Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18680 болып тіркелді.

      "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 108 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

      2) құқық иеленуші – шарт бойынша немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;

      3) міндетті теле-, радиоарна – уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;

      4) өтініш беруші – міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінімді беру құқығына ие құқық иеленуші не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат негізінде құқық иеленушінің атынан әрекет ететін өзге тұлға;

      5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның жанында құрылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      6) уәкілетті орган – телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары салаларындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.08.2019 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібі

      3. Міндетті теле-, радиоарналардағы әлеуметтік жарнама мынадай:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлерге сәйкес келу;

      2) Қазақстан Республикасының жарнама, телерадио хабарларын тарату және қайырымдылық салаларындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келу өлшемшарттары негізінде қалыптастырылады.

      4. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім;

      2) басқа жеткізгіштерге беру кезінде оның сапасының өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін сыртқы электрондық жеткізгіштерде, қазақ және орыс тілдеріндегі әлеуметтік жарнаманың ролигі;

      3) туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқығын растайтын құжат;

      4) сенімхат негізінде әрекет ететін тұлға өтініш берген жағдайда құқық иеленушінің келісімі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.08.2019 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган ұсынылған өтінімдердің және қоса берілген құжаттардың Қазақстан Республикасының жарнама, телерадио хабарларын тарату және қайырымдылық салаларындағы заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және өтініш берушінің өтініш беру күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде өтінімнің сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы хабарлайды.

      6. Өтінім Қазақстан Республикасының жарнама, телерадио хабарларын тарату және қайырымдылық салаларындағы заңнамасында және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ құжаттар топтамасы толық ұсынылғанда әлеуметтік жарнама отырыстары кемінде жарты жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай өткізілетін "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес құрылған Комиссияның қарауына енгізіледі.

      7. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінімдер Комиссия отырысы күніне дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.

      8. Комиссия отырысы өтетіндігі туралы хабарлама өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі және отырыстың күні көрсетіле отырып, өткізілетін күнге кемінде бір ай қалғанда уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      9. Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң келіп түскен өтінімдер Комиссияның келесі отырысына ауыстырылады.

      10. Осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген өтінімдер сәйкестікке келтіріліп, Комиссияның келесі отырысында қарастыру үшін уәкілетті органға қайта жолданылады.

      11. Комиссия отырысына өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілдері шақырылады.

      12. Қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда, әлеуметтік жарнама міндетті теле-, радиоарналарда орналастырылуға жатады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      13. Комиссия хатшысы Заңның 11-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілетін Комиссия ережесінде көзделген тәртіппен Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді, ол міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнама роликтерін орналастыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды қамтиды.

      14. Комиссия отырысының хаттамасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

  Міндетті теле-, радиоарналарда
әлеуметтік жарнаманы
қалыптастыру және орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

Әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлер

      1. Бейне кодталған форматта беріледі: DVCPRO HD (Digital Video Cassette Professional High Definition) немесе XDCAM HD (кәсіби, лентасыз цифрлық бейнежазба үшін жоғары шешімді жазу форматы) 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD1080 50i (1920х1080 пиксель) стандарты кадр көлемімен, жайма типі interlaced, өрістерді құрастыру тәртібі – жоғарғы бірінші өріс (top field first), кадрлар арақатынасы 16:9. Videofileconter: MXF (Material eXchange Format), MOV (мультимедиалық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған медиаконтейнер).

      2. Аудионы сүйемелдеу мынадай техникалық талаптарға сәйкес келеді:

      динамикалық диапазон, кемінде 40 децибел;

      жиілік диапазоны, кемінде 20 Герц-20000 Герц;

      сызықты емес бұрмалануының коэффициенті, 1 % көп емес;

      стереофоникалық дыбысты сүйемелдеу;

      студиялық жазу кезінде акустикалық реверберация ("Жаңғырық") дабылы болмайды;

      сөз сөйлеу түсініктілігі 100% болады;

      жазылымда бөтен дыбыстар, шу, кедергілер болмайды;

      дыбыс деңгейі:

      максимум - 12 децибел;

      интершум - 42 децибел.

      3. Бір әлеуметтік жарнама ролигінің ұзақтығы 30 (отыз) секундтан кем болмайды.

      4. Міндетті теле-, радиоарналарда орналастыру үшін бейнематериал FTP (File Tranfser Protocol) ақпаратты беру хаттамасы, немесе HDD (Hard Disk Drive) қатты дискілері немесе басқа цифрлық тасымалдаушылар арқылы жіберіледі.

  Міндетті теле-, радиоарналарда
әлеуметтік жарнаманы
қалыптастыру және орналастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігіне

Міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім

      Жалпы мәлімет:

      1. Өтініш берушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      ______________________________________________________________

      2. Орналасқан жері:

      ______________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің телефоны, факс нөмірі:

      ______________________________________________________________

      4. Тақырыптық бағыты:

      ______________________________________________________________

      5. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы трансляциялау

      кезеңі (кемінде бір жарты жылдық):

      ______________________________________________________________

      6. Әлеуметтік жарнаманың құқық иеленушісі болып табылатын заңды

      тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      ______________________________________________________________

      Осы өтініммен әлеуметтік жарнаманың құқық иеленушісіне/леріне қатысты авторлық

      құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманың сақталуына кепілдік береміз.

      Басшының/ дара кәсіпкердің/

      мемлекеттік орган басшысының

      немесе оның міндетін атқарушының қолы

      Мөрдің орны (болған жағдайда)                         20 __ жылғы "__"_________

Об утверждении Правил формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 108. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2019 года № 18680.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года "О рекламе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах.

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр
информации и общественного развития
Республики Казахстан
Д. Абаев

 

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство национальной экономики

      Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
информации и общественного
развития Республики Казахстан
от 14 мая 2019 года
№ 108

Правила формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года "О рекламе" и определяют порядок формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) социальная реклама – информация, адресованная неопределенному кругу лиц и направленная на достижение благотворительных и иных общественно полезных целей некоммерческого характера, а также обеспечение интересов государства;

      2) правообладатель – физические или юридические лица, получившие исключительное право на использование произведения и (или) объекта смежных прав по договору или иному основанию, предусмотренному Законом Республики Казахстан от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах";

      3)обязательный теле-, радиоканал – теле-, радиоканал, входящий в соответствующий перечень, утвержденный уполномоченным органом, обязательный для распространения посредством многоканального вещания на всей территории Республики Казахстан;

      4) заявитель – правообладатель либо иное лицо, действующее от имени правообладателя на основании доверенности, оформленной в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, которое имеет право на подачу заявки на размещение социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах;

      5) комиссия по вопросам развития телерадиовещания (далее – Комиссия) – консультативно-совещательный орган по вопросам развития телерадиовещания, созданный при государственном органе, осуществляющим государственное регулирование в области телерадиовещания и средств массовой информации;

      6) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области телерадиовещания и средств массовой информации.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра информации и общественного развития РК от 22.08.2019 № 294 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах

      3. Социальная реклама на обязательных теле-, радиоканалах формируется на основании следующих критериев:

      1) соответствие техническим параметрам, выставляемым к ролику социальной рекламы, установленным в приложении 1 к настоящим Правилам;

      2) соответствие требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан в области рекламы, телерадиовещания и благотворительности.

      4. Для размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах заявители представляют в уполномоченный орган следующие документы:

      1) заявка на размещение социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) ролик социальной рекламы на казахском и русском языках, на внешнем электронном носителе, обеспечивающем неизменность качества ролика при его передаче на другие носители;

      3) документ, подтверждающий исключительное право на использование произведения и (или) объекта смежных прав;

      4) согласие правообладателя в случае подачи заявки лицом, действующем на основании доверенности.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 22.08.2019 № 294 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      5. Уполномоченный орган рассматривает представленные заявки и прилагаемые документы на соответствие требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан в области рекламы, телерадиовещания и благотворительности и настоящими Правилами, и уведомляет о соответствии либо не соответствии заявки в срок не более пятнадцать календарных дней со дня подачи заявки заявителем.

      6. В случае соответствия заявки требованиям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан в области рекламы, телерадиовещания и благотворительности и настоящими Правилами, а также представления полного пакета документов, социальная реклама выносится на рассмотрение Комиссии, созданной в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 18 января 2012 года "О телерадиовещании" (далее – Закон), заседания которой проводятся не менее, чем один раз в полугодии или по мере необходимости.

      7. Заявки на размещение социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах подаются не позднее, чем за пятнадцать календарных дней до даты заседания Комиссии.

      8. Объявление о проведении заседания Комиссии публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа не менее чем за месяц до дня его проведения с указанием срока окончания приема заявок и даты заседания.

      9. Рассмотрение Комиссией заявок, поступивших после истечения срока приема заявок, указанного в объявлении, переносится на следующее заседание Комиссии.

      10. Заявки, не соответствующие критериям, установленным настоящими Правилами, приводятся в соответствие и повторно направляются в уполномоченный орган для рассмотрения на следующем заседании Комиссии.

      11. На заседание Комиссии приглашаются заявитель или его уполномоченные представители.

      12. Социальная реклама подлежит размещению на обязательных теле-, радиоканалах, если за нее проголосовало большинство присутствующих членов Комиссии. В случае равенства голосов, голос председателя Комиссии является решающим.

      13. Секретарем Комиссии оформляется протокол заседания Комиссии в порядке, предусмотренном положением Комиссии, утверждаемым согласно пункту 4 статьи 11 Закона, который включает рекомендации и предложения по размещению роликов социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах.

      14. Протокол заседания Комиссии подлежит размещению на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

  Приложение 1
к Правилам формирования и
размещения социальной
рекламы на обязательных
теле-, радиоканалах

Технические параметры,
выставляемые к ролику социальной рекламы

      1. Видео представляется в кодированном формате DVCPRO HD (Digital Video Cassette Professional High Definition) или XDCAM HD (формат записи высокого разрешения для профессиональной, безленточной цифровой видеозаписи) 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, 25 кадров в секунду, с размером кадра стандарта HD1080 50i (1920х1080 пикселей), тип развертки – interlaced, порядок построения полей – верхнее поле первое (top field first), соотношение кадра 16:9. Videofileconter: MXF (Material eXchange Format), MOV (медиаконтейнер для мультимедийного программного обеспечения).

      2. Аудио сопровождение соответствует следующим техническим требованиям:

      динамический диапазон, не менее 40 децибел;

      частотный диапазон, не менее 20 Герц – 20000 Герц;

      коэффициент нелинейных искажений, не более 1 %;

      стереофоническое звуковое сопровождение;

      отсутствие акустической реверберации ("Эхо") сигнала при студийной записи;

      присутствие 100% разборчивости речи;

      отсутствие на записи посторонних звуков, шума, помех;

      уровень звука:

      максимум - 12 децибел;

      интершум - 42 децибел.

      3. Хронометраж одного ролика социальной рекламы составляет не менее 30 (тридцать) секунд.

      4. Видеоматериал для размещения на обязательных теле-, радиоканалах передается через протокол передачи информации FTP (File Tranfser Protocol) либо на жестких дисках HDD (Hard Disk Drive) или иных цифровых носителях.

  Приложение 2
к Правилам
формирования и
размещения социальной
рекламы на обязательных
теле-, радиоканалах
  Форма
  В Министерство информации и
общественного развития
Республики Казахстан

Заявка на размещение социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах

      Общие сведения:
1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии)/ наименование заявителя:
_____________________________________________________________
2. Местонахождение:
_____________________________________________________________
3. Номера телефонов, факсов заявителя:
_____________________________________________________________
4. Тематическая направленность:
_____________________________________________________________
5. Период трансляции социальной рекламы на обязательных теле-,
радиоканалах (______ полугодие 20__ года):
_____________________________________________________________
6. Наименование юридического лица/ фамилия, имя, отчество
(при его наличии) физического лица, являющегося правообладателем:
_____________________________________________________________
Данной заявкой гарантируем соблюдение законодательства об авторском праве
и смежных правах в отношении правообладателя/ей.

      Подпись руководителя /
индивидуального предпринимателя /
руководителя государственного органа, либо лица исполняющего его обязанности
Место для печати (при наличии) "___"___________ 20 __ год