ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 593 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 7) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15127 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алуы жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі
№ | Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы | Сипаттама | Ескертпе |
І. | Тауарлар: | ||
1. | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары: | ||
1.1. | Төсек-жайма (көрпе тысы, ақ жайма, жастық тысы, матрастардың тыстары) | ||
1.2. | Көрпе, жастық, матрац, матрацқа арналған тыс, жамылғы | ||
1.3. | Дастархан, төсек жапқыш, орамал, тоқыма майлықтар, пердешелер, перделер, шымылдықтар | ||
1.4. | Дайын ерлер, әйелдер мен балалардың киім-кешек заттары (блузкалар, шалбарлар, жемпірлер, курткалар, костюмдар, жүзу киімдері, жакеттер, костюмдер, суға түсуге арналған іш киім, курткалар, курткалар-пиджактар, қысқа тондар, іш киімдер, жейделер, теннискалар, қалың күртелер, жеңіл жейде -пололар, шалбарлар және белдемшелер, кимоно) | ||
1.5. | Жұмыс киімі, жұмыс халаты, алжапқыш, кеудеше, көкірекше-жамылғы, дабыл кеудеше, санитариялық костюм, қышқылға қарсы костюм, төмен температурадан қорғауға арналған костюм, өндірістік ластанудан қорғауға арналған костюм, матадан жасалған жеңқап, дәнекерлеуші костюм, судан қорғауға арналған плащ, жұмыс комбинезоны, қысқа және ұзын жеңді қалыпты көйлек, камуфляжды костюм, ластанулар мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған жалпы өндірістік киімдер | ||
1.6. | Медициналық мақсаттағы киім-кешек (медициналық халат, медициналық костюм, хирургиялық костюм, хирургиялық бахилалар, келушілерге арналған жамылғы-халат, жаялықтар, (рентгеннен қорғағыш) пелерина) | ||
1.7. | Ерлер және әйелдер іш киімдері (пижама, ішкиім, ішкөйлек, ішкөйлек пен шолақ шалбар, дамбалдар, шұлықтар, шұлғаулар, жеңіл жейде, жатарда киетін іш көйлек, халат және жейде) | ||
1.8. | Бас киімдер (берет, күнқағары бар қалпақ (бейсболка), кепеш, кепке, қалпақ, үшкіл орамал, бас киім, дулыға, қалпақтар, фуражка, пилотка) | ||
1.9. | Аяқ киім (бәтеңкелер, етіктер (ерлер, арнайы костюмдерге арналған, резеңке, ерлер, диэлектрлік, резеңке), бутстер, резеңке кебістер, пима, кроссовкалар, қысқа қонышты бәтеңке, қысқа қонышты етік, сандалдар, тәпішке, тәпішке (резеңке шәркей), туфли, етік, кеды) | ||
1.10. | Қол орамалдар, галстуктер, мойын бөкебайлар, шұлықтар, шұлғаулар, қысқа шұлық, шұлық, тоқыма материалдардан жасалған киімнің бөліктері (дулыға астары, жапсырмалар, белбеу, жұмыс сөмке, сөмке, портфель, портмоне, белбеу, кілем, биялай, термос-сөмке бауымен, қолғаптар, биялайлар, жаға астары) | ||
1.11. | Кендір, үлдірлер мен полиэтилен пакеттерді қоспағанда қаптар мен пакеттер | ||
1.12. | Брезенттер, қаптар, жапқыштар, тенттер (шатырлар) | ||
1.13. | Электротехникалық жабдықтарға арналған шүберектерді қоспағанда өзге де тоқыма бұйымдары (еден, ыдыс жууға арналған шүберек, шаң тазалалау және өзге де тазалауға арналған керек-жарақтар, геологиялық сынамаларға арналған қаптар, техникалық салфеткалар) | ||
1.14. | Өзге де жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мата, тері, киіз, жіп, жіптер, өрме жазуы бар мақта, панно, кілем, кілемше, киіз, толтырма, жол жиынтығы, мата, жіп, тұтқыш, қысымды жең, өрт сөндіруші белдігі, синтепон, ұлтарақ, ту, жалауша, фуршет белдемесі, бау, эмблема, бант (орындықтарға арналған, мақтадан) | ||
2. | Жиһаз өнеркәсібінің тауарлары: | ||
2.1. | Тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған жиһаз, кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған жиһаз (орындықтар, орындықтар, табуреттер, дивандар, креслолар, орындықтар, тіреулер, демонстрациялық шкафтар, сөрелер, бокстар, сату үстелі, верстактар (үстелдер), приставкалар, бар станциялары, мінбе, стеллаждар, шкафтар, ілгіштер, киім ілгіштер, тумбалар, қалқалар, жиһаз жинақтары, ресепшн тіреулері, сөрелері, пирамидалар, стендтер, үлкен биік айна, перде, сүлгілер, комодтар, төсектер, жұмсақ жиһаздар) | ||
2.2. | Балалар және мектеп жиһазы (оқушылар парталары, оқушылар орындықтар, балалар төсегі, балалар шкафтары, жиһаз гарнитурлары, манеждер, жәшіктер) | ||
2.3. | Зертханалық жиһаз (зертханалық орындықтар, табуреттер, басқа да зертханалық орындықтар, шкафтар, үстелдің үстіңгі тақтайшалар, стеллаждар, сөрелер, тумбалар және үстелдер) | ||
2.4. | Ас үй жиһазы (асхана гарнитурасы, үстелдің үстіңгі тақтайы, бар тіреулері, үстелдер-жуғыштар) | ||
2.5. | Матрастар мен жатын қаптары | ||
3. | Ұйымдастыру техникасы (жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер) | ||
4. | Автомобильдік көлік құралы (жеңіл автомобиль) | ||
ІІ. | Қызметтер: | ||
1. | Мерзімді баспасөз басылымдарының қызметтері |