Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-173/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21574 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18645 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушы
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
2020 жылғы 30 қазаны
№ ҚР ДСМ-173/2020
Бұйрығымен бекітілген

Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 70-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығыстар – резиденттердің Денсаулық сақтау саласындағы тауарлар мен қызметтерге арналған соңғы тұтыну шығыстары;

      4) денсаулық сақтауға арналған шығыстар (HF) – тұтынушылар денсаулық сақтау қызметтерін алатын денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру схемаларын жіктеу;

      5) денсаулық сақтау жүйесінде жалпы капитал қалыптастыру – есепті кезеңде (бір үлгідегі активтерді сату құнын шегергенде) және медициналық қызметтер көрсету үшін тұрақты немесе бір жыл және одан да көп уақыт бойы пайдаланылатын медициналық қызметтерді жеткізушілердің денсаулық сақтауға арналған күрделі шығыстары;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) денсаулық сақтау шоттарының жүйесі (бұдан әрі – ДСШЖ) – мақсаты халықаралық, сондай-ақ ұлттық мақсаттар үшін шығыстар тұрғысынан Денсаулық сақтау жүйесін сипаттау болып табылатын денсаулық сақтаудағы қаржы ағындарының жүйелі сипаттамасын беретін әдіснама;

      8) қаржыландыру схемаларының кірістері (FS) - денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі көздері;

      9) қызметтер көрсету факторлары – денсаулық сақтау қызметтерін өндіру және ұсыну процесінде өнім берушілер пайдаланатын ресурстар;

      10) медициналық қызметтерді жеткізушілер (HP) – денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерін ұсынатын ұйымдар мен өзге де субъектілер;

      11) медициналық қызметтерді жеткізушілердің функциялары (НС) - Денсаулық сақтау жеткізушілерінің қаржыландыру схемалары бойынша алынған қаражат есебінен тауарлар мен қызметтерді ұсынуы;

      12) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) ұлттық денсаулық сақтау шоттарын (бұдан әрі – ҰДСШ) – аурулардың алдын алуға және халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында оларды тең және тиімді бөлу мақсатында Денсаулық сақтау ресурстарын бөлуді бағалау үшін пайдаланылатын елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағындарының тұрақты, жан-жақты және дәйекті мониторингі жүйесі.

      14) ҰДСШ қалыптастыруға жауапты ұйым – ҰДСШ қалыптастыруға жауапты болып денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;

      15) ҰДСШ-ның кестелері – кірістер, денсаулық сақтауға арналған шығыстар көздері, медициналық көрсетілетін қызметтердің негізгі жеткізушілері, денсаулық сақтауды берушілердің функциялары (денсаулық сақтау қызметтері) бойынша топтастырылған қаржыландыру схемаларының есептік деректерінің жиынтық нысандары.

2-тарау. ҰДСШ деректерін қалыптастыру тәртібі

      3. ҰДСШ деректері өткен жылға жыл сайын ҰДСШ кестелері түрінде:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдері;

      2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы;

      3) медициналық ұйымдар бөлінісінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық ақпараттар деректері негізінде қалыптастырылады.

      4. ҰДСШ кестелерін қалыптастыру үш негізгі кезеңнен тұрады:

      1) деректерді жинау;

      2) денсаулық сақтау шоттары бойынша деректерді біріктіру және есеп айырысу жүргізу;

      3) соңғы кестелерді қалыптастыру.

      5. Деректерді жинау:

      1) көмек нысандары бөлінісінде 039 "республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтер және медициналық қызметтер көрсетуі және Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде есепті жылғы жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;

      2) көмек нысандары бөлінісінде 041 "облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету" шеңберінде есепті жылғы жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;

      3) 027 "Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде есепті жылғы жергілікті бюджеттердің шығыстары туралы ақпарат;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын қызметтер бөлінісінде 067 "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде есепті жылғы республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың орындалуы жөніндегі ақпарат;

      5) экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының статистикалық ақпараттар базасының ресми интернет-ресурсында жарияланған есепті жылғы Шетелде емделуге арналған іс жүзіндегі шығыстар бойынша деректер;

      6) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп", "Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп", "Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері", "Қазақстан Республикасы халықтың шығыстары мен кірістері", "Жекелеген тауар топтары бойынша бөлшек сауда көлемі";

      7) Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есепті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптастыратын және орналастырылатын Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы жиынтық есепті;

      8) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша 4 "Білім беру", 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық шығыстар топтарының атқарылуы туралы есептік деректерді жүзеге асырылады;

      9) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұсынатын есептіліктен алынған ақпарат "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің түсімі және олардың шығуы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін пайдалану туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді жоспарлауы және нақты пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметтер берушілер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, стационарлық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, қалпына келтіру емін көрсету және оңалту бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек, авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды жеткізумен немесе пациентті тасымалдаумен байланысты медициналық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде патолого-анатомиялық бюроның (бөлімшелердің) қызметтеріне және қан мен оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге трансферттерді нақты пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету құнын төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу туралы есеп".

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ҰДСШ кестелерінің жіктеме топтары бойынша шығыстар баптарын бөлу, шығыстарды есепке алу қағидаларына сәйкес алынған деректерден денсаулық сақтау шоттары бойынша деректерді біріктіру жүргізіледі.

      7. ҰДСШ кестелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуростат және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген ДСШЖ әдіснамасы негізінде қалыптастырылады.

      8. ҰДСШ кестелерінің құрылымы төрт құрамдауыштан тұрады: Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінде кірістер көздері туралы ақпарат, 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтауға шығыстар көздері туралы ақпарат, 3-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді негізгі жеткізушілер туралы ақпарат және 4-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді жеткізушілердің функциялары туралы ақпарат.

      9. Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдар шығыстарының құрылымын ұсыну үшін денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну факторларының жіктемесі қалыптастырылады.

      10. Төрт негізгі компонент қалыптастырылғаннан кейін деректер үш түрлі әдіснамалық тәсілді пайдалана отырып, денсаулық сақтау қызметтерінің негізгі топтары бойынша денсаулық сақтау тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін тұтынудағы өңірлік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау жолымен Қазақстан Республикасының өңірлері деңгейінде топтастырылады:

      1) жеке қызметтер (HC.1-4) және ұжымдық (HC.6-9) тұтыну және басқалар;

      2) фармацевтикалық препараттар және медициналық тауарлар (HC. 5);

      3) денсаулық сақтау ұйымдарының капиталын қалыптастыру (HC.RІ.5).

      11. ҰДСШ кестесін қалыптастыру нәтижесінде халықаралық деңгейде салыстыру үшін қолданылатын шығыстарды бағалаудың үш көрсеткіші пайдаланылады:

      1) жалпы капитал қалыптастыру (пайдалану мерзімі 1 жылдан асатын жеке объектілерді сатып алуға арналған);

      2) денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығыстар (ДСАШ) (HC 1 - HC.7 санаттарында жіктелген шығындар сомасы, мұнда жеке денсаулық сақтауға арналған шығыстар ескеріледі);

      3) денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстар (ДСЖШ) (денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығыстарды қамтитын сома (HC.1-9) және жалпы капитал құруға арналған шығыстар (HC.R.5).

3-тарау. ҰДСШ деректерді пайдалану тәртібі

      12. ҰДСШ кестелері Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және ҰДСШ қалыптастыруға жауапты ұйымның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      13. Денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру саясатын жетілдіру мәселелерімен қызығушылық танытқан көптеген тұлғалар үшін ҰДСШ-ның жарияланған кестелері қолжетімді.

      14. ҰДСШ кестелерін ҰДСШ қалыптастыруға жауапты ұйым жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына халықаралық статистикалық деректер базасына енгізу үшін жібереді.

  Ұлттық денсаулық сақтау
шоттарының деректерін
қалыптастыру және пайдалану
қағидасына
1-қосымша

Денсаулық сақтау жүйесінде кірістер көздері туралы ақпарат

Денсаулық сақтауды қаржыландыру санаттары

Деректер көздері

Ескертпе

1

2

3

Мемлекеттік бюджет қаражаты (республикалық және жергілікті)
Мемлекеттік қаржыландыру және міндетті аударымдар негізінде қаржыландыру схемалары

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есеп
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің түсімі және олардың шығуы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін пайдалану туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді жоспарлауы және нақты пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметтер берушілер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, стационарлық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, қалпына келтіру емін көрсету және оңалту бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек, авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды жеткізумен немесе пациентті тасымалдаумен байланысты медициналық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде патолого-анатомиялық бюроның (бөлімшелердің) қызметтеріне және қан мен оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге ақы төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге трансферттерді нақты пайдалануы туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету құнын төлеуге берілетін трансферттерді пайдалануы туралы есеп", "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу туралы есеп"

