Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-173/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобалық басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О. А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Біртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық денсаулық сақтаудың шоттарының (бұдан әрі – ҰДСШ) мақсаты осы саладағы жоспарлау, саясатты дайындау және жүйенің тиімділігін бағалау процесі үшін ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы ақпаратты жинақтау болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган;
2) денсаулық сақтауға арналған шығыстар (HF) – олар арқылы тұтынушылар денсаулық сақтау қызметтерін алатын денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру схемаларын жіктеу;
3) денсаулық сақтау жүйесінде жалпы капитал құру – есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің (бір үлгідегі активтерді сату құнын шегергенде) және медициналық қызметтерді ұсыну үшін ұдайы немесе бір жыл және одан көп уақыт бойы пайдаланылатын денсаулық сақтауға арналған күрделі шығыстар;
4) денсаулық сақтауға жұмсалатын ағымдағы шығыстар – резиденттердің денсаулық сақтау саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған түпкілікті тұтыну шығыстары;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган
6) денсаулық сақтау шоттарының жүйесі (бұдан әрі – ДСШЖ) – мақсаты халықаралық және ұлттық мақсаттар үшін шығыстар тұрғысынан денсаулық сақтау жүйесін сипаттау болып табылатын денсаулық сақтаудағы қаржы ағындарының жүйелі сипаттамасын білдіретін әдіснама;
7) деректерді дезагрегациялау – негізгі мақсаты денсаулық сақтау тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді тұтынудағы өңірлік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау жолымен денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың тиімділігін анықтау болып табылатын өңірлер бойынша шығыстар туралы агрегацияланған деректерді бөлу;
8) көрсетілетін қызметтерді ұсыну факторлары – өндіріс және денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну процесінде жеткізушілер пайдаланатын ресурстар;
9) қаржыландыру схемаларының кірістері (FS) – денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі көздері;
10) медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің (HP) – денсаулық сақтау тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар мен өзге де субъектілер;
11) медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің функциялары (НС) – қаржыландыру схемалары бойынша алынған қаражат есебінен денсаулық сақтаудың жеткізушілерінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуы
12) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) өнімділік – белгілі бір қызмет саласында процестер ресурстарын неғұрлым табысты пайдалануды айқындайтын өнім көлемінің бастапқы деректер көлеміне қатынасы;
14) резиденттер – үкімет, кәсіпорындар, үй шаруашылықтары және үкіметтік емес ұйымдар сияқты экономиканың институционалдық бірліктері
15) ұлттық денсаулық сақтау шоттары – аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингілеу жүйесі.
2-тарау. ҰДСШ қалыптастыру тәртібі
4. ҰДСШ алдыңғы жылға жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.
5. ҰДСШ құру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1) деректерді жинау;
2) денсаулық сақтау шоттары бойынша деректерді біріктіру және есеп айырысуды жүргізу;
3) түпкі кестелерді қалыптастыру.
6. Деректерді жинау:
1) көмек нысандары бөлінісінде есепті жылға 039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтер көрсетуі және медициналық қызметтер көрсетуі және Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;
2) көмек нысандары бөлінісінде есепті жылға 041 "Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қосымша қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;
3) есепті жылға 027 "Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есепті жылға 067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың орындалуы бойынша ақпарат;
5) ЭЫДҰ Статистикалық деректер базасының ресми интернет-ресурсында жарияланған есепті жылға шетелде емделуге жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстар бойынша деректер;
6) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның "Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп", "Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп", "Үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері", "Халықтың шығыстары мен кірістері" статистикалық бюллетендері;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптастыратын және орналастыратын Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есепті және Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы жиынтық есеп.
7. Алынған деректерден шығыстарды есепке алу қағидаттарына сәйкес деректерді біріктіру және денсаулық сақтау шоттары бойынша есеп айырысулар, жоғарыда көрсетілген нысандармен ҰДСШ кестелерінің сыныптама топтары бойынша ұсынылған шығыстар баптарын бөлу жүргізіледі.
8. ҰДСШ кестелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуростат және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген ДСШЖ әдіснамасы негізінде жасалады.
9. ҰДСШ кестелерінің құрылымы төрт компоненттен тұрады: 1-қосымшаға сәйкес қаржыландыру схемаларының кірістері және ақпарат көздері, 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау шығыстары, 3-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің негізгі жеткізушілері және 4-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтаудың жеткізушілерінің функциялары.
