Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 13.10.2022 № 911 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы қағидаттар
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. ҚР ҚК-ның жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есептік-жоспарлау құжаттамасының тізбесі әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде (мекемелерде), бөлімшелерде осы Қағидаларға 1-қосымшада мазмұндалған.
3. ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі күнделікті қызметте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағаланады.
2-тарау. ҚР ҚК-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. ҚР ҚК-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру
4. Тәрбие жұмысы жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің бірден-бір тиімді нысандарының бірі болып табылады. Онда тәрбие мақсаттары мен міндеттері арнайы дайындаған ақпараттық материалдар негізінде, жеке құрамда көзқарастық құндылықтар жүйесін және әскери-патриоттық сананы қалыптастыратын оқыту мен тәрбиелеудің ақпараттық нысандарымен және әдістерімен органикалық түрде үйлеседі, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.
5. Тәрбие жұмысы әскери-саяси бейімдеуге, жеке құрамның санасында және мінез-құлқында қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негіздерін, мемлекеттік мүдделерді және жоғары рухани қажеттіліктерді қалыптастыру негізінде жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
6. ҚР ҚК-дағы тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
1) жеке құрамда жоғары рухани мәдениетті және адамгершілікті, мемлекеттік көзқарасты және әлеуметтік белсенділікті дарыту;
2) мемлекеттік саясат негіздерін және ел қолбасшылығы қазақстандық қоғамды дамыту мен қайта құру саласында қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылық пен біліктілік дәрежесін арттыру;
3) әскери қызметшілерде ҚР ҚК-ның тағайындалуын, олардың құрылысының, жұмыс істеуінің ерекшеліктерін және олардың алдында тұрған жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өз орнын терең түсінуді тәрбиелеу;
4) әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасын қорғауға моральдық және психологиялық әзірлікті, ҚР ҚК-ге тиесілігі үшін мақтанышты және жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау;
5) әскери істі, өзінің әскери мамандығын меңгеруге, қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәсілдерін меңгеруге тұрақты ұмтылысты дамыту болып табылады.
7. Тәрбие жұмысының негізгі нысандарына:
1) мемлекеттік-құқықтық даярлау;
2) жеке құрамды ақпараттандыру;
3) ақпараттық телебағдарламаларды, радиобағдарламаларды, аудиоматериалдар мен бейнематериалдарды тыңдау және көру;
4) бөлімшелердің (бөлімдердің) командирлерін және олардың орынбасарларын, әскер тектерінің және қызметтердің бастықтарын бағыныстылармен тәрбие жұмысы нысандары мен әдістеріне оқытып-үйрету;
5) тақырыптық кештер мен жеке құрамның жиналыстары;
6) жеке құрамның ҚР ҚК қолбасшыларымен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекеттік қайраткерлермен кездесулері;
7) тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу;
8) жеке тәрбие жұмысы;
9) аудиоматериалдарды және бейнематериалдарды, ақпараттық-анықтамалық материалдарды, жадынамаларды, жауынгерлік үнпарақтарды, үнпарақ-лездемелерді дайындау және шығару;
10) әскери қылмыс жасағаны үшін сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери соттардың үкімдерін жеткізу;
11) офицерлер жиналысы жатады.
8. Тәрбие жұмысының негізгі құралдарына:
1) мәдени-демалыс мекемелері;
2) ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері;
3) кітапханалар;
4) полиграфия жабдығы;
5) техникалық тәрбие құралдары;
6) жылжымалы ақпарат кешендері;
7) көрнекі ақпарат құралдары жатады.
9. Тәрбие жұмысының негізгі әдістеріне:
1) ақпараттандыру;
2) сендіру, ағарту;
3) оқытып-үйрету;
4) насихаттау;
5) үгіттеу;
6) нұсқау беру;
7) сын айту;
8) дискуссия жатады.
10. Әскери басқару органдарындағы тәрбие жұмысы іс-шаралары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі негізгі тәрбие іс-шаралары жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
11. Тәрбие жұмысы іс-шаралары күн тәртібіне, сондай-ақ бөлімшелердің сабақ кестелеріне енгізіледі.
1-1 параграф. ҚР ҚК-да мемлекеттік-құқұқтық даярлықты ұйымдастыру
Ескерту. 2-тарау 1-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-1. Мемлекеттік-құқықтық даярлық (бұдан әрі – МҚД) ҚР ҚК алдында тұрған міндеттерді шешуде ақпараттық қамтамасыз етудің анағұрлым пәрменді құрамдастарының бірі болып табыла отырып, әскери ұжымға ақпараттық-идеологиялық және тәрбиелік ықпал етудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
11-2. МҚД ҚР ҚК барлық әскери басқару органдарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде ротаға (батареяға, корабльге) дейін және оларға теңестірілгендерді қоса алғанда, жеке құрамның барлық санаттарымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.
11-3. МҚД әскери қызметшілердің санасында қазақстандық патриотизм сезімін, Отанды қорғау бойынша конституциялық және әскери борышына адалдығын қалыптастыруға, "Қазақстан – 2050" мемлекетті дамыту стратегиясының негізгі ережелері аясында мемлекетте жүргізілетін саясатты (идеологияны) дұрыс түсінуге бағытталған.
11-4. МҚД-ның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жеке құрамға жоғары рухани мәдениетті және адамгершілікті, мемлекеттік көзқарас пен әлеуметтік белсенділікті дарыту, оған мемлекеттік саясаттың негіздерін және ел басшылығы қазақстандық қоғамның дамуы мен өзгеруі саласында қабылдайтын шараларды түсіндіру жолымен құқықтық хабардар болу және сауаттылық дәрежесін арттыру;
2) ҚР ҚК алдында тұрған заңдылықты, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайтуға, жеке құрам арасында құқық бұзушылықтардың, қаза табу және жарақаттану дәйектерінің алдын алуға, армиялық ортада теріс ақпараттық ықпал етуге қарсы іс-қимылға бағытталған міндеттерді идеологиялық қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның жоғары ерікті төзімділігін, корпоративтік рухы мен ұйымшылдығын нығайту, әскери (еңбек) ұжымдарда салауатты моральдық-адамгершілік ахуалды ұстау;
4) армияны дамыту және кәсібилендіру процесінде жеке құрамды кешенді (идеологиялық, әскери-патриоттық, құқықтық, рухани-адамгершілік, эстетикалық) тәрбиелеу аспектілерін одан әрі дамыту;
5) әскери (еңбек) ұжымдарға басшылық жасау (басқару) жөніндегі практикалық қызметтегі лауазымды адамдардың құқықтық, психологиялық және педагогикалық білімдерін, дағдылары мен машықтарын жетілдіру.
11-5. МҚД бойынша сабақтар оқу жылына бекітілген бірыңғай тақырыптық жоспар және күнтізбелік жоспарлар бойынша әскери қызметшілердің мынадай санаттары бойынша тұрақты негізде өткізіледі:
1) ҚР ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, Тыл және қару-жарақ бастығы, әскер түрлері бас қолбасшылары, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының, мекемелердің (әскери оқу орындарының, жергілікті әскери басқару органдарының) офицерлерімен – 20 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
2) әскери бөлімдердің (бригадалардың, полктердің, корабльдердің, базалардың, арсеналдардың, жеке батальондардың, дивизиондар мен роталардың) және бөлімшелердің (желілік батальондардың, дивизиондардың, роталардың, батареялардың және оларға теңестірілгендердің) офицерлерімен – 50 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
3) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – 30 оқу сағатын қоса алғанда, 100 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 4 оқу сағаты резервке бөлінеді;
4) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – 160 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 6 сағат резервке бөлінеді.
Ескерту. 11-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.05.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-6. МҚД бойынша сабақтар таңертеңгі уақытта мынадай есеппен өткізіледі:
1) офицерлермен – айына 2 рет (бірінші және үшінші дүйсенбі) екі оқу сағатынан;
2) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – аптасына 1 рет дүйсенбі күндері екі оқу сағатынан;
3) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – аптасына 2 рет дүйсенбі мен жұмада (авиациялық базалар үшін – дүйсенбі мен бейсенбіде) 2 оқу сағатынан.
Ескерту. 11-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.05.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-7. МҚД топтарының жетекшілерімен нұсқау беру-әдістемелік сабақтар әскери бөлімдерде (мекемелерде) – апта сайын әр сәрсенбіде бір оқу сағатынан "Тәрбиеші күні" шеңберінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
11-8. МҚД, әскери психология мен педагогика, жалпы құқықтық білім беру бойынша сабақтардың уақыты, орны мен өткізу тәртібін жаңа оқу кезеңі басталар алдында белгіленсін.
11-9. МҚД топтары жетекшілері болып тағайындалады:
1) әскери бөлімдер (мекемелер) басқармаларының офицерлерімен – әскери бөлімдер (мекемелер)командирлері (бастықтары);
2) батальон (дивизион) офицерлерімен – батальон (дивизион) командирлері;
3) сержанттар құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерімен – әскери бөлім (мекеме), бөлімшелер командирінің (бастықтарының) тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары;
4) қатардағы құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен – рота (батарея) командирі (командир орынбасары);
5) мерзімді әскери қызметшілермен – взвод командирі.
11-10. МҚД топтарындағы әскери қызметшілердің сандық құрамы тиісті әскери басқару органы басшысының, әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) шешімімен 30 адамнан аспайтын болып белгіленсін.
11-11. Оқу жылына арналған ҚР ҚК жеке құрамымен МҚД бойынша сабақтардың бірыңғай тақырыптық жоспары (бұдан әрі – Тақырыптық жоспар) жаңа оқу жылы басталғанға дейін 10 тәуліктен кешіктірмей Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығымен бекітіледі және одан кейін іске асыру үшін бағынысты әскери басқару органдарына, әскери бөлімдер мен мекемелерге жолданады.
11-12. Тақырыптық жоспар сабақтардың оқу курсын көздейді, ол негізгі екі бөлімнен тұрады:
1) МҚД (барлық санаттағы әскери қызметшілер үшін);
2) әскери психология және педагогика (командалық буынның офицерлері, сержанттары (старшиналары) және бағынысында жеке құрам бар лауазымды адамдар үшін).
11-13. Тақырыптық жоспарда хронологиялық тәртіпте жасалған бөлімдер (кіші бөлімдер) бойынша сабақтар тақырыптары көрсетіледі.
11-14. Тақырыптарды зерделеу тәртібін (сабақтарды өткізу күнін, уақытын, нысандары мен әдістерін) оқу жылына арналған МҚД бойынша күнтізбелік сабақтар жоспарында тиісті әскери басқару органының (ҚР ҚК бас басқармасының, ҚР ҚК түрінің, әскер тегінің, өңірлік қолбасшылығының, әскери бөлімнің, мекеменің, әскери оқу орнының) бірінші басшысы (штабы) айқындайды.
11-15. Күнтізбелік жоспарды ҚР ҚМ және ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерін қоспағанда, сабақтарды өткізудің нақты күндерін, уақытын, нысандары мен әдістерін белгілеумен, оларды мемлекеттің өміріндегі оқиғалар қатарына (негізгі және айтулы күндер) байланыстыра отырып, Тақырыптық жоспарда айқындалған сабақтар тақырыбына сәйкес тиісті әскери басқару органының (Қарулы Күштер түрінің, ҚР ҚК бас басқармасының, әскер тегінің, өңірлік қолбасшылығының, әскери бөлімнің, корабльдің, мекеменің) бірінші басшысы бекітеді.
11-16. МҚД топтары әскери қызметшілері қатысуы мен үлгерімін есепке алу барлық әскери басқару органдарында, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналдарында жүргізілcін.
11-17. МҚД бойынша сабақтарды өткізудің негізгі нысандары:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
2) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – дәріс, өзіндік дайындық, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
3) әскери психология мен педагогика жүйесіндегі келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы.
Ескерту. 11-17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.05.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-18. Инспекторлық, қорытынды және бақылау тексерулер, МҚД бойынша бақылау сабақтарын өткізу кезеңінде тыңдаушылардың білімі оқу жылының басынан бастап зерделенген МҚД тақырыптары көлемінде 4 балдық жүйе бойынша: "үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз" болып бағаланады.
11-19. Сонымен қатар, тестілеуді (жазбаша жауап алуды) МҚД топтарының жетекшілері журналға бағаларды қоя отырып, әрбір зерделенген тақырыптан кейін әскери қызметшілердің оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында пайдаланады.
11-20. Бұл ретте, әскери қызметшілерге тестілеу үшін баға, егер бақылау сұрақтарының жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны мыналарды құраса қойылады:
"үздік" – 90 %-дан жоғары;
"жақсы" – 75 %-дан 90 %-ға дейін;
"қанағаттанарлық" – 50 %-дан 75 %-ға дейін;
"қанағаттанарлықсыз" –50 %-дан аз.
11-21. МҚД бойынша оқу-жаттығу топтарына (бөлімшелерге, әскери бөлімдерге, мекемелерге) бағалар мынадай есеппен әскери қызметшілердің жеке бағалары негізінде айқындалады:
"үздік", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 90 %-ы оң баға алса, олардың ішінде кемінде 60 %-ы – "үздік" деген бағадан төмен емес;
"жақсы", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 90 %-ы оң баға алса, олардың ішінде кемінде 60 %-ы – "жақсы" деген бағадан төмен емес;
"қанағаттанарлық", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 80 %-ы оң баға алса;
"қанағаттанарлықсыз", егер "қанағаттанарлық" деген бағаны айқындау үшін шарттар орындалмаса.
2-параграф. Офицерлер жиналысы жұмысын ұйымдастыру
12. Офицерлік жиналыс олардың сана-сезіміне және ұжымда одан әрі мінез-құлқына қоғамдық (ұжымдық) ықпал ету арқылы офицерлерді қосымша тәрбиелеу мен басқару тетігі болып табыла отырып, тұрақты негізде офицерлер құрамының қоғамдық консультативтік-кеңесші органы нысанында әрекет етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Офицерлер жиналысы:
1) офицерлерді мемлекетке, Қазақстан халқына және оның заңды сайланған Президентіне адал болу рухында, әскери борышын мінсіз орындауға және Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға саналы жауапкершілікке тәрбиелеу;
2) офицерлердің заңнама талаптарын, жоғары құқықтық мәдениетті, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормалары мен мінез-құлық (қызметтік әдеп) қағидаларын сақтауы мақсаттарында құрылады.
14. Офицерлер жиналысының функционалдық қызметі дара басшылық, дұрыс шығармашылық бастама, ашықтық, жариялылық және кез келген құқық бұзушылықтарға "төзбеу" қағидаттарында құрылады.
15. Офицерлер жиналысының негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлері арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту;
2) офицерлер құрамының оң әскери (жауынгерлік) дәстүрлері мен жоралғыларын дамыту және қалыптастыру;
3) офицерлердің жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, жалпы, рухани және әскери мәдениетті арттыру;
4) офицерлер құрамының абыройына нұқсан келтіретін теріс қылықтарға жол беретін офицерлерге қоғамдық ықпал етуді қамтамасыз ету;
5) анағұрлым даярланған офицерлердің (тәлімгерлердің) озық жұмыс, әскери борышын және салауатты өмір салтын үлгілі орындау тәжірибесін насихаттау;
6) тәлімгерлік, көшбасшылық жүйесін қамтамасыз ету және жас офицерлермен шефтік жұмыс жүргізу;
7) офицерлер ұжымында ар-намыс пен қадір-қасиетті, моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға негізделген салауатты өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру;
8) офицерлерді жас офицерлерде ҚР ҚК-ге және әскери мамандыққа тиісілігі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, азаттық соғыстардағы, қарулы жанжалдардағы және бітімгершілік миссиялардағы ұлттық батырлар мен қазақстандық жауынгерлердің жауынгерлік ерліктерін насихаттау негізінде әскери-патриоттық тәрбиелеу процесіне оларды тарту болып табылады.
16. Офицерлер жиналысы ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқармаларында, бас басқармалары мен басқармаларында, әскери бөлімдерде (мекемелерде), офицерлердің штат саны кемінде он адам жеке әскери бөлімшелерде (роталарда, батальондарда) құрылады.
17. Көрсетілген жеке әскери бөлімшелерде оннан аз офицер болған кезде олар жоғары тұрған әскери басқару органының, әскери бөлімнің (мекеменің) офицерлер жиналысы құрамына енгізіледі.
18. Әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде (мекемелерде) офицерлер жиналыстары бір тоқсанда бір реттен сиретпей, сондай-ақ қажеттілігіне қарай – офицерлер жиналысы төрағасының шешімі бойынша не офицерлер жиналысы мүшелерінің кемінде үштен бірінің өтініші бойынша өткізіледі.
Офицерлер жиналысын өткізу уақыты мен орны туралы күн тәртібінде, бірақ оны өткізігенге дейін үш тәуліктен кешіктірілмей жарияланады.
19. Офицерлер жиналысын қажет болғанда өткізуге:
1) офицер жоғары тұрған қолбасшылықтың беделіне, ҚР ҚК-нің имиджіне нұқсан келтірген жағдайларда;
2) қоғамда теріс пікір тудырған заңдылықты, әскери тәртіпті және құқық тәртібін бұзу фактісі;
3) өзінің теріс қылығымен ҚР ҚК офицерінің жоғары атағына нұқсан келтірген (беделін түсірген) адамға қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажет жағдайларда жол беріледі.
20. Әскери басқару органының бірінші басшысы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) офицерлер жиналысының төрағасы болып табылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Офицерлер жиналысының функционалдық қызметін, өткізу жоспарлауды, үйлестіруді және тәртібін ұйымдастыру, міндеттер мен фунцияларды бөлу, сондай-ақ тиісті құжаттаманы жүргізу мақсатында Офицерлер жиналысының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылады.
22. Кеңес құрамы офицерлердің жалпы жиналысында ашық дауыс беру арқылы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) орынбасарлары, сондай-ақ офицерлер ұжымында сенімді, беделді және құрметті пайдаланатын офицерлер санының көпшілік даусымен сайланады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Кеңестің сандық құрамы офицерлер жиналысының шешімімен айқындалады және мүшелердің тақ санынан тұрады. Кеңес хатшысы болып әскери бөлімнің (мекеменің) кадр органының (қызметінің) офицері тағайындалады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Кеңес төрағасы бір уақытта әскери бөлім (мекеме) офицерлер жиналысының төрағасы болып табыла отырып, төраға ретінде сайлағаннан кейін Кеңес мүшелері арасында міндеттерді, функцияларды және қызмет бағыттарын бөледі.
25. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Офицерлердің жалпы жиналысында:
1) офицерлердің ар-намыс және жеке қадiр-қасиет қағитаттарын сақтау;
2) ҚР ҚК офицерінің әскери атағына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтарды, әдепсіз мінез-құлық және теріс қылықтар жасау;
3) офицердің жеке басының беделін түсіру және қорлау;
4) офицерлерге жоғары әскери оқу орындарына (академияларға) түсуге даярлануда көмек көрсету;
5) офицерлерді наградаларға беруге ұсыну;
6) жаңадан келген офицерлерге офицерлер ұжымында бейімделуде және сіңіп кетуінде көмек көрсету;
7) офицерлердің отбасы мүшелерін тартумен ұжымдық, қоғамдық, ағарту және мәдени-демалысты ұйымдастыру мәселелері талқылануы мүмкін.
27. Офицерлер жиналысына шығарылатын мәселелерді талқылау кеңінен жариялылық, жақсылық ойлау, ашық пікір алмасу, өзара сыйластық, жолдастық сын айту және өзін-өзі сынау жағдайыларнда өткізіледі.
28. Офицерлер жиналысының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және Кеңес хатшысы тиісті хаттамада көрсетеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-параграф. Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету
29. Мәдени-демалыс жұмысы ҚР ҚК-да бүкіл тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс кешенінің бір бөлігі болып табылады. Ол оның басқа да бағыттарымен тығыз бірлікте және үйлесімділікте жүргізіледі, олардың ішінде әскери қызметшілерді идеологиялық, әскери-патриоттық, әскери, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу және әскери басқару органдарының басшылары жүзеге асыратын әскери қызметшілерде қажетті моральдық-жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған өзге де іс-шаралар болып табылады.
30. Әскери басқару органдарында жүргізілетін мәдени-демалыс жұмысы:
1) жауынгерлік әзірлік және жауынгерлік даярлық міндеттерін орындауға;
2) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік қызметті, қарауылдық және ішкі қызметтерді үлгілі орындауға;
3) әскери қалашықтарды, казармаларды, парктерді үлгілі жай-күйде ұстауға бағытталады.
Мәдени-демалыс жұмысының күштерімен және құралдарымен әскери іс шеберлерінің, қару-жарақпен және әскери техникада әрекет ету тәсілдерін меңгерген мамандардың беделін арттыру, кәсіби тұрғыдан өсуде, әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін адал орындауы үшін моральдық ынталандыру құралдарын білікті қолдану, әскери қызметшілерді рационализаторлық, өнертапқыштық, мәдени-демалыс және спорт жұмыстарын тартуға ықпал ету қажет.
31. ҚР ҚК-да мәдени-демалыс жұмысында әртүрлі нысандар, әдістер, күштер және құралдар болады, оларды білікті пайдалану әскери қызметшілерде жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың рухани-эмоционалдық жай-күйін ұстауға, жауынгерлік міндеттерді табысты шешуге жұмылдыруға ықпал етеді.
32. Әскери басқару органдарында мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің жүйесі:
1) жеке құрамға теле, радио, кино және бейне қызметін көрсетуді;
2) әскерлерді әдебиетпен және мерзімді баспасөзбен қамтамасыз етуді;
3) кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдарының, мәдениет қайраткерлерінің, үгіт-насихат, мәдени-көркем бригадаларының және басқа да шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуін ұйымдастыруды;
4) жеке құрамның демалысына және моральдық рухын арттыруға ықпал ететін спорттық ойындарды және басқа да мәдени-жаппай және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуді;
5) белсенділермен әдістемелік жұмысты;
6) әскери музейлер, көрме жұмысы үшін материалдарын жинауды қамтиды.
33. Мәдени-демалыс жұмысының негізгі құралдарына:
1) мәдениет үйлері;
2) гарнизондық офицерлер үйлері;
3) мәдени-демалыс орталықтары;
4) жылжымалы ақпараттық кешендер;
5) әскери музейлер;
6) жауынгерлік даңқ бөлмелері (каюталар) жатады.
34. Мәдени-демалыс жұмысы әскери басқару органдарын даярлау, оқу-тәрбие процесін, әскери басқару органдары шешетін басқа да міндеттерді жоспарлау жөніндегі құжаттарда жеке бөлімде сипатталады.
35. Даярлық кезеңіне және жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы іс-шараларын өткізу, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, жедел және жауынгерлік даярлық, қарауылдық және гарнизондық қызметтер барысында оларды моральдық-психологиялық, оның ішінде мәдени-демалыспен қамтамасыз ету жоспарланады.
36. Гарнизондық офицерлер үйлерінде, мәдени-демалыс орталықтарында және клубтарда мәдени-демалыс жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарлар негізінде жоспарланады және ұйымдастырылады. Олар әскери басқару органдарының жеке құрамын оқытып-үйрету және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып әзірленеді.
37. Мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру жүйесі элементтерінің бірі әскери қызметшілерді әскери-патриоттық, әскери, ізгілік және эстетикалық тәрбиелеу жөніндегі көмекші сипатындағы міндетімен әскери қалашықтар, әскери басқару органдары аумағында көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалану болып табылады.
38. Көрнекі үгіт-насихат құралдары нысандарының мазмұнында тәрбиелік мән болады. Әскери қалашықтар, әскери басқару органдары аумағындағы көрнекі үгіт-насихат стенділерін ресімдеу және күтіп-ұстау басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
39. Жеке құрам далалық сабақтарға немесе оқу-жаттығуларға кеткен кезде бөлімшелер жорықтық көрнекі үгіт-насихат жиынтығымен жабдықталады.
40. ҚР ҚК-ны техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханалардың полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13315 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
41. ҚР ҚК-да техникалық тәрбие құралдарын және басқа да мәдени-ағарту мүлкін, баспаханалардың полиграфиялық жабдығы жиынтықтарын есепке алу және есептен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру
42. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыруды әскери басқару органдарының басшылары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі, құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарлары (көмекшілері), тәрбие жұмысы органдарының (басқармаларының, бөлімдерінің, қызметтерінің) офицерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдар қамтамасыз етеді.
43. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құралдарына әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар (брошюралар, буклеттер, жадынамалар), бөлімшелердегі құқықтық біліктілік бұрыштамалары, әскери-әлеуметтік тақырыпқа деректі фильмдер және бұқаралық ақпарат құралдарындағы айдарлар, көрнекі ақпарат құралдары, техникалық тәрбие құралдары жатады.
44. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс іс-шараларын іске асыру ҚР ҚК-дағы әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау мүдделерінде әскери қызметшілердің санасына тәрбиелеумен ықпал ету нысандарының, әдістері мен тәсілдерінің бірегейлігі мен үйлесімділігін көздейтін кешенді жүйелі көзқарасты ұсынады.
45. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс:
1) әскери-әлеуметтік
2) жұмысты;
2) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмысты;
3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты қамтиды.
46. Әскери-әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
2) әскери ұжымдарда және әскери басқару органдары орналасқан аудандарда әлеуметтік процестердің дамуын зерделеу және болжау;
3) әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін айқындау;
4) әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру жөніндегі басқару шешімдерін пысықтау, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру;
5) әскери қызметшілерге жеке әлеуметтік көмек көрсету;
6) командирлерді бағыныстыларды әлеуметік қорғауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтік істердің құқықтық негіздеріне оқытып-үйрету;
7) әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәселелерін қарау;
8) әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын тиімді шешу мақсатында мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұстау болып табылады.
47. Әскери басқару органдарындағы әскери-әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысандарына:
1) әскери қызметшілерге тиесілі жабдықталым нормаларын толық жеткізуге бақылауды жүзеге асыру;
2) жеке құрамды әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жеке және ұжымдық консультация беру;
3) әскери қызметшілердің барлық санатымен әлеуметтік-құқықтық тақырып бойынша сабақтар (дәрістер, ақпараттандыру, семинарлар, әңгімелесулер);
4) социологиялық сауал (сауалнама);
5) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жатады.
48. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс отбасы құндылықтарын нығайту және ҚР ҚК әскери қызметшілерінің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды салауаттандыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау арқылы әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін, қатаң әскери тәртіпті және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
49. Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі міндеттер:
1) әскери қызметшілердің отбасыларында моральдық-адамгершілік ахуалды зерделеу, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне және олардың әскери қызметті өткеру сапасына теріс ықпал ететін жағдайлар мен факторларды анықтау;
2) әскери қызметшілердің отбасыларына консультативтік, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қажетті көмек көрсету;
3) қолбасшылыққ туындайтын проблемалық мәселелерді шешуде уақтылы шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
50. Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыстың тиімділігіне:
1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жүргізілетін іс-шаралардың заңдылықты, әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі қолбасшылықтың профилактикалық қызметінің міндеттерімен үйлесімділігімен;
2) жергілікті атқарушы органдармен, сержанттар кеңестерімен, әйелдер кеңестерімен, бөлімше белсенділерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырумен;
3) әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамдарын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру, тәрбие, консультативтік және жаппай мәдени жұмысын жүргізуге тартумен;
4) ынталандырудың және әлеуметтік қолдаудың, саналы және шығармашылық бастаманы дамытудың және көтермелеудің әртүрлі нысандарын қолданумен;
5) әскери қызметшілердің отбасыларымен жүргізілетін жұмысты өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етумен қол жеткізіледі.
51. Лауазымды адамдардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметіне басшылық жасау, үйлестіру және бақылау:
1) әскери бөлімдерде және мекемелерде – командирлердің (бастықтардың) тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына;
2) әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында – қолбасшылардың орынбасарлары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерінің бастықтарына;
3) ҚР ҚК бас басқармаларында – тиісті ҚР ҚК бас басқармалары бөлімдерінің (штабтарының) бастықтарына;
4) ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында – бас қолбасшылардың орынбасарларына (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтарына;
5) Қорғаныс министрлігінде – тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселелеріне жетекшілік ететін Бас штаб бастығының орынбасарына жүктеледі.
52. Лауазымды адамдардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі әскерлердің тыныс-тіршілігі, тұрмысы жағдайларын және ерекшелігін ескере отырып, әскери басқару органдарының басшылығымен, ротаға (батареяға) дейінгіні қоса алғанда, әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.
53. Лауазымды адамдар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары:
1) командирлерге (бастықтарға), тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарына әскери қызметшілерде және олардың отбасы мүшелерінде жоғары моральдық-іскерлік және рухани-адамгершілік қасиеттерді, отбасы мәдениеті және мінез-құлық әдебін қалыптастыру бойынша көмек көрсету;
2) тәрбие, идеологиялық, құқықтық, психологиялық, әскери-әлеуметтік және мәдени-демалыст жұмысының әртүрлі нысандары мен әдістері арқылы әскери қызметтің беделін және имиджін арттыру, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінде Отан қорғаушы кәсібіне деген мақтаныш сезімін, құрметтеуді дарыту;
3) әскери ұжымдарда салауатты моральдық-адамгершілік ахуалды қалыптастыру бойынша әскери қызметшілердің отбасыларын психологиялық қолдау және біріктіру;
4) зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің саясатын, ұлтаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалды идеологияның мәнін түсіндіру мақсатында әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін діни тұрғыдан сауаттандыру;
5) әртүрлі әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық шешу кезінде көп балалы және жас отбасыларына, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету;
6) әскери қызметшілер отбасыларының демалысын ұйымдастыру, оң салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен әскери жоралғыларды танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, халық шығармашылығына, көркемөнерпаздыққа тарту;
7) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелермен әскери қызметшілердің балаларын патриоттық тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру демалысы және демалысы, олардың шығармашылық қабілетін ашу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
8) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери қалашықтарды, көшелерді, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, спорттық және балалар алаңдарын көркейту жөніндегі жұмысқа тарту;
9) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу мүдделерінде өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
54. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырудың негізін қалайтын қағидаттары:
1) жеке және сараланған тәсілдер;
2) жеке сипаттағы мәліметтерді құпияда сақтау;
3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен өзара сыйластық, келісім және достық негізінде тұрақты және сенімді қарым-қатынасты орнату;
4) әлеуметтік серіктестік қағидаттарын, гендерлік теңдікті, құрылымдық өзара іс-қимылды және озық жұмыс тәжірибесімен алмасуды дамыту;
5) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қоғамдық жұмысқа тарту болып табылады.
55. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың негізгі нысандарына:
1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру және психологиялық-әлеуметтік жұмысты жүргізу арқылы әскери қызметшілердің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу (тәрбие, профилактикалық және құқықтық сипаттағы әңгімелесулер мен дәрістер, жеке әңгімелесулер, социологиялық сауал, анонимдік сауалнама, тренингтер, консультациялар мен бейресми әңгімелесудің басқа да нысандары);
2) әлеуметтік-тұрмыстық тұру жағдайларын, моральдық-психологиялық ахуалды, отбасылық өзара қарым-қатынас саласында проблемалардың бар болуын зерделеу мақсатында әскери қызметшілердің отбасыларында болу;
3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқау беру-әдістемелік (оқу-жаттығу) жиындар (гарнизондарға сапармен);
4) қолбасшылықтың қатысуымен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, банк секторының өкілдерін шақырумен сұрақ және жауап кештері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесулер;
5) патриоттық, рухани-ізгілік және отбасы құндылықтарын нығайту бойынша әртүрлі идеялық және гуманитарлық бағыттағы тақырыптық кештер;
6) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін тартумен рота (батарея) ауқымында әскери қызметшілердің отбасы мүшелері үшін "Ашық есік күнін", дөңгелек үстелдер, диспуттар, кездесулер, көркемөнерпаздар байқау-конкурстарын, портрет-кештерді және жауынгерлік жарыс озаттарын марапаттау, демалыс кештерін, жастар және офицерлер балдарын, экскурсиялар, қайырымдылық және еске алу акцияларын, спорттық мерекелер мен сайыстар, театрландырылған көріністер мен концерттер, балалар таңертеңгіліктерін, "ерлік сабақтарын" және басқа да жаппай мәдени іс-шараларды өткізу жатады.
56. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқау беру-әдістемелік сабақтар (оқу-жаттығу жиындары):
1) әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, ҚР ҚК бас басқармаларында – жарты жылда бір реттен сиретпей;
2) Қорғаныс министрлігінде, ҚР ҚК түрлерінде – бір жылда бір рет ұйымдастырылады және өткізіледі.
57. Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыстың негізгі міндеттері:
1) әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың, өлім мен жарақаттанудың профилактикасы, олардың заңдылықты мүлтіксіз сақтау, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ командирлермен (бастықтармен) тәртіптік практиканы дұрыс жүргізу бойынша талдау, бағалау, пәрменді шараларды әзірлеу және іске асыру;
2) шынайы деректер негізінде әскери қызметшілердің тәртібі деңгейін объективті анықтай, әскери қызметшілердің тәртіптілігін тәрбиелеу бойынша лауазымды адамдардың жұмысын бағалай білуі;
3) командирлерге (бастықтарға), сондай-ақ әскери бөлімдерде (мекемелерде) әрекеттегі жеке құраммен профилактикалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі комиссияларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
4) кадрларды оқыту, іріктеу және орналастыру, құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ұйымдастырушылық қызметтің алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтау және лауазымды адамдардың жұмыс тәжірибесіне енгізу болып табылады.
58. Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыс мынадай нысандарды іске асыру арқылы ұйымдастырылады және өткізіледі:
1) әскери басқару органдарында қолданыстағы заңнама негізгі ережелерінің орындалуы мәніне тексерулерді жүзеге асыру;
2) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алуды, талдауды, бағалауды және қорытындылауды ұйымдастыру;
3) лауазымды адамдардың бағынысты әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің (әскерлер қызметінің) жай-күйі туралы баяндамалары, жеткізілімдері, жедел хабарламалары.
4-тарау. ҚР ҚК-да психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. ҚР ҚК-дае психологиялық жұмысты ұйымдастыру негіздері
59. ҚР ҚК-да психологиялық жұмыс жеке құрамның тағайындалуы бойынша міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
60. ҚР ҚК-да психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
1) жеке құрам жеке ерекшеліктерінің психодиагностикасы;
2) бөлімшелерде топтық процестерді зерделеу;
3) өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының психологиялық профилактикасы;
4) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан даярлау;
5) жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;
6) жеке құрамға психологиялық көмек;
7) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан ағарту.
61. Психологиялық жұмыс ұйымдастыру, тәрбие қызметі және әскери қызметшілерді оқытып-үйрету шеңберінде барлық лауазымды адамдар өткізеді.
62. ҚР ҚК-да психологиялық жұмысқа жалпы басшылық жасауды ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
63. Психологиялық жұмыс міндеттерін шешуде ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекіткен психологиялық әдістер мен құралдар пайдаланылады.
64. Психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім ай сайын бағыныстылық тәртібінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
65. Психологиялық жұмыстың жай-күйі туралы апталық есеп психологиялық жұмыс мамандарының бағыныстылығы тәртібінде әр дүйсенбіде ауызша баяндалады.
2-параграф. Жеке құрам жеке ерекшеліктерінің (жеке қасиеттерінің) психодиагностикасы
66. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерін (жеке қасиеттерін) диагностикалау психологиялық жұмыс мамандары ұйымдастырады және жүргізеді.
67. Жеке құрамды диагностикалау топтар (бөлімшелер) құрамында және жеке жүргізіледі. Зерделеу кезінде: құжаттар мен өмірбаяндық деректерді талдау, жеке әңгімелесу, сауалнама, психологиялық тестілеу, қадағалау және сұрастыру әдістері пайдаланылады.
68. Жеке құрамды диагностикалау мынадай міндеттерді шешеді:
1) жас буынды әлеуметтік-психологиялық зерделеу және психологиялық тұрғыдан тексеру;
2) әскери қызметтің белгіленген талаптарына жауап беретін кандидаттарды іріктеу және бос әскери лауазымдарға қабылдау мүдделерінде жеке құрамды зерделеу;
3) әртүрлі девианттық мінез-құлық нысандарына бейімді төмен нервтік-психикалық тұрақтылық белгілері бар адамдарды анықтау;
4) жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік қызметке, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін адамдардың психологиялық әзірлігі деңгейін анықтау;
5) әскери қызметшілерге жоғары эмоциалық және нервтік-психикалық тұрақтылықты талап ететін оқу-жауынгерлік міндеттердің жеке түрлерін орындауға рұқсат ету.
69. Әскери қызметшілермен психодиагностика іс-шаралары:
1) келісімшарт бойынша – бір жылда екі рет;
2) мерзімді қызмет, курсанттармен, кадеттермен – әскери бөлімге (мекемеге) келісімен және бастапқы, тереңдетілген және кейінгі зерделеуді қамтиды;
3) төтенше жағдайлардың жауынгерлік іс-қимылдары аймағынан, бітімгершілік миссиялардан, ұзақ мерзімді іссапарлардан, демалыстардан, ұзақ емделуден қайтып оралғандар, басқа әскери бөлімдерден (мекемелерден) ауысып келгендер – келгеннен кейін 10 – 15 күнтізбелік күн ішінде;
4) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға тартылатындар – 6 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
70. Бастапқы зерделеу әскери қызметшілер әскери бөлімге (мекемеге) келегеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі және жалпы танысуға, психикалық жай-күйін бағалауға, әскери қызмет (оқытып-үйрету) шарттарына бейімделу процесін айқындайтын жеке қасиеттер мен сапаларын, нервтік-психикалық тұрақтылықты анықтауға бағытталды.
71. Әскери қызметшілерді бастапқы зерделеу қорытындылары бойынша тереңдетілген психологиялық зерделеуге жататын, сондай-ақ медициналық мамандардың кеңес беруіне мұқтаж адамдарды айқындайды.
72. Тереңдетілген зерделеу 14 – 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі және әскери қызметшінің тұлғасын толық зерделеуге және жеке және топтық деңгейлерде дағдарыс жағдайларының себептері болып табылатын нақты жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтауға, сондай-ақ оларды түзету жөніндегі ұсыныстарды пысықтауға бағытталады.
73. Нервтік-психикалық тұрақсыздық, бейімсіздік және күйзеліс белгілері бар, өмірінде жағымсыз оқиғалардан, отбасылық-тұрмыстық және қаржылық қиындықтарды, психофизиологиялық, жеке басылық және басқа да проблемаларды бастан өткеріп жатқан жоғары деңгейдегі өзіне-өзі қол жұмсау қаупі бар әскери қызметшілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша динамикалық қадағалау журналында есепке алынады.
Әскери қызметшілер динамикалық қадағалау тобына әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына психологтың баянаты негізінде енгізіледі (алынып тасталады).
Динамикалық қадағалау тобына енгізілген әскери қызметшіні ауыстырған кезде оған ақпараттық анықтама жасалады, ол әскери қызметшінің жеке ісімен бірге ауыстыру орнына жіберіледі. Ақпараттық анықтамада психологиялық сипаттама және әскери қызметшінің динамикалық қадағалау тобында болу себептері мазмұндалуы тиіс.
Динамикалық қадағалау тобына енгізілген әскери қызметшіні емдеу мекемесіне жіберген кезде емдеу мекемесінің басшылығы (қолбасшылығы) осы әскери қызметшінің динамикалық қадағалау тобында болғаны туралы жазбаша ескертіледі.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. Жеке құрамды кейіннен зерделеу бөлімшелер командирлері, олардың орынбасалары және психологиялық жұмыс мамандары күнделікті тыныс-тіршілік процесінде, бірақ кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырады.
75. Психодиагностикалық қарап тексеру нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:
1) "бірінші кезекте ұсынылады" – бірінші санат;
2) "ұсынылады" – екінші санат;
3) "шартты түрде ұсынылады" – үшінші санат;
4) "ұсынылмайды" – төртінші санат.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерін (жеке қасиеттерін) диагностикалау қорытындылары бойынша психологиялық жұмыс маманы алынған нәтижелерді талдайды, лауазымды адамдарға оны психологиялық сүйемелдеу бойынша, сондай-ақ мұқтаждарға психологиялық көмек ұйымдастыру, ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау үшін ұсыныстар дайындайды.
77. Психологиялық жұмыс мамандары жүргізген диагностикалық және профилактикалық әңгімелесу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес психологтің диагностикалық және профилактикалық әңгімелесуі журналында есепке алынады.
3-параграф. Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеу
78. Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеу психологиялық жұмыс мамандары бөлімшелер командирлерімен және олардың орынбасарларымен бірлесіп, күнделікті қызмет процесінде ұйымдастырады және жүргізеді.
79. Ішкі топтық процестерді зерделеу социометрия және сұрастыру әдісімен бір жылда екі рет жүргізіледі. Жаңадан құрылған бөлімшелерді зерделеу олар жасақталғаннан кейін 4 – 6 апта өткен соң жүргізіледі.
80. Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеуге:
1) тұлғааралық қарым-қатынастардың құрылымын анықтау;
2) әрбір топ мүшесінің мәртебесін айқындау;
3) топтық ұйымшылдықты және үйлесімлідікті бағалау жатады.
81. Зерделеу нәтижелері баяндау (баянат) түрінде әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) ұсынылады, онда бөлімшенің атауы, зерделеуге жататын негізгі бағыттар, анықталған проблемалар сипаттамасы, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.
82. Топтық процестерді зерделеу жүргізілген бөлімшелер командирлеріне нәтижелер, қорытындылар мен ұсынымдар қолтаңбасын қойғызып жеткізіледі. Алған ақпарат мазмұны жария етілмейді.
83. Бөлімшелер командирлері мен олардың орынбасарлары, сержанттар бөлімшелерде өз жұмысында ішкі топтық процестерді зерделеу нәтижелерін моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қолайлы тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру, басқарушылық қызметті жетілдіру, әскери тәртіпті, ұйымдастыру және құқық тәртібін нығайту, экипаждар мен есептоптарды ұтымды жасақтау үшін пайдаланады.
84. Әскери ұжымдарды зерделеу процесінде алынған ақпарат құпия сипатта болады және жеке құрам арасында таратылмайды.
4-параграф. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу
85. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеуді (бұдан әрі – психологиялық сүйемелдеу) психологиялық жұмыс мамандары лауазымды адамдармен әскерлер қызметін ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін жүргізеді.
86. Психологиялық сүйемелдеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жүйке-психикалық төзімділігі төмен және психикалық денсаулық белгілері бойынша басқа да қарсы көрсеткіштері бар адамдарды жібермеу;
2) кезекші есептоптарды, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін ауысымдарды қалыптастыру бойынша психологиялық ұсынымдар дайындау;
3) әртүрлі жедел жағдай шарттарындағы іс-қимылдар кезінде психологиялық төзімділік пен әзірлікті қалыптастыру;
4) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқару барысында жеке құрамды психологиялық қолдау;
5) жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметтен ауысқаннан кейін әскери қызметшілердің психофизиологиялық денсаулығын қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу.
87. Психологиялық сүйемелдеу төрт кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең – ұйымдастыру.
Психологиялық жұмыс мамандары оқу кезеңі басталар алдында мыналарды жүргізеді:
1) жеке құрамды және бөлімшелердегі жекебас арасындағы қарым-қатынастарды психологиялық зерделеуді. Зерделеу қорытындылары бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) штаб бастығына жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті атқару үшін ұсынылмайтын әскери қызметшілердің тізімдерін ұсынады. Осындай қорытынды үшін әскери қызметшілердің жүйке-психикалық төзімділіктің төмен деңгейі негіз болып табылады. Жеке құрамды зерделеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жеке құрамды психологиялық тексеру актісін жасайды;
2) тоқсан сайын жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет ауысымдарының құрамдарына жаңа тағайындалған жеке құрамның жеке психологиялық қасиеттерін зерделеуді. Зерделеу қорытындылары бойынша баянат жасайды және әскери бөлім командиріне жауынгерлік кезекшілікті, жауынгердік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілген жеке құрам туралы баяндайды;
3) жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген адамдармен психотүзету іс-шаралары кешенін. Қайта зерделеу кезінде жүйке-психикалық төзімділіктің төмен деңгейін көрсеткен әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмейді және дәрігерге (психиатрға) консультацияға жіберіледі;
4) әскери бөлімнің (мекеменің), бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға дайындалу кезінде және оның процесінде психикалық өзін-өзі реттеу тәсілдерімен және әдістерімен таныстыру және оқытып-үйрету бойынша практикалық сабақты.
Екінші кезең – қызметті атқаруға дайындық.
Жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түскен күні психологиялық жұмыс мамандары шұғыл әдістерді қолдана отырып, психологиялық тексеру жүргізеді. Тәуліктік наряд құрамынан күнделікті зерделеуге атыс қаруымен түсетін жеке құрам жатады. Психологиялық қызмет мамандары отбасы мүшесінен айырылған немесе қызметінде басқа да ауыр оқиғаларды басынан өткерген, мінез-құлқында ауытқулары бар, жанжалшыл, көңіл-күйі түсіңкі, сондай-ақ жүйке-психикалық төзімділігі төмен адамдарды қызмет атқаруға жібермеу жөніндегі бақылауды жүзеге асырады. Әскери қызметшілердің эмоциялық көңіл-күйі, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарының сипаты, жеке әскери қызметшілер арасында жанжалшыл деңгейі бағаланады және жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, ішкі және қарауылдық қызметке түсуге психологиялық әзір болуының қорытындысы жасалады. Жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық, сондай-ақ ішкі қызметке атыс қаруымен түсетін жеке құрамды зерделеу нәтижелері күн сайын әскери бөлім (мекеме) штабы бастығының атына баянатпен баяндалады.
Үшінші кезең – жауынгерлік кезекшілікте, қарауылда қызмет атқару.
Психологиялық жұмыс мамандары тікелей жауынгерлік кезекшілікте, қарауылда қызмет атқару барысында жеке құрамның психикалық жай-күйін бағалайды және теріс белгілер анықталған кезде оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Төртінші кезең – жауынгерлік кезекшілік пен қарауылдық қызметтен ауысқаннан кейін.
Психологиялық жұмыс мамандары белсенді, бәсең бұлшық ет релаксациясының топтық және жеке тренингін және жүйке-психикалық жүктемені алу бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
5-параграф. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының профилактикасы жөніндегі психологиялық жұмыс
88. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының профилактикасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамы арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын болдырмау, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында жүргізілетін ұйымдық, психологиялық, медициналық, тәрбиелік, әлеуметтік және құқықтық іс-шаралар кешенін ұсынады.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының профилактикасы жөніндегі жұмыс жалпы және арнайы бағыттағы іс-шараларды жүргізуді көздейді.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89-1. Жалпы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) психодиагностикалық іс-шаралар барысында келісімшарт бойынша әскери қызметке, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсетін азаматтар, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қатарынан өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық қаупі бар адамдарды анықтау;
2) жас буынның әскери қызмет жағдайларына бейімдеу процесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
3) жеке құрамның қызметтік іс-әрекетінде стресстік жағдайларға психикалық тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған сабақтарды (тренингтерді) ұйымдастыру;
4) әскери қызметшілердің шамадан тыс шаршауын және психоэмоционалдық ширығуын ескерту үшін жеке құрамның қызмет уақыты мен демалыс уақытының тиімді режимін қамтамасыз ету;
5) жауынгерлік кезекшілікке, қарауылдық және ішкі қызметке түсер алдындағы әскери қызметшілердің психикалық жай-күйін бағалау;
6) әскери тәртіпті бұзуға бейім, ұжымда және отбасында жанжалдық өзара қарым-қатынастары бар, ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерін орындаған әскери қызметшілермен профилактикалық жұмыс жүргізу;
7) қызметтік қызметтің қысылтаяң жағдайларының әскери қызметшілердің денсаулық жай-күйіне жағымсыз әсер етуінің салдарларын төмендетуге бағытталған оңалту іс-шараларын ұйымдастыру;
8) әскери ұжымдардағы топішілік процестерді зерделеу;
9) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыру, қызметтік ұжымдарда достық, жолдастық, өзара көмек атмосферасын, әрбір әскери қызметшінің жеке басының қадір-қасиетін сыйлауды қолдау;
10) әскери ұжымдардағы жанжалдардың уақтылы ескерту және оларды шешу;
11) әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін іске асыру;
12) әскери бөлімдер (мекемелерде) әскери қызметшілердің бойында жағымды құндылық бағдарларын, көзқарастары мен талаптарын, әлеуметтік оптимизмін қалыптастыратын қолайлы әлеуметтік-мәдени ортаны құру;
13) әскери қызметшілер арасында отбасы институтын нығайту, отбасылық қатынастардың рухани-адамгершілік дәстүрлерін дамыту, қолайсыз отбасыларға консультативтік көмек көрсету және психологиялық қолдау көрсету;
14) өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының профилактикасы мүддесінде дәстүрлі діни конфессиялардың, қоғамдық бірлестіктердің рухани-адамгершілік әлеуетін пайдалану;
15) жеке құрамның құқықтық ақпараттандырылуын, қаржылық сауаттылығын арттыру, психологиялық денсаулығын нығайту;
16) әскери қызметшілердің мүдделерін ескере отырып, бос уақытын жақсарту, дене шынықтыру сабақтары және спорт үшін қажетті жағдайлар жасау.
Ескерту. 89-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89-2. Арнайы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) психологиялық жұмыс мамандары жүргізген психологиялық тексеру нәтижелері бойынша өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық қаупі бар әскери қызметшілерді анықтау және олармен кейіннен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу;
2) командирлерді (басшыларды) әскери қызметшілерде әлеуметтік-психологиялық бейімсіздік, өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілерін анықтау тәсілдеріне, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу әдістемесіне оқыту;
3) оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде және күнделікті тыныс-тіршілікте әскери қызметшілердің психикалық жай-күйін бақылау;
4) психикасы тұрақсыз, әскери мамандықты игеруде және дене бітімін дамытуда қалып қойған, қолайсыз отбасылардан шыққан, спирттік ішімдіктерді (есірткіні) пайдалануға бейім, құмар ойындарға (лудоманияға) бейім, сондай-ақ қаржылық және отбасылық-тұрмыстық қиындықтары бар әскери қызметшілерді жеке бақылау;
5) жіті дағдарыс жағдайы, өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілері анықталған әскери қызметшілермен жеке тәрбие және профилактикалық жұмыс жүргізу, оларға бастапқы психологиялық қолдау және көмек көрсету;
6) өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілері бар жіті дағдарыс жағдайындағы әскери қызметшілерді медициналық айғақтар бойынша белгіленген тәртіппен медициналық мекемелерге жіберу;
7) өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілері бар жіті дағдарыс жағдайындағы әскери қызметшілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
8) өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілері бар өткір дағдарыс жағдайын бастан өткерген әскери қызметшілерге әлеуметтік-психологиялық бейімдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қызмет уақыты мен демалыс уақытының тиімді режимін ұйымдастыру;
9) өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлық белгілері бар өткір дағдарыс жағдайындағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу және оларға консультациялық көмек, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету.
Ескерту. 89-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.90. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне бейім адамдарды анықтау үшін психологиялық жұмыс мамандары командирлердің және олардың орынбасарларының әскери қызметшілерді психодиагностикалық тексеру, зерделеу мәліметтерін, қызметтестерімен әңгімелесу, ата-аналарымен хат алмасу (сөйлесу) уақытында алынған деректерді пайдаланады.
91. Психологиялық жұмыс мамандары бөлімшедегі (отбасындағы, ұжымдағы) психологиялық жағдайға талдау жүргізеді, өзін өлтіруге ықпал ететін жағдайлардың болуын және қаупін бағалайды. Жағдайды жан-жақты бағалауды жүргізгеннен кейін психологиялық жұмыс мамандары өзіне-өзі қол жұмсаудың туындау тәуекелі дәрежесін, әскери қызметшілерге өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын ескертуге бағытталған психологиялық (тәрбие, ұйымдық) әсер ету тәсілдері мен нысандарын айқындайды.
92. Өзіне-өзі қол жұмсау тәуекелі белгілері бар мерзімді қызметтің әскери қызметшілері медициналық (психиатриялық) тексеру үшін бөлімшеден ҚР ҚК медициналық мекемелеріне оқшауланады.
93. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасаған әскери қызметшілер медициналық мекемелерден келгеннен кейін психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымдарына сәйкес психологиялық ахуалы қолайлы басқа бөлімшелерге ауыстырылады, онда олармен оңалту іс-шаралары кешені жүргізіледі.
94. Командирлер (бастықтар) мен олардың орынбасарлары өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің профилактикасы, өзіне-өзі қол жұмсауды жасауға ықпал еткен алғышарттарды жою жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды және бөлімшелерде салауатты психологиялық ахуалды ұстау үшін жағдайлар жасайды, әскери қызметшілердің көңіл-күйінің психофизиологиялық асқынуымен байланысты маусымдық пен жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін ескерту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді.
94-1. Әскери ұжымдарда өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына жол бермеу жөніндегі шараларды тиімді іске асыру, психологиялық көмек көрсету барысында сенімді қарым-қатынас орнату үшін психологиялық жұмыс мамандары нарядтарға және жеке құрамға әкімшілік, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануды талап ететін және психологқа әскери қызметшілер мен азаматтық персоналға қатысты доминантты, директивалық позицияны ұстануды ұйғаратын қызметтік жұмыстың басқа да түрлеріне тағайындалмайды.
Ескерту. 94-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-параграф. Жеке құрамды психологиялық даярлау
95. Психологиялық даярлық әскери қызметшілер мен әскери ұжымдардың жоғары психикалық және дене жүктемелеріне психологиялық төзімділігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
96. Жеке құрамды психологиялық даярлау жалпы, арнайы және мақсатты болып бөлінеді. Оны командирлер (бастықтар) жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөніндегі бірыңғай іс-шаралар кешенінде және психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымдарын ескере отырып, әскерлердің (күштердің) күнделікті тіршілік әрекеті барысында ұйымдастырады және жүргізеді.
97. Жеке құрамды жалпы психологиялық даярлауды әскерлерді (күштерді) даярлау процесінде командирлер (бастықтар) ұйымдастырады және жүргізеді және жеке құрамның қазіргі заманғы ұрыс жағдайларында іс-қимыл жасауда психологиялық әзір болуын, сондай-ақ психикаға зақым келтіретін факторлардың ықпалына психологиялық төзімділікті қамтамасыз етеді.
98. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) жеке құрамды арнайы психологиялық даярлауды командирлер (бастықтар) жауынгерлік даярлық жүйесінде психологиялық жұмыс мамандарымен өзара іс-қимыл жасауда ұйымдастырады. Арнайы психологиялық даярлау ҚР ҚК түрлері мен әскер тектері әскери қызметшілерінің қызмет ерекшеліктері мен орындайтын міндеттерінің өзгешелігін ескере отырып, оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттердің нақты түрлеріне жеке құрамның психологиялық әзірлігі мен төзімділігін қамтамасыз етеді.
99. Жеке құрамды мақсатты психологиялық даярлау оқу-жаттығу жауынгерлік (жауынгерлік) іс-қимылдары басталар алдында жүргізіледі, нақты оқу-жаттығу жауынгерлік міндетті орындауда психологиялық әзірлігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
7-параграф. Жеке құрамға психологиялық көмек
100. Психологиялық көмек жеке құрамның бұзылған психикасының функционалдық жай-күйін сақтау және қалпына келтіру мақсатында көрсетіледі.
101. Жеке құрамға психологиялық көмек көрсету барысында мынадай міндеттер шешіледі:
1) дағдарысты психологиялық жай-күйді шешу;
2) жағдай шарттарында міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігінің қажетті деңгейін ұстау және қалпына келтіру;
3) оларды әскери қызмет шарттарына бейімдеу кезеңінде жеке құрамды психологиялық қолдау;
4) қызметтік іс процесінде психикалық зақым алған жеке құрамды психологиялық оңалту.
102. Психологиялық көмекті жеке құрамды қабылдау уақытында психологиялық жұмыс мамандары көрсетеді. Қабылдау психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмыс кетесіне сәйкес жүзеге асырылады, оны командир (бастық) бекітеді және әскери бөлімнің, мекеменің барлық жеке құрамына жеткізіледі.
103. Психологиялық жұмыс мамандары осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық көмекке жүгінген адамдарды есепке алу журналын жүргізеді.
104. Психолологиялық көмек мыналарды қамтиды:
1) психологиялық консультация беру – консультация алушы өзіне пайдалы шешім қабылдай алатын жағдайларды жасауға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметі.
Психологиялық консультация беру жеке және топтық психотерапия тәсілдерін пайдаланумен жеке де, топтық та әдіспен жүргізіледі;
2) психологиялық түзеу жұмысы, ол белгілі бір өлшемшарттар бойынша қызметтік істің нақты жағдайларында қабылданған модельге сәйкес келмейтін психикалық даму ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметін білдіреді.
Психологикалық түзеуді ауытқулар мен бұзушылықтар психикалық сырқаттанудың немесе бас миы органикалық зақымдануы салдары болып табылмайтын жағдайларда жүргізуге болады;
3) психологиялық оңалту, ол оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесінде психологиялық зақымданған адамдардың эмоциялық жай-күйін, писхикалық денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған психологиялық іс-шаралар кешенін білдіреді;
4) тренинг жұмысы, ол тренингке қатысушылардың әскери ортаның әртүрлі жағдайларында үйлесімді және тұрақты жұмыс істеуге ықпал ететін білімі мен іс жүзіндегі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметін білдіреді.
8-параграф. Жеке құрамды психологиялық ағарту
105. Психологиялық ағартуды жеке құрамның адам, топ, ұжым және әскери қызмет туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру мақсатында психологиядық жұмыс мамандары ұйымдастырады.
106. Психологиялық ағартудың негізгі міндеттері:
1) ҚР ҚК-дағы психологиялық жұмыстың мәні мен мазмұнын түсіндіру;
2) әскери қызметшілерді адамның, топтың, ұжымның психикалық дамуының заңдылығымен таныстыру;
3) адамның психикалық денсаулығының идеяларын, оның мүмкіндіктері мен шектеулерін танымал ету;
4) жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар ету;
5) психологиялық білімге қызығушылықты және оларды кәсіби қызметте және жеке өмірде сындарлы пайдалануға ұмтылуды дарыту болып табылады.
107. Психологиялық білім беру тиімділігіне:
1) командирлік (кәсіби) даярлық жүйесінде сабақтарды өткізумен;
2) әскери қызметшілердің әртүрлі санаттары, азаматтық персонал адамдары үшін өзекті психологиялық проблематика бойынша дәрістер, әңгімелесулер мен тренингтер циклдерін ұйымдастырумен;
3) қажетті психологиялық ағарту мәселелері жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеумен және әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына уақтылы жеткізумен қол жеткізіледі.
9-параграф. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
108. Жоғары, орта-техникалық, кәсіби немесе ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында психологиялық жұмыс мынадай ерекшеліктерімен ұйымдастырылады және жүргізіледі:
1) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу оқу жылында бір рет жүргізіледі;
2) курсанттарды, кадеттерді психологиялық зерделеу кемінде тоқсанына бір рет жүргізіледі.
10-параграф. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру
109. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты психодиагностикалық жұмысты жүргізу мақсатында қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары ұйымдастырады және мыналарды қамтиды:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын азаматтарды психологиялық іріктеу;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды психологиялық іріктеу;
3) мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды психологиялық зерделеу.
110. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке психологиялық зерделеу жөніндегі іс-шаралар әскерге шақырылушының қызмет өткеруге психологиялық әзірлігін және төзімділігін айқындау және психологиялық әзірлігі мен төзімділігі деңгейіне сәйкес оны әскери бөлімдерге (мекемелерге) бөлу мақсатында жүргізіледі.
111. Психологиялық іріктеу әлеуметтік-психологиялық зерделеуді және психологиялық тексеруді көздейді.
112. Әлеуметтік-психологиялық зерделеу жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту жағдайларын, оның әскери-кәсіби бағыттылығын, моральдық және ерік-жігер қасиеттерін, ұжымдағы қарым-қатынас және мінез-құлық ерекшеліктерін, сондай-ақ білімі мен кәсіби даярлығын бағалауды көздейді.
113. Психологиялық тексеру жеке тұлғаның танымдық психикалық процестерін, психикалық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қасиеттерін, психомоторика және жүйке-психикалық төзімділігі ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді.
114. Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды психологиялық зерделеу қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату үшін негіздеме болып табылмайды.
115. Психологиялық іріктеу (зерделеу) нәтижелері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық іріктеу (зерделеу) картасында көрсетіледі.
5-тарау. Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
116. Идеологиялық жұмыс әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық төзімділігін, олардың құрылымды бұзатын идеологияға төзбеушілігін, жеке құрамның Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру және әскери қызметшілерді құрылымды бұзатын идеялардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
117. Идеологиялық жұмыстың міндеттері:
1) әскерлерде жеке құраммен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік идеологияны және ел жетекшілігімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шараларды түсіндіру;
2) әскери қызметшілерде әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыруға тиімді әсер ететін мемлекет саясатына адал болуын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
3) жеке құрамның Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру;
4) әскери қызметшілердің Отанға, өз халқына деген патриоттық санасын, сүйіспеншілігін, әскери борышы мен әскери антына адалдығын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мінсіз орындауын қалыптастыру;
5) әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық төзімділігін, олардың құрылымды бұзатын идеологияға төзбеушілігін қалыптастыру;
6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ҚР ҚК қызметі туралы оң қоғамдық пікірді қалыптастыру, оқу-әдістемелік материалдарды ұйымдастыру және шығару (дайындау);
7) мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, құқық қорғау органдарымен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
8) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін талдау, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;
9) әскери басқару органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін қорытындылау және тарату болып табылады.
Ескерту. 117-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.118. Әскери ұжымдарға деструктивті идеялардың енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс мынадай тәртіппен ұйымдастырылады және жүргізіледі:
1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;
2) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін рухани қолдау, Отан қорғаушыларды құрметтеу атмосферасын құру, әскери қызметті насихаттау және ҚР ҚК беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
3) армия ортасына діни идеялардың енуіне әрекет жасау фактісі бойынша әскери қызметшілердің өтініштерін іске асыру бойынша жедел шаралар қабылдау және жеке құрамды қабылданған шешімдер туралы хабардар ету;
4) әскери басқару органдары орналасқан орындардағы ақпараттық жағдайды талдау;
5) жеке құрамды теріс ақпараттық әсерден қорғау жөнінде шешімді шаралар қабылдау.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.119. Идеологиялық жұмысты жоспарлау:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде – үш жылға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардағы бөлім);
2) Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасында, ҚК бас басқармаларында, Қарулы Күштер әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтары әскерлері қолбасшыларының бсқармаларында, 14776 әскери бөлімінде – оқу жылына (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардағы бөлім);
3) қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, әскери оқу орындарында, оқу орталықтарында, бригадалар мен оларға теңестірілгендерде – оқу жартыжылдығына (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім);
4) жекелеген батальондар мен оларға теңестірілгендерде – айға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім);
5) жеке роталар мен оларға теңестірілгендерде – айға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім) жүзеге асырылады.
120. ҚК әскери бөлімдерінде, мекемелерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде, бас басқармаларында, әскер тектері мен түрлерінде идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі құжаттарды тәрбие құрылымдарының офицерлері (егер штатпен лауазым көзделмеген жағдайда әскери басқару органының бірінші басшысы тағайындаған лауазымды адам) әзірлейді және жүргізеді.
121. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.122. Өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары жыл сайын (қазанда – қарашада) идеологиялық жұмысқа жауапты әскери қызметшілермен әскери бөлімдердің (мекемелердің) біреуінің базасында екі күндік оқу-әдістемелік жиындарды өткізеді, олардың барысында:
1) оқу жылы үшін идеологиялық жұмысты қорытындылау;
2) басшы құрамның, құқық қорғау органдары өкілдерінің идеологиялық жұмысты жақсарту мәселелері бойынша сөйлейтін сөздері;
3) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу;
4) тестілеуді, сауалнаманы, сұрауды әңгімелесуді жүргізу бойынша практикалық сабақтар көзделеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде (мекемелерде), бөлімшелерде ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есеп беру-жоспарлау құжаттамасының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. ҚР ҚК-да тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне жауапты ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшесі:
1) оқу жылына арналған ҚР ҚК-да тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 1 қарашаға дейін алдағы жылға;
2) бір жылға арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 15 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
3) оқу жылында ҚР ҚК-да тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жай-күйін талдау.
Мерзімі: есепті жылдан кейін 1 қарашаға дейін;
4) оқу жылында ҚР ҚК-да тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жай-күйінің қорытындылары туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығы.
Мерзімі: есепті жылдан кейін 20 қарашаға дейін;
5) оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен МҚД, әскери педагогика және психология жүйесіндегі сабақтардың тақырыптық жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 1 қарашаға дейін алдағы жылға;
6) жас буынды зерделеу нәтижелерін талдау.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде, жас жауынгер курсы аяқталған соң 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады;
7) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
8) психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесу журналы;
9) динамикалық қадағалау тобына енгізілген әскери қызметшілердің тізімдері.
Мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін.
2. ҚР ҚК әскер түрлері:
1) оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 10 қарашаға дейін алдағы жылға;
2) күнтізбелік жылға арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 20 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
3) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйін талдау.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 13 шілдесіне қарай, бір жыл үшін – есепті жылдан кейінгі айдың 13 қаңтарына қарай;
4) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйінің қорытындылары бойынша ҚК түрі бас қолбасшысының бұйрығы.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 шілдесіне қарай, бір жыл үшін – есепті жылдан кейінгі айдың 20 қаңтарына қарай;
5) оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды есепке алудың бірыңғай журналы;
6) оқу жылына арналған ҚК түрлерінің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлық, әскери педагогика мен психология жүйесіндегі сабақтардың күнтізбелік жоспары.
мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
7) оқу жылына арналған ҚК түрі бас қолбасшысы басқармаларының жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру және жүргізу туралы ҚК түрі бас қолбасшысының бұйрығы.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін;
8) МҚД жай-күйінің қорытындылары туралы ҚР ҚК түрі бас қолбасшысының бұйрығы.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25 мамырына қарай, бір жыл үшін – есепті жылдың 20 қарашасына қарай;
9) ҚР ҚК түрінің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлықтың жай-күйін талдау.
Мерзімі: жартыжылдық үшін - есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 23 мамырына қарай, бір жыл үшін - есепті жылдың 18 қарашасына қарай;
10) ҚК әскер түрінің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлық жай-күйінің қорытындылары туралы жеткізілім.
Мерзімі: жартыжылдық үшін - есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 23 мамырына қарай, бір жыл үшін - есепті жылдың 18 қарашасына қарай;
11) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналдары;
12) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
13) ҚР ҚК түрлерінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмыс жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
14) ҚР ҚК түрлерінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты талдау.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне қарай, жартыжылдық үшін мамырдың 20-сы күніне қарай, бір жыл үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
15) ҚР ҚК әскер түрлерінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне қарай, жартыжылдық үшін – мамырдың 20-сы күніне қарай, бір жыл үшін – қарашаның 20-сы күніне қарай;
16) құрылымды бұзатын идеялардың ықпал етуіне ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында жеке құрамға сауалнама жүргізу, тестілеу, сұрау нәтижелерін талдау.
Мерзімі: тоқсан сайын 25-і күніне қарай;
17) бір жылға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
18) бір айға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
19) жұмыс отырыстарының (кеңестерінің) хаттамалары журналы;
20) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жеке әңгімелесулер журналы;
21) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс туралы есеп берулер (жеткізілімдер).
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай, жартыжылдық үшін – мамырдың 20-сы күніне қарай, бір жыл үшін – қарашаның 20-сы күніне қарай;
22) ҚР ҚК түрлерінің әскери қызметшілеріне анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 30 күніне дейін;
23) психологиялық жұмыстың нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне дейін;
24) жас буынды әскерге шақыруды зерделеу нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде жас жауынгер курсы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жасалады;
25) жеке құрам арасында өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде есептілік іс-шаралар аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады;
26) психологиялық жұмыс мамандарының тізімі;
27) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
28) психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулері журналы;
29) динамикалық байқау тобына енгізілген әскери қызметшілердің (азаматтық персонал адамдарының) тізімдері.
Мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне дейін;
30) күнтізбелік жылға арналған ардагерлермен жұмыс және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жоспары (қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өткізетін іс-шаралар болғанда, осы қоғамдық ұйымдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
31) ҚР ҚК түрлерінде ардагерлермен жұмыс және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 25-сі күніне; бір жыл үшін – қарашаның 20-сы күніне қарай.
3. ҚР ҚК әскер тектері, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтары, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, ҚК Әскери полициясы бас басқармасы:
1) оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
2) бір жылға арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
3) тәрбие, әлеуметтік-құқsқтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жай-күйін талдау.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 13 шілдесіне қарай, бір жыл үшін – есепті жылдан кейінгі айдың 13 қаңтарына қарай;
4) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйінің қорытындылары туралы ҚР ҚК әскер тектері, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшыларының, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ, ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастықтарының бұйрығы.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 шілдесіне қарай, бір жыл үшін – есепті жылдан кейінгі айдың 20 қаңтарына қарай;
5) оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды есепке алудың бірыңғай журналы.
6) оқу жылына арналған ҚР ҚК әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарының, ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен МҚД, әскери педагогика және психология жүйесіндегі сабақтардың күнтізбелік жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
7) оқу жылына арналған жеке құраммен МҚД ұйымдастыру және жүргізу туралы ҚР ҚК әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қолбасшыларының, ҚК Тыл және қару-жарақ, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастықтарының бұйрығы.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін;
8) ҚР ҚК әскер тектері, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының, ҚК Тыл және қару-жарақ, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастықтарының мемлекеттік-құқықтық даярлық жай-күйінің қорытындылары туралы бұйрығы.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25 мамырына қарай, бір жыл үшін – есепті жылдың 20 қарашасына қарай;
9) ҚР ҚК әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарының, ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлықтың жай-күйін талдау.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 23 мамырына қарай, бір жыл үшін – есепті жылдың 18 қарашасына қарай;
10) ҚР ҚК әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарының, ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлық жай-күйінің қорытындылары туралы жеткізілім.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 23 мамырына қарай, бір жыл үшін – есепті жылдың 18 қарашасына қарай;
11) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналдары;
12) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
13) ҚР ҚК әскер тектерінде, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелерде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмыс жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
14) ҚР ҚК әскер тектерінде, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелерде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты талдау.
Мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күні; бір жыл үшін – есепті жылдың 25 қарашасына қарай;
15) ҚР ҚК әскер тектерінде, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, ҚК Тыл және қару-жарақ бастығына, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелерде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне қарай, жартыжылдық үшін мамырдың 20-сы күніне қарай, бір жыл үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
16) құрылымды бұзатын идеялардың ықпал етуіне ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында жеке құрамға сауалнама жүргізу, тестілеу, сұрау нәтижелерін талдау.
Мерзімі: тоқсан сайын 25-і күніне қарай;
17) бір жылға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
18) бір айға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
19) жұмыс отырыстарының (кеңестерінің) хаттамалары журналы;
20) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жеке әңгімелесулер журналы;
21) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс туралы есеп берулер (жеткізілімдер).
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне қарай, жартыжылдық үшін мамырдың 20-сы күніне қарай; бір жыл үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
22) әскери қызметшілеріне анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 30-ы күніне дейін;
23) психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 30-ы күніне дейін;
24) жас буынды әскерге шақыруды зерделеу нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде жас жауынгер курсын аяқтағаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады;
25) жеке құрам арасында өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде, есептілік іс-шаралар аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады;
26) психологиялық жұмыс мамандарының тізімі;
27) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
28) диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулер журналы;
29) динамикалық байқау тобына қосылған әскери қызметшілердің тізімдері.
Мерзімі: ай сайын 30-ы күніне дейін;
30) күнтізбелік жылға арналған ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жұмыс жоспары (қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өткізетін іс-шаралар болғанда, осы қоғамдық ұйымдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
31) ҚР ҚК түрлерінде ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыстың жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне қарай; бір жыл үшін – қарашаның 20-сы күніне қарай;
32) ардагерлер ұйымдарының тізімі.
4. Әскери бөлімдегі (бригададағы, полктегі), мекемедегі (ЖОО) құжаттама:
1) оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
2) бір айға арналған әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
3) бір жылға арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
4) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жай-күйін талдау.
Мерзімі: бір ай үшін - есепті айдың 25-і күніне қарай; оқу кезеңі үшін 20 мамырға қарай; оқу жылы үшін 20 қарашаға қарай;
5) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жай-күйінің қорытындылары бойынша әскери бөлім, мекеме командирінің (бастығының) бұйрығы.
Мерзімі: жартыжылдық үшін – есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 шілдесіне қарай; бір жыл үшін – есепті жылдан кейінгі айдың 20 қаңтарына қарай;
6) оқиғалар мен қылмыстарды есепке алудың бірыңғай журналы;
7) оқу жылына арналған әскери бөлімнің, мекеменің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлық, әскери педагогика және психология жүйесіндегі сабақтардың күнтізбелік жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
8) оқу жылына арналған әскери бөлімнің, мекеменің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру және жүргізу туралы әскери бөлім, мекеме командирінің (бастығының) бұйрығы.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін;
9) әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйі қорытындылары туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне қарай; жартыжылдық үшін 20 мамырға қарай; бір жыл үшін 20 қарашаға қарай;
10) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналы;
11) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
12) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмыс жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
13) бір жылға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
14) бір айға арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
15) жұмыс отырыстарының (кеңестерінің) хаттамалары журналы;
16) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жеке әңгімелесулер журналы;
17) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс туралы есеп берулер (жеткізілімдер).
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-і күніне қарай; жартыжылдық үшін мамырдың 20-сы күніне қарай, бір жыл үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
18) әскери бөлім (бригада, полк), мекеме үшін әскери қызметшілерге анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 25-і күніне дейін;
19) психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 25-і күніне дейін;
20) жас буынды әскерге шақыруды зерделеу нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: жылына екі рет көктемде және күзде жас жауынгер курсын аяқтағаннан кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей;
21) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілген әскери қызметшілерді психологиялық тексеру актісі.
Мерзімі: мамырдың 20-сы күніне қарай; бір жыл үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
22) атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық қызметті, сондай-ақ ішкі қызметті атқаруға жеке құрамды жіберу туралы баянат.
Мерзімі: күнделікті;
23) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
24) психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулері журналы;
25) динамикалық байқау тобының журналы;
26) күнтізбелік жылға арналған ардагерлермен жұмыс және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жұмыс жоспары (қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы қоғамдық ұйымдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
27) ардагерлермен жұмыс және ардагерлер ұйымымен өзара іс-қимыл жұмысының жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне қарай; бір жыл үшін – қарашаның 20-сы күніне қарай;
28) әскери бөлімде (мекеме) ардагерлерінің тізімі.
5. Қорғаныс істері бойынша департаментінде (бұдан әрі – ҚІЖД):
1) оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы оқу жылына;
2) бір айға арналған тәрбие әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстар жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
3) жоспарланған іс-шараларды өткізу туралы есептік материалдармен оқу жылына арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы оқу жылына;
4) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйін талдау.
Мерзімі: бір ай үшін – есепті айдың 25-і күніне қарай; қысқы оқу кезеңі үшін - 20 мамырға қарай; оқу жылы үшін – 20 қарашаға қарай;
5) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: бір ай үшін – есепті айдың 30 күніне қарай; қысқы оқу кезеңі үшін - 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін – 15 қарашаға қарай;
6) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйі қорытындылары бойынша ҚІД бастығының бұйрығы.
Мерзімі: қысқы оқу кезеңі үшін - 20 мамырға қарай; оқу жылы үшін – 20 қаңтарға қарай;
7) оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды есепке алудың бірыңғай журналы.
8) жергілікті әскери басқару органының жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлық, әскери педагогика және психология жүйесіндегі сабақтардың күнтізбелік жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға.
9) оқу жылына арналған жеке құраммен мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру және жүргізу туралы ҚІД бастығының бұйрығы.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға.
10) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында жеке құраммен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйі сараптамасы.
Мерзімі: тоқсан үшін – 5-ші наурызға қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 15 мамырға қарай; бір жыл үшін 15 қарашаға қарай;
11) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында мемлекеттік-құқықтық даярлық жай-күйінің қорытындылары туралы ҚІЖД бастығының бұйрығы.
Мерзімі: тоқсан үшін – 5-ші наурызға қарай, 5 қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін 15 қарашаға қарай;
12) ҚІД-да және бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында жеке құраммен мемлекеттік-құқықтық даярлық жай-күйінің қорытындылары туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан үшін – 10-шы наурызға қарай, 10 қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 20 мамырға қарай; оқу жылы үшін 20 қарашаға қарай;
13) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналы;
14) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
15) деструктивті идеялардың ықпалына түскен адамдарды анықтау мақсатында жеке құраммен сауалнама, тестілеу, сұраулар нәтижелерін талдау.
Мерзімі: тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25 қарай;
16) жоспарланған іс-шараларды өткізу туралы есептік материалдармен оқу жылына арналған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға.
17) жұмыс отырыстарының (кеңестерінің) хаттамалары журналы;
18) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жеке әңгімелесулер журналы;
19) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс туралы есеп берулер (жеткізілімдер).
Мерзімі: тоқсан үшін – 5 наурызға қарай, 5 қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін – 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін – 15 қарашаға қарай;
20) жоспарланған іс-шараларды өткізу туралы есептік материалдармен оқу жылына арналған психологиялық жұмыс және жеке құрам арасында өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін ескерту жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
21) әскери қызметшілермен анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 20-і күніне дейін;
22) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілген әскери қызметшілерді психологиялық тексеру актісі.
Мерзімі: қысқы оқу кезеңі үшін мамырдың 20-сы күніне қарай; оқу жылы үшін қарашаның 20-сы күніне қарай;
23) атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық қызметті, сондай-ақ ішкі қызметті атқаруға жеке құрамды жіберу туралы баянат.
Мерзімі: күнделікті;
24) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
25) психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулері журналы;
26) динамикалық байқау тобының журналы;
27) психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім.
Мерзімі: ай сайын есепті айдың 25-і күніне дейін;
28) күнтізбелік жылға арналған ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жұмысының жоспары (қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өткізетін іс-шаралар болғанда, осы қоғамдық ұйымдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
29) ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жұмысының жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сі күніне; бір жыл үшін – қарашаның 15-сы күніне қарай;
30) ардагерлер ұйымдарының тізімі.
6. Қорғаныс істері жөнінде басқармада (бөлімде) (бұдан әрі – ҚІБ(б):
1) оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың кешенді жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға;
2) бір айға арналған тәрбие әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
3) оқу жылына арналған әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін іс-шаралар болған кезде жоспарлар осы мемлекеттік органдармен келісіледі).
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
4) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйін талдау.
Мерзімі: бір ай үшін – есепті айдың 25-і күніне қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 20 мамырға қарай; бір жыл үшін 20 қарашаға қарай;
5) тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстардың жай-күйі туралы жеткізілім.
Мерзімі: бір ай үшін – есепті айдың 30 қарай; қысқы оқу жылы үшін - 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін – 15 қарашаға қарай;
6) оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды есепке алудың бірыңғай журналы;
7) жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамымен МҚД, әскери педагогика және психология жүйесіндегі сабақтардың күнтізбелік жоспары.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
8) оқу жылына арналған жеке құраммен мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру және жүргізу туралы ҚІБ(б) бастығының бұйрығы.
Мерзімі: жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға;
9) жеке құраммен МҚД жай-күйін талдау.
Мерзімі: тоқсан үшін – 5-ші наурызға, 5-ші қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін 15 қарашаға қарай;
10) ҚІБ(б) мен бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында МҚД жай-күйінің қорытындылары туралы ҚІБ(б) бастығының бұйрығы.
Мерзімі: тоқсан үшін – 5-ші наурызға, 5 қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 15 мамырға қарай; оқу жылы үшін 15 қарашаға қарай;
11) Жеке құраммен МҚД жай-күйі қорытындылары туралы жеткізілім.
Мерзімі: тоқсан үшін – 10-шы наурызға қарай, 10 қыркүйекке қарай; қысқы оқу кезеңі үшін 20 мамырға қарай; оқу жылы үшін 20 қарашаға қарай;
12) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналы;
13) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
14) динамикалық байқау тобының журналы.
7. Батальондағы (дивизиондағы) құжаттама:
1) бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары.
Мерзімі: ай сайын 25-і күніне қарай;
2) батальонда (дивизионда) қорытындылады жасау журналы;
3) батальонның (дивизионның) жеке құрамын тәртіптік есепке алудың, оның жарақаттануы мен қаза табуының бірыңғай журналы;
4) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
5) МҚД бойынша сабақтарға қатысушылығы мен үлгерімін есепке алу журналы;
6) әскери бөлімнің (мекеменің) психологы атына психологиялық жұмыс нәтижелері туралы баянат.
Мерзімі: апта сайын әр жұмада;
7) психологиялық көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы;
8) психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулері журналы;
9) динамикалық байқау тобының журналы.
8. Ротадағы (батареядағы, үшінші дәрежелі корабльдердегі) құжаттама:
1) ай сайын 25-і күніне қарай әзірленетін бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары;
2) ротада (батареяда, үшінші дәрежелі корабльдерде) қорытынды шығару журналы;
3) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
4) МҚД бойынша сабақтарға қатысуды және үлгерімін есепке алу журналы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.05.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
ҚР ҚК жеке құрамымен күнделікті қызметте тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйін бағалау
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тәрбие және идеологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) тәрбие жұмысының жай-күйі;
2) идеологиялық жұмыстың жай-күйі;
3) әскери тәртіптің жай-күйі;
4) мәдени-демалыс жұмысының жай-күйі және техникалық тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз ету;
5) психологиялық жұмыстың жай-күйі;
6) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;
7) ҚР ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыстың жай-күйі;
8) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың жай-күйі.
2. Тәрбие жұмысының жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – жұмыс Қағидалар талаптарына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде пысықталған; мемлекеттік-құқықтық дайындық (бұдан әрі – МҚД) осы Қағидалар талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Санаттар бойынша тексерілген оқу топтарының жалпы санынан кемінде 30%, оқу топтарының 100% оң, оның ішінде кемінде 60% "үздік" деп бағаланған;
2 балл – жұмыс осы Қағидалар талаптарына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде пысықталған, бірақ жұмысты ұйымдастыруға әсер етпейтін жекелеген кемшіліктер бар; МҚД осы Қағидалар талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Санаттар бойынша тексерілген оқу топтарының жалпы санынан кемінде 30%, оқу топтарының 100% оң, оның ішінде кемінде 60% "үздік" және "жақсы" деп бағаланған;
1 балл – жұмыс осы Қағидалар талаптарын бұзумен ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық емес көлемде пысықталған, тәрбие іс-шаралары өткізілмеген; МҚД осы Қағидалар талаптарын бұзумен ұйымдастырылған. Санаттар бойынша тексерілген оқу топтарының жалпы санынан кемінде 30%, оқу топтарының кемінде 90% оң баға алған;
0 балл – жұмыс ұйымдастырылмаған, жоспарлау және есептік құжаттар пысықталмаған, МҚД осы Қағидалар талаптарын бұзумен ұйымдастырылған. Санаттар бойынша тексерілген оқу топтарының жалпы санынан кемінде 30%, 10% астамы "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған.
3. Идеологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру профилактикасы, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни ықпалдан қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның енуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі және қойылатын осы Қағидалар талаптарына сәйкес келеді; Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдықтарын білуге өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 100% оң баға алған, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде пысықталған;
2 балл – құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру профилактикасы, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни ықпалдан қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның енуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі және негізінен бағаланатын іс-шаралар мазмұнына ықпал етпейтін елеусіз кемшіліктер болған кезде қойылатын осы Қағидалар талаптарына сәйкес келеді (өткізілетін іс-шаралардың жоспарлары және есептік құжаттары толық емес көлемде пысықталған, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл толық емес көлемде ұйымдастырылған); Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдықтарын білуге өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 90% оң баға алған;
1 балл – құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру профилактикасы, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни ықпалдан қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның енуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған және бағаланатын іс-шаралар мазмұнына ықпал ететін осы Қағидалар талаптарын елеулі бұзумен өткізіледі (өткізілетін іс-шаралардың жоспарлары және есептік құжаттары пысықталмаған, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылмаған); Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдықтарын білуге өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 85% оң баға алған;
0 балл – құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру профилактикасы, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни ықпалдан қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның енуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылмаған, жүйесіз жүргізіледі және қойылатын осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмейді, жоспарлау және есептік құжаттар пысықталмаған; Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдықтарын білуге өткізілген тестілеу барысында әскери қызметшілердің 25% астамы теріс баға алған.
4. Әскери тәртіптің жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі "қанағаттанарлық" деп бағаланса (ЖЖК жалпы жиынтық коэффициенті есебіне сүйене отырып); әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; әскери қызметшілердің кінәсінен немесе лауазымды адамдардың заңға сыйымсыз әрекеті нәтижесінде қылмыстарға және жеке құрамның қаза табуына жол берілмесе; әкімшілік құқық бұзушылықтардың артуына жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде пысықталса;
2 балл – егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі "қанағаттанарлық" деп бағаланса (ЖЖК жалпы жиынтық коэффициенті есебіне сүйене отырып); әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың, әскери қызметшілердің қаза табуы фактілерінің артуына жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлау және есептік құжаттар кемінде 80%-ке пысықталса;
1 балл – егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі "қанағаттанарлық" деп бағаланса (ЖЖК жалпы жиынтық коэффициенті есебіне сүйене отырып); әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарын елеулі бұзумен ұйымдастырылса; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтардың немесе әскери қызметшілердің қаза табуы фактілерінің артуына жол берілсе (50%-тен астам емес); әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлау және есептік құжаттар кемінде 50%-ке орындалса;
0 балл – егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланса (ЖЖК жалпы жиынтық коэффициенті есебіне сүйене отырып); әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарын өрескел бұзумен ұйымдастырылса; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың немесе әскери қызметшілердің қаза табуы фактілерінің елеулі артуы байқалса (100%-ке және одан астам); әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлау және есептік құжаттар кемінде 50%-ке орындалса.
5. Психологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:
2 балл – тексерілген кезеңде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына жол берілмеген; лауазымды адамдар функционалдық міндеттерін және психологиялық жұмыс бойынша осы Қағидалардың талаптарын толық көлемде біледі және орындайды; психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есептік құжаттар 100% орындалған (бұл ретте жүргізілетін жұмыстың сапасына ықпал етпейтін шамалы кемшіліктер бар); психологиялық жеңілдету бөлмесі бар және арналуы бойынша қолданылады, психологиялық жұмыстың материалдық-техникалық базасы практикалық жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ұдайы жетілдіріледі;
1 балл – тексерілген кезеңде әскери қызметшілер арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті фактісі болған; лауазымды адамдар функционалдық міндеттерін және осы Қағидалар талаптарын біледі және оларды орындайды; психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есептік құжаттары 80%-ке пысықталған; психологиялық жеңілдету бөлмесі бар; материалдық-техникалық база психологиялық жұмысты сапалы деңгейде жүргізуге мүмкіндік бермейді;
0 балл – егер тексерілген кезеңде әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол жұмсау фактісіне жол берілсе және 1 балға бағалау талаптарының біреуі орындалмаса.
6. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 74 балдан, ал әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер – 70 балдан төмен болмауы тиіс және "жоғары" деп бағаланады;
2 балл – офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 52 балдан төмен емес, ал әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілердікі 49 балдан төмен емес және "тұрақты" деп бағаланады;
1 балл – сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша МПЖ деңгейі 30 балдан төмен емес болуы тиіс және "тұрақты емес" деп бағаланады;
0 балл – сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша МПЖ деңгейі 30 баллға жетпейді және "төмен" деп бағаланады.
7. Мәдени-демалыс жұмысының жай-күйі және техникалық тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз ету мынадай болып бағаланады:
2 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есептік құжаттар және техникалық тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз ету 100% орындалған.
Техникалық тәрбиелеу құралдары қолда бар, ақаусыз және арналуы бойынша пайдаланылады.
Техникалық тәрбиелеу құралдарын және мәдени ағарту мүлкін есепке алуды, сақтау мен есептен шығаруды ұйымдастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес уақтылы жүргізіледі.
Бөлімдегі және мекемедегі көрнекі үгіт-насихат құралдары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген.
1 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есептік құжаттар және техникалық тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз ету 70%-ке орындалған.
Техникалық тәрбиелеу құралдары қолда бар, ақаусыз жай-күйде ұсталады, бірақ арналуы бойынша пайдаланылмайды.
Техникалық тәрбиелеу құралдары мен мәдени ағарту мүлкін есепке алуды, сақтау мен есептен шығаруды ұйымдастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі, бірақ пысықтауды қажет етеді.
Бөлімдегі және мекемедегі көрнекі үгіт-насихат құралдары осы Қағидалардың талаптарын шамалы бұзумен ресімделген.
0 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есептік құжаттар және техникалық тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз ету кемінде 50%-ке орындалған.
Техникалық тәрбиелеу құралдары қолда бар, ақаулы жай-күйде ұсталады және арналуы бойынша пайдаланылмайды.
Техникалық тәрбиелеу құралдары мен мәдени ағарту мүлкін есепке алуды, сақтау мен есептен шығаруды ұйымдастыру басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілмейді.
Бөлімдегі (мекемедегі) көрнекі үгіт-насихат құралдары осы Қағидалардың талаптарын бұзумен ресімделген.
8. ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 100% пысықталған, өтініштер қаралған, өтініш иелеріне жауаптар (түсініктеме) уақтылы жолданған;
2 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 70%-ке пысықталған, бірақ өтініш иесіне жауапты (түсініктемені) уақтылы жолдамау фактілері орын алған;
1 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 40%-ке пысықталған, өтініштер қаралған, бірақ өтініш иесіне жауапты (түсініктемені) уақтылы жолдамау фактілері орын алған;
0 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктермен бірлескен жұмыс жоспары әзірленбеген немесе атүсті жасалған, өткізілген іс-шаралар бойынша есептік материалдар жоқ, ҚР ҚК ардагерлерінен түскен өтініштер қаралмаған;
9. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:
3 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 100% пысықталған, өтініштер қаралған, өтініш иелеріне жауаптар (түсініктемелер) уақтылы жолданған;
2 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 70%-ке пысықталған, өтініштер қаралған, бірақ өтініш иелеріне жауапты (түсініктемені) уақтылы бермеу фактілері орын алған;
1 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес есептік материал 40%-ке пысықталған, өтініштер қаралған, бірақ өтініш иелеріне жауапты (түсініктемені) уақтылы бермеу фактілері орын алған;
0 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленбеген немесе атүсті жасалған, өткізілген іс-шаралар бойынша есептік материалдар жоқ, келіп түскен өтініштер қаралмаған.
Тәрбие және идеологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:
"жақсы" –егер жалпы көрсеткіш 16 – 21 балл болса, бұл ретте барлық тексерілетін көрсеткіштер 1 балдан төмен болмаса;
"қанағаттанарлық" – егер жалпы көрсеткіш 11 – 16 балл болса, бұл ретте 7 тексерілетін көрсеткіш бойынша 1 балдан төмен болмаса;
"қанағаттанарлықсыз" – егер 11 балдан кем болса немесе 2 тексерілген көрсеткіш 0 балға бағаланса.
10. Жалпы жиынтық коэффициентін есептеу тәртібі (ЖЖК):
1) ҚК түрлерінде, әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен мекемелерде:
Кқ – қаза табулар коэффициенті (орны толмас шығындар);
Кққ – қылмыстық құқық бұзушылық коэффициенті;
Кәқ – әкімшілік құқық бұзушылық коэффициенті;
Кж – жарақаттану коэффициенті (жаралану, мертігу);
4 – орташа арифметикалық мәнді есептеу үшін ескерілетін коэффициенттер саны;
А – орташа айлық мәнді есептеуге арналған айлар саны.
2) Қорғаныс министрлігінің және ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшелерінде:
Кқ – қаза табулар коэффициенті (орны толмас шығындар);
Кққ – қылмыстық құқық бұзушылық коэффициенті;
Кәқ – әкімшілік құқық бұзушылық коэффициенті;
Кж – жарақаттану коэффициенті (жаралану, мертігу);
Көб – әскери полиция органдары желісі бойынша өзге де бұзушылықтар коэффициенті;
5 – орташа арифметикалық мәнді есептеу үшін ескерілетін коэффициенттер саны;
А – орташа айлық мәнді есептеуге арналған айлар саны.
3) әскери басқару органындағы әскери тәртіп пен құқық тәртібінің нақты жай-күйі кезең (жыл) қорытындылары бойынша жоғарыда көрсетілген коэффициентті қолдана отырып бағаланады:
"қанағаттанарлық" – егер орташа айлық негізгі жиынтық коэффициент (Жжк) шекті "0,5" мәнін қоса алғанда шекті (бастапқы) мәннен аспайтын болса;
"қанағаттанарлықсыз" - егер орташа айлық негізгі жиынтық коэффициент (Нжк) шекті (бастапқы) мәннен "0,5" (0,51 және одан жоғары) артық болса.
11. Коэффициенттерді есептеу тәртібі:
1) әскери қызметшілердің қаза табу коэффициенті (Кқ) (орны толмас шығындар) жеке құрамның жауынгерлік, жауынгерлік емес және жанама шығындары (оның ішінде өзіне-өзі қол жұмсау, әскери қызметшілер тарапынан заңға сыйымсыз әрекеттер, жол-көлік оқиғалары, қауіпсіздік шараларын бұзу) коэффициенттерінің сомасынан орташа арифметикалық мәнді есептеу жолымен мынадай формула бойынша есептеледі:
3 – орташа арифметикалық мәнді есептеу үшін сандық көрсеткіш.
Кжш – жауынгерлік шығын коэффициенті осы формула бойынша есептеледі:
Кжеш – жауынгерлік емес шығын коэффициенті осы формула бойынша есептеледі:
Кжш – жанама шығын коэффициенті осы формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған қаза табу фактілерінің саны;
3, 5, 7 – ауырлық индексі;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрам саны;
1000 – индекстеу көрсеткіші.
Науқастануы бойынша қайтыс болған әскери қызметшілердің қайтыс болу фактілері, егер олар лауазымды адамдардың заңға сыйымсыз әрекеттерінің не әрекетсіздігінің салдары болып табылмаса, белгіленген тәртіппен есепке алынады, әскери тәртіптің жай-күйін бағалауға кірмейді және коэффициентті шығару кезіндегі есепке жатпайды.
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар коэффициенті (Кққ) процессуалдық шешімдер қабылданған (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу, қылмыстық іс қозғау), олардың ауырлық дәрежесі бойынша жіктелген қылмыстық құқық бұзушылықтар коэффициенттері сомасының орташа арифметикалық мәнін есептеу жолымен мынадай формула бойынша есептеледі:
3 – орташа арифметикалық мәнді есептеу үшін сандық көрсеткіш.
Каақ – аса ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықтар коэффициенті, мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған құқық бұзушылықтар саны;
5 – құқық бұзушылық ауырлығының индексі;
Ж/қ– тізім бойынша жеке құрамның саны;
1000- индекстеу көрсеткіші.
Кақ – ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықтар коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған құқық бұзушылықтар саны;
5 – құқық бұзушылық ауырлығының индексі;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
1000 – индекстеу көрсеткіші.
Кжоқ – жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықтар коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған құқық бұзушылықтар саны;
3 – құқық бұзушылық ауырлығының индексі;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
1000 – индекстеу көрсеткіші.
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар коэффициенті (Қәқ) оларды жасаудың мән-жайларына, орны мен уақытына (қызметтік және қызметтен тыс уақытта) қарамастан, барлық тіркелген (есепке алынған) әкімшілік құқық бұзушылықтардың орташа арифметикалық мәнін есептеу жолымен есептеледі.
С – есепке алынған әкімшілік құқық бұзушылықтар саны;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
10 – индекстеу көрсеткіші.
4) жарақаттар коэффициенті (мертігулер, жараланулар) (Кж) әскери қызметшілердің заңға сыйымсыз іс-қимылдары, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері, қауіпсіздік шараларын бұзу және өзге де себептер нәтижесінде алған жарақаттар коэффициенттері сомасының орташа арифметикалық мәнін есептеу жолымен мынадай формула бойынша есептеледі:
3 – орташа арифметикалық мәнді есептеу үшін сандық көрсеткіш.
Кзәж – әскери қызметшілердің құқыққа қарсы іс-әрекеттері, оның ішінде әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс өзара қарым-қатынастар, бастық тарапынан билікті, бастыққа қатысты күш қолдану іс-қимылдарының нәтижесінде жеке құрам алған жарақаттар коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған жарақаттар саны;
3 – жарақаттану ауырлығының индексі;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
100 – индекстеу көрсеткіші.
Көқж – әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол жұмсау немесе оларды имитациялау әрекеттерін жасауы салдарынан алған жарақаттарының коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған жарақаттар саны;
2 – жарақаттану ауырлығының индексі;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
100 – индекстеу көрсеткіші.
Кқшж – егер әскери қызметшілердің іс-қимылдарында кінәсі, заңға сыйымсыз әрекеттер белгілері, олардың қолданыстағы заңнамада белгіленген қағидалар мен нормаларды бұзуы белгіленсе, оқу-жаттығу сабақтарында қауіпсіздік шараларын (техникасын) бұзу және өзге де себептер нәтижесінде, оның ішінде еңбек шығынынсыз әскери қызметшілер алған жарақаттар коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған жарақаттар саны;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
100 – индекстеу көрсеткіші.
Көрсетілген коэффициенттерді есептеу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына әкеп соқтырған жарақаттар есепке алуға жатпайды, қаза табудың (орны толмас шығындардың) коэффициентін шығару кезінде жеке есепке алынады.
5) өзге бұзушылықтар коэффициенті (Қөб) әскери қызметшілер қызмет уақытында қызмет уақытының регламентін, өткізу режимін бұзу түрінде және өзге де себептер бойынша жол берген бұзушылықтардың орташа арифметикалық мәнін есептеу жолымен мынадай формула бойынша есептеледі:
С – есепке алынған тәртіптік теріс қылықтар саны;
Ж/қ – тізім бойынша жеке құрамның саны;
100 – индекстеу көрсеткіші.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде негізгі тәрбие іс-шараларының жүйесі
Р/с № | Негізгі бағыттар | Өткізу кезеңділігі |
1. | Мемлекеттік-құқықтық даярлық (таңертеңгі уақытта): | |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, Қарулы Күштері бас басқармаларының, Тыл және қару-жарақ бастығы басқармаларының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының, әскер түрлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының, әскери оқу орындарының офицерлері | айына 1 – 2 рет 1 сағаттан, бірақ кәсіби даярлау күндерінде жылына кемінде 12 сағат | |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (бригадалардың, полктердің, базалардың, арсеналдардың, жекелеген батальондардың, роталардың) және мекемелердің офицерлері | кәсіби даярлау күндерінде айына 4 – 6 сағаттан 50 сағаттық бағдарлама | |
сержанттар және қатардағы жауынгер құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер | апта сайын 100 сағаттық бағдарлама 2 – 4 сағаттан | |
мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері; | апта сайын 160 сағаттық бағдарлама 2 сағаттан 2 рет апта сайын 120 сағаттық бағдарлама 3 сағаттан | |
сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамдарындағы лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер (жаңа Әскерлерді жауынгерлік даярлау бағдарламасы бойынша айналысатын әскери бөлімдер (мекемелер) үшін) | айына 2 – 3 рет 64 сағаттық бағдарлама 2 сағаттан | |
оқу-жаттығуларды, далалық шығуларды өткізу уақытында | саяси сағат нысанында аптасына 2 рет 1 сағаттан | |
2. | Әскери педагогика және психология: | |
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен (Қарулы Күштер түріне дейін қоса алғанда әскери бөлімдер (мекемелер) үшін | кәсіби даярлау күндерінде ай сайын 2 сағаттан 20 сағаттық бағдарлама | |
3. | Ақпараттандыру (таңертенгі уақытта): | |
түрлері бас қолбасшыларының, әскер түрлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен | апта сайын 20 минутқа дейін дүйсенбі күндері | |
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен әскери бөлімдерде (мекемелерде) | апта сайын 20 минуттан дүйсенбі және бейсенбі күндері | |
мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен | дүйсенбі, бейсенбі және сенбі 20 минуттан (сенбіде – құқықтық тақырыпқа) | |
оқу-жаттығулар, далалық шығулар өткізу уақытында | күн сайын 10 – 15 минуттан | |
4. | Ұйымдастыру-жоспарлау тәрбие іс-шаралары: | |
мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін кешкі уақытта тәрбие жұмысы | апта сайын 40 минуттан аптасына 2 рет (дүйсенбі, жұма) | |
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен тәрбие жұмысы |
апта сайын 40 минуттан аптасына | |
қарауылға түсетін жеке құраммен тәрбие жұмысы | күн сайын қарауылды дайындау кезеңінде қарауылға түскен күні кемінде 20 – 25 минут | |
батальондар (дивизиондар), роталар (батареялар) ауқымында Ашық есіктер күнін өткізу | тоқсанда 1 рет | |
"Хабар" телеарнасында жаңалықтар қарау | күн сайын күн тәртібіне сәйкес | |
мемлекеттік телеарналарда әскери-патриоттық, тақырыптық телебағдарламаларды қарау | апта сайын демалысалды және демалыс күндер жоспары бойынша | |
5. | Әскери қызметшілердің жалпы жиналыстары: | |
түрлері бас қолбасшыларының, әскер түрлері тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, әскери бөлімдерде (мекемелерде) | жартыжылда 1 реттен сирек емес | |
роталарда (батареяларда) | ай сайын | |
батальондарда (дивизиондарда) | 2 айда 1 рет | |
6. | Баспасөз құралдарын (ақпараттық бюллетеньдерді, қабырға баспасын) дайындау және шығару: | |
Әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда "Хабаршы – Вестник" ақпараттық-талдау бюллетені | ай сайын | |
роталарда және оларға теңестірілгендерде ақпараттық хабаршы (әлемдегі, елдегі, Қарулы Күштердегі оқиағалар, бөлімшенің тіршілігі туралы қабырға газеті, фотогазеті, өңірлік хабаршы, ақпараттар) | айына кемінде 1 рет | |
"Заң туралы жауынгерге", "Қазақстан Республикасының атынан" стенділердегі ақпаратты жаңарту (құқықтық білімдер бұрышы) | тоқсан сайын | |
взводтарда және оларға теңестірілгендерде жауынгерлік парақтар | апта сайын | |
роталарда, взводтарда және оларға теңестірілгенде найзағай-парақтар | қажетті шамасына қарай | |
әскери бөлімдерде және мекемелерде радиогазеттерді шығару | парктік-шаруашылық күндерді өткізу күндері, далалық сабақтарды (шығуларды, оқу-жаттығуларды) өткізу барысында | |
7. | Байқау-конкурстар (жарыстар): | |
түрлерде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелерінің | жыл сайын (желтоқсан) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне | |
түрлерде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде мәдени-демалыс орталықтарының (клубтарының) | ||
түрлерде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде психологиялық жеңілдеу бөлмелерінің | ||
әскери бөлімдерде (мекемелерде) көркемөнерпаз | тоқсан сайын | |
үздік әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарын айқындау | жыл сайын желтоқсан | |
8. | Жауынгерлік оқу және әскери қызмет үздіктерін, жауынгерлік сайыс озаттарын (көшбасшыларын) құрметтеу: | |
түрлерде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде | жыл сайын оқу жылы үшін қорытындылар жасау барысында | |
әскери бөлімдерде (мекемелерде) | ||
батальондарда (дивизиондарда) және оларға теңестірілгендерде | ||
9. | Әскери басқару органдары басшы құрамының қатысуымен сұрақтар мен жауаптар кештері: | |
түрлерінің, әскер түрлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басшылығымен | гарнизондарға бару барысында | |
әскери бөлімдерде (мекемелерде) | тоқсан сайын | |
құқық қорғау органдарын тартумен гарнизонда | жартыжылда бір рет | |
10. | Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйіне қорытындылар жасау | |
взводтарда, есептоптарда, экипаждарда, бөлімшелерде | күн сайын | |
желілік батальондарда (дивизиондарда), роталарда және оларға теңестірілгендерде | апта сайын | |
бригадаларда, базаларда, полктерде, жекелеген батальондарда (дивизиондарда) және оларға теңестірілгендерде | ай сайын | |
ҚР ҚК бас басқармаларында, Тыл және қару-жарақ бастығының басқармаларында, сондай-ақ гарнизондар ауқымында | тоқсан сайын | |
ҚР ҚК түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде және өңірлік қолбасшылықтарда | жартыжыл және бір жыл үшін | |
ҚР ҚМ және ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінде (департаменттерде) | жартыжыл және бір жыл үшін | |
ҚР ҚК ауқымында | жылына бір реттен сирек емес |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
_________ әскери бөлімінде 20___ ж. _______ айындағы психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім
Р/с № | Орындалған іс-шаралар | МҚӘ | КШӘ | ОФ | АП | Жиыны |
1. | Барлығы зерделенді | |||||
2. | Пайдаланылған әдісме атауы | |||||
3. | Барлығы жүргізілген әңгімелесулер | |||||
Психологиялық іріктеу жөніндегі жұмыс | ||||||
4. | Барлығы зерделенді | |||||
5. | Олардың ішінде ұсынылмағандар (тектері және инициалдары) | |||||
Жеке құрамның жеке ерекшеліктерін психологиялық диагностикалау | ||||||
6. | Барлығы жоғары тұрған штабтың сұрау салуы бойынша зерделенді | |||||
7. | Барлығы қолбасшылықтың сұрау салуы бойынша зерделенді | |||||
8. | Барлығы жаңадан келген әскери қызметшілер зерделенді (басқа әскери бөлімдерден ауысып келгендер немесе жаңадан тағайындалғандар) | |||||
9. | Барлығы ұзақ мерзімді іссапарлардан, демалыстардан, науқастанудан кейін келгендер зерделенді | |||||
10. | Барлығы бос лауазымға тағайындау үшін зерделенді | |||||
11. | Барлығы жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шараларымен байланысты зерделенді (әуе-десанттық даярлық, штаттық оқ ату, жарысқа дайындық, оқу-жаттығуларға қатысу, парадқа қатысу, қызметтік іссапарлар) | |||||
12. | Барлығы он күндіктер өткізумен байланысты зерделенді (он күндік атауы, санаты) | |||||
13. | Барлығы жеке ерекшеліктерді айқындау үшін зерделенді | |||||
14. | Барлығы психологиялық көмек көрсету процесінде зерделенді | |||||
15. | Барлығы әскери қызметшінің жеке өтініші бойынша зерделенді | |||||
Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеу | ||||||
16. | Барлығы бөлімшелер зерделенді | |||||
17. | Барлығы жаңадан құрылған бөлімшелер зерделенді | |||||
Жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу | ||||||
18. | Барлығы зерделенді | |||||
19. | Пайдаланылған әдістемелер атауы | |||||
20. | Барлығы әңгімелесулер мен тренингтер өткізілді | |||||
Өз-өзіне қол жұмсау профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс | ||||||
21. | Барлығы өз-өзіне қол жұмсау тәуекелінің жоғары деңгейімен анықталған әскери қызметшілер (азаматтық персонал) | |||||
22. | Барлығы медициналық (психиатриялық) қарап тексеруге жіберілгендерді | |||||
23. | Барлығы психологиялық денсаулық көрсеткіштері бойынша ҚР ҚК қатарынан шығарылды | |||||
24. | Барлығы осы Қағидалардың 64-тармағына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілді | |||||
Жеке құраммен психологиялық даярлық | ||||||
25. | Барлығы жауынгерлік даярлық іс-шаралары барысында іс-шаралар өткізілді | |||||
26. | Барлығы арнайы сабақтар мен тренингтер өткізілді | |||||
Жеке құрамға психологиялық көмек көрсету | ||||||
27. | Барлығы жеке құрамның бастамасы бойынша консультациялар өткізілді | |||||
28. | Барлығы қолбасшылықтың бастамасы бойынша консультациялар өткізілді | |||||
29. | Барлығы психологтың бастамасы бойынша өткізілді | |||||
30. | Барлығы лауазымды адамдармен консультациялар өткізілді | |||||
31. | Барлығы тренингтер өткізілді | |||||
Жеке құрамды психологиялық ағарту | ||||||
32. | Барлығы командирлік (кәсіби) даярлық (сабақ тақырыбы) жүйесінде сабақтар өткізілді | |||||
33. | Барлығы дәрістер өткізілді | |||||
34. | Барлығы тренингтер өткізілді | |||||
35. | Барлығы кітапшалар, бюллетеньдер, плакаттар және басқа да ақпараттық материалдар әзірленді | |||||
Динамикалық бақылау тобымен жұмыс | ||||||
36. | Барлығы зерделеу жүргізілді (адам саны) | |||||
37. | Барлығы консультациялар өткізілді |
Ескертпе:
МҚӘ – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
КШӘ – қатардағы жауынгер және сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілер;
ОФ – офицерлер;
АП – азаматтық персонал.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Динамикалық байқау журналы
Р/с № | Әскери атағы, Т.А.Ж. (болған жағдайда), бөлімшесі | Есепке қойған күні және себебі, тексеру мәліметтері | Психологиялық-профилактикалық іс-шаралар | Ескертпе |
1. | ||||
2. |
Ескертпе:
1. "Ескертпе" деген бағанында бөлімше лауазымды адамдарының танысқаны туралы белгі қойылады.
2. ҚР ҚК-ден денсаулық жағдайы бойынша шығарылған немесе басқа бөлімге ауысқан кезде журналға тиісті белгі жасалады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулер журналы
Р/с № | Әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Бөлімше | Туған жылы | Әңгімелесу нәтижелері | Ұсыныстар | Ескертпе |
Әңгімелесу өткізілген күні | ||||||
1. | ||||||
2. |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсуге жіберілген әскери қызметшілерді психологиялық тексеру АКТІСІ
Р/с № | Әскери атағы | Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Психологиялық зерделеу нәтижелері | Қорытындылар | Ескертпе |
№ 1 бөлімше | |||||
1. | |||||
2. | |||||
№ 2 бөлімше | |||||
3. | |||||
4. |
Психологиялық жұмыс маманының лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары, қолы
20__ жылғы "__" _________
Ескертпе:
1. "Психологиялық зерделеу нәтижелері" деген бағанында жеке тұлғаның жекелеген қасиеттерінің белгісін көрсетумен психологиялық тестілеу нәтижелері көрсетіледі.
2. "Қорытындылар" деген бағанында психологиялық жұмыс маманының ұсынысы жазылады (ұсынылады, шартты түрде ұсынылады немесе ұсынылмайды).
3. "Ескертпе" деген бағанында жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет өткеруге кедергі жасайтын қосымша жағдайлар, сондай-ақ әңгімелесулер мен байқау нәтижелері сипатталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
|
Нұсқа |
Психологиялық көмекке өтініш білдірген адамдарды есепке алу журналы
Р/с № | Әскери атағы, (бөлімше) | Т.А.Ә (болған жағдайда) | Туған күні | Психологиялық мәртебесі | Тексеру нәтижелері | Көрсетілген психологиялық көмек | Ескертпе |
1. | |||||||
2. |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларында 9-қосымша |
|
Нысан |
Психологиялық іріктеу (зерделеу) картасы
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні: __________________________________________________________
Туған жері: __________________________________________________________
Білімі: ______________________________________________________________
Шақырылатын лауазымы: ______________________________________________
Отбасы жағдайы: _____________________________________________________
Ұлты: _______________________________________________________________
Психологиялық зерделеу нәтижелерін сипаттау I. Интеллектуалдық қабілеттері және психикалық тану процестері II. Жеке ерекшеліктері
Қорытынды: _________________________________________________________
Лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары, психологиялық жұмыс маманының қолы
20__ жылғы "__" _______
Ескертпе:
Қажет болған кезде психологиялық іріктеу картасына қосымша психологиялық зерделеу материалдары (графиктер, схемалар, кестелер, бланкілер) қоса беріледі.