағидалары мен мерзімін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады. Аталған мәліметтер, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі ұсынған деректер негізінде құрылады.
3. Мәліметтер электрондық нысанда (Microsoft Excel форматында) қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
4. Комитетке ұсынылатын мәліметтерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 264 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
20__ жыл үшін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары туралы мәліметтер
Р/с № | Резиденттік (резидент/резидент емес) | Атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу № (немесе оның аналогы) | Орналасқан жері | Қызмет түрі | Жобаны іске асыру процесінде қатысушыларға өндіруге жоспарланған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер | Қатысушы куәлігінің берілген күні | Қатысушы куәлігінің қолданылу мерзімі (аяқталу күні) | Куәлік мәртебесі | Түсімнің (табыстың) күтілетін түсімі, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жобаны іске асыру үшін тартылатын жұмыскерлердің болжамды саны | Жобаны іске асыру үшін жұмыскерлерді тартудың болжамды мерзімі | Сатылған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің көлемі, мың теңге | Инвестициялардың көлемі | |||
резидент | резидент емес | резидент | резидент емес | өзіндік, мың теңге | тартылған, мың теңге | |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органының
басшысы немесе оны алмастыратын тұлға _____________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда))
20___ жылы "___" ______________ жасалған күні.
Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"
2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Қазақстан Республикасы
Заңының 10-бабында көзделген шарттар орындалған кезде