"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығымен бекітілген |
Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
2) құқық иеленуші – шарт бойынша немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;
3) міндетті теле-, радиоарна – цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін және телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
4) өтініш беруші – міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінімді беру құқығына ие құқық иеленуші не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат негізінде құқық иеленушінің атынан әрекет ететін өзге тұлға;
5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның жанында құрылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
6) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.08.2019 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібі
3. Міндетті теле-, радиоарналардағы әлеуметтік жарнама мынадай:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлерге сәйкес келу;
2) Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келу өлшемшарттары негізінде қалыптастырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім;
2) басқа жеткізгіштерге беру кезінде оның сапасының өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін сыртқы электрондық жеткізгіштерде, қазақ және орыс тілдеріндегі әлеуметтік жарнаманың ролигі;
3) туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқығын растайтын құжат;
4) сенімхат негізінде әрекет ететін тұлға өтініш берген жағдайда құқық иеленушінің келісімі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.08.2019 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Уәкілетті орган ұсынылған өтінімдердің және қоса берілген құжаттардың Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және өтініш беруші өтінім берген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде өтінімнің сәйкестігі не сәйкессіздігі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Өтінім Қазақстан Республикасының жарнама, масс-медиа және қайырымдылық саласындағы заңнамасында және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келген, сондай-ақ құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, әлеуметтік жарнама "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес құрылған, отырыстары кемінде жарты жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай өткізілетін Комиссияның қарауына енгізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінімдер Комиссия отырысы күніне дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.
8. Комиссия отырысы өтетіндігі туралы хабарлама өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі және отырыстың күні көрсетіле отырып, өткізілетін күнге кемінде бір ай қалғанда уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
9. Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң келіп түскен өтінімдер Комиссияның келесі отырысына ауыстырылады.
10. Осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген өтінімдер сәйкестікке келтіріліп, Комиссияның келесі отырысында қарастыру үшін уәкілетті органға қайта жолданылады.
11. Комиссия отырысына өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілдері шақырылады.
12. Қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда, әлеуметтік жарнама міндетті теле-, радиоарналарда орналастырылуға жатады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
13. Комиссия хатшысы міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнама роликтерін орналастыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды қамтитын Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Комиссия отырысының хаттамасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлер
1. Бейне кодталған форматта беріледі: DVCPRO HD (Digital Video Cassette Professional High Definition) немесе XDCAM HD (кәсіби, лентасыз цифрлық бейнежазба үшін жоғары шешімді жазу форматы) 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD1080 50i (1920х1080 пиксель) стандарты кадр көлемімен, жайма типі interlaced, өрістерді құрастыру тәртібі – жоғарғы бірінші өріс (top field first), кадрлар арақатынасы 16:9. Videofileconter: MXF (Material eXchange Format), MOV (мультимедиалық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған медиаконтейнер).
2. Аудионы сүйемелдеу мынадай техникалық талаптарға сәйкес келеді:
динамикалық диапазон, кемінде 40 децибел;
жиілік диапазоны, кемінде 20 Герц-20000 Герц;
сызықты емес бұрмалануының коэффициенті, 1 % көп емес;
стереофоникалық дыбысты сүйемелдеу;
студиялық жазу кезінде акустикалық реверберация ("Жаңғырық") дабылы болмайды;
сөз сөйлеу түсініктілігі 100% болады;
жазылымда бөтен дыбыстар, шу, кедергілер болмайды;
дыбыс деңгейі:
максимум - 12 децибел;
интершум - 42 децибел.
3. Бір әлеуметтік жарнама ролигінің ұзақтығы 30 (отыз) секундтан кем болмайды.
4. Міндетті теле-, радиоарналарда орналастыру үшін бейнематериал FTP (File Tranfser Protocol) ақпаратты беру хаттамасы, немесе HDD (Hard Disk Drive) қатты дискілері немесе басқа цифрлық тасымалдаушылар арқылы жіберіледі.
Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 19.07.2024 № 324-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім
Жалпы мәлімет:
1. Өтініш берушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
______________________________________________________________
2. Орналасқан жері:
______________________________________________________________
3. Өтініш берушінің телефоны, факс нөмірі:
______________________________________________________________
4. Тақырыптық бағыты:
______________________________________________________________
5. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы трансляциялау
кезеңі (кемінде бір жарты жылдық):
______________________________________________________________
6. Әлеуметтік жарнаманың құқық иеленушісі болып табылатын заңды
тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
______________________________________________________________
Осы өтініммен әлеуметтік жарнаманың құқық иеленушісіне/леріне қатысты авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманың сақталуына кепілдік береміз.
Басшының/ дара кәсіпкердің/
мемлекеттік орган басшысының
немесе оның міндетін атқарушының қолы
Мөрдің орны (болған жағдайда) 20 __ жылғы "__"_________