1. "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12527 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық смета - жерді бөлу, құрылыс аумағы мен пайдаланушы персоналын дайындау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын және пайдалануға объектіні енгізуді қамтамасыз ететін жабдықты кешенді байқап көруді жүргізу үшін қажетті қаражат көлемін айқындайтын құжат;";
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мердігердің сметасы (оферта) – мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін меншікті ұйымдық-технологиялық мүмкіндікті ескере отырып, олар жасайтын мердігердің конкурстық ұсынысының құрамындағы сметалық құжаттама;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) объектілерді салуға арналған жиынтық сметалық есеп - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен реттелмейтін және құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге жиынтық сметаға енгізілетін тапсырыс берушінің шығындарын қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыруға арналған тапсырыс беруші (инвестордың) барлық шығындарына арналған қаражат лимитін қамтитын құжат;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) сметалық нормалар - құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың қабылданған өлшеуішіне белгіленген ресурстардың (құрылыс қызметкерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс істеу уақытының, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттіліктің шығындары) жиынтығы немесе есептеудің қабылданған базасынан процентте көрініс берген құрылыс кезіндегі жекелеген шығыстар мен шығындардың мөлшерін көрсететін салыстырмалы шамалар;";
мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жобалау алды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрылыстың сметалық құны;";
3) тармақша алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама әзірлеу мен сараптама құнын айқындау және жоба алды сатысында құрылыстың құнын айқындау";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін бюджеттік инвестициялық жобалар шығындарын айқындау";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Объектіні салудың сметалық құнын айқындау";
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындар;";
6) және 7) тармақшасы алып тасталынсын;
17 және 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Объектілерді салудың сметалық құны, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) сәйкес айқындалады.
18. Заңнамада бекітілген тәртіппен бекітілген құрылыстың сметалық құны мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қаражат көлемін айқындау үшін негіздеме болып табылады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Объектіні салудың шарт бағасын айқындау";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Құрылыстың шарт бағасы мердігерлік жұмыстарды және қызметтерді сатып алу конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік инвестициялар үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға, квазимемлекеттік сектор үшін "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына сәйкес конкурста жеңіп шыққан мердігердің ұсынған бағасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде, тапсырыс берушінің сметасында белгіленген қаражаттың шегінде оның сметасы (офертасы) бойынша айқындалады.".
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мердігердің сметасы (оферта) еңбекке ақы төлеу жөніндегі мердігердің деректері, құрылыс машиналарын пайдаланудың құны, нақты мәмілілер, қолданыстағы келісім-шарттар бойынша немесе оларды жеткізуге арналған ұсыныстар бойынша, үстеме шығыстарының нақты деңгейі бойынша материалдық ресурстардың құны негізінде құрылыс ресурстарын қайта бағалап, тапсырыс берушінің сметасы базасындағы ағымдағы бағаларда жасалады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тапсырыс берушінің сметасы базасында мердігердің сметасын жасау кезінде жоба бойынша жұмыстардың атауы мен нақты көлемдері, құрылыс ресурстарының нормативтік шығыстары, жоба бойынша (тапсырыс беруші сметасының ресурстық бөлігі) құрылыс конструкциялары мен материал, өнімдер, конструкциялар, жабдықтарының сапалық және сандық құрамы өзгеріссіз қалады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мердігердің нақты деректері бойынша айқындалатын құн көрсеткіштерін қоспағанда Нормативтік құжаттың негізгі ережелері, талаптары, шарттары және шектеулері сақталып, мердігердің меншікті ұйымдық және техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, мердігердің сметасы жасалады.".
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
2019 жылғы "____"____________