Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12821 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14200 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға оның қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 32 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
№ ___ Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты
_____ қ. 20___ жылғы "___" __________
Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және
бұдан әрі "Ислам банкі (Исламдық лизингтік компания)" деп аталатын "Ислам банкі (Исламдық лизингтік компания _________)" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан
және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________ атынан _____________ негізінде әрекет ететін _______________________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар, төмендегілер туралы осы Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шартты жасасу үшін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама);
2) Бағдарламаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалар);
3) Қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасы негіз болып табылады.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
2. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) ислам банкі (исламдық лизингтік компания) беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің Алушыға тауар үшін төленетін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және (немесе) ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) Алушыға лизинг (жалға беру) талаптарымен мүлікті (лизинг нысанын) беруі;
3) ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісі – ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) пайдасын құрайтын тауардың үстеме бағасы (жалгерлік төлемнің бір бөлігі);
4) банк-төлем агенті – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісуге және Исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған қаржы агенттігінің ағымдағы арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
5) жоба – кіріс алуға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Алушы жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
6) исламдық лизинг шарты (бұдан әрі – лизинг) – Исламдық лизингтік компания мен Алушы арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша исламдық лизингтік компания Алушыға мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді;
7) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
8) қаржыландыру шарты – Ислам банкі мен Алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы Алушыға коммерциялық кредит береді не Алушыға мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді. Қаржыландыру шартына, сондай-ақ бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде Ислам банкі мен Алушы коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;
9) субсидиялау – ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы және (немесе) жалдау төлемінің бөлігі ретінде Алушы ислам банкіне (ислам лизингтік компанияға) төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Алушыны мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.
3-тарау. Шарттың нысанасы
3. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) атауы) алынған қаржыландыру бойынша Алушы тауарының үстеме бағасын (жалгерлік төлемнің бір бөлігін) субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:
Қаржыландыру шарты/ исламдық лизинг шарты | ______________ жылғы № ____ |
Нысаналы мақсаты | |
Осы Шарт жасалған күндегі қаржыландыру/лизинг сомасы | |
Қаржыландыру валютасы | |
Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кірісінің мөлшері | |
Қаржыландыру/лизинг мерзімі |
4. Субсидиялау исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатының есебінен жүргізіледі.
5. Осы Шарт жасалғаннан кейін ислам банк (исламдық лизингтік компания) осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушыны қаржыландыру бойынша кірістің мөлшерін біржақты тәртіппен ұлғайтпауға міндеттенеді.
6. Осы Шарт жасалғаннан кейін ислам банк (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды:
1) Алушымен жасалған өтеу кестесі (уәкілетті адамның қолымен және ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) мөрімен расталған көшірмесі) қоса берілген қаржыландыру шартын (исламдық лизинг шартын);
2) жаңа қаржыландырудың (лизингтің) берілгені туралы ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) анықтамасын не Алушының жаңа қаржыландыруды (лизингті) алу фактісін растайтын құжатты береді.
4-тарау. Субсидияларды беру талаптары
7. Ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) ________ мөлшердегі кірісінің бір бөлігі субсидиялауға жатады, бұл ретте осы Шартқа қосымшаға сәйкес, өтеу кестесі бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің ______ мөлшеріндегі бір бөлігін қаржы агенттігі төлейді, ал ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін Алушы төлейді.
8. Мерзімі өткен ссудалық берешек (лизинг бойынша берешек) бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) есептеген және Алушы төлемеген кіріс субсидияланбайды.
9. Субсидиялау мерзімі __________________ жылдан бастап саналады.
10. Барлық операциялар теңгемен жасалады.
11. Алушы қаржыландыруды (лизингті) уақтылы және толық қайтару және ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) алдында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) сәйкес барлығына жауапты болады. Бұл ретте осындай жауапкершілікті қандай жағдайда болмасын қаржы агенттігіне жүктеуге болмайды.
5-тарау. Шарт бойынша субсидиялау тәртібі
12. Қаржы агенттігі осы Шартқа төлемдер кестесін ескере отырып, субсидиялау үшін көзделген қаражатты банктегі (банк-төлем агентіндегі) ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) бір уақытта тиісті хабарлама жібереді.
13. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________ ж.
14. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін қаржы агенттігі субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті Өңірлік үйлестірушісінен келіп түскен қаражат болған кезде төленеді.
15. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің бір бөлігін субсидиялау валюталық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, қаржы агенттігі субсидиялардың сомасын субсидиялар сомасы аударылған күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
16. Оң бағам айырмасы туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағам айырмасы болған жағдайда өтеу Алушыға жүктеледі.
17. Алушы ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігіндегі төлемді қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) сәйкес өтеу кестесі бойынша төлейді.
18. Алушы қаржыландыру бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (исламдық лизинг шарты бойынша) қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) исламдық банктің (исламдық лизингтік компанияның) алдында төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін ислам банкі (исламдық лизингтік компания) өз кірісінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін бұл туралы хабардар етеді. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.
19. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем жасалатын күн демалыс күніне немесе мереке күніне келген жағдайда төлем аталған күннен кейінгі жұмыс күні жасалады деп келісті.
6-тарау. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау негіздері
20. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қабылдайды.
21. Қаржы агенттігі Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 109-тармағында козделген мынадай фактілерді анықтаған кезде алушыны субсидиялауды тоқтатады:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;
2) Кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;
3) Жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес келмеуі;
4) Кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;
5) Кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
6) Кәсіпкердің шоттарын бұғаттау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету.
22. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының нәтижелері бойынша:
1) Алушыны субсидиялауды қайта бастау туралы шешімді келіскен жағдайда:
шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) және Алушыға субсидиялау төлемдерінің қайта басталатыны туралы хабарлайды;
тоқтата тұрған сәттен бастап төленуге жататын субсидиялардың барлық қажетті төлемдерін ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) төлейді;
2) шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, Алушыға және ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) осы Шарттың біржақты бұзылатыны туралы хабарлама жібереді, онда осы Шарттың бұзылатын күнін қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес көрсетеді және бұзу себебін көрсетеді.
23. Субсидияларды төлеу тоқтатылады, Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 115-тармағына сәйкес осы Шарт хабарламада көрсетілген күннен бастап, (қаржы агенттігі шешіміне сәйкес корсетіледі) мынадай жағдайларда:
1) Алушы қаржыландыру шарты бойынша ислам банкінің (исламдық лизинг шарты бойынша исламдық лизингтік компанияның алдында) алдында қаржыландыруды мерзімінен бұрын толықтай өтеген жағдайда. Алушының ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) қаржыландыру (лизинг) бойынша ақшаны толық өотеген күні субсидиялауды тоқтату күні болып саналады;
2) егер қаржы агенттігінің уәкілетті органы Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда;
3) осы Шарт Алушының бастамасы бойынша бұзылған болып танылады.
7-тарау. Тараптардың құқықтары және міндеттері
24. Қаржы агенттігі осы Шарттың талаптарымен субсидиялау үшін банктегі (банк-төлем агентіндегі) шотты жеткілікті сомамен уақтылы толықтырады.
25. Қаржы агенттігі:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен қаржы алмаған жағдайда, субсидияларды аудармауға;
2) Қаржыландыру шартының және (немесе) осы Шарттың талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне және (немесе) Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы Шартқа қол қоймауға;
3) Алушыдан қаражаттың (лизинг нысанының) мақсатты пайдаланылуы туралы қосымша ақпаратты сұратуға;
4) исламдық банктен (исламдық лизингтік компаниядан) Алушы туралы, сондай-ақ Бағдарламаға қатысатын қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;
5) ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) мен Алушының арасындағы қаржыландыру шартында (исламдық лизинг шартында) көзделген құқықтардың шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге кемінде жарты жылда 1 (бір) рет бара отырып, Жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыруға, субсидиялау жүзеге асырылатын жоба бойынша қаражаттың (лизинг нысанының) мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға;
6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
7) Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау және Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 109-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұруға;
8) кредит қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) Алушы жобасының Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде, оның ішінде сот тәртібімен Алушының төленген сыйақы сомасын өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға;
9) жарнама науқанын жүргізген кезде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпаратты орналастырған кезде Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шартты орындау шеңберінде алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ оны үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі тұлғаларға) беруге;
10) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Шарттың 21-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
26. Алушы:
1) қаржыландыру шарты (исламдық лизинг шарты) бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) қаржы агенттігіне қаржыландырудың (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында Жоба іске асырылатын аумақта тексерулер жүргізу құқығын беруге;
3) қаржы агенттігінің сұратуы бойынша Бағдарламаның, қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;
4) жарнамалық науқанды жүргізген кезде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпаратты орналастырған кезде, Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу, сондай-ақ үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі адамдарға) беру үшін қаржы агенттігі пайдаланатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлі мемлекеттік кірістер комитетінің келісім беруі туралы өтінішті қаржы агенттігіне қаржы агенттігінең бірінші талабы бойынша ұсынұға:
қаржы агенттігінің алушының кірістерінің өсу серпінін анықтауы үшін кірістер;
қаржы агенттігінің алушының жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін анықтауы үшін жұмыскерлер саны;
алушының бюджетке салық төлемдерін ұлғайту серпінін қаржы агенттігінің анықтауы үшін салық төлемдерінің сомасы;
5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары және оны іске асыру туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі адамдарға) бермеуге және жария етпеуге.
27. Алушы:
1) қаржы агенттігінен сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) субсидиялар төлеуді талап етуге;
2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 (жетпіс бес) күннен кешіктірмей ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы.
28. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания):
1) осы Шарт исламдық қаржыландыру қағидаларында көзделген мерзімдерде уақтылы жасалмаған жағдайда, кешіктіру себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етуге;
2) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының Жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компанияның) осы шартты іске асыру мақсаттарына арналмаған өзге шоттардан субсидиялар сомасын есептен шығаруға құқығы жоқ. Алушы қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
3) Алушыны қаржыландыру бойынша ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісін субсидиялау тоқтатылған жағдайда, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасы (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстырып-қарау актісін беруге міндетті. Бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компания) салыстырып-қарау актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасын және күндерін көрсетеді. Алушы негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
4) қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын қаржыландыруының төлем тәртібіне мониторинг жүргізу құқығын беруге;
5) мониторингтік есептерді беруге;
6) осы Шарт талаптарының орындалуына ықпал ете алатын барлық жағдаяттар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;
7) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржыландырудың сомасын және (немесе) қаржыландыру (лизинг) бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің номиналдық мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертпеуге;
8) Қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаға және исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес рұқсат етілген комиссияларды, алымдар мен (немесе) өзге де төлемдерді қоспағанда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы өзге төлемдерді өтеуге;
9) Алушы қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтеген жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасының (жалдау төлемі сомасының) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтелу фактісі туралы хабардар етуге;
Сонымен бірге, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісімді қоса берумен қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісімнің көшірмесін жібереді;
10) субсидиялау мерзімі үш жыл болатын, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мақұлданған жоба бойынша осы Шарттың 29-тармағының 2) тармақшасына сәйкес түскен Алушының өтінімін қарау кезінде оң баға берілсе субсидиялау шартының қолданылу мерзімін Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, ұзарту туралы қаржы агенттігінің уәкілетті органы алдында өтініш жасауға міндетті.
29. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания):
1) қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша Алушыға бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) басқа да төлемдерді және өзге де талаптарды) белгілеуге құқылы.
8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
30. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуын ескере отырып, Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы _____________ қоса алғанға дейін, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
31. Қаржы агенттігі (ислам банкі, исламдық лизингтік компания) осы Шарттың 6-бөлімінің талаптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұза алады.
9-тарау. Жауапкершілік
32. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
10-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
33. Егер еңсерілмейтін күш жағдайларының, яғни аталған жағдайлардың талаптары (дүлей зілзалалардың, әскери іс-қимылдардың) кезіндегі төтенше және еңсерілмейтін жағдайлардың салдарынан Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаса, олар өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
34. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай жағдайлар орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа уақтылы хабарлауға тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, орын алу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
35. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, осы Шарттың 34-тармағында көрсетілген мерзімде, Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
36. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы осы Шартты орындау мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуына әкеп соқтырады.
37. Егер осындай жағдайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
11-тарау. Дауларды шешу
38. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге күш-жігерлерін салады.
39. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде сот тәртібімен шешіледі және реттеледі.
12-тарау. Хат-хабарлармен алмасу
40. Тараптар осы Шарттың шеңберінде бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабарлар жазбаша нысанда беріледі және осы Шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарларды қоспағанда, Тараптар табыс етілгені туралы белгісі бар хат-хабарларды алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.
41. Хат-хабарлар тиісті түрде ресімделген болса (бланкте ресімделген немесе мөрмен бекітілген жағдайда, оларға басшы қол қойған жағдайда және тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, хат-хабарлар тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолға табыс етілген болса, пошта бойынша (хабарламасы бар тапсырыс хат арқылы) немесе курьерлік байланыспен қатысушы Тараптың мекенжайына жеткізілген болса, олар тиісті түрде берілген немесе жіберілген болып саналады.
42. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты тұлғалары ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды басқа Тарапқа факсимильдік байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы жіберуді жүзеге асыра алады.
43. Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабарлардың жіберілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы Тараптың қабылдағаны туралы белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін қоса тіркей отырып, факспен жіберген кезде не факсимильді аппараттың жіберудің сәтті аяқталғаны туралы үзінді-көшірмесі болған кезде растау тиісті түрде жүзеге асырылған болып саналады.
13-тарау. Құпиялылық
44. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпия болып табылатынымен, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау барысында алынған басқа да ақпараттың құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялануға жатпайтынымен келіседі.
45. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, оны жариялауына немесе басқа да жолмен жария етуіне болады.
46. Тараптар осы Шарттың бар екендігінің және оның талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдарына және жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге немесе беруге тыйым салынады.
47. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады, оған қоса осындай ақпаратты жария етудің салдарынан басқа Тарапқа келтірілген зиянды өтейді.
14-тарау. Өтініштер, кепілдіктер және келісімдер
48. Алушы қаржы агенттігіне мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:
1) Алушы осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайы екенін және шындыққа сәйкес келетінін растайды;
2) қаржы агенттігі аталған растаулар мен кепілдіктердің шындығын тексеруге міндетті емес.
49. Алушы мыналарды растайды және оларға кепілдік береді:
1) Алушы өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін ешқандай жағдайлардан хабардар емес;
2) сондай-ақ Алушы өзінің жарғылық құзыретінің осы Шартқа қол қоятын адамға осы Шартты жасасуға мүмкіндік беретінін растайды.
50. Алушы осы Шарт жасалған сәтте осы Шартты бұзуға, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздердің болмағанын растайды.
51. Алушы қаржы агенттігіне берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық ақпараттың, сондай-ақ барлық құжаттаманың дұрыс екенін және шындыққа сәйкес келетінін мәлімдейді және растайды. Қаржы агенттігі берілген немесе берілетін құжаттаманың анықтығын және дұрыстығын тексеруге міндетті емес. Алушыға жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
52. Алушы осы Шартта жазылған барлық талаптардың, өзі жасайтын іс-қимылдың құқықтық мәнінің оған түсінікті және анық екенін мәлімдейді.
15-тарау. Қорытынды ережелер
53. Осы Шартқа қол қоя отырып Алушы қаржы агенттігіне:
1) субсидиялануы жүзеге асырылатын осы Кредит жөніндегі шарттың шеңберінде қаржы агенттігі алған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруге;
2) қаржы агенттігінің бұқаралық ақпарат құралдарында Алушының атауын, Жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Алушы Жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саласын жариялауға келісім береді.
54. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
55. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.
56. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Қаржы агенттігі |
Ислам банкі / Исламдық | Алушы |
____________________ |
____________________ |
__________________ |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартына қосымша |
Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау Шартына өтеу кестесі
Идентификациялық код: (ІBAN форматында бірегей 20 сандық код)
Өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) өтеу күні | Өзіндік құн сомасы (жалдау төлемі сомасының) қалдығының сомасы | Өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) өтеу сомасы | Қаржы агенттігі төлейтін ислам банктің (исламдық лизингтік компания) кірісінің сомасы | Алушы төлейтін ислам банктің (исламдық лизингтік компания) кірісінің сомасы | Ислам банктің (исламдық лизингтік компания ның) есептелген кірісі сомасының жиынтығы | |
Қаржы агенттігі |
Ислам банкі / Ислам | Алушы |
____________________ |
____________________ |
__________________ |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |