"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген |
Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 20.03.2025 № 101-НК (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) киножоба - фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);
2) өтініш беруші – фильмді ұлттық деп тануға және ұлттық фильм куәлігін алуға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
3) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ұлттық фильм куәлігі – жеке немесе заңды тұлғаның Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
5) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған жəне біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден жəне дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль.
2-тарау. Фильмді ұлттық деп тану тәртібі
3. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш беруші уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттарды ұсынады.
1) уәкілетті орган басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысанда өтініш. Өтініште мынадай мәліметтер:
фильмнің атауы;
фильмді шығарушы ел;
фильмді шығарушы студия;
фильмнің шыққан жылы;
фильмнің форматы;
фильмнің хронометражы;
фильм серияларының саны;
фильмнің жанры;
фильмнің жас санаты;
олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) көрсетіледі;
фильмнің продюсерлері;
фильмнің тілі, фильмді дубляждау не оның субтитрлерінің, не кадр сыртындағы аударма тілдері (бар болған кезде);
өтініш берушінің деректемелері (заңды мекенжайы, заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестіндіру нөмірі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі);
өтінішті берген күні және өтініш берушінің қолы;
2) техникалық талаптарға сәйкес келетін кез келген жеткізгіштерде фильмнің көшірмесі;
3) заңды тұлға продюсерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға продюсердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) фильм түсіретін топтың құрамымен (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) жасалған шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) фильмнің сметалық құнын және оны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар.
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған фильмдер бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды өтініш беруші фильмді Мемлекеттік фильмдер қорына тапсырғаннан кейін күнтізбелік күн 30 ішінде уәкілетті органға ұсынады.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.
Өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші оларды жойған кезде қайтаруды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарау үшін құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
5. Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде:
1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;
2) фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;
4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.
6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сəйкес шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
7. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган Заңның 13-бабының 6-тармағына сәйкес құрылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді.
8. Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Сараптама кеңесі 10 жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Киножобаны қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған фильмді олар аяқталған соң Сараптама кеңесінің хаттамасымен ұлттық деп тану ұсынылады.
9. Сараптама кеңесінің отырысы өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Сараптама кеңесінің фильмді ұлттық деп тану туралы хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның фильмді ұлттық деп тану туралы бұйрығы шығарылады.
10. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келмеген жағдайда фильмді ұлттық деп танудан бас тартылады.
11. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту жазбаша нысанда, бас тартудың негізделген себебі көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
12. Шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол 3 жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қаралады.
3-тарау. Ұлттық фильм куәлігін беру тәртібі
13. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.
14. Ұлттық фильм куәлігін беру осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жазбаша нысанда жүзеге асырылады.
15. Ұлттық фильм куәлігін беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін жүзеге асырады.
Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Ұлттық фильм куәлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фильмнің атауы:_____________________________________________________________________ |
Фильмді шығарушы ел:________________________________________________________________ |
Фильмді шығарушы студия:____________________________________________________________ |
Фильмнің шыққан жылы:______________________________________________________________ |
Фильмнің форматы:___________________________________________________________________ |
Фильмнің хронометражы:______________________________________________________________ |
Фильм серияларының саны:____________________________________________________________ |
Фильмнің түрі:_______________________________________________________________________ |
Фильмнің тілі:________________________________________________________________________ |
Фильмнің авторлары |
Сценарий авторы (лары):________________________________________________________________ |
Қоюшы-режиссер (лер):_________________________________________________________________ |
Қоюшы-оператор (лар):__________________________________________________________________ |
Қоюшы-суретші (лер):___________________________________________________________________ |
Музыкалық туындының авторы (лары):_____________________________________________________ |
Продюсер (лер):_________________________________________________________________________ |
Ұлттық фильм куәлігін беру күні:__________________________________________________________ |
_______________________________________________________________________________________ |
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))