Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 18567 болып тіркелді.

      "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы12-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 108 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдерді прокаттан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығына аудару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ұлттық фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына (бұдан әрі - Мемлекеттік орталық) аударымдар Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ұлттық фильмдерді жалға беруден және көрсетуден түскен кірістерден аударым жасау тәртібі

      3. Мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде жүзеге асырылады:

      1) әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың жиырма пайызы;

      2) кең көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аударымдар жалға беру және әрбір ұлттық фильмді көрсету аяқталғаннан кейін оларды мемлекеттік Орталықтың банктік деректемелеріне жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 108. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2019 года № 18567.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О кинематографии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 14.02.2023 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
культуры и спорта
Республики Казахстан
от 19 апреля 2019 года № 108

Правила отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О кинематографии" и определяют порядок отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 14.02.2023 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов (далее - отчисление) в Государственный центр поддержки национального кино (далее - Государственный центр) осуществляются на основании данных, полученных из Единой автоматизированной информационной системы мониторинга фильмов.

Глава 2. Порядок отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино

      3. Физические и (или) юридические лица, получившие государственную поддержку в виде финансирования национального фильма через Государственный центр, осуществляют отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 14.02.2023 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Отчисления осуществляются от разницы с доходов от проката и показа национальных фильмов и долей организации, осуществляющей организацию проката и показа национальных фильмов, в следующих объемах:

      1) от проката и показа социально значимых фильмов, дебютных фильмов, фильмов-событий – двадцать процентов от доходов;

      2) от проката и показа фильмов совместного производства, игровых фильмов, предназначенных для широкой зрительской аудитории – соразмерно процентному соотношению полученной государственной поддержки.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 14.02.2023 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Отчисления осуществляются по окончанию проката и показа каждого национального фильма, путем направления их на банковские реквизиты Государственного центра.