Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 18457 болып тіркелді.

      "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 78 бұйрығымен
бекітілген

Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) өтініш беруші – фильмді ұлттық деп тануға және ұлттық фильм куәлігін алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) ұлттық фильмнің куәлігі – жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Фильмді ұлттық деп тану қағидалары

      3. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынады.

      1) уәкілетті органның басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысандағы өтініш. Өтініште міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      фильмнің атауы;

      фильмді шығарған ел;

      фильмді шығарушы - студия;

      фильмнің шыққан жылы;

      фильмнің форматы;

      фильмнің хронометражы;

      фильм серияларының саны;

      фильмнің жанры;

      фильмнің жас санаты;

      фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық шығарманың авторы) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен қоса;

      фильмнің продюсерлері;

      фильмнің тілі, фильмді дубляждау немесе субтитрлеу тілдері, немесе кадр сыртындағы аударма (олар болған жағдайда);

      өтініш берушінің деректемелері (заңды мекен-жайы, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестіндіру номері, жеке тұлға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген – жеке сәйкестендіру номері);

      өтініш берген күн және өтініш берушінің қолы;

      2) техникалық талаптарға сәйкес келетін кез келген жеткізгіштердегі фильмнің көшірмесі;

      3) продюсер – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе продюсер – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) фильм түсіретін топтың құрамымен (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын – актерлер) жасасқан шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;

      5) фильмнің сметалық құнын және оны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар.

      Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған фильмдер бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, өтініш берушімен уәкілетті органға Мемлекеттік фильмдер қорына фильмді тапсырғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.

      Өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші оларды жойған кезде қайтаруды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарау үшін құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Фильм мынадай негіздер жиынтығында:

      1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;

      2) фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;

      3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;

      4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сəйкес шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 6-тармағына сәйкес құрылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Сараптама кеңесі хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Фильмді ұлттық деп тану туралы шешімі Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.

      10. Осы Қағидалардың 5-тармағының негіздемелеріне сәйкес келмеген жағдайда фильмді ұлттық деп танудан бас тартылады.

      11. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту үшін жазбаша түрде дәйекті себебі көрсетіліп, осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

3-тарау. Ұлттық фильм куәлігін беру тәртібі

      12. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.

      13. Ұлттық фильм куәлігін беру осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жазбаша түрде жүзеге асырылады.

      14. Ұлттық фильм куәлігін беруді уәкілетті орган осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тегін жүзеге асырады.

  Фильмді ұлттық деп тану және
ұлттық фильм куәлігін беру
қағидаларына
қосымша
  нысан

Ұлттық фильм куәлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      Фильмнің атауы: _____________________________________________________

      Фильмнің шығарған ел:________________________________________________

      Фильмді шығарушы-студия: ____________________________________________

      Фильмнің шыққан жылы: ______________________________________________

      Фильмнің форматы: __________________________________________________

      Фильмнің хронометражы: _____________________________________________

      Фильм серияларының саны: ___________________________________________

      Фильмнің түрі: _______________________________________________________

      Фильмнің тілі: _______________________________________________________

      Фильмнің авторлары

      Сценарий авторы (лары): ______________________________________________

      Қоюшы-режиссері (лер): _______________________________________________

      Қоюшы-операторы (лар): ______________________________________________

      Қоюшы-суретші (лер): _________________________________________________

      Музыкалық шығарманың авторы (лары): _________________________________

      Продюсер (лер): ______________________________________________________

      Ұлттық фильм куәлігін беру күні: ________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Об утверждении Правил признания фильма национальным и выдачи удостоверения национального фильма

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 78. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 апреля 2019 года № 18457.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О кинематографии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила признания фильма национальным и выдачи удостоверения национального фильма.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр А. Мухамедиулы

  Утверждены
приказом Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 28 марта 2019 года № 78

Правила признания фильма национальным и выдачи удостоверения национального фильма

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила признания фильма национальным и выдачи удостоверения национального фильма (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О кинематографии" (далее – Закон) и определяют порядок признания фильма национальным и выдачи удостоверения национального фильма.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) заявитель – физическое или юридическое лицо, подавшее заявку на признание фильма национальным и получение удостоверения национального фильма;

      2) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере кинематографии;

      3) удостоверение национального фильма – документ установленного образца, удостоверяющий право физического или юридического лица на предусмотренные настоящим Законом меры государственной поддержки.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок признания фильма национальным

      3. Для признания фильма национальным заявитель представляет в уполномоченный орган следующие документы на казахском или русском языках:

      1) в произвольной форме заявление на признание фильма национальным на имя руководителя уполномоченного органа. В заявлении указываются следующие сведения:

      название фильма;

      страна производства фильма;

      студия - производитель фильма;

      год производства фильма;

      формат фильма;

      хронометраж фильма;

      количество серий фильма;

      жанр фильма;

      возрастная категория фильма;

      авторы фильма (автор сценария, режиссер-постановщик, оператор постановщик, художник-постановщик, автор музыкального произведения) с приложением копии их документов, удостоверяющих личность;

      продюсеры фильма;

      язык фильма, языки дубляжа либо субтитров, либо закадрового перевода фильма (при их наличии);

      реквизиты заявителя (юридический адрес, для юридического лица – бизнес-идентификационный номер; для физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя – индивидуальный идентификационный номер);

      дата подачи заявления и подпись заявителя;

      2) соответствующую техническим требованиям копию фильма на любых носителях;

      3) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица – продюсера и копии его учредительных документов или копия документа, удостоверяющего личность физического лица - продюсера;

      4) копии заключенных договоров с составом съемочной группы фильма (режиссеры, операторы, звукооператоры, художники по костюмам, монтажеры, актеры – исполнители главных ролей) и копии их документов, удостоверяющих личность;

      5) документы, подтверждающие сметную стоимость фильма и источники его финансирования.

      По фильмам получившим государственную поддержку в виде финансирования кинопроектов претендующих на признание их национальными, документы указанные в части первой настоящего пункта представляются заявителем в уполномоченный орган в течении тридцати календарных дней после сдачи фильма в Государственный фонд фильмов.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Документы, представленные в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, подлежат рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня их поступления в уполномоченный орган.

      В случае если документы не соответствуют пункту 3 настоящих Правил, документы возвращаются заявителю без рассмотрения в течение трех рабочих дней со дня их поступления в уполномоченный орган.

      В случае установления несоответствия заявок и прилагаемых к ней документов требованиям, указанным в пункте 3 настоящих Правил, заявитель при их устранении имеет право повторно представить документы для их рассмотрения в течении 5 рабочих дней со дня получения возврата.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Фильм признается национальным при совокупности следующих оснований:

      1) если фильм отражает события национальной истории, современной жизни Республики Казахстан, посвящен общечеловеческим гуманитарным, социальным и нравственным проблемам, событиям мировой истории, имеющим социально-культурное значение для Республики Казахстан, и (или) может способствовать укреплению имиджа и авторитета Республики Казахстан на международном уровне;

      2) при производстве, распространении и показе фильмов не менее семидесяти процентов общего объема работ по смете осуществляют субъекты кинематографической деятельности, зарегистрированные на территории Республики Казахстан;

      3) продюсерами фильма являются гражданин Республики Казахстан и (или) юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан;

      4) в состав авторов фильма (автор сценария, режиссер-постановщик, оператор-постановщик, художник-постановщик, автор музыкального произведения) входят не более чем пятьдесят процентов лиц, не являющихся гражданами Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В соответствии с условиями международного договора, ратифицированного Республикой Казахстан, фильм, снятый совместно с иностранными субъектами кинематографической деятельности, может быть признан национальным.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Представленные заявителем документы в течение десяти рабочих дней со дня поступления в уполномоченный орган, вносятся уполномоченным органом на рассмотрение Экспертного совета при Государственном центре поддержки национального кино (далее – Экспертный совет), создаваемого в соответствии с пунктом 6 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О кинематографии".

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 02.03.2023 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. По итогам рассмотрения представленных документов Экспертный совет принимает решение о признании фильма национальным или об отказе в признании фильма национальным, которое оформляется протоколом.

      9. На основании протокола Экспертного совета о признании фильма национальным в течение пяти рабочих дней со дня проведения заседания Экспертного совета издается приказ руководителя уполномоченного органа или лица, исполняющего его обязанности о признании фильма национальным.

      10. В признании фильма национальным отказывается в случае несоответствия основаниям, предусмотренным пунктом 5 настоящих Правил.

      11. Отказ в признании фильма национальным осуществляется в письменной форме, с предоставлением обоснованной причины отказа, в сроки, указанные в части первой пункта 4 настоящих Правил.

Глава 3. Порядок выдачи удостоверения национального фильма

      12. На фильм признанный национальным, в соответствии с главой 2 настоящих Правил, выдается удостоверение национального фильма.

      13. Выдача удостоверения национального фильма осуществляется в письменной форме, в сроки, указанные в части первой пункта 4 настоящих Правил.

      14. Выдача удостоверения национального фильма осуществляется уполномоченным органом бесплатно, по форме, согласно приложению к настоящим Правилам

  Приложение
к Правилам признания
фильма национальным и выдачи
удостоверения национального
  фильма
  форма

Удостоверение национального фильма Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

      Наименование фильма:_______________________________________________

      Страна-производитель:_______________________________________________

      Студия-производитель:_______________________________________________

      Год производства:____________________________________________________

      Формат фильма:_____________________________________________________

      Хронометраж фильма:________________________________________________

      Количество серий фильма:____________________________________________

      Вид фильма: ________________________________________________________

      Язык фильма: _______________________________________________________

Авторы фильма

      Автор (ы) сценария:__________________________________________________

      Режиссер (ы)-постановщик(и):_________________________________________

      Оператор (ы)-постановщик(и):_________________________________________

      Художник (и)-постановщик(и):_________________________________________

      Автор (ы) музыкального произведения:__________________________________

      Продюсер (ы):_______________________________________________________

      Дата выдачи удостоверения национального фильма: ______________________

      ____________________________________________________________________

            (фамилия, имя, отчество (при наличии), уполномоченного лица)