Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8544 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін айқындайды.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Балалар үйінің міндеттері:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;
3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;
4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
6) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
10) тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға кіріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
7. Балалар үйі өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үлгілік қағидалардың және осы Қағидалардың негізінде әзірлейді.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Балалар үйінің міндеттері:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;
3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;
4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
6) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
10) жеке сараланған тәсілді жүзеге асыру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;
11) тәрбиеленушілерді қоғамда оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және біріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
6. Балалар үйі өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің (бұдан әрі - мектеп-интернат) тәртібін айқындайды.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мектеп-интернаттың міндеттері:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;
3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;
4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
6) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
10) жеке сараланған тәсілді жүзеге асыру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;
11) тәрбиеленушілерді қоғамда оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және біріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының қызметі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауға жатады.
6. Мектеп-интернат өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үлгілік қағидалардың және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.";
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Пана үйі:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;
3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;
4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
6) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету.
6. Пана үйі өз жарғысын Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленген және Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін айқындайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тәрбиелеушілердің еңбекақысын төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын үйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес тәрбиеленушілердің еңбекақысын төлеу жағдайына ұқсас айқындалады.";
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар кәмелетке толмағандар үшін отбасылық жағдайға жақын өмір сүру жағдайларын жасау;
2) кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;
5) Орталықта тұрған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;
7) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Орталыққа:
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
4) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар қабылданады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Органдар үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы шығарады.
Органның қаулысы бойынша Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның қаулысы негізінде ғана шығарылады.";
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшада:
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидаларының 7-қосымшасының жоғарғы оң бұрышы қазақша нысанында мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына 7-қосымша"; |
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
3) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген негіздер бойынша танылған ахуал;
4) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары – тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар.
3. Орталықта күнтізбелік жыл ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтерді үш жастан он сегіз жасқа дейін:
1) жетім балалар;
2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - орган) қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) ата-аналарын немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
4) девиантты мінез-құлықты балалар;
5) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
6) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар алады.
7) қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.
4. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар кәмелетке толмағандар үшін отбасылық жағдайға жақын өмір сүру жағдайларын жасау;
2) кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;
5) Орталықта тұрған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда органдарға жәрдем көрсету;
7) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау.";
6-3, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6-3. Кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде органдарға панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.
7. Орталыққа жолдама беруді отбасының (баланың) өмірлік қиын жағдайда жүргенін растайтын органның қорытындысы негізінде үш жұмыс күні ішінде облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жүзеге асырады.
Өз бетімен және ерікті түрде өтініш білдірген балалар мен олардың заңды өкілдеріне консультациялық көмек білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.
8. Орталықта 12 адамнан аспайтын балалардың тұрақты болуы үшін үштен аспайтын түрлі жастағы топтар, сондай-ақ уақытша (күндізгі) топтар ұйымдастырылады.
9. Орталыққа жіберілетін әрбір балаға орган:
1) білім басқармасының жолдамасын;
2) органның қорытындысын;
3) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);
4) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда);
5) денсаулық жағдайы және екпелер туралы медициналық құжаттарды (бар болғанда);
6) баланың білімі туралы құжаттарды (бар болғанда);
7) отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін (бар болғанда);
8) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысын береді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:
1) білім басқармасының жолдамасын;
2) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның шешімі;
3) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);
4) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда) береді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:
1) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);
2) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда) береді.
10. Заңды өкілдері болмаған жағдайда бала мен оның ата-анасы (заңды өкілдері) туралы қолда бар мәліметтер көрсетілген органның қорытындысы қоса беріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жетім баланың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесі Орталыққа түскен сәттен бастап алты ай ішінде белгіленген жағдайда баланы Орталыққа тұрақты болуға қабылдау "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидаларының 12-тармағына сәйкес бекітілген құжаттар тізбесінің негізінде, кейіннен отбасына қабылдағанға дейін жүзеге асырылады.";
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидаларының 7-қосымшасының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидаларына қосымшада жоғарғы оң бұрышы қазақша нысанында мынадай редакцияда жазылсын:
"Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидаларына қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Балаларды мектеп-интернатқа орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 12-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың негізінде Орталыққа тұрақты тұруға қабылдау негіз болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.