БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама жүргізу кезінде) - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде ұсынылған ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі - ББӘ) - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері - республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған қарыз қаражаты;
5) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі - заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулермен расталған дәлелдемелерінің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.
Өз қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;
6) бюджеттік инвестициялардың орындылығы - заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;
7) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - БИЖ) - жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
8) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
9) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу - бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
10) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау - объектіні пайдалануға берген кезден бастап жобаның мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
11) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
12) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы - жоба нәтижелері көрсеткіштеріне қолжетімділік;
13) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі - жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
14) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
15) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі - бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе жобаның мақсаттарына бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;
16) бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс;
17) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы - бюджеттік кредит қайтарымдылығы және жобаның қаржылық тиімділігі есептеулермен расталған дәлелдемелердің болуы;
18) кешенді ведомстводан тыс сараптама - Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, объектілер құрылысы жобаларының (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын) сараптамасы;
19) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі - бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланатын жобадан әлеуметтік және экономикалық пайдалардың болуының есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
20) Гант диаграммасы - жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс кестесінің дәйектілігі мен ұзақтылығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;
21) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу - тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру, заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау бойынша іс-шаралардың жиынтығы;
22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау - іс-шаралар түпкілікті іске асырылған сәттен бастап мақсаттарға қол жеткiзу дәрежесi мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
23) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
24) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
25) заңды тұлғалардың іс-әрекетін жоспарлау құжаттары - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары;
26) заңды тұлғаның даму мақсаты - шаруашылық қызметінің ағымдағы шығындарын жабуды және ағымдағы шығыстарын қаржыландыруды көздемейтін, саланы дамытуға, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
27) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі - Инвестициялар) - заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
28) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі - Алушы) - жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражаттың түпкiлiктi алушысы болып табылатын, iс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асыратын заңды тұлға;
29) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негiздiлiгі - iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкiн болмауының құжаттармен және есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
30) инвестициялық ұсыныс - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;
31) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің институционалдық жобасы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған жоба;
32) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы - мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асырудың орындылығын ашып көрсететін құжат;
33) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы - салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
34) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
35) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
36) кредитор - Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарапы;
37) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға - "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;
38) Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына арналған бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - іс-шаралардың "іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі" және "бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы" өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
39) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ҚЭН) - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның нәтижесін бағалауды қамтитын құжат;
40) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе мемлекет жүз пайыз қатысатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
41) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрi - бюджеттік кредиттің ҚЭН) - маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдау, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың және өзін-өзі ақтауын және экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін нәтижелерді қамтитын құжаттама;
42) қаржылық схема қатысушылары - квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, бюджеттік кредитті алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
43) қаржы-экономикалық негіздемені түзету - iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiнің өзгеруі;
44) қарыз алушы - негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттеме жүктелген, кредиттік шарттың бюджеттік кредитті алатын тарапы;
45) қатысушылар (бұдан әрі - Қатысушылар) - заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
46) құрамдауыш - iс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлiгi;
47) маркетингтiк орта - нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастық қатынас орнату және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілер мен іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын, жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жағдайлар жиынтығы;
48) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның электрондық порталының бюджеттік инвестициялар мониторингінің модулі (бұдан әрі - электрондық портал) - жоспарланған және іске асырылып жатқан бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен мониторингілеуді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
49) мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - МИЖ) - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
49-1) мультипликативтік әсер - тиісті салаға бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде экономиканың дамуына ықпал ету;
50) нәтиже көрсеткіштері - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;
51) өнiм - материалдық-заттай (материалдық өнiм) немесе материалдық емес (зияткерлiк өнiм) нысанында не жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер, оның iшiнде қаржылық қызметтер түрiнде берiлген шаруашылық қызметiнiң нәтижесi;
52) салалық сараптаманың қорытындысы - мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін немесе бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін салалық дамудың басымдықтарына сәйкес келуі тұрғысынан бағалау;
53) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі - сметалық құн) - сомасы жобалық материалдардың және сметалық-нормативтік базаның негізінде айқындалатын объект құрылысын жүзеге асыруға қажетті ақша;
54) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) - негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайдалар мен шығындарды экономикалық талдаудың негізінде жүргізілетін, бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;
55) техникалық-экономикалық негіздемені түзету - техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;
56) техникалық-экономикалық параметрлер - техникалық-экономикалық негіздемесінде не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-дің инвестициялық ұсынысында көзделген негізгі көрсеткіштер;
57) түпкілікті қарыз алушы - кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттің түпкілікті алушысы;
58) түпкілікті нәтиже - мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген, стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарламаның көрсеткіші;
59) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толықтай тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
60) іс-шара - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде орындалатын міндеттерді атқаруға бағытталған өзара байланысты құрамдауыш(тар) кешені.".
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. МИЖ мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мыналарға:
техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей, техникалық жағынан жеңіл және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланың (салалардың) институционалдық дамуына бағытталуы мүмкін бюджеттік инвестициялар;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. МИЖ-дің инвестициялық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;
2) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы;
3) МИЖ қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша есептеулер (бюджеттік инвестициялық жоба, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба, бюджеттік кредит, жеке инвестициялар);
4) МИЖ құнының есептемелері мен негіздемелері (құрылыс нормативтеріне не "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес бекітілетін есептеу әдістемесіне және мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес (бұдан әрі - Әдістеме);
5) егер инвестициялық жоба ТЭН әзірлеуді талап етпеген жағдайда, инвестициялық ұсынысқа жобалауға арналған техникалық тапсырма не "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма қосымша ұсынылады;
6) БИЖ ТЭН-і, Инвестициялар ҚЭН-і, бюджеттік кредиттеудің ТЭН-і не ҚЭН-і түзетілген жағдайда:
БИЖ ТЭН не Инвестициялардың ҚЭН бойынша техникалық шешімдердің және (немесе) қосымша шығыстардың болжамды өзгерістері көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН не Инвестициялардың ҚЭН (жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бұрыннан бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде бекітілген Инвестициялар ҚЭН-інің құрамында бекітілген ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе бекітілген жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ);
құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ ТЭН-ін не Инвестициялар ҚЭН-ін, бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есеп-негіздемесі;
егер МИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын болса, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген МИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар көрсетілген заңнаманың мәтіні қоса беріле отырып және қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етіліп ұсынылады;
бюджеттік инвестициялардың бұрын бекітілген ТЭН-нің және (немесе) ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізілетін болжамды өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың хаты;
бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде не Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кезде қол жеткізбеу себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды тұлғалардың активтерін, атап айтқанда жарғылық капиталының үлестерін сатып алған жағдайда:
егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары;
егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтердің құнын бағалаудың қорытындысын ұсыну қажет;
8) егер ББӘ МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, электрондық порталға, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын бес жылдық кезеңге арналған іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің инвестициялық картасы қосымша ұсынылады;
9) акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 50%-нан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастырған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес монополияға қарсы органның шешімі қосымша ұсынылады;
10) заңды тұлға жоспарланатын кезең алдындағы кезеңдерде шығынды болған жағдайда заңды тұлғаның атқарушы органы бекіткен заңды тұлғаны қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары ұсынылады;
11) аяқталмаған құрылыс объектісін аяқтауға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асырған жағдайда техникалық зерттеп-қараумен және техникалық қадағалау қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын, сондай-ақ қолданыстағы көрсетілетін және ұсынылатын қызметтерді салыстырмалы талдауды;
2) МИЖ-ді іске асырудан экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;
3) проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде қаралған, шетелдік тәжірибені ескере отырып, оны шешудің оңтайлы жолы ретінде МИЖ-ді таңдаудың негіздемесі бар балама нұсқаларды;
4) МИЖ басқарудың болжанатын институционалдық схемасының негізділігін (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, баланс ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде БИЖ-ді басқару схемасы);
5) жоба бойынша болжанатын тәуекелдерді (қаржылық, операциялық, техникалық, кредиттік, нормативтік-құқықтық, технологиялық, маркетингтік, нарықтық, коммерциялық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер) және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды;
6) МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігін;
7) МИЖ көлемінің негізділігін бағалауды қамтиды.
ББӘ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қорытындылар алу үшін уәкілетті органға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
Инвестициялық ұсыныстарды ақпараттандыру саласындағы сараптама "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жоба шығыстары есептемесінің негізділігі, жүзеге асырылуын айқындау және тиімділігі тұрғысынан бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады және ол ақпараттандыру саласындағы қорытындыда көрсетіледі.
8) мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты МИЖ-ді іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігін бағалауды қамтиды.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның салалық қорытындысы ақпараттық жүйелерді дамытуға арналған шығындардың нормативтеріне сәйкес келетін есептеулер мен негіздемелерді қамтиды.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың құны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық есебінің бөлігі ретінде ұсынылған есептеулер мен негіздемелер негізінде расталады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ақпараттандыру саласындағы МИЖ құнының есептемелері мен негіздемелері Әдістемеге сәйкес келеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Бюджеттік инвестицияларды түзетуге арналған инвестициялық ұсыныс:
1) БИЖ ТЭН-і түзетілген;
2) Инвестициялар ҚЭН-і түзетілген;
3) бюджеттік кредиттеу ТЭН-ні не ҚЭН-ні түзетілген;
4) егер БИЖ ТЭН, Инвестициялар ҚЭН-ін, бюджеттік кредиттің ТЭН-ін не ҚЭН-ін қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысында МИЖ іске асырудың басқа түрлері мен тәсілдері ұсынылған жағдайларда ғана әзірленеді.
Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсынысты түзету техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын белгіленген техникалық-экономикалық параметрлер өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестицияларды түзетуге арналған инвестициялық ұсыныс бұрын енгізілген оң экономикалық қорытындысы бар біртекті (біртипті) МИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстан техникалық-экономикалық параметрлерін өзгерту болжанатын жоба бойынша ұсынылады.
Техникалық-экономикалық параметрлерін өзгерту болжанбайтын жобалар бойынша осы Қағидаларда көзделген сараптамаларды жүргізу үшін түзетілген инвестициялық ұсыныс енгізу талап етілмейді.";
22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22-1. Қаржыландырудың түрі мен тәсілдері айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу, сондай-ақ ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-ді іске асыру басталмаған (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген МИЖ бойынша, инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. БИЖ ТЭН-інің "Техникалық-технологиялық" бөлімі жобаны іске асырудың әртүрлі техникалық-технологиялық шешімдерінің талдауын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, маркетингтік бөлімде ұсынылған талдауды ескере отырып, таңдалған нұсқаның негіздемесін қамтиды.
Аталған бөлім мыналарды қамтиды:
1) объектіні орналастыру орындарының ықтимал нұсқаларын талдау, шикізат көздері мен өнім берушілеріне, нысаналы топтар мен негізгі пайда алушыларға қатысты орналасқан жері туралы, сондай-ақ жобаның орналасқан жерінің баламалы нұсқалары туралы ақпаратты бере отырып, жобаның орналасқан жерін таңдаудың негіздемесі. Қорғаныс саласындағы жобалар бойынша жобаның орналасқан жерінің баламалы нұсқалары туралы ақпаратты беру міндетті емес;
2) жоба ауқымының сипаттамасы және жоба қуатын, жоба қуатының игерілу серпінін есептеу негіздемесі;
3) технологиялар мен жабдықтарды таңдау негіздемесі, пайдаланылатын жабдықтармен технологиялық үйлесімділігі, оңтайлы баға-сапа арақатынасы, технологиялар мен жабдықтарды таңдаудың баламалы нұсқалары, инновациялық жабдықтарды қолдану, жобада сапа стандарттарының қолданылуы туралы ақпарат;
4) таңдалған шешімдер (энергия үнемдеу, жылу, сумен жабдықтау, кәріз) мен схемаларды негіздей отырып, жобаның қажетті инженерлік, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі туралы негізделген ақпарат, сондай-ақ қажет болған жағдайда іске қосу-баптау жұмыстары туралы ақпарат;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның құрамдауыштары бойынша қаржыландыруды бөле отырып, жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде технологиялық кезеңдер бойынша);
6) пайдаланылатын ақпарат көздері.
Құрылыс саласындағы жобалар бойынша БИЖ ТЭН-нің "Техникалық-технологиялық" бөлімі мыналарды қамтиды:
мыналарды қамтитын негізгі сәулет-құрылыс шешімдері:
қағидаттық сәулеттік, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер, оның ішінде: жоспарлау шешімдерінің негізділігі, жер учаскелерін ұтымды пайдалану, ғимараттардың тиімді бұғатталуы, құрылыс ауданында табиғи қауіпті құбылыстардың (сейсмика, шөгу, карсттар, көшкіндер) болуына ерекше назар аударылады, қағидаттық сәулеттік-композиялық шешімдердің қоршаған құрылыстың қала құрылыстық жағдайларына сәйкестігі. Техникалық жағынан неғұрлым күрделі ғимараттар мен құрылыстардың негізгі параметрлері көлемдік-жоспарлау мен конструктивтік (құрылыстық) шешімдерді және олардың конструктивтік ерекшеліктерін қамтиды. Құрылыс өнімдеріне және материалдарына деген қажеттілік;
көлік схемасының нұсқаларын, алаңішілік жолдар мен автожолдарды, ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде өнеркәсіптік және басқа мақсаттағы ғимараттар арасында талап етілетін өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық арақашықтықтардың сақталуын бағалай отырып таңдау негіздемесі;
технологиялық процестердің (схемалардың) ықтимал нұсқаларын талдау негізінде таңдалған технологияның қысқаша сипаттамасы мен негіздемесі, құрамы және өндірістік құрылымы;
БИЖ ТЭН-нің техникалық-технологиялық бөлімінде мақсатқа қол жеткізу мен жоба нәтижесінің олар бойынша салыстырмалы талдау жүргізілетін және таңдалған нұсқаның негіздемесі берілетін көрсеткіштерінің кемінде екі ықтимал нұсқасы көрсетіледі.
Жобалық шешімдерді таңдау кезінде қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалаудың нәтижелерін ескеру және қоршаған орта мен адам денсаулығына ең аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз ету қажет.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. БИЖ ТЭН-інің "Қаржы-экономикалық" бөлімі мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық шығасыларды есептеу, жобаның кезеңдері, құрамдауыштары мен қаржыландыру көздері бойынша қаржыландыру қажеттіліктерін бөлу, қажет болған жағдайда, объектілерді пайдалануға беру шығыстары (іске қосу-баптау жұмыстары);
2) пайдалану шығасыларының есебі;
3) баламалы нұсқаларды талдау негізінде қаржыландыру көздерін (республикалық/жергілікті бюджет, қарыз қаражаты), шарттары мен көлемдерін (оның ішінде қаржыландыруды жылдарға бөле отырып) көрсете отырып, қаржыландыру схемасының негіздемесі;
4) жобаға қатысушылардың ағымдағы қаржылық жағдайы (қажет болған жағдайда);
5) жобаның мыналарды қамтитын қаржылық талдауы:
өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнын, тарифтерін, жіберу бағасының есебі;
сатудан түскен табыстардың және таза пайданың есебі;
ақша қаражаты ағынының жиынтық есебі;
таза дисконтталған табыстың (Net present value - NPV), ішкі пайдалылық нормасының (Internal rate of return - IRR), өзін-өзі ақтаудың дисконтталған және қарапайым мерзімдерінің есебі;
таза дисконтталған табыстың (NPV) және ішкі пайдалылық нормасының (IRR) негізгі параметрлері бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, инвестициялық және пайдалану шығасылары) сезімталдығын талдау, жобаның шығынсыздық нүктесінің есебі;
6) жобаның мыналарды қамтитын экономикалық талдауы:
жоба іске асырылмаған жағдайда, бюджет қаражатының есебінен болжамды шығындарды есептеуді қамтитын, жобасы бар және жобасыз әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;
ең аз шығындардың талдауы немесе шығындар тиімділігінің талдауы немесе жобаның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің есебі, оның ішінде экономикалық пайдалар мен шығындарды бағалау, экономикалық таза дисконтталған табыстың (Economic net present value - ENPV) және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic internal rate of return - EIRR) есебі;
экономикалық таза дисконтталған табыстