БҰЙЫРАМЫН:
1. "Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібін айқындайды.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) міндетті теле-, радиоарна – цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін және телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның жанында құрылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
6) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келу өлшемшарттары негізінде қалыптастырылады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган ұсынылған өтінімдердің және қоса берілген құжаттардың Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және өтініш беруші өтінім берген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде өтінімнің сәйкестігі не сәйкессіздігі туралы хабардар етеді.
6. Өтінім Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамасында және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келген, сондай-ақ құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, әлеуметтік жарнама "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес құрылған, отырыстары кемінде жарты жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай өткізілетін Комиссияның қарауына енгізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссия хатшысы міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнама роликтерін орналастыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды қамтитын Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді.";
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне". |
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі