"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген |
Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші – фильмді ұлттық деп тануға және ұлттық фильм куәлігін алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
2) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ұлттық фильмнің куәлігі – жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Фильмді ұлттық деп тану қағидалары
3. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынады.
1) уәкілетті органның басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысандағы өтініш. Өтініште міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
фильмнің атауы;
фильмді шығарған ел;
фильмді шығарушы - студия;
фильмнің шыққан жылы;
фильмнің форматы;
фильмнің хронометражы;
фильм серияларының саны;
фильмнің жанры;
фильмнің жас санаты;
фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық шығарманың авторы) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен қоса;
фильмнің продюсерлері;
фильмнің тілі, фильмді дубляждау немесе субтитрлеу тілдері, немесе кадр сыртындағы аударма (олар болған жағдайда);
өтініш берушінің деректемелері (заңды мекен-жайы, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестіндіру номері, жеке тұлға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген – жеке сәйкестендіру номері);
өтініш берген күн және өтініш берушінің қолы;
2) техникалық талаптарға сәйкес келетін кез келген жеткізгіштердегі фильмнің көшірмесі;
3) продюсер – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе продюсер – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) фильм түсіретін топтың құрамымен (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын – актерлер) жасасқан шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
5) фильмнің сметалық құнын және оны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар.
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған фильмдер бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, өтініш берушімен уәкілетті органға Мемлекеттік фильмдер қорына фильмді тапсырғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.
Өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші оларды жойған кезде қайтаруды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарау үшін құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Фильм мынадай негіздер жиынтығында:
1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;
2) фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;
4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сəйкес шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 6-тармағына сәйкес құрылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Сараптама кеңесі хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Фильмді ұлттық деп тану туралы шешімі Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.
10. Осы Қағидалардың 5-тармағының негіздемелеріне сәйкес келмеген жағдайда фильмді ұлттық деп танудан бас тартылады.
11. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту үшін жазбаша түрде дәйекті себебі көрсетіліп, осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
3-тарау. Ұлттық фильм куәлігін беру тәртібі
12. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.
13. Ұлттық фильм куәлігін беру осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жазбаша түрде жүзеге асырылады.
14. Ұлттық фильм куәлігін беруді уәкілетті орган осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тегін жүзеге асырады.
Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Ұлттық фильм куәлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Фильмнің атауы: _____________________________________________________
Фильмнің шығарған ел:________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия: ____________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: ______________________________________________
Фильмнің форматы: __________________________________________________
Фильмнің хронометражы: _____________________________________________
Фильм серияларының саны: ___________________________________________
Фильмнің түрі: _______________________________________________________
Фильмнің тілі: _______________________________________________________
Фильмнің авторлары
Сценарий авторы (лары): ______________________________________________
Қоюшы-режиссері (лер): _______________________________________________
Қоюшы-операторы (лар): ______________________________________________
Қоюшы-суретші (лер): _________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары): _________________________________
Продюсер (лер): ______________________________________________________
Ұлттық фильм куәлігін беру күні: ________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))