10. Төрт негізгі компонент қалыптастырылғаннан кейін деректер Қазақстан Республикасы өңірлерінің деңгейінде дезагрегацияланады.
11. Дезагрегация үш әртүрлі әдіснамалық тәсілді пайдаланумен денсаулық сақтау қызметтерінің негізгі үш тобына қолданылады:
1) жеке (HC .1-4) және ұжымдық (HC.6-9) тұтыну қызметтері және өзгелер;
2) фармацевтикалық препараттар және медициналық тауарлар (HC. 5);
3) денсаулық сақтау ұйымдарының капиталын қалыптастыру (HC.RІ.5).
12. ҰДСШ кестелері денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну факторлары бойынша деңгейлес дезагрегацияланады. Ұлттық деңгейде деректер өндірісте ресурстарды тиімді және тиісінше бөлуді қамтамасыз ету және денсаулық сақтау тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажет. ДСШЖ-ға сәйкес қызмет көрсету факторларын анықтау шегі болады. Осы санатқа қызметкерлерге өтемақы шығыстары, денсаулық сақтаумен байланысты және байланысты емес материалдар мен көрсетілетін қызметтер, негізгі капиталды тұтыну және басқалар сияқты медициналық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің қызметіне арналған барлық ресурстар кіреді. Өндіріс факторларының жіктелуі 5-қосымшаға сәйкес ұсынылған.
13. ҰДСШ шектері былайша айқындалады: денсаулық сақтауға арналған ұлттық шығыстар не ұйымдардың не жекелеген тұлғалар қызметінің барлық түрлерінің жиынтығын білдіретін денсаулық сақтау саласындағы қызметке арналған барлық шығыстарды қамтиды, олар медициналық және парамедициналық білім беру мен технологияларды, сондай-ақ мейіргер күтімі әдістерін қолдану арқылы мынадай мақсаттарды көздейді:
1) денсаулық жағдайын жақсарту және аурулардың профилактикасы;
2) ауруларды емдеу және мерзімінен бұрын болатын өлімді төмендету;
3) мейіргер күтіміне мұқтаж созылмалы ауырлары бар науқастарды байқау және күту;
4) денсаулығы нашарланған, еңбекке жарамсыз және мүгедек, мейіргер күтіміне мұқтаж адамдарды байқау және күту;
5) мемлекеттік денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну және оларды басқару;
6) денсаулық сақтау және сақтандыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру;
7) қаржыландыру, сондай-ақ осы бағдарламаларды басқару.
14. ҰДСШ-да ішкі өнім беруші жеткізетін және (немесе) шетелден импортталатын және осы аумақта тұратын халық (резиденттер) тұтынатын халық денсаулығы жай-күйінің нашарлауын жақсартуға, сақтауға немесе болдырмауға бағытталған барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ескеріледі.
15. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін шығыстарды бағалаудың үш көрсеткіші пайдаланылады:
1) жалпы капитал құру (пайдалану мерзімі 1 жылдан асатын жеке объектілерді сатып алуға арналған);
2) денсаулық сақтауға арналған жалпы ағымдағы шығыстар (ДСЖАШ) (HC.1-HC.7 санаттарында жіктелген шығындар сомасы, онда жоғарыда көрсетілген жеке денсаулық сақтауға (жеке медициналық қызмет көрсетуге) арналған шығыстар, оған қоса денсаулық сақтаудың ұжымдық қызметтеріне және ұйымдардың қаржыландыратын жүйелерінің жұмысына арналған шығыстар есепке алынады);
3) денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстар (ДСЖШ) (денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығыстарды (HC .1-9) және жалпы капитал құруға арналған шығыстарды (HC.R. 5) қамтитын сома)
Практикада ҰДСШ кестелерін қалыптастыру үшін қаражатты есепке алудың кассалық әдісі пайдаланылады, яғни шығыстар оларды шоттан есептен шығару кезінде тіркеледі.
16. Қалыптастырылған түпкілікті кестелер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің өнімділігіне талдау жүргізіледі, ол осы қызметтің тиімділігін анықтаудың негізгі құралы болып табылады.
17. Өнімділік көрсеткіштерін есептеу денсаулық сақтау жүйесінің өнімділік көрсеткіштері есебіне сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Деректерді пайдалану тәртібі
18. Халықаралық әдіснама негізінде ҰДСШ жыл сайын қалыптастыру үшін:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдерінің;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның;
3) медициналық ұйымдар бөлінісінде бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланылады.
Деректердің негізінде көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтер жеткізушілерінің бөлінісінде шығыстар сипатталған талдамалық есеп, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпарат қалыптастырылады.
19. Деректер көздері көрсетілген денсаулық сақтауға арналған шығыстардың негізгі түрлері 5-қосымшаға сәйкес берілген.
20. Деректер 6-қосымшаға сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тиісті ұйымдардан жиналады.
21. ҰДСШ денсаулық сақтауға арналған шығыстар көрсеткіштерінің негізінде экономикалық талдау, шешімдер қабылдау және экономикалық саясатты әзірлеу мақсаттары үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 1-қосымша |
Қаржыландыру схемаларының кірістері және ақпарат көздері
Денсаулық сақтауды қаржыландыру санаттары | Деректер көздері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
Мемлекеттік бюджет қаражаты (республикалық және жергілікті) | Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджетінің атқарылуы туралы есебі |
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (125-бап) сәйкес Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді. |
Халықтың / | Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның "ЖІӨ түпкілікті пайдалану әдісі бойынша", "Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері", "Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері" бюллетендерінің экспресс-ақпараттары | Үй шаруашылықтарының жалпы шығындары түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген ЖІӨ құрылымында үй шаруашылықтары тұтынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы ретінде айқындалады. Денсаулық сақтауға арналған үй шаруашылық шығыстарының құрылымы (аурухана қызметтеріне жұмсалған шығындар, дәрілік заттарды сатып алу және т.б.) Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның "Қазақстан Республикасы халықтың шығыстары мен кірістері", "Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері" туралы бюллетендерінде жарияланады. |
Кәсіпорындардан түсімдер |
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның | Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау) нысаны бойынша есептердегі деректерді меншік нысаны мен қызметкерлер санына қарамастан, ЭҚЖЖ – 86 кодына сәйкес қызметінің негізгі түрлері "Денсаулық сақтау саласындағы қызмет" болып табылатын заңды тұлғалар және/немесе олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады. Есептің құрылымы ағымдағы және күрделі шығыстары және мемлекеттік бюджеттің, халықтың және кәсіпорындардың қаражаты есебінен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтердің түрлері және қаржыландыру көздері бойынша табыстар туралы деректерді қамтиды. |
Ерікті медициналық сақтандыру жарналары | "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп. (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсы) |
Қазақстан Республикасы азаматтарын (шетелдік, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар) ерікті жеке сақтандыруға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдері туралы сырқаттанған жағдайда әкімшілік деректер агрегацияланған түрде ұсынылған. |
Мемлекеттік қарыз | Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есебі | Осы санатқа атауы оларды "Сыртқы қарыздар есебінен" денсаулық сақтау мақсатына арналған қаражат ретінде сынықтауға мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын жатқызу керек |
Тікелей шетелдік трансферттер | ЭЫДҰ дерекқор базасы, Дамытуға жәрдемдесу жөніндегі комитет кредиторларының есептілік жүйесі (The Development Assіtstance Commіttee, Credіtor Reportіng System) |
Дерекқор базасы Дамытуға жәрдемдесу жөніндегі комитеттің Қазақстанның денсаулық сақтау мақсатында алған донорлық қаражаты туралы ақпаратын ұсынады. Бұл жобалардың атауын, олардың сипаттамасын, алушының сипаттамасын және басқа да ақпаратты көрсете отырып, жекелеген мемлекеттердің, халықаралық даму агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың қайырымдылық қызметі туралы егжей-тегжейлі деректер. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 2-қосымша |
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар
Шығыстар санаттары | Ақпарат көздері |
1 | 2 |
Мемлекеттік шығыстар |
Бірыңғай бюджеттік сыныптамада көзделген санаттар бөлінісінде тұрақты негізде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есеп. ҰДСШ қалыптастыру үшін осы есептің орындылығы мен қолданылуы базалық әдіснаманың бірлігімен түсіндіріледі. Республикада қолданылатын бюджеттік сыныптама Ұлттық шоттар жүйесі және ХВҚ-ның басқа да ұсынымдары негізінде әзірленген. |
Жеке шығыстар |
Статистикалық бюллетендер: |
Ерікті медициналық сақтандыру | Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп және Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы жиынтық есеп |
Сыртқы қаржыландыру көздері |
Сыртқы қаржыландыру көздері ҚР Үкіметінің мемлекеттік қарыздары бойынша қаражатты және донорлық қаражатты қамтиды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын "Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есеп", Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу" жобасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкімшілік ететін "Денсаулық сақтау жүйесін реформалау" бюджеттік бағдарламасының қаражаты мемлекеттік қарыздар туралы деректердің көзі болып табылады. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 3-қосымша |
Медициналық көрсетілетін қызметтердің жеткізушілері
ҰДСШ-да жеткізушілердің сыныптамасы | Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасына сәйкес сыныптамасы | ҰДСШ кестелерінде ұсынылған ұйымдардың үлгілері |
1 | 2 | 3 |
Аурухана лық ұйымдар (HP.1.) | Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар | Ауруханалар, психикалық денсаулық орталықтары, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту (есірткіге, алкогольге тәуелділік) ұйымдары, мамандандырылған санаторийлер |
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг | Ұлттық медициналық холдинг | |
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары | Санаторийлер, мамандандырылған санаторийлер, профилакторий, оңалту орталығы | |
Ұзақ күтім көрсету мекемелері (HP.2.) | Паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар | Мейіргер күтімі ауруханалары, паллиативтік көмек орталықтары (хоспис) |
Амбулаториялық медициналық көрсетілетін қызметтердің жеткізушілері (HP.3.) | Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар | Жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттері, басқа мамандардың кабинеттері, амбулаториялық емдеу орталықтары, стоматологиялық кабинеттер |
Қосымша қызмет ұсынылатын ұйымдар (HP.4.) | Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары | Төтенше жағдайларда пациенттерді тасымалдау және пациенттің өмірін құтқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдар |
Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар | Төтенше жағдайларда пациенттерді тасымалдау және пациенттің өмірін құтқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдар, қосымша қызметтер көрсететін өзге де ұйымдар | |
Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар | Патологиялық анатомия (цитопатология) саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары | |
Медициналық тауарлардың жеткізушілері және бөлшек сауда сатушылары (HP.5.) | Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары | Дәріханалар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сататын ұйымдар |
Профилактикалық қызмет көрсететін ұйымдар (HP.6.) | Саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары | Біріктірілген деректер (осы бап бойынша шығыстар жеке бөлінбеген) |
Денсаулық сақтауды басқару ұйымдары (HP.7.) | - | Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті және орталық мемлекеттік басқару органдары |
Экономиканың басқа секторлары (HP.8.) | Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар | Ұлттық экономиканың басқа секторларын білдіретін оқу орындары және денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің жеткізушілері. |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары | Денсаулық сақтау саласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары | |
Қалған әлем (HP.9.) | - | Бұл санатта ҚР азаматтарын шетелде емдеуге бөлінген қаражат ескерілді |
Көрсетілетін қызметтердің түрі айқындалмаған ұйымдар (HP.11.) | Апаттар медицинасы ұйымдары | Қолжетімді деректер жеткізушілерді айқындамай қаражаттың тағайындалуын жанама айқындауға ғана мүмкіндік береді |
Арнайы медициналық жабдықтау базасы (HP.13.) | Өзге де медициналық ұйымдар | Арнайы медициналық жабдықтау базасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 4-қосымша |
Медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің функциялары
Медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің функцияларының сыныптамасы | Кодекске сәйкес медициналық көмекті ұсыну нысандары | Медициналық көрсетілетін қызметтер берушілердің функцияларының үлгілері |
Емдеу көрсетілетін қызметтері (HC.1.) | Стационарлық көмек | Мамандандырылған стационарлық көмек, жоғары мамандандырылған стационарлық көмек |
Стационарды алмастыратын көмек | Күндізгі стационарда емдеу | |
Амбулаториялық-емханалық көмек: | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек, амбулаториялық стоматологиялық емдеу, мамандандырылған амбулаториялық емдеу | |
Оңалту емі (HC.2.) | Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту | Санаторийлік-курорттық ұйымдарда қалпына келтіру емі және медициналық оңалту |
Ұзақ мерзімді медициналық күтім (HC.3.) | Паллиативтік көмек және мейіргер күтімі | Паллиативтік көмек және мейіргер күтімі |
Қосалқы қызметтер (HC.4.) | Жедел медициналық көмек | Жедел медициналық көмек көрсету және пациенттерді тасымалдау, патологоанатомиялық көрсетілетін қызметтер, донорлық қанмен, оның компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз ету |
Санитариялық авиация | ||
Медициналық тауарларды беру (HC.5.) | - | Ұзақ уақыт пайдаланылмайтын фармацевтикалық және өзге де медициналық тауарлар, ұзақ уақыт пайдаланылатын терапиялық аспаптар және өзге де медициналық тауарлар |
Профилактикалық көрсетілетін қызметтер (HC.6.) | - | Иммундау бағдарламалары, ақпараттық, білім беру және консультациялық бағдарламалар |
Әкімшілік ету, денсаулық сақтау жүйесі және қаржылық әкімшілік ету (HC.7.) | - | Әкімшілік ету, денсаулық сақтау жүйесі және қаржылық әкімшілік ету, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 5-қосымша |
Өндіріс факторларының сыныптамасы
ДСШЖ коды 2011 | Сипаттамасы | ||
FP. 1 | Қызметкерлердің өтемақы шығыстары | ||
FP. 1.1 | Енбекақы | ||
FP. 1.2 | Әлеуметтік төлемдер | ||
FP. 1.3 | Қызметкерлерге байланысты барлық өзге де шығыстар | ||
FP. 2 | Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төлемдер | ||
FP. 3 | Материалдар мен көрсетілетін қызметтер | ||
FP. 3.1 | Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтері | ||
FP. 3.2 | Денсаулық сақтау тауарлары | ||
FP. 3.2.1 | Фармацевтикалық тауарлар | ||
FP. 3.2.2 | Өзге де денсаулық сақтау тауарлары | ||
FP. 3.3 | Денсаулық сақтауға байланысты емес қызметтер | ||
FP. 3.4 | Денсаулық сақтауға байланысты емес тауарлар | ||
FP. 4 | Негізгі капиталды тұтыну | ||
FP. 5 | "Бастапқы" жұмсалған өзге де шығыстар | ||
FP. 5.1 | Салықтар | ||
FP. 5.2 | Өзге де шығыстар |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығына 6-қосымша |
________ жылы ҰДСШ деректерін жинақтау кестесі ( ________ жыл бойынша)
№ | Ведомство | Ресми деректер | Жинақтау кезеңі |
1 | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсы | Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп | қаңтар |
Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы жиынтық есеп | |||
2 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ | Өткен жылғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі кірістер мен шығыстар туралы нақты деректер | сәуір |
3 | Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган | Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп | наурыз |
Республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің атқарылуы туралы есеп | |||
4 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган | бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде 067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар туралы ақпарат | сәуір |
Қазақстан Республикасы бойынша және өңірлер бөлінісінде 067 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын талдау ("МҚСБЖ" АЖ) | |||
070 "Қоғамдық денсаулық сақтау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың орындалуы туралы ақпарат | |||
Жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын денсаулық сақтауға арналған бюджеттік бағдарламалар, медициналық ұйымдар, көрсетілетін қызметтер бөлінісінде шығыстар туралы ақпарат | |||
066 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету және оны сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде шығыстар туралы ақпарат | |||
5 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармалары | Жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын денсаулық сақтауға арналған бюджеттік бағдарламалар, медициналық ұйымдар, қызметтер бөлінісінде шығыстар туралы ақпарат | сәуір |
039 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті және республикалық бюджеттердің шығыстары туралы көмек нысандары бөлінісінде ақпарат | |||
041 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті және республикалық бюджеттердің шығыстары туралы көмек нысандары бөлінісінде ақпарат | |||
027 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті және республикалық бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат | |||
6 | Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган | "Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері" статистикалық нысаны | мамыр |
"Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері" статистикалық нысаны | |||
"Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп", Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау) статистикалық нысаны | сәуір | ||
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп", қызметтердің (денсаулық сақтау) статистикалық нысаны | |||
"Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпіні" статистикалық нысаны | |||
Өңірлер бойынша "Қазақстан Республикасындағы бөлшек және көтерме сауда" статистикалық нысаны | тамыз | ||
7 | Қазақстан Республикасының Өңірлік статистика департаменттері | "Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп", Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау) статистикалық нысаны | сәуір |
"Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп", қызметтердің (денсаулық сақтау) статистикалық нысаны | |||
"Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары" статистикалық нысаны | |||
"Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері" статистикалық нысаны | |||
8 | Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы | ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің, даму деңгейі жоғары-орташа елдер тобының және кейбір басқа елдердің денсаулық сақтау шығыстары туралы ақпарат; | қыркүйек |
9 | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамуға жәрдемдесу комитеті | "Кредиторлардың есептілік жүйесі" дерекқор базасында жарияланатын донорлардың қаражаты туралы деректер; | қыркүйек |