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі 125-бабының 1-тармағына және 26-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және/немесе тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.
Бюджет процесі жіктеме объектілеріне топтастырылған кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылатын Бірыңғай бюджеттік жіктеме негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, аталған санатқа атауы оларды денсаулық сақтау мақсатына арналған қаражат ретінде жіктеуге мүмкіндік беретін (бірінші кезекте халық денсаулығының нашарлауын жақсартуға, сақтауға және болдырмауға және нашар денсаулық салдарын жеңілдетуге бағытталған), сондай-ақ онымен байланысты бюджеттік бағдарламалардың қаражатын жатқызу қажет және түсіндірудің екі мағынасына күмән келтірмейді

Халықтың/ үй шаруашылықтарының шығыстары
Үй шаруашылықтарының жеке шығыстары

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның "түпкілікті пайдалану әдісімен ЖІӨ" жедел ақпараты, "Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері", "Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері" бюллетендері, "Жекелеген тауар топтары бойынша бөлшек сауда көлемі" статистикалық нысаны.

Үй шаруашылықтары шығыстарының жалпы сомасы түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген ЖІӨ құрылымында үй шаруашылықтары тұтынатын тауарлар мен қызметтердің үлес салмағы ретінде айқындалады. Үй шаруашылықтарының денсаулық сақтауға арналған шығыстарының құрылымы (ауруханалардың қызметтеріне, дәрілік заттарды сатып алуға және басқаларына арналған шығыстар) "Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері", "Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері" бюллетеньдерінде, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аймақтарындағы үй шаруашылықтарын тоқсан сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша жарияланады. Дәрілік заттар мен терапевтік аспаптарды сатып алуға арналған нақты шығыстар "Жекелеген тауар топтары бойынша бөлшек сауда көлемі" статистикалық нысанында көрсетілген

Кәсіпорындардан түсетін түсімдер
Кәсіпорындарды қаржыландыру схемалары

Статистика саласындағы уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы" (Әлеуметтік қаржы (Денсаулық сақтау), "денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі" бюллетендері.

Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау) нысаны бойынша есептерде деректерді меншік нысаны мен санына қарамастан ЭҚЖЖ – 86 кодына сәйкес негізгі қызмет түрлері "Денсаулық сақтау саласындағы қызмет" бар заңды тұлғалар және/немесе олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. Есептің құрылымы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, халық пен кәсіпорындар есебінен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша және қаржыландыру көздері бойынша ағымдағы және күрделі шығыстар мен кірістер туралы деректерді қамтиды.

Ерікті медициналық сақтандыруға жарналар
Ерікті медициналық жарналар схемалары

Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп, Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйақылары туралы жиынтық есеп.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсы)

Қазақстан Республикасының азаматтарын (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын) ерікті жеке сақтандыруға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдері және сыйақылары туралы біріктірілген әкімшілік деректер түрінде ұсынылған.
Алайда, қосарланған есепке алуды болдырмау үшін шығыстардың осы бабы бойынша деректер кәсіпорын қаражатында есептелмейді.

Мемлекеттік қарыз

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есеп

Бұл санатқа атауы оларды сыртқы қарыздар есебінен "денсаулық сақтау мақсатына арналған қаражат ретінде жіктеуге мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын жатқызу қажет".

Тікелей шетелдік трансферттер

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дерекқоры, дамуға жәрдемдесу жөніндегі комитет кредиторларының есептілік жүйесі (The Development Assіtstance Commіttee, Credіtor Reportіng System)

Деректер базасы Қазақстан денсаулық сақтау мақсатына алған донорлық қаражат туралы Дамуға жәрдемдесу жөніндегі комитеттің ақпаратын ұсынады. Бұл жекелеген мемлекеттердің, халықаралық даму агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың жобалардың атауын, олардың сипаттамаларын, алушының сипаттамасын және басқа да ақпаратты көрсете отырып, қайырымдылық қызметі туралы егжей-тегжейлі деректер.
Қосарлы есепке алуды болдырмау үшін "мемлекеттік қарыз" санатында ескерілген сыртқы қаржыландыру көздерінен түсетін қаражат осы санатта есепке алынбайды.

  Ұлттық денсаулық сақтау
шоттарының деректерін
қалыптастыру және пайдалану
қағидасына
2-қосымша

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар көздері туралы ақпарат

Шығыстар санаттары

Ақпарат көздері

1

2

Мемлекеттік шығындар

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Бірыңғай бюджеттік сыныптамада көзделген шығыстар жіктемесіне сәйкес тұрақты негізде қалыптастыратын мемлекеттік бюджет бойынша 4 "Білім беру", 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық шығыстар топтарының орындалуы туралы есептік деректер. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру үшін осы есептің орындылығы мен қолданылуы базалық әдіснаманың бірлігімен түсіндіріледі. Республикада қолданылатын бюджеттік сыныптама Ұлттық шоттар жүйесі мен басқа да Халықаралық валюталық қорының ұсыныстары негізінде әзірленді.
Мемлекеттік шығыстар туралы ақпаратты нақтылау Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қалыптастыратын басқарушылық есептілік деректерін зерделеу жолымен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына сұрау салу жолымен жүзеге асырылады.

Жеке шығыстар

Статистикалық бюллетендер:
- "Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы" (Әлеуметтік қаржы (Денсаулық сақтау);
- "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі" (Денсаулық сақтау қызметтері);
- "Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері";
- "Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен кірістері";
- "Жекелеген тауар топтары бойынша бөлшек сауда көлемі".
Көрсетілген құжаттарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган тұрақты негізде қалыптастырады. Мәселен, әлеуметтік қаржы нысаны (Денсаулық сақтау) ағымдағы және күрделі шығыстарды баланстық баптар бойынша бөле отырып, меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші Денсаулық сақтау субъектілерін қамтиды. Өз кезегінде "Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен кірістері" бюллетені үй шаруашылықтары шығыстарының функционалдық құрылымын зерделеуге, тұтынылатын қызметтердің/тауарлардың түрлерін анықтауға және оларды сатып алуға жұмсалатын шығындардың көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Ерікті медициналық сақтандыру

Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп және Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы жиынтық есеп

Қаржыландырудың сыртқы көздері

Қаржыландырудың сыртқы көздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздары бойынша қаражатты және донорлық қаражатты қамтиды. Мемлекеттік қарыздар туралы деректер көзі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын "мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есеп", Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу" жобасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкімшілік ететін "денсаулық сақтау жүйесін реформалау" бюджеттік бағдарламасының қаражаты болып табылады.
Донорлардың қаражаты туралы деректер ЭЫДҰ-ның дамуына жәрдемдесу комитетінің "кредит берушілердің есептілік жүйесі" деректер базасында жарияланады және дамуға жәрдемдесу комитетінің мүшелері (29 ел), халықаралық ұйымдар (мысалы, Жаһандық қор, ЮНИСЕФ және т.б.) және осы комитеттің мүшесі болып табылмайтын елдер (мысалы, БАӘ, Кувейт және т. б.) Денсаулық сақтау мақсаттарына бөлген қаражатты білдіреді.

  Ұлттық денсаулық сақтау
шоттарының деректерін
қалыптастыру және пайдалану
қағидасына
3-қосымша

Медициналық қызметтердің негізгі жеткізушілері туралы ақпарат

Ұлттық денсаулық сақтау шоттарында өнім берушілерді жіктеу

Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасына сәйкес жіктеу

Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының кестелерінде ұсынылған ұйымдардың мысалдары

1

2

3

Ауруханалық ұйымдар (HP.1.)

Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар

Ауруханалар, психикалық денсаулық орталықтары, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту (есірткіге, алкогольге тәуелді) ұйымдары, мамандандырылған санаторийлер

Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг

Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары

Санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы

Ұзақ күтімді мекемелер (HP.2.)

Паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар

Мейіргерлік күтім ауруханалары, паллиативтік көмек орталықтары (хоспис)

Амбулаториялық медициналық қызметтерді жеткізушілер (HP.3.)

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар

Жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттері, басқа да мамандардың кабинеттері, амбулаториялық емдеу орталықтары, стоматологиялық кабинеттер

Қосымша қызметтер көрсететін ұйымдар (HP.4.)

Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары

Төтенше жағдайларда пациенттерді тасымалдау және пациенттің өмірін құтқару бойынша қызметтерді ұсынатын жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар

Республикалық және облыстық қан орталығы

Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар

Патологиялық анатомия (цитопатология) саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары)

Медициналық тауарлардың жеткізушілері мен бөлшек сатушылары (HP.5.)

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары

Дәріханалар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізетін ұйымдар

Профилактикалық қызмет көрсететін ұйымдар (HP.6.)

Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары

Біріктірілген деректер (осы бап бойынша шығыстар бөлек бөлінбеген)

Денсаулық сақтауды басқару ұйымдары (HP.7.)

-

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті және орталық органдары

Экономиканың басқа секторлары (HP.8.)

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар

Ұлттық экономиканың басқа да секторларын білдіретін оқу орындары мен денсаулық сақтау қызметтерін жеткізушілер.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Денсаулық сақтау саласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

Қалған әлем (HP.9.)

-

Бұл санатта Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелде емдеуге бөлінген қаражат ескерілген

Көрсетілетін қызметтердің түрі айқындалмаған ұйымдар (HP.11.)

Апаттар медицинасы ұйымдары

Қол жетімді деректер жеткізушілерді анықтаусыз құралдардың тағайындалуын жанама түрде анықтауға мүмкіндік береді

Арнайы медициналық жабдықтау базасы (HP.13.)

Өзге де медициналық ұйымдар

Арнайы медициналық жабдықтау базасы

  Ұлттық денсаулық сақтау
шоттарының деректерін
қалыптастыру және пайдалану
қағидасына
4-қосымша

Медициналық қызметтерді жеткізушілердің функциялары туралы ақпарат

Ұлттық денсаулық сақтау шоттарында медициналық қызметтерді жеткізушілердің функцияларын жіктеу

Кодекске сәйкес медициналық қызметтің түрлері

Ұлттық денсаулық сақтау шоттарында медициналық қызметтерді жеткізушілердің функцияларының мысалдары

Емдеу қызметтері (HC.1.)

Стационарлық жағдайларда медициналық көмек

Тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық көмек, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында

Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек

Тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін күндізгі станцианардағы емдеу

Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек

Тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек, амбулаториялық стоматологиялық емдеу, мамандандырылған амбулаториялық емдеу

Оңалту емі (HC.2.)

Медициналық оңалту

Стационарлық жағдайларда медициналық оңалту Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық оңалту
Амбулаториялық жағдайларда медициналық оңалту
Үйде медициналық оңалту Санаторийлік-курорттық ұйымдарда медициналық оңалту

Ұзақ мерзімді медициналық күтім (HC.3.)

Паллиативтік көмек

Паллиативтік медициналық көмек

Қосалқы қызметтер (HC.4.)

Жедел медициналық көмек және медициналық авиация

Жедел медициналық жәрдем көрсету және пациенттерді тасымалдау, патологоанатомиялық қызметтер, донорлық қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету

Зертханалық диагностика

Патологиялық-анатомиялық диагностика

Қан және оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет

Медициналық тауарларды ұсыну (HC.5.)

-

Фармацевтикалық және өзге де медициналық тауарлар, терапевтік құралдар және өзге де медициналық тауарларды ұзақ мерзімді пайдалану

Профилактикалық қызметтер (HC.6.)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет

Иммундау бағдарламалары, ақпараттық, білім беру және консультациялық бағдарламалар

Қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет

Әкімшілік ету, денсаулық сақтау жүйесі және қаржылық әкімшілік ету (HC.7.)

-

Әкімшілік ету, денсаулық сақтау жүйесі және қаржылық әкімшілендіру, Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  Ұлттық денсаулық сақтау
шоттарының деректерін
қалыптастыру және пайдалану
қағидасына
5-қосымша

Денсаулық сақтау қызметтерін көрсетудің өндіріс факторлары

Код Денсаулық сақтау шоттарының жүйесі 2011

Сипаттамасы

FP. 1

Қызметкерлерге өтемақы шығыстары


FP. 1.1

Жалақы


FP. 1.2

Әлеуметтік төлемдер


FP. 1.3

Қызметкерлерге байланысты барлық басқа шығыстар

FP. 2

Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төлемдер

FP. 3

Материалдар мен қызметтер


FP. 3.1

Денсаулық сақтау қызметтері


FP. 3.2

Денсаулық сақтау тауарлары



FP. 3.2.1

Фармацевтикалық тауарлар



FP. 3.2.2

Басқа да денсаулық сақтау тауарлары


FP. 3.3

Денсаулық сақтаумен байланысты емес қызметтер


FP. 3.4

Денсаулық сақтаумен байланысты емес тауарлар

FP. 4

Негізгі капиталды тұтыну

FP. 5

"Кіріске" жұмсалған басқа да шығыстар


FP. 5.1

Салықтар


FP. 5.2

Өзге де шығыстар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады