"Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31925 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18567 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы12-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдерді прокаттан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығына аудару тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды жүзеге асырады.

      4. Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде жүзеге асырылады:

      1) әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың жиырма пайызы;

      2) кең көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады