Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қыркүйекте № 35018 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 593 бұйрығына
1-қосымша

Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы

Сипаттама

Ескертпе

І.

Тауарлар:



1.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары:



1.1.

Төсек-жайма (көрпе тысы, ақ жайма, жастық тысы, матрастардың тыстары)



1.2.

Көрпе, жастық, матрац, матрацқа арналған тыс, жамылғы



1.3.

Дастархан, төсек жапқыш, орамал, тоқыма майлықтар, пердешелер, перделер, шымылдықтар



1.4.

Дайын ерлер, әйелдер мен балалардың киім-кешек заттары (блузкалар, шалбарлар, жемпірлер, курткалар, костюмдар, жүзу киімдері, жакеттер, костюмдер, суға түсуге арналған іш киім, курткалар, курткалар-пиджактар, қысқа тондар, іш киімдер, жейделер, теннискалар, қалың күртелер, жеңіл жейде -пололар, шалбарлар және белдемшелер, кимоно)



1.5.

Жұмыс киімі, жұмыс халаты, алжапқыш, кеудеше, көкірекше-жамылғы, дабыл кеудеше, санитариялық костюм, қышқылға қарсы костюм, төмен температурадан қорғауға арналған костюм, өндірістік ластанудан қорғауға арналған костюм, матадан жасалған жеңқап, дәнекерлеуші костюм, судан қорғауға арналған плащ, жұмыс комбинезоны, қысқа және ұзын жеңді қалыпты көйлек, камуфляжды костюм, ластанулар мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған жалпы өндірістік киімдер



1.6.

Медициналық мақсаттағы киім-кешек (медициналық халат, медициналық костюм, хирургиялық костюм, хирургиялық бахилалар, келушілерге арналған жамылғы-халат, жаялықтар, (рентгеннен қорғағыш) пелерина)



1.7.

Ерлер және әйелдер іш киімдері (пижама, ішкиім, ішкөйлек, ішкөйлек пен шолақ шалбар, дамбалдар, шұлықтар, шұлғаулар, жеңіл жейде, жатарда киетін іш көйлек, халат және жейде)



1.8.

Бас киімдер (берет, күнқағары бар қалпақ (бейсболка), кепеш, кепке, қалпақ, үшкіл орамал, бас киім, дулыға, қалпақтар, фуражка, пилотка)



1.9.

Аяқ киім (бәтеңкелер, етіктер (ерлер, арнайы костюмдерге арналған, резеңке, ерлер, диэлектрлік, резеңке), бутстер, резеңке кебістер, пима, кроссовкалар, қысқа қонышты бәтеңке, қысқа қонышты етік, сандалдар, тәпішке, тәпішке (резеңке шәркей), туфли, етік, кеды)



1.10.

Қол орамалдар, галстуктер, мойын бөкебайлар, шұлықтар, шұлғаулар, қысқа шұлық, шұлық, тоқыма материалдардан жасалған киімнің бөліктері (дулыға астары, жапсырмалар, белбеу, жұмыс сөмке, сөмке, портфель, портмоне, белбеу, кілем, биялай, термос-сөмке бауымен, қолғаптар, биялайлар, жаға астары)



1.11.

Кендір, үлдірлер мен полиэтилен пакеттерді қоспағанда қаптар мен пакеттер



1.12.

Брезенттер, қаптар, жапқыштар, тенттер (шатырлар)



1.13.

Электротехникалық жабдықтарға арналған шүберектерді қоспағанда өзге де тоқыма бұйымдары (еден, ыдыс жууға арналған шүберек, шаң тазалалау және өзге де тазалауға арналған керек-жарақтар, геологиялық сынамаларға арналған қаптар, техникалық салфеткалар)



1.14.

Өзге де жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мата, тері, киіз, жіп, жіптер, панно, кілем, кілемше, киіз, толтырма, жол жиынтығы, мата, жіп, тұтқыш, қысымды жең, өрт сөндіруші белдігі, синтепон, ұлтарақ, ту, жалауша, фуршет белдемесі, бау, эмблема, бант (орындықтарға арналған, мақтадан)



2.

Жиһаз өнеркәсібінің тауарлары:



2.1.

Тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған жиһаз, кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған жиһаз (орындықтар, орындықтар, табуреттер, дивандар, креслолар, орындықтар, тіреулер, демонстрациялық шкафтар, сөрелер, бокстар, сату үстелі, верстактар (үстелдер), приставкалар, бар станциялары, мінбе, стеллаждар, шкафтар, ілгіштер, киім ілгіштер, тумбалар, қалқалар, жиһаз жинақтары, ресепшн тіреулері, сөрелері, пирамидалар, стендтер, үлкен биік айна, перде, сүлгілер, комодтар, төсектер, жұмсақ жиһаздар)



2.2.

Балалар және мектеп жиһазы (оқушылар парталары, оқушылар орындықтар, балалар төсегі, балалар шкафтары, жиһаз гарнитурлары, манеждер, жәшіктер)



2.3.

Зертханалық жиһаз (зертханалық орындықтар, табуреттер, басқа да зертханалық орындықтар, шкафтар, үстелдің үстіңгі тақтайшалар, стеллаждар, сөрелер, тумбалар және үстелдер)



2.4.

Ас үй жиһазы (асхана гарнитурасы, үстелдің үстіңгі тақтайы, бар тіреулері, үстелдер-жуғыштар)



2.5.

Матрастар мен жатын қаптары



3.

Ұйымдастыру техникасы (жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер)



4.

Автомобильдік көлік құралы (жеңіл автомобиль)



5.

Жанармай (АИ-92, АИ-95, АИ-98)



6.

Дизельдік жанармай (жазғы, қысқы, арктикалық)



ІІ.

Қызметтер:



1.

Мерзімді баспасөз басылымдарының қызметтері



2.

Байланыс қызметтері



  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 593 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15127 болып тіркелген).

      2. ""Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 559 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18833 болып тіркелген).

      3 ""Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 513 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28129 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады