Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30165 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 13 қазандағы
№ 911 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери басқару органдарындағы, әскери бөлімдердегі (мекемелердегі), бөлімшелердегі ҚР ҚК-ның жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есептік-жоспарлау құжаттамасының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада мазмұндалған.

      3. ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі күнделікті қызметте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағаланады.

2-тарау. ҚР ҚК-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі

1-параграф. ҚР ҚК-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру

      4. Тәрбие жұмысы жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің анағұрлым пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Онда тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері арнайы дайындаған ақпараттық материалдар негізінде, жеке құрамда дүниетанымдық құндылық жүйесін және әскери-патриоттық сананы қалыптастыратын ақпараттық оқыту мен тәрбиелеу нысандарымен және әдістерімен органикалық түрде үйлескен, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.

      5. Тәрбие жұмысы жеке құрамды әскери-саяси бейімдеуге, қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негіздерін, мемлекеттік мүддені және жоғары рухани қажеттілікті оның санасында және мінез-құлқында дарыту негізінде жоғары моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыруға бағытталған.

      6. ҚР ҚК-дағы тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:

      1) жеке құрамда жоғары рухани мәдениетті және адамгершілікті, мемлекеттік дүниетанымдықты және әлеуметтік белсенділікті дарыту;

      2) мемлекеттік саясат негіздерін және қазақстандық қоғамды дамыту мен қайта құру саласында ел басшылығы қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылық пен біліктілік дәрежесін арттыру;

      3) әскери қызметшілерде ҚР ҚК-ның тағайындалуын, оның құрылысының, жұмыс істеу ерекшелігін және алдыда тұрған жоғары жауынгерлік әзірлікті қолдау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өз орнын терең түсінуді тәрбиелеу;

      4) әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасын қорғауға моральдық және психологиялық тұрғыдан дайын болуды, ҚР ҚК-ге тиесілігі үшін мақтан тұтуды және жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау;

      5) әскери істі, өзінің әскери мамандығын меңгеруге, қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәсілдерін меңгеруге ұдайыынта-жігерді дамыту болып табылады.

      7. Тәрбие жұмысының негізгі нысандарына:

      1) мемлекеттік-құқықтық даярлау;

      2) жеке құрамды ақпараттандыру;

      3) ақпараттық телебағдарламаларды, радиобағдарламаларды, аудиоматериалдар мен бейнематериалдарды тыңдау және көру;

      4) бөлімшелер (бөлімдер) командирлері мен олардың орынбасарларын, әскер тектері мен қызметтер бастықтарын бағыныстылармен тәрбие жұмысын жүргізу нысандары мен әдістеріне үйрету;

      5) тақырыптық кештер мен жеке құрам жиыны;

      6) жеке құрамның ҚР ҚК қолбасшыларымен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет қайраткерлерімен кездесуі;

      7) тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу;

      8) жеке тәрбие жұмысы;

      9) аудиоматериалдар мен бейнематериалдар, ақпараттық-анықтамалық материалдар, жадынамалар, жауынгерлік үнпарақтар, үнпарақ-лездемелер дайындау және шығару;

      10)әскери қылмыс жасағаны үшін сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери сот үкімдерін жеткізу;

      11) офицерлер жиыны жатады.

      8. Тәрбие жұмысының негізгі құралдарына:

      1) мәдени-демалыс мекемелері;

      2) ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері;

      3) кітапханалар;

      4) полиграфия жабдығы;

      5) техникалық тәрбие құралдары;

      6) жылжымалы ақпарат кешендері;

      7) көрнекі ақпарат құралдары жатады.

      9. Тәрбие жұмысының негізгі әдістеріне:

      1) ақпараттандыру;

      2) сендіру, оқу-ағарту;

      3) үйрету;

      4) насихаттау;

      5) үгіт-насихат;

      6) нұсқау беру;

      7) сын айту;

      8) дискуссия жатады.

      10. Әскери басқару органдарындағы тәрбие жұмысының іс-шаралары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі негізгі тәрбие іс-шаралары жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      11. Тәрбие жұмысының іс-шаралары күн тәртібіне, сондай-ақ бөлімшелердің сабақ кестелеріне енгізіледі.

2-параграф. ҚР ҚК-да мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру

      12. Мемлекеттік-құқықтық даярлық (бұдан әрі – МҚД) ҚР ҚК алдында тұрған міндеттерді шешуде ақпараттық қамтамасыз етудің анағұрлым пәрменді құрамдасының бірі болып табылып, әскери ұжымға ақпараттық-идеологиялық және тәрбиелеу тұрғысынан ықпал етудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      13. МҚД барлық әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде (мекемелерде) ротаға (батареяға, корабльге) дейін және оларға теңестірілгендерді қоса алғанда, жеке құрамның барлық санатымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      14. МҚД әскери қызметшілер санасында қазақстандық патриотизм сезімін, Отанды қорғау бойынша конституциялық және әскери борышына адал болуды түсінуді қалыптастыруға бағытталған.

      15. МҚД-ның негізгі міндеттері:

      1) жеке құрамда жоғары рухани мәдениетті және адамгершілікті, мемлекеттік дүниетанымдық пен әлеуметтік белсенділікті дарыту, оған мемлекеттік саясат негіздерін және қазақстандық қоғамды дамыту мен өзгерту саласында ел басшылығы қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық хабардар болу және сауаттылық дәрежесін арттыру;

      2) ҚР ҚК алдында тұрған заңдылықты, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайтуға, жеке құрам арасында құқық бұзушылықты, қаза табу және жарақаттану фактісін алдын алуға, армия ортасында теріс ақпараттық ықпал етуге қарсы әрекет етуге бағытталған міндеттерді идеологиялық қамтамасыз ету;

      3) жеке құрамда ерік-жігердің мықты болуын, корпоративтік рух пен ұйымшылдықты нығайту, әскери ұжымда салауатты моральдық-ізгілік ахуалды қолдау;

      4) армияны дамыту мен кәсібилендіру процесінде жеке құрамды кешенді тәрбиелеу аспектісін (идеологиялық, әскери-патриоттық, құқықтық, рухани-ізгілік, эстетикалық) одан әрі дамыту;

      5) әскери (еңбек) ұжымда басшылық жасау (басқару) бойынша практикалық әрекетте лауазымды адамдардың құқықтық, психологиялық және педагогикалық білімін, дағдысы мен машығын жетілдіру болып табылады.

      16. МҚД бойынша сабақ оқу жылына бекітілген бірыңғай тақырыптық жоспар және күнтізбелік жоспар бойынша әскери қызметшілердің мынадай санаттары бойынша тұрақты негізде өткізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, әскер түрлері бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының офицерлерімен – 20 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;

      2) жергілікті әскери басқару органының, медициналық мекеменің, әскери оқу орнының, аудандық пайдалану бөлімінің, әскери бөлімнің (бригаданың, полктің, корабльдің, базаның, арсеналдың, жеке батальонның, дивизион мен ротаның) және бөлімшенің (желілік батальонның, дивизионның, ротаның, батарея мен оған теңестірілгеннің) офицерлерімен – 50 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;

      3) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – 30 оқу сағатын қоса алғанда, 100 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 4 оқу сағаты резервке бөлінеді;

      4) сарбаздармен (матростармен) – 160 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 6 сағат резервке бөлінеді;

      5) далалық жорық және бітімгершілік миссияға қатысу уақытында мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақ хабардар ету түрінде санаттар бойынша аптасына 2 рет 1 сағаттан өткізіледі.

      Әскери оқу орнының тәрбиеленушілері, ұландары, кадеттері, курсанттары, тыңдаушылары МҚД бойынша сабаққа тартылмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жеке құраммен МҚД бойынша сабақ таңертеңгі уақытта мынадай есеппен өткізіледі:

      1) офицерлермен – айына 2 рет (бірінші және үшінші дүйсенбі) екі оқу сағатынан;

      2) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – аптасына 1 рет дүйсенбі күні екі оқу сағатынан;

      3) мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгерлерімен – аптасына 2 рет дүйсенбіде және жұмада (авиациялық базалар үшін – дүйсенбіде және бейсенбіде) 2 оқу сағатынан.

      18. МҚД топтарының жетекшілерімен нұсқау беру-әдістемелік сабақ әскери бөлімдерде (мекемелерде) – "Тәрбиеші күні" шеңберінде апта сайын әр сәрсенбіде бір оқу сағатынан ұйымдастырылады және өткізіледі.

      19. МҚД, әскери психология және педагогика бойынша сабақ уақыты, орны мен өткізу тәртібі жаңа оқу кезеңі басталар алдында айқындалады.

      20. МҚД топтарының жетекшілері болып мыналар тағайындалады:

      1) әскери бөлімдер (мекемелер) басқармаларының офицерлерімен – әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы);

      2) батальон (дивизион) офицерлерімен – батальон (дивизион) командирі;

      3) сержанттар құрамының лауазымында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен – әскери бөлім (мекеме), бөлімше командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      4) қатардағы құрамның лауазымында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – рота (батарея) командирі (командир орынбасары);

      5) мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен – взвод командирі.

      21. МҚД топтары әскери қызметшілерінің сандық құрамы тиісті әскери басқару органы басшысының, әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) шешімімен 30 адамнан аспайтын болып айқындалады.

      22. Оқу жылына арналған ҚР ҚК жеке құрамымен МҚД бойынша сабақтың бірыңғай тақырыптық жоспары (бұдан әрі – Тақырыптық жоспар) жаңа оқу жылына жасалады.

      23. Тақырыптық жоспар сабақтың оқу курсын көздейді, ол негізгі екі бөлімнен тұрады:

      1) МҚД (барлық санаттағы әскери қызметшілер үшін);

      2) әскери психология және педагогика (командалық буын офицерлері, сержанттары (старшиналары) және бағынысында жеке құрам бар лауазымды адамдар үшін).

      24. Тақырыптық жоспарда хронологиялық тәртіппен жасалған бөлімдер (кіші бөлімдер) бойынша сабақ тақырыптары көрсетіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тақырыптарды зерделеу тәртібін (сабақ өткізу күнін, уақытын, нысандары мен әдістерін) оқу жылына арналған МҚД бойынша күнтізбелік сабақ жоспарында тиісті әскери басқару органының (ҚР ҚК бас басқармасының, ҚР ҚК түрінің, әскер тегінің, өңірлік қолбасшылығының, әскери бөлімнің, мекеменің, әскери оқу орнының) бірінші басшысы (штабы) айқындайды.

      26. Инспекторлық, қорытындылау және бақылап тексеру, МҚД бойынша бақылау сабағын өткізу кезеңінде білім жаңа оқу жылынан бастап зерделенген МҚД тақырыптары ауқымында 4 балдық жүйе бойынша бағаланады: "үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз".

      27. Тестілеуді (жазбаша сауалды) сонымен қатар МҚД топтарының жетекшілері журналға баға қоюмен әрбір зерделенген тақырыптан кейін әскери қызметшілердің оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында пайдаланады.

      28. Бұл ретте, егер бақылау сұрақтарының жалпы санынан дұрыс жауап саны мыналарды құраса, әскери қызметшілерді тестілеу үшін мынадай баға қойылады:

      "үздік" – 90 %-тен жоғары;

      "жақсы" – 75 %-тен 90 %-ке дейін;

      "қанағаттанарлық" – 50 %-тен 75 %-ке дейін;

      "қанағаттанарлықсыз" –50 %-тен төмен.

      29. МҚД бойынша оқу топтарын (бөлімшелерді, әскери бөлімдерді, мекемелерді) бағалау мынадай есеппен әскери қызметшілердің жеке бағалары негізінде айқындалады:

      "үздік", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 90 %-і оң баға алса, олардың ішінде кемінде 60 %-і "үздік" деген бағадан төмен емес;

      "жақсы", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 90 %-і оң баға алса, олардың ішінде кемінде 60 %-і "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "қанағаттанарлық", егер тексерілетін әскери қызметшілердің кемінде 80 %-і оң баға алса;

      "қанағаттанарлықсыз", егер "қанағаттанарлық" деген бағаны айқындау үшін шарттар орындалмаса.

3-параграф. Мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету

      30. Мәдени-демалыс жұмысы ҚР ҚК-да барлық тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс кешенінің бір бөлігі болып табылады. Ол оның басқа бағыттарымен тығыз бірлікте және үйлесімділікте жүргізіледі, олардың ішінде әскери қызметшілерді идеологиялық, әскери-патриоттық, әскери, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу және әскери басқару органдарының басшылары жүзеге асыратын әскери қызметшілерде қажетті моральдық-жауынгерлік қасиетті қалыптастыруға бағытталған өзге де іс-шаралар болып табылады.

      31. Әскери басқару органдарында жүргізілетін мәдени-демалыс жұмысы:

      1) жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік даярлық міндеттерін орындауға;

      2) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік қызметті, қарауылдық және ішкі қызметтерді үлгілі орындауға;

      3) әскери қалашықтарды, казармаларды, парктерді үлгілі жай-күйде ұстауға бағытталған.

      32. ҚР ҚК-да мәдени-демалыс жұмысында әртүрлі нысандар, әдістер, күштер мен құралдар бар, оларды білікті пайдалану әскери қызметшілерде жоғары моральдық-жауынгерлік қасиетті қалыптастыруға, олардың рухани-эмоционалдық жай-күйін қолдауға, жауынгерлік міндеттерді табысты шешуге жұмылдыруға ықпал етеді.

      33. Әскери басқару органдарында мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің жүйесі:

      1) жеке құрамға теле, радио, кино және бейне қызметін көрсетуді;

      2) әскерлерді әдебиетпен және мерзімді жарияланыммен қамтамасыз етуді;

      3) кәсіби және көркемөнерпаз ұжымының, мәдениет қайраткерлерінің, үгіт-насихат, мәдени-көркем шығармашылық бригадаларының және басқа да шығармашылық ұжымның өнер көрсетуін ұйымдастыруды;

      4) жеке құрамның демалуына және моральдық рухын көтеруге ықпал ететін спорттық ойындарды және басқа да жаппай мәденижәне спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуді;

      5) белсенділермен әдістемелік жұмысты;

      6) әскери музей, көрме жұмысы үшін материалдар жинауды қамтиды.

      34. Мәдени-демалыс жұмысының негізгі құралдарына:

      1) мәдениет үйлері;

      2) гарнизондық офицерлер үйлері;

      3) мәдени-демалыс орталықтары;

      4) жылжымалы ақпараттық кешендер;

      5) әскери музейлер;

      6) жауынгерлік даңқ бөлмелері (каюталар) жатады.

      35. Мәдени-демалыс жұмысы әскери басқару органдарын даярлау, оқу-тәрбие процесін, әскери басқару органдары шешетін басқа да міндеттерді жоспарлау жөніндегі құжаттарда жеке бөлімде сипатталады.

      36. Даярлық кезеңіне және жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы іс-шараларын өткізу, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, жедел және жауынгерлік даярлық, қарауылдық және гарнизондық қызметтер барысында оларды моральдық-психологиялық, оның ішінде мәдени-демалыспен қамтамасыз ету жоспарланады.

      37. Гарнизондық офицерлер үйлерінде, мәдени-демалыс орталықтарында және клубтарда мәдени-демалыс жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарлар негізінде жоспарланады және ұйымдастырылады. Олар әскери басқару органдарының жеке құрамын үйрету және тәрбиелеу міндеттерін ескеріп әзірленеді.

      38. Мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру жүйесі элементтерінің бірі әскери қалашық, әскери басқару органы аумағында әскери қызметшілерді әскери-патриоттық, әскери, ізгілік және эстетикалық тәрбиелеу бойынша көмекші сипаттағы міндеті бар көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалану болып табылады.

      39. Жеке құрам далалық сабаққа немесе оқу-жаттығуға кеткен кезде бөлімшелер жорықтық көрнекі үгіт-насихат жиынтығымен жабдықталады.

      40. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. ҚР ҚК-де техникалық тәрбие құралдарын және мәдени тұрғыдан оқу-ағарту мүлкін, баспаханалардың полиграфиялық жабдығы жиынтығын есепке алу және есептен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру

      42. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыруды әскери басқару органдарының басшылары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі, құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарлары (көмекшілері), тәрбие жұмысы органдарының (басқармаларының, бөлімдерінің, қызметтерінің) офицерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдар қамтамасыз етеді.

      43. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құралдарына әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар (брошюралар, буклеттер, жадынамалар), бөлімшелердегі құқықтық біліктілік бұрыштамасы, әскери-әлеуметтік тақырыпқа деректі фильмдер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы айдарлар, көрнекі ақпарат құралдары, техникалық тәрбие құралдары жатады.

      44. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс іс-шараларын іске асыру ҚР ҚК-дағы әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау мүддесінде әскери қызметшілердің санасына тәрбиемен ықпал ету нысандарының, әдістері мен тәсілдерінің бірегейлігі мен үйлесімділігін көздейтін кешенді жүйелі ұстанымды білдіреді.

      45. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс:

      1) әскери-әлеуметтік жұмысты;

      2) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмысты;

      3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты қамтиды.

      46. Әскери-әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеттері:

      1) әскери ұжымда және әскери басқару органы орналасқан ауданда әлеуметтік процестің дамуын зерделеу және болжау;

      2) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін айқындау;

      3) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру жөніндегі басқару шешімдерін пысықтау, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру;

      4) әскери қызметшілерге жеке әлеуметтік көмек көрсету;

      5) командирлерді бағыныстыларды әлеуметік қорғауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтік істің құқықтық негіздеріне үйрету;

      6) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәселелерін қарау;

      7) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын тиімді шешу мақсатында мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұстау болып табылады.

      47. Әскери басқару органдарындағы әскери-әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысандарына:

      1) әскери қызметшілерге тиесілі жабдықталым нормаларының толық жеткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      2) жеке құрамды әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жеке және ұжымдық консультация беру;

      3) әскери қызметшілердің барлық санатымен әлеуметтік-құқықтық тақырып бойынша сабақ (дәріс, ақпараттандыру, семинар, әңгімелесу) өткізу;

      4) социологиялық сауал (сауалнама);

      5) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу жатады.

      48. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс ҚР ҚК әскери қызметшілерінің отбасындағы отбасы құндылығын нығайту және моральдық-психологиялық ахуалды салауаттандыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау арқылы әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін, қатаң әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

      49. Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі міндеттер:

      1) әскери қызметшілердің отбасында моральдық-ізгілік ахуалды зерделеу, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне және олардың әскери қызметті өткеру сапасына теріс ықпал ететін жағдай мен факторларды анықтау;

      2) әскери қызметшілердің отбасына консультативтік, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қажетті көмек көрсету;

      3) қолбасшылыққа туындайтын проблемалық мәселелерді шешуде уақтылы шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      50. Әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс тиімділігіне:

      1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жүргізілетін іс-шаралардың заңдылықты, әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі қолбасшылық профилактикалық қызметінің міндеттерімен үйлесімділігімен;

      2) жергілікті атқарушы органдармен, сержанттар кеңестерімен, әйелдер кеңестерімен, бөлімше белсенділерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырумен;

      3) әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамдарын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру, тәрбиелеу, консультативтік және жаппай мәдени жұмысын жүргізуге тартумен;

      4) ынталандырудың және әлеуметтік қолдаудың, саналы және шығармашылық бастаманы дамытудың және көтермелеудің әртүрлі нысандарын қолданумен;

      5) әскери қызметшілердің отбасымен жүргізілетін жұмысты өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етумен қол жеткізіледі.

      51. Лауазымды адамдардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі әскердің тыныс-тіршілігі, тұрмыс жағдайын және ерекшелігін ескеріп, әскери басқару органдарының басшылығымен, ротаға (батареяға) дейінгіні қоса алғанда, әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

      52. Лауазымды адамдардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары:

      1) командирлерге (бастықтарға), тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарына әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінде жоғары моральдық-іскерлік және рухани-ізгілікқасиетті, отбасы мәдениеті менөзін-өзі ұстау әдебін қалыптастыру бойынша көмек көрсету;

      2) әскери қызмет беделін және имиджін арттыру, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінде Отан қорғаушы кәсібіне деген мақтаныш пен құрметтеу сезімін дарыту;

      3) әскери ұжымда салауатты моральдық-ізгілік ахуалды қалыптастыру бойынша әскери қызметшілердің отбасын психологиялық тұрғыдан қолдау және біріктіру;

      4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет саясатын, ұлтаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалды идеология мәнін түсіндіру мақсатында діни тұрғыдан сауаттандыру;

      5) әртүрлі әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық проблемаларды шешу кезінде көп балалы және жас отбасына, қаза тапқан әскери қызметшілер отбасына көмек көрсету;

      6) әскери қызметшілер отбасының демалысын ұйымдастыру, оң салт-дәстүрді, әдет-ғұрып пен әскери жоралғыны танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, халық шығармашылығына, көркемөнерпаздыққа тарту;

      7) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелермен әскери қызметшілердің балаларын патриоттық тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру демалысы мен демалуы, олардың шығармашылық қабілетін ашу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      8) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери қалашықтарды, көшелерді, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, спорттық және балалар алаңдарын көркейту жөніндегі жұмысқа тарту;

      9) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу мүддесінде өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      53. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру негізін қалайтын қағидаттар:

      1) жеке және сараланған тәсіл;

      2) жеке сипаттағы мәліметтерді құпияда сақтау;

      3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен өзара сыйластық, келісім және достық негізінде тұрақты және сенімді қарым-қатынас орнату;

      4) әлеуметтік серіктестік қағидаттарын, гендерлік теңдікті, құрылымдық өзара іс-қимылды және озық жұмыс тәжірибесімен алмасуды дамыту.

      54. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың негізгі нысандарына:

      1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру және психологиялық-әлеуметтік жұмысты жүргізу арқылы әскери қызметшілердің отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу (тәрбие, профилактикалық және құқықтық сипаттағы әңгімелесу мен дәріс, жеке әңгімелесу, социологиялық сауал, анонимдік сауал, тренинг, консультация мен бейресми әңгімелесудің басқа да нысандары);

      2) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, моральдық-психологиялық ахуалды, отбасылық өзара қарым-қатынас саласында проблемалардың бар болуын зерделеу мақсатында әскери қызметшілердің отбасына бару;

      3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқау беру-әдістемелік (оқу-жаттығу) жиындар (гарнизондарға сапармен);

      4) қолбасшылықтың қатысуымен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, банк секторының өкілдерін шақырып, сұрақ және жауап кеші, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесу;

      5) патриоттық, рухани-ізгілік және отбасы құндылығын нығайту бойынша әртүрлі идеялық және гуманитарлық бағыттағы тақырыптық кеш;

      6) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін тартумен рота (батарея) ауқымында әскери қызметшілердің отбасы мүшелері үшін "Ашық есік күнін", дөңгелек үстел, диспут, кездесу, көркемөнерпаз байқау-конкурсын, портрет-кешті және жауынгерлік жарыс озаттарын марапаттау, демалыс кешін, жастар және офицерлер балын, экскурсия, қайырымдылық және еске алу акциясын, спорттық мереке мен сайыс, театрландырылған көрініс пен концерт, балалар таңертеңгілігін, "ерлік сабақтарын" және басқа да жаппай мәдени іс-шараларды өткізу жатады.

      55. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқау беру-әдістемелік сабақ (оқу-жаттығу жиыны):

      1) әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, ҚР ҚК бас басқармаларында – жарты жылда бір реттен сиретпей;

      2) Қорғаныс министрлігінде, ҚР ҚК түрлерінде – бір жылда бір рет ұйымдастырылады және өткізіледі.

      56. Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыстың негізгі міндеттері:

      1) әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылық, қаза табу мен жарақаттану профилактикасы, олардың заңдылықты мүлтіксіз сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ командирлердің (бастықтардың) тәртіптік практиканы дұрыс жүргізуі бойынша талдау, бағалау, пәрменді шараларды әзірлеу және іске асыру;

      2) нақты деректер негізінде әскери қызметшілердің тәртібі деңгейін объективті анықтап, әскери қызметшілердің тәртіптілігін тәрбиелеу бойынша лауазымды адамдардың жұмысын бағалай білу;

      3) командирлерге (бастықтарға), сондай-ақ әскери бөлімдерде (мекемелерде) әрекеттегі жеке құраммен профилактикалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі комиссияларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      4) кадр оқыту, іріктеу және орналастыру, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ұйымдастырушылық қызметтің озық тәжірибесін жинақтау және лауазымды адамдардың жұмыс тәжірибесіне енгізу болып табылады.

      57. Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыс мынадай нысандарды іске асыру арқылы ұйымдастырылады және өткізіледі:

      1) әскери басқару органдарында қолданыстағы заңнама негізгі ережелерінің орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыру;

      2) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алуды, талдауды, бағалауды және қорытындылауды ұйымдастыру;

      3) лауазымды адамдардың бағынысты әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің (әскерлер қызметінің) жай-күйі туралы баяндауы, жеткізілімі, жедел хабарламасы.

      57-1. Әскери бөлімде (мекемеде) құқық бұзушылықты түбегейлі жою және алдын алу мақсатында бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілермен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      Бақылау күшейтілген топқа әскери тәртіпті жүйелі бұзуға бейім әскери қызметшілер, оның ішінде мынадай адамдар алынады:

      1) күнтізбелік жыл ішінде қылмыстық қылық, үш және одан көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;

      2) теріс себеп бойынша ҚР ҚК қатарынан және әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығарылғанға дейін сынақ мерзімін белгілеумен шартты жазалау шарасына сотталған әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер (офицерлер, сарбаздар);

      3) қызметтен тыс уақытта күнтізбелік жыл ішінде спирттік ішімдікті ішуге жол берген, оның ішінде масаң күйде болу дәрежесіне қарамастан, қоғамдық орында алкогольдік (есірткілік) масаң күйде ұсталған;

      4) әскери атағы (лауазымы) бір сатыға төмендетілген не қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер;

      5) бөлімше, әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына олардың күнтізбелік жыл ішінде жол берілген құқық бұзушылық (әкімшілік, қылмыстық) туралы уақтылы баяндамаған, оның ішінде құқық қорғау органы анықтағаннан кейін бөлімше, әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына мәлім болған жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлегені туралы ақпаратты жасырған;

      6) жеке құрамды зерделеу барысында ұжымдық (қоғамдық) пікірге және әскери ұжымда болып жатқан әлеуметтік процеске теріс ықпал ететін теріс бағыттағы жасырын көшбасшы ретінде анықталған.

      Осы санаттағы әскери қызметшілерге әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығы тарапынан ерекше назар аудару мен күшейтілген бақылау талап етіледі. Олармен құқықтық, ақпараттық-түсіндіру профилактикалық әңгімелесу арқылы нақты жеке-тәрбие жұмысы жүргізіледі.

      Бұл әскери қызметшілер бақылау күшейтілген топқа алынады, одан әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына жазған әскери бөлім (мекеме) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының баянаты негізінде шығарылады.

      Бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілерді есепке алуды әскери бөлім (мекеме) тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің (бөлімшесінің) әскери тәртіп жөніндегі офицері (аға офицері) жүзеге асырады.

      Бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілермен жүргізілетін профилактикалық жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. ҚР ҚК-да психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі

1-параграф. ҚР ҚК-да психологиялық жұмысты ұйымдастыру негіздері

      58. ҚР ҚК-да психологиялық жұмыс жеке құрамның тағайындалуы бойынша міндеттерді орындауға психологиялық тұрғыдан дайын болуын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      59. ҚР ҚК-да психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:

      1) жеке құрам жеке басының ерекшелігін психодиагностикалау;

      2) бөлімшелерде топтық процесті зерделеу;

      3) өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының психологиялық профилактикасы;

      4) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан даярлау;

      5) жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;

      6) жеке құрамға психологиялық көмек;

      7) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан баулу.

      60. Лауазымды адамдар психологиялық жұмысты ұйымдастыру, тәрбиелеу ісі және әскери қызметшілерді үйрету шеңберінде жүргізеді.

      61. ҚР ҚК-да психологиялық жұмысқа жалпы басшылық жасауды Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      62. Жеке құрамды зерделеу құралдарымен әдістемелік қамтамасыз етуді ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Психологиялық жұмыс нәтижесі туралы жеткізілім бағыныстылық тәртібінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:

      1) әскери бөлім (мекеме) – ай сайын;

      2) өңірлік қолбасшылық, әскер тегі және жергілікті әскери басқару органы – тоқсан сайын;

      3) әскер түрі және бағынысты әскери бөлімі (мекемесі) бар Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және ҚР ҚК құрылымдық бөлімшесі – оқу кезеңінің қорытындысы бойынша.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Психологиялық жұмыстың жай-күйі туралы апталық есеп психологиялық жұмыс мамандарының бағыныстылығы бойынша әр дүйсенбіде ауызша баяндалады.

2-параграф. Жеке құрам жеке басының ерекшелігін (жеке басының қасиетін) психодиагностикалау

      65. Психологиялық жұмыс мамандары жеке құрамның жеке ерекшелігін (жеке қасиетін) диагностикалауды ұйымдастырады және жүргізеді.

      66. Жеке құрамды диагностикалау топтар (бөлімшелер) құрамында және жеке жүргізіледі. Зерделеу кезіндемынадай әдістер пайдаланылады: құжаттар мен өмірбаяндық деректерді талдау, жеке әңгімелесу, сауалнама, психологиялық тестілеу, қадағалау және сауал.

      67. Жеке құрамды диагностикалау мынадай міндеттерді шешеді:

      1) жас буынды әлеуметтік-психологиялық зерделеу және психологиялық тұрғыдан қарап-тексеру;

      2) бос әскери лауазымға қабылдау мүддесінде жеке құрамды зерделеу;

      3) әртүрлі девианттық мінез-құлық нысанына бейім төмен нервтік-психикалық тұрақтылық белгілері бар адамдарды анықтау;

      4) жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік қызметке, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін адамдардың психологиялық тұрғыдан дайын болу деңгейін анықтау;

      5) әскери қызметшілерді жоғары эмоционалдық және нервтік-психикалық тұрақтылықты талап ететін оқу-жаттығу, оқу-жауынгерлік және оқу-жаттықтыру міндеттерінің жекелеген түрін орындауға жіберу.

      Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67-1. Оқу-жаттығу, оқу-жауынгерлік және оқу-жаттықтыру міндеттерінің жекелеген түріне мыналар жатады:

      1) оқу-жаттығу ұшуы;

      2) арнайы тапсырма бойынша ұшу;

      3) әуе-десанттық даярлық шеңберінде парашютпен секіру;

      4) сайыс пен армиялық ойынға қатысу;

      5) бітімгершілік миссияға қатысу;

      6) төтенше жағдай салдарын жою, аумақты жарылу қаупі бар заттардан тазарту бойынша қызметтік іссапарға жіберу.

      Ескерту. Қағида 67-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Әскери қызметшілерді психодиагностикалау іс-шаралары:

      1) келісімшарт бойынша – бір жылда екі рет;

      2) мерзімді қызмет, курсанттармен, кадеттермен – әскери бөлімге (мекемеге) келісімен және бастапқы, тереңдетілген және кейінгі зерделеуді қамтиды;

      3) төтенше жағдайдың жауынгерлік әрекет ету аймағынан, бітімгершілік миссиядан, ұзақ мерзімді іссапардан, демалыстан, ұзақ емделуден қайтып оралған, басқа әскери бөлімнен (мекемеден) ауысып келген – келгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде.

      69. Бастапқы зерделеу әскери қызметшілер әскери бөлімге (мекемеге) келегеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде жүргізіледі және жалпы танысуға, психикалық жай-күйін бағалауға, әскери қызмет (үйрету) шарттарына бейімделу процесін айқындайтын жеке басының қасиеті мен сапасын, нервтік-психикалық тұрақтылықты анықтауға бағытталған.

      70. Әскери қызметшілерді бастапқы зерделеу қорытындысы бойынша тереңдетілген психологиялық зерделеуге жататын, сондай-ақ медициналық мамандардың кеңесіне мұқтаж адамдар айқындалады.

      71. Тереңдетілген зерделеу күнтізбелік 14 күн ішінде жүргізіледі және әскери қызметшінің тұлғасын толық зерделеуге және жеке және топтық деңгейде дағдарыс жағдайы себептері болып табылатын нақты жеке психологиялық ерекшелікті анықтауға, сондай-ақ оларды түзету жөніндегі ұсыныстарды пысықтауға бағытталған.

      72. Нервтік-психикалық тұрақсыздық, бейімделу қиын және депрессия белгісі бар, ауыр өмірлік, отбасылық-тұрмыстық және қаржылық қиындық, психофизиологиялық, тұлғалық проблема жағдайында жүрген суицид жасау қаупі деңгейі жоғары, психологиялық зерделеу нәтижесі бойынша жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер динамикалық қадағалау тобына алынады.

      Әскери қызметшілер әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) атына жазған баянаты негізінде динамикалық қадағалау тобына алынады (одан шығарылады).

      Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші бөлімшесінің командирі, сондай-ақ оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары баянаттың сыртқы жағына танысқаны туралы қолтаңбасын қояды және психологиялық жұмыс мамандарымен бірлесіп, бақылауды және профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.

      Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші қызмет орнын ауыстырған кезде оған ақпараттық анықтама жасалады, ол ауыстырылған қызмет орнына әскери қызметшінің жеке ісімен бірге жіберіледі.

      Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші емдеу мекемесіне жіберілген кезде емдеу мекемесінің басшылығы (қолбасшылығы) осы әскери қызметшінің динамикалық қадағалау тобында тұрғаны туралы жазбаша ескертіледі.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерді есепке алуды әскери бөлімнің (мекеменің) психологиялық жұмыс маманы жүзеге асырады. Бұл ақпарат жасырын болып табылады және жария етілмейді.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Жеке құрамды кейіннен зерделеу бөлімше командирлері, олардың орынбасалары және психологиялық жұмыс мамандары күнделікті тыныс-тіршілік процесінде, бірақ кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырады.

      74. Психологиялық зерделеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:

      1) "ұсынылады";

      2) "ұсынылмайды".

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Жеке құрамның өзіндік ерекшелігін (жеке қасиетін) диагностикалау қорытындысы бойынша психологиялық жұмыс маманы алынған нәтижені талдайды және әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына (басшылығына) психологиялық көмек көрсету, динамикалық қадағалау тобына алу, ұйымдық және басқарушылық шешім қабылдау талап етілетін адамдар туралы баяндайды.

      Бұл ақпарат жасырын болып табылады және жария етілмейді.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Психологиялық жұмыс маманы жүргізген жұмыс нәтижесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық жұмыс маманының жеке және топтық жұмыс нысанын есепке алу журналында есепке алынады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Бөлімшелердегі топтық процесті зерделеу

      77. Бөлімшелердегі топтық процесті зерделеу психологиялық жұмыс мамандары бөлімше командирлерімен және олардың орынбасарларымен бірлесіп, күнделікті қызмет процесінде ұйымдастырады және жүргізеді.

      78. Ішкі топтық процесті зерделеу социометрия және сауал әдісімен бір жылда екі рет жүргізіледі. Жаңадан құрылған бөлімшелерді зерделеу олар жасақталғаннан кейін 4 апта өткен соң жүргізіледі.

      79. Бөлімшелердегі топтық процесті зерделеуге:

      1) тұлғааралық қарым-қатынас құрылымын анықтауды;

      2) әрбір топ мүшесінің мәртебесін айқындауды;

      3) топтық ұйымшылдықты және үйлесімлідікті бағалауды қамтиды.

      80. Зерделеу нәтижесі әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына)баяндау (баянат) түрінде ұсынылады, онда бөлімше атауы, зерделенуге тиіс негізгі бағыттар, анықталған проблемалар сипаттамасы, тұжырым мен ұсыныстар көрсетіледі.

      81. Топтық процесті зерделеу жүргізілген бөлімше командирлеріне нәтиже, тұжырым мен ұсыным қолтаңбасын қойғызып жеткізіледі. Алған ақпарат мазмұны жария етілмейді.

      82. Бөлімше командирлері мен олардың орынбасарлары, сержанттар бөлімшелерде өз жұмысында ішкі топтық процесті зерделеу нәтижесін моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қолайлы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру, басқарушылық қызметті жетілдіру, әскери тәртіпті, ұйымшылдықты және құқық тәртібін нығайту, экипаждар мен есептоптарды ұтымды жасақтау үшін пайдаланады.

      83. Әскери ұжымды зерделеу процесінде алынған ақпарат құпия сипатта болады және жеке құрам арасында таратылмайды.

4-параграф. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу

      84. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеуді әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары), штаб (басқару органы), командирдің (бастықтың) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, психологиялық жұмыс мамандары және әскер қызметін ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдар ұйымдастырады.

      Әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары) психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымына сәйкес атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін жеке құрамды іріктеуді, орналастыруды жүзеге асырады.

      Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және психологиялық жұмыс маманына осы іс-шараны жүргізуде көмек көрсетеді.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу:

      1) моральдық-психологиялық жағдайы бойынша атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді жібермеу;

      2) кезекші есептоптарды, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін ауысымдарды қалыптастыру бойынша психологиялық ұсыным дайындау;

      3) әртүрлі жедел жағдай шартында әрекет ету кезінде психологиялық төзімділік пен дайын болуды қалыптастыру;

      4) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқару барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын мониторингтеу мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85-1. Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға:

      1) суицид жасау қаупі белгісі бар, суицид әрекетін жасаған, суицид жасаған туыстары, психологиялық, отбасылық-тұрмыстық және қаржылық проблемасы бар, сондай-ақ динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілер;

      2) каникулдық демалыстан келгеннен кейін психологиялық зерделеуден өтпеген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнының курсанттары, кадеттері жіберілмейді.

      Ескерту. Қағида 85-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85-2. Әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін психодиагностикалық зерделеу жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:

      1) "жіберіледі";

      2) "жіберілмейді".

      Ескерту. Қағида 85-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Оқу кезеңі басталар алдында жеке құрамды психологиялық зерделеу жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу актісі (бұдан әрі – акт) жасалады. Актіге әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қол қояды және оны әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) бекітеді.

      Жауынгерлік іс-қимыл, төтенше жағдай аймағынан, бітімгершілік миссиядан, ұзақ іссапар мен демалыстан, ұзақ емделуден кейін оралған, әскери бөлімнен (мекемеден) ауысып келген әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін олар келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде психологиялық зерделеу жүргізіледі. Нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес акт жасалады.

      Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер динамикалық қадағалау тобына алынады, оларға тұрақты бақылау жүзеге асырылады және бар проблеманы шешуде көмек көрсетіледі. Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер екі оқу кезеңі ішінде дәрігерге (психиатрға) консультацияға жіберіледі.

      Жеке құрамның қарауылда қызмет атқаруға даярлығын психологиялық сүйемелдеу үш кезеңде жүргізіледі:

      1) бірінші – нарядқа түскенге дейін екі-үш күн бұрын психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымын ескеріп, бөлімше командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуді, бөлуді және тағайындауды жүзеге асырады.

      Қарауылды, кезекші ауысымды, атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін есептопты құру кезінде оған түсетін адамдардың психологиялық үйлесімділігі ескеріледі. Психологиялық үйлесімділігі нашар – жанжалшыл, аразшыл, бір-біріне наразылығы мен орынсыз талабы бар әскери қызметшілердің бір қарауыл, бір кезекші ауысым, кезекші есептоп құрамына түсуіне жол берілмейді;

      2) екінші – нарядқа түсер алдындағы күні қарауылдың (кезекші ауысымның, кезекші есептоптың) жеке құрамымен психологиялық зерделеу жүргізіледі.

      Бір тәуліктен кейін атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметте түскен кезде психологиялық зерделеу түсетін күні жүргізіледі.

      Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін жеке құрамды зерделеу нәтижесі әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына баянатпен баяндалады. Баянатқа әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қол қояды.

      Әскери бөлім (мекеме) штабының бастықтары, бөлімше командирлері, командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары және әскер қызметін ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдар психологиялық зерделеуден өтпеген әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жібермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      3) үшінші – қарауылға түсетін күні қарауыл жасақталған бөлімше командирлері және олардың тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әскери бөлімнің (мекеменің) тәрбие және идеологиялық жұмыс органдары, психологиялық жұмыс мамандары практикалық сабақ барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қадағалау және сұрау арқылы мониторингтейді.

      Әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары), жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті ұйымдастыруды тексеру жөніндегі функциялар жүктелген лауазымды адамдар қызмет атқаруды тексеру барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қадағалау және әңгімелесу әдісімен бағалайды. Әскери қызметшілерде өзіне, қызметтік ісіне, әскери ұжымдағы тұлғааралық қатынастарға, отбасындағы жағдайға және (немесе) жеке өмірінің басқа да проблемасына қанағаттанбауынан туындаған психоэмоционалдық жай-күйінің өзгеру белгілері анықталған кезде осы әскери қызметшіні ауыстыру және оны психологиялық жұмыс маманына консультацияға жіберу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс

      87. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы профилактикасы ҚР ҚК жеке құрамы арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасын болғызбау, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайды жою мақсатында жүргізілетін ұйымдық, психологиялық, медициналық, тәрбиелік, әлеуметтік және құқықтық іс-шаралар кешенін білдіреді.

      88. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы профилактикасы жөніндегі жұмыс жалпы және арнайы бағыттағы іс-шараларды жүргізуді көздейді.

      Жалпы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар:

      1) психодиагностикалық іс-шаралар барысында келісімшарт бойынша әскери қызметке, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсетін азаматтар, сондай-ақ ҚР ҚК қатарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қатарынан мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау қаупі бар адамдарды анықтауды;

      2) жас буынды әскери қызмет жағдайына бейімдеу процесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді;

      3) жеке құрамда қызметтік істегі стресстік жағдайға психикалық тұрғыдан тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған сабақ (тренинг) ұйымдастыруды;

      4) жеке құрамның шамадан тыс шаршауын және психоэмоционалдық күйзелуіналдын алу үшін әскери қызметшінің қызмет уақытының және демалу уақытының тиімді режимін қамтамасыз етуді;

      5) әскери қызметшілердің жауынгерлік кезекшілікке, қарауылдық және ішкі қызметке түсер алдындағы психикалық жай-күйін бағалауды;

      6) әскери тәртіпті бұзуға бейім, ұжымда және отбасында жанжалдық өзара қарым-қатынасы бар, қызметтік міндеттерін ерекше жағдайда орындаған әскери қызметшілермен профилактикалық жұмыс жүргізуді;

      7) қызметтік ісэкстремалдық жағдайының әскери қызметшілердің денсаулық жай-күйіне теріс әсер етуі салдарын төмендетуге бағытталған оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды;

      8) әскери ұжымдағы топішілік процесті зерделеуді;

      9) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыруды, қызметтік ұжымда достық, жолдастық, өзара көмек атмосферасын, әрбір әскери қызметшінің жеке басының ар-намысынқұрметтеуді қолдауды;

      10) әскери ұжымдағы жанжалды уақтылы алдын алу және шешу;

      11) әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдігін іске асыруды;

      12) әскери бөлімдерде (мекемелерде)әскери қызметшілер бойындадұрыс құндылықты бағдарын, көзқарас пен көңіл-күйді, әлеуметтік оптимизмді қалыптастыратын қолайлы әлеуметтік-мәдени ортаны құруды;

      13) әскери қызметшілер арасында отбасы институтын нығайтуды, отбасылық қарым-қатынастың рухани-ізгілікдәстүрін дамытуды, тұрмысы қолайсыз отбасына консультативтік көмек көрсетуді және психологиялық тұрғыдан қолдауды;

      14) өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының профилактикасы мүддесінде дәстүрлі діни конфессиялардың, қоғамдық бірлестіктердің рухани-ізгілік әлеуетін пайдалануды;

      15) жеке құрамның құқықтық ақпараттандырылуын, қаржылық біліктілігін арттыруды, психикалық саулығын нығайтуды;

      16) әскери қызметшілердің мүддесін ескеріп, демалысты жақсартуды, дене шынықтыру сабағы және спорт үшін қажетті жағдай жасауды қамтиды.

      89. Арнайы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар:

      1) психологиялық жұмыс мамандары жүргізген психологиялық қарап-тексеру нәтижесі бойынша мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау қаупі бар әскери қызметшілерді анықтауды және олармен кейіннен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізуді;

      2) командирлерді (басшыларды) әскери қызметшілерде әлеуметтік-психологиялық бейімсіздік, мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілерін анықтау тәсілдеріне, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар әдістемесіне үйретуді;

      3) оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде және күнделікті тыныс-тіршілікте әскери қызметшілердің психикалық жай-күйін бақылауды;

      4) психикасы тұрақсыз, әскери мамандықты игеруде және дене бітімін дамытуда артта қалатын, тұрмысы қолайсыз отбасынан шыққан, спирттік ішімдік (есірткі) қолдануға бейім, құмар ойынға (лудоманияға) бейім, сондай-ақ қаржылық және отбасылық-тұрмыстық қиындығы бар әскери қызметшілерді жеке бақылауды;

      5) жіті дағдарыс жағдайы, мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілері анықталған әскери қызметшілермен жеке тәрбие және профилактикалық жұмыс жүргізуді, оларға алғашқы психологиялық қолдауды және көмек көрсетуді;

      6) мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар жіті дағдарыс жағдайындағы әскери қызметшілерді медициналық көрсеткіштер бойынша белгіленген тәртіппен медициналық мекемеге жіберуді;

      7) мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар жіті дағдарыс жағдайындағы әскери қызметшілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;

      8) мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар жіті дағдарысты жағдайды басынанкешірген әскери қызметшілерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды, қызмет уақытының және демалыс уақытының тиімді режимін ұйымдастыруды;

      9) мінез-құлқында өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар жіті дағдарысты жағдайдағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізуді және оларға консультациялық көмек, әлеуметтік және психологиялық қолдауды қамтиды.

      90. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне бейім адамдарды анықтау үшін психологиялық жұмыс мамандары командирлердің және олардың орынбасарларының әскери қызметшілерді психодиагностикалық қарап-тексеру, зерделеу мәліметтерін, қызметтестерімен әңгімелесу, ата-анасымен хат алмасу (сөйлесу) уақытында алынған деректерді пайдаланады.

      91. Психологиялық жұмыс мамандары бөлімшедегі (отбасындағы, ұжымдағы) психологиялық ахуалды талдайды, өзіне-өзі қол жұмсауға ықпал ететін жағдайдың болуын және қаупін бағалайды. Ахуалды жан-жақты бағалағаннан кейін психологиялық жұмыс мамандары өзіне-өзі қол жұмсауды жасауқатері дәрежесін, әскери қызметшілерге өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасыналдын алуға бағытталған психологиялық (тәрбие, ұйымдық) ықпал ету тәсілдері мен нысандарын айқындайды.

      92. Өзіне-өзі қол жұмсау қатерінің белгілері бар мерзімді қызмет әскери қызметшілері медициналық (психиатриялық) қарап-тексеру үшін бөлімшеден ҚР ҚК медициналық мекемелеріне оқшаулап жатқызылады.

      93. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасаған әскери қызметшілер медициналық мекемеден келгеннен кейін психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымына сәйкес психологиялық ахуалы қолайлы басқа бөлімшеге ауыстырылады, онда олармен оңалту іс-шаралары кешені жүргізіледі.

      94. Командирлер (бастықтар) мен олардың орынбасарлары өзіне-өзі қол жұмсау көрінісі профилактикасы, өзіне-өзі қол жұмсауды жасауға ықпал еткен алғышарттарды жою жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды және бөлімшелерде салауатты психологиялық ахуалды ұстау үшін жағдай жасайды, әскери қызметшілеркөңіл-күйінің психофизиологиялық асқынуынабайланысты кезеңділіктіжәне жас ерекшелігін ескеріп, өзіне-өзі қол жұмсау көрінісін алдын алу бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді.

6-параграф. Жеке құрамды психологиялық тұрғыдан даярлау

      95. Психологиялық тұрғыдан даярлау әскери қызметшілер мен әскери ұжымда жоғары психикалық және дене жүктемеге психологиялық төзімділікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      96. Жеке құрамды психологиялық тұрғыдан даярлау жалпы, арнайы және мақсатты болып бөлінеді. Оны командирлер (бастықтар) жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөніндегі бірыңғай іс-шаралар кешенінде және психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымын ескеріп, әскерлердің (күштердің) күнделікті тіршілік әрекеті барысында ұйымдастырады және жүргізеді.

      97. Жеке құрамды жалпы психологиялық тұрғыдан даярлауды командирлер (бастықтар)әскерлерді (күштерді) даярлау процесінде ұйымдастырады және жүргізеді және жеке құрамның қазіргі заманғы ұрыс жағдайында әрекет етуге психологиялық тұрғыдан дайын болуын, сондай-ақ психикаға зақым келтіретін факторлардың ықпал етуіне психологиялық төзімділікті қамтамасыз етеді.

      98. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) жеке құрамды арнайы психологиялық даярлауды командирлер (бастықтар) жауынгерлік даярлық жүйесінде психологиялық жұмыс мамандарымен өзара іс-қимылда ұйымдастырады. Арнайы психологиялық даярлау ҚР ҚК түрлері мен әскер тектері әскери қызметшілерінің қызмет ерекшелігі мен орындайтын міндеттерінің өзгешелігін ескеріп, оқу-жауынгерлік міндеттердің нақты түріне жеке құрамның психологиялық тұрғыдан дайын болуы мен төзімділігін қамтамасыз етеді.

      99. Жеке құрамды мақсатты психологиялық даярлау оқу-жауынгерлік (жауынгерлік) іс-қимыл басталар алдында жүргізіледі, нақты оқу-жаттығу жауынгерлік міндетті орындауда психологиялық тұрғыдан дайын болуының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

7-параграф. Жеке құрамға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету

      100. Психологиялық тұрғыдан көмек жеке құрамның психикасының бұзылған функционалдық жай-күйін сақтау және қалпына келтіру мақсатында көрсетіледі.

      101. Жеке құрамға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету барысында мынадай міндеттер шешіледі:

      1) дағдарысты психологиялық жай-күйді шешу;

      2) арналуы бойынша міндеттерді орындауға психологиялық тұрғыдан дайын болуының қажетті деңгейін ұстау және қалпына келтіру;

      3) жеке құрамды әскери қызмет шарттарына бейімдеу кезеңінде оларды психологиялық тұрғыдан қолдау;

      4) қызметтік іс процесінде психикалық зақым алған жеке құрамды психологиялық тұрғыдан оңалту.

      102. Психологиялық тұрғыдан көмекті психологиялық жұмыс мамандары жеке құрамды қабылдау уақытында көрсетеді. Қабылдау психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмыс кетесіне сәйкес жүзеге асырылады, оны командир (бастық) бекітеді және әскери бөлімнің, мекеменің барлық жеке құрамына жеткізіледі.

      103. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      104. Психолологиялық тұрғыдан көмекмыналарды қамтиды:

      1) психологиялық тұрғыдан консультация беруді – консультация алушы өзіне пайдалы шешім қабылдай алатын жағдай жасауға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметі.

      Психологиялық тұрғыдан консультация беру жеке сонымен қатар топтық психотерапиялық тәсілдерді пайдаланып жеке және топтық әдіспен жүргізіледі;

      2) психологиялық тұрғыдан түзеу жұмысын, ол психологиялық жұмыс мамандарының белгілі бір өлшемшарт бойынша қызметтік істің нақты жағдайында қабылданған модельге сәйкес келмейтін психикалық даму ерекшелігін түзетуге бағытталған қызметін білдіреді.

      Психологикалық тұрғыдан түзеуді ауытқу мен бұзушылық психикалық сырқаттану немесе бас миы органикалық зақымдануы салдары болып табылмайтын жағдайда жүргізуге болады;

      3) психологиялық оңалтуды, ол оқу-жауынгерлік қызмет процесінде психологиялық зақымданған адамдардың эмоциялық жай-күйін, писхикалық денсаулығын және еңбекке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған психологиялық іс-шаралар кешенін білдіреді;

      4) тренингті жұмысты, ол тренингке қатысушыларда әскери ортаның әртүрлі жағдайында үйлесімді және тұрақты жұмыс істеуге ықпал ететін білімі мен іс жүзіндегі дағдысын қалыптастыруға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметін білдіреді.

8-параграф. Жеке құрамды психологиялық тұрған оқу-ағарту

      105. Психологиялық тұрғыдан оқу-ағартуды психологиядық жұмыс мамандары жеке құрамда адам, топ, ұжым және әскери қызмет туралы жалпы түсінікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырады.

      106. Психологиялықтұрғыдан оқу-ағартудың негізгі міндеттері:

      1) ҚР ҚК-дағы психологиялық жұмыс мәні мен мазмұнын түсіндіру;

      2) әскери қызметшілерді адамның, топтың, ұжымның психикалық тұрғыдан даму заңдылығымен таныстыру;

      3) адамның психикалық денсаулығы идеясын, оның мүмкіндігі мен шектеуін танымал ету;

      4) жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар ету;

      5) психологиялық білімге қызығушылықты және оларды кәсіби қызметте және жеке өмірде сындарлы пайдалануға ұмтылуды дарыту болып табылады.

      107. Психологиялық тұрғыдан оқу-ағарту тиімділігіне:

      1) командирлік (кәсіби) даярлық жүйесінде сабақ өткізумен;

      2) әскери қызметшілердің әртүрлі санаты және азаматтық персонал адамдары үшін өзекті психологиялық проблематика бойынша дәріс, әңгімелесу мен тренинг циклдерін ұйымдастырумен;

      3) психологиялық тұрғыдан қажетті оқу-ағарту мәселелері жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеумен және әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына уақтылы жеткізумен қол жеткізіледі.

9-параграф. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі

      108. Жоғары, орта-техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнында психологиялық жұмыс мынадай ерекшелікпен ұйымдастырылады және жүргізіледі:

      1) атыс қарумен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу жылына екі рет курсанттар (кадеттер) қысқы және жазғы каникулдық демалыстан келген соң жүргізіледі;

      2) курсанттарды, кадеттерді психологиялық зерделеу каникулдық демалыстан келгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізіледі;

      3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнына оқуға қабылдау кезінде кәсіби-психологиялық іріктеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:

      "бірінші кезекте ұсынылады" – бірінші санат;

      "ұсынылады" – екінші санат;

      "шартты түрде ұсынылады" – үшінші санат;

      "ұсынылмайды" – төртінші санат.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру

      109. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары психодиагностикалық жұмысты жүргізу мақсатында ұйымдастырады және:

      1) келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын азаматтарды психологиялық тұрғыдан іріктеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды психологиялық тұрғыдан іріктеуді;

      3) мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды психологиялық тұрғыдан зерделеудіқамтиды.

      110. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке психологиялық тұрғыдан зерделеу жөніндегі іс-шаралар әскерге шақырылушының қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан дайын болуын және төзімділігін айқындау және психологиялық тұрғыдан дайын болуы мен төзімділігі деңгейіне сәйкес оны әскери бөлімдерге (мекемелерге) бөлу мақсатында жүргізіледі.

      111. Психологиялық тұрғыдан іріктеу әлеуметтік-психологиялық зерделеуді және психологиялық тексеруді көздейді.

      112. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан зерделеу жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту жағдайын, оның әскери-кәсіби бағыттылығын, моральдық және ерік-жігер қасиетін, ұжымдағы қарым-қатынасы мен мінез-құлқының ерекшелігін, сондай-ақ білімі мен кәсіби даярлығын бағалауды көздейді.

      113. Психологиялық тұрғыдан тексеру жеке тұлғаның танымдық психикалық процесін, психикалық ерекшелігін, нерв жүйесінің қасиетін, психомоторика және нервтік-психикалық төзімділігі ерекшелігін бағалауға мүмкіндік береді.

      114. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды психологиялық тұрғыдан зерделеу қорытындысы ұсынымдық сипатта және кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату үшін негіздеме болып табылмайды.

      115. Психологиялық тұрғыдан іріктеу (зерделеу) нәтижесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық тұрғыдан іріктеу (зерделеу) картасында көрсетіледі.

5-тарау. Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру

      116. Идеологиялық жұмыс әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық төзімділігін, олардың құрылымды бұзатын идеологияға төзбеушілігін, жеке құрамда Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыру және әскери қызметшілерді құрылымды бұзатын идеялардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      117. Идеологиялық жұмыс міндеттері:

      1) әскерде жеке құраммен тәрбие, әлеуеметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекет идеологиясын, ел басшылығы қабылдайтын қорғаныс қабілетін нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды түсіндіру;

      2) әскери қызметшілерде әскердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі деңгейін арттыруға тиімді ықпал ететін мемлекет саясатына адал болуды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      3) жеке құрамда Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыру;

      4) әскери қызметшілерде патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, әскери борышы мен әскери антына адал болуды, жалпыәскери жарғылардың талаптарын және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды қалыптастыру;

      5) әскери қызметшілерде моральдық-психологиялық төзімділікті, олардың құрылымды бұзатын идеологияға төзбеушілікті қалыптастыру;

      6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ҚР ҚК қызметі туралы оң қоғамдық пікірді қалыптастыру, оқу-әдістемелік материалдарды ұйымдастыру және шығару (дайындау);

      7) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін талдау, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;

      8) әскери басқару органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін тұжырымдау және тарату;

      9) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

      Ескерту. 117-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Әскери ортаға құрылымды бұзатын идеялардың енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс мынадай тәртіппен ұйымдастырылады және жүргізіледі:

      1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;

      2) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін рухани қолдау, Отан қорғаушыларды құрмет тұту атмосферасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін, әскери қызметті насихаттау және ҚР ҚК беделін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      3) әскери ортаға діни идеялардың ену әрекетінің фактісі бойынша әскери қызметшілердің өтініштерін іске асыру бойынша жедел шаралар қабылдау және қабылданған шешімдер туралы жеке құрамды хабардар ету;

      4) әскери басқару органдары орналасқан орындарында ақпараттық ахуалды талдау;

      5) жеке құрамды ақпараттық теріс ықпал етуден қорғау бойынша пәрменді шаралар қабылдау.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
1 қосымша

Әскери басқару органдарында, әскери бөлімдер мен мекемелерде ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есеп беру-жоспарлау құжаттамасының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі:

      1) ҚР ҚК-де оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (20 қарашаға дейін);

      2) оқу жылына арналған ҚР ҚК жеке құрамымен МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың тақырыптық жоспары (20 қарашаға дейін);

      3) жас буынды зерделеу нәтижесін талдау (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін).

      2. ҚК түрі, әскер тегі, өңірлік қолбасшылық, бағынысты әскери бөлімі (мекемесі) бар департаменттер мен бас басқармалар:

      1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (25 қарашаға дейін);

      2) оқу кезеңіндегі және оқу жылындағы тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі туралы талдау және бұйрық;

      3) санаттар бойынша бөлінген әскери қызметшілермен жүргізілген жасырын сауалнама нәтижесін талдау (тоқсан сайын);

      4) жас буынды зерделеу нәтижесін талдау (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін);

      5) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерге мәлімет (ай сайын жаңарту);

      6) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы.

      3. Әскери бөлім (бригада, полк, авиабаза, база, арсенал, жеке батальон, 1-дәрежелі корабль), әскери оқу орны:

      1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (30 қарашаға дейін);

      2) бір айдағы, тоқсандағы, оқу кезеңіндегі және оқу жылындағы тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі туралы талдау және бұйрық;

      3) оқу жылына арналған жеке құраммен МҚД-ны және ақпараттандыруды ұйымдастыру туралы бұйрық (25 қарашаға дейін);

      4) жас буынды зерделеу нәтижесі туралы талдау және жеткізілім (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін);

      5) атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу актісі;

      6) қарумен жауынгерлік кезекшілік, қарауылдық қызмет, ішкі қызмет атқаруға жеке құрамды жіберу туралы баянат (түсетін күні);

      7) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы;

      8) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерге мәлімет.

      4. Қорғаныс істері департаменті:

      1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (30 қарашаға дейін);

      2) оқу жылына арналған жеке құраммен МҚД-ны ұйымдастыру және хабардар ету туралы бұйрық;

      3) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы;

      4) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерді есепке алу журналы.

      5. Батальон (дивизион, екінші дәрежелі корабль), қорғаныс істері басқармасы (бөлімі):

      1) бір айға арналған тәрбие жұмысы жоспары және есептік материал;

      2) жеке құраммен өткізілетін жеке-тәрбие жұмысының журналы.

      6. Рота (батарея, үшінші дәрежелі корабль):

      1) ай сайын 25-і күніне қарай әзірленетін бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары;

      2) ротада (батареяда, үшінші дәрежелі корабльде) қорытынды жасау журналы;

      3) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
2 қосымша

ҚР ҚК жеке құрамымен күнделікті қызметте тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйін бағалау

      1. Тәрбие және идеологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай көрсеткіш бойынша бағаланады:

      1) тәрбие жұмысының жай-күйі;

      2) идеологиялық жұмыстың жай-күйі;

      3) әскери тәртіптің жай-күйі;

      4) мәдени-демалыс жұмысының жай-күйі және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету;

      5) психологиялық жұмыстың жай-күйі;

      6) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;

      7) ҚР ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыстың жай-күйі;

      8) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың жай-күйі.

      2. Тәрбие жұмысының жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      3 балл – жұмыс осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталған; МҚД осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

      Тексерілген оқу топтарының 60% "үздік" деп бағаланған;

      2 балл – жұмыс осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталған; МҚД осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Тексерілген оқу топтарының 60% "үздік" және "жақсы" деп бағаланған;

      1 балл – жұмыс осы Қағидалардың талаптарын бұзумен ұйымдастырылған, жоспарлау және есеп беру құжаттары пысықталмаған; МҚД осы Қағидалардың талаптарын бұзумен ұйымдастырылған. Тексерілген оқу топтарының 90% оң баға алған;

      0 балл – жұмыс ұйымдастырылмаған, жоспарлау және есеп беру құжаттары пысықталмаған, МҚД осы Қағидалардың талаптарын бұзумен ұйымдастырылған. Тексерілген оқу топтарының 10% төмені "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған.

      3. Идеологиялық жұмыстың жай-күйі бағаланады:

      3 балл – өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 100% оң баға алған, жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталған;

      2 балл – өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 90% оң баға алған, жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталған;

      1 балл – өткізілген тестілеу барысында тексерілген әскери қызметшілердің 85% оң баға алған, жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталған;

      0 балл – тестілеу барысында әскери қызметшілердің 25%-тен астамы теріс баға алған.

      4. Әскери тәртіптің жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      3 балл – әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; қылмыстар мен жеке құрамның қаза табуына жол берілмесе; әкімшілік құқық бұзушылықтың артуына жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары толық көлемде пысықталса;

      2 балл – әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; қылмыстар мен жеке құрамның қаза табуына жол берілмесе; әкімшілік құқық бұзушылықтың артуына жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 80%-ке пысықталса;

      1 балл – әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; әкімшілік құқық бұзушылықтың артуына жол берілсе; әскери тәртіпті нығайту бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 50%-ке пысықталса пысықталса;

      0 балл – әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін есепке алу және талдау осы Қағидалардың талаптарын өрескел бұзумен ұйымдастырылса; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе әскери қызметшілердің қаза табу фактісінің елеулі артуы 100% артса; әскери тәртіпті нығайту бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 50% аз орындалса.

      5. Психологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      2 балл – психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 100% орындалған, психологиялық жеңілдету бөлмесі бар;

      1 балл – психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 80% орындалған, психологиялық жеңілдету бөлмесі бар;

      0 балл – егер тексерілген кезеңде әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол жұмсау фактісіне жол берілсе және психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары 40% орындалған.

      6. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі (әрі қарай – МПЖ) мынадай болып бағаланады:

      3 балл – әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұрау қорытындысы бойынша 74 балл;

      2 балл – әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұрау қорытындысы бойынша 52 балл;

      1 балл – әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұрау қорытындысы бойынша 30 балдан төмен емес;

      0 балл – әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұрау қорытындысы бойынша 30 балдан төмен.

      7. Мәдени-демалыс жұмысының жай-күйі және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету мынадай болып бағаланады:

      2 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 100% орындалған;

      1 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 70%-ке орындалған;

      0 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп беру құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 50%-тен аз орындалған.

      8. ҚР ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      3 балл – ҚР ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген және 100% пысықталған;

      2 балл – ҚР ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген және 70% пысықталған;

      1 балл – ҚР ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген және 40% пысықталған;

      0 балл – ҚР ҚК ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленбеген.

      9. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      3 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген және 100% пысықталған;

      2 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген және 70% пысықталған;

      1 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленген және 40% пысықталған;

      0 балл – отбасы мүшелерімен жұмыс жоспары әзірленбеген.

      Тәрбие және идеологиялық жұмыстың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      "жақсы" – егер жалпы көрсеткіш 16 – 21 балл болса;

      "қанағаттанарлық" – егер жалпы көрсеткіш 11 – 16 балл болса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер 11 балдан кем болса.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
3 қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде негізгі тәрбие іс-шараларының жүйесі

Р/с №

Негізгі бағыттар

Өткізу кезеңділігі

1

Ақпараттандыру (таңертенгі уақытта):


әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер түрлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен

апта сайындүйсенбі күндері 20 минутқа дейін

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен әскери бөлімдерде (мекемелерде)

апта сайындүйсенбі және бейсенбі күндері 20 минуттан

мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен

дүйсенбі, бейсенбіжәне сенбі 20 минуттан (сенбіде – құқықтық тақырыпқа)

оқу-жаттығулар, далалық шығуды өткізу уақытында

күн сайын 10–15 минуттан

2

Ұйымдастыру-жоспарлау тәрбие іс-шаралары:


мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін кешкі уақытта тәрбие жұмысы

апта сайын 40 минуттан аптасына 2 рет (дүйсенбі, жұма)

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен тәрбие жұмысы

апта сайын 40 минуттан аптасына 1 рет (дүйсенбі)

қарауылға түсетін жеке құраммен тәрбие жұмысы

күн сайын қарауылды дайындау кезеңінде қарауылға түскен күні кемінде 20 – 25 минут

батальондар (дивизиондар), роталар (батареялар) ауқымында Ашық есіктер күнін өткізу

тоқсанына 1 рет

"Хабар" телеарнасында жаңалықтар қарау

күн тәртібіне сәйкес күн сайын

мемлекеттік телеарналарда әскери-патриоттық, тақырыптық телебағдарламаларды қарау

апта сайын
демалысалдындағы және демалыс күндер жоспары бойынша

3

Әскери қызметшілердің жалпы жиналыстары:


әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер түрлері тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, әскери бөлімдерде (мекемелерде)

жартыжылда 1 реттен
сиретпей

роталарда (батареяларда)

ай сайын

батальондарда (дивизиондарда)

2 айда 1 рет

4

Баспасөз құралдарын (ақпараттық бюллетеньдерді, қабырға баспасын) дайындау және шығару:


Әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда "Хабаршы – Вестник" ақпараттық-талдау бюллетені

ай сайын

роталарда және оларға теңестірілгендерде ақпараттық хабаршы (әлемдегі, елдегі, Қарулы Күштердегі оқиғалар, бөлімшенің тіршілігі туралы қабырға газеті, фотогазет, өңірлікхабаршы, ақпарат)

айына кемінде 1 рет

"Жауынгерге заң туралы", "Қазақстан Республикасының атынан" стенділеріндегі ақпаратты жаңарту (құқықтық білім бұрышы)

тоқсан сайын

взводтарда және оларға теңестірілгендерде жауынгерлік парақтар

апта сайын

роталарда, взводтарда және оларға теңестірілгенде лездеме-парақтар

қажеттілігіне қарай

әскери бөлімдерде және мекемелерде радиогазеттер шығару

парк-шаруашылық күндері, далалық сабақ (шығу, оқу-жаттығу) өткізу барысында

5

Байқау-конкурстар (жарыстар):


әскер түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелерінің

жыл сайын (желтоқсан)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне

әскер түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде мәдени-демалыс орталықтарының (клубтарының)

әскер түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде психологиялық жеңілдеу бөлмелерінің

әскери бөлімдерде (мекемелерде) көркемөнерпаздар шығармашылығының

тоқсан сайын

үздік әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарын айқындау

жыл сайын желтоқсан

6

Жауынгерлік оқу және әскери қызмет үздіктеріне, жауынгерлік сайыстар озаттарына (көшбасшыларына) құрмет көрсету:


әскер түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде

жыл сайын оқу жылына қорытынды жасау барысында

әскери бөлімдерде (мекемелерде)

батальондарда (дивизиондарда) және оларға теңестірілгендерде

7

Әскери басқару органдары басшы құрамының қатысуымен сұрақ-жауап кештері:


әскер түрлерінің, әскер түрлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басшылығымен

гарнизондарда болу барысында

әскери бөлімдерде (мекемелерде)

тоқсан сайын

құқық қорғау органдарын тартумен гарнизонда

жартыжылда бір рет

8

Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін қорытындылау


взводтарда, есептоптарда, экипаждарда, бөлімшелерде

күн сайын

желілік батальондарда (дивизиондарда), роталардажәне оларға теңестірілгендерде

апта сайын

бригадаларда, базаларда, полктерде, жекелеген батальондарда (дивизиондарда) және оларға теңестірілгендерде

ай сайын

ҚР ҚК бас басқармаларында, Тыл және Қару-жарақ бастығының басқармаларында, сондай-ақ гарнизондар ауқымында

тоқсан сайын

ҚР ҚК түрлерінде, әскер түрлерінің тектерінде және өңірлік қолбасшылықтарда

жартыжылда және бір жылда

ҚР ҚМ және ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінде (департаменттерінде)

жартыжылда және бір жылда

ҚР ҚК ауқымында

жылына бір реттен сиретпей

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
4 қосымша

      Нысан

_________ әскери бөлімінде 20___ жылғы _______ психологиялық жұмыс нәтижесі туралы жеткізілім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Психологиялық жұмыс нәтижесі туралы мәліметтер

Р/с №

Орындалған іс-шара

Саны

Ескертпе

Жеке құрамды психологиялық зерделеу

1.

Жеке әңгімелесу әдісімен зерделенген адам саны



2.

Тестілеу әдісімен зерделенген адам саны



3.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу шеңберінде зерделенген адам саны, оның ішінде:



ұсынылады



ұсынылмайды



4.

Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, қарауылдық және ішкі қызмет құрамында қызмет атқаруға рұқсат ету үшін зерделенген әскери қызметшілер саны, оның ішінде



рұқсат етілді



рұқсат етілген жоқ



5.

Социометрия әдісімен зерделенген бөлімше саны



Жеке құрамға психологиялық көмек

6.

Өткізілген жеке консультация саны



7.

Жүргізілген профилактикалық әңгімелесу саны



8.

Өткізілген тренинг саны



Суицидтік оқиға профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс

9.

Суицид жасау қаупі деңгейі жоғары болып айқындалған адам саны



10.

Әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік әрекет профилактикасы бойынша жүргізілген іс-шара саны



11.

Психиатр-дәрігерге консультацияға жіберілген адам саны



12.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-клиникалық госпиталіне психиатриялық тексеруге жіберілген әскери қызметші саны



13.

Психикалық денсаулық көрсеткіші бойынша ҚР ҚК қатарынан шығарылған әскери қызметші саны



14.

Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші саны, оның ішінде:



есептік кезеңде қосылды:



есептік кезеңде шығарылды



Психологиялық тұрғыдан ағарту

15.

Командирлік (кәсіби) даярлық жүйесінде өткізілген сабақ саны



16.

Өткізілген дәріс саны



17.

Әзірленген брошюра, бюллетень, плакат және басқа да ақпараттық материал саны



      2. Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілер туралы мәліметтер

Р/с №

Әскери атағы, тегі, инициалы

Динамикалық қадағалау тобына алынған күні мен себебі

Профилактикалық іс-шаралар

Ескертпе

1





2





      Ескертпе:

      Көрсетілген нысанға толықтыру ретінде мәтіндік түрде фото, бейне және басқа да есептік материалды қоса берумен, есепті кезеңде жүргізілген қосымша психологиялық жұмыс іс-шаралары сипатталуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
5 қосымша

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
6 қосымша

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
7 қосымша
  Нысан
  Бекітемін
00000 әскери бөлімінің
командирі
Әскери атағы, қолы, инициалы,
тегі
20__ жылғы "__" _______

Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға рұқсат беру үшін жеке құрамды психологиялық зерделеудің № ___ АКТІСІ

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Әскери атағы

Тегі және инициалы

Психологиялық зерделеу нәтижесі

Тұжырым

Ескертпе

№ 1 бөлімше

1






2






№ 2бөлімше

3






4






      Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалы, қолы

      20__ жылғы "__" _______

      Ескертпе:

      1. "Психологиялық зерделеу нәтижесі" бағанында жеке тұлғаның кейбір мінезінің айқын көрінуін көрсетумен психологиялық зерделеу нәтижесі көрсетіледі.

      2. "Тұжырым" бағанында психологиялық жұмыс маманының ұсынымы сипатталады (рұқсат етілді, рұқсат етілген жоқ).

      3. "Ескертпе" бағанында атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға кедергі келтіретін қосымша мән-жай, сондай-ақ әңгімелесу мен қадағалау нәтижесі сипатталады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
8 қосымша

      Нысан

Психологиялық жұмыс маманының жеке және топтық жұмыс нысанын есепке алу журналы

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2023 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-бөлім. Жеке жұмыс нысаны

Р/с №

Әскери атағы, тегі, инициалы, лауазымы

Жеке жұмыс нысаны

Нәтижесі

Ұсыным

Ескертпе

Өткізілетін күні













      2-бөлім. Топтық жұмыс нысаны

Р/с №

Өткізілетін күні

Бөлімше

Адам саны

Жұмыс түрі

Мақсаты

Ескертпе















      Ескертпе:

      1) психологиялық жұмыс маманы жеке жұмыс нысанында жұмыс күні ішінде кемінде үш іс-шара өткізеді;

      2) тренинг аптасына кемінде 2 рет өткізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің жеке
құрамымен тәрбие, әлеуметтік-
құқықтық,психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
9 қосымша

      Нысан

Психологиялық іріктеу (зерделеу)картасы

      Т.А.Ә.__________________________________________________________

      Туған күні: _____________________________________________________

      Туған жері: _____________________________________________________

      Білімі: _________________________________________________________

      Шақырылатын лауазымы: ________________________________________

      Отбасы жағдайы: ________________________________________________

      Ұлты: __________________________________________________________

      Психологиялық зерделеу нәтижесін сипаттау

      I. Интеллектуалдық қабілеттері және психикалық тану процесі

      II. Жеке ерекшеліктері

      Қорытынды: ____________________________________________________

      психологиялық жұмыс маманының лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары, қолы

      20__ жылғы "__" _______

      Ескертпе:

      Қажет болған кезде психологиялық іріктеу картасына қосымша психологиялық зерделеу материалдары (графиктер, схемалар, кестелер, бланкілер) қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 13 қазандағы
№ 911 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күшін жойған бұйрықтарының тізімі

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18715 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22563 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 26 мамырдағы № 355 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28246 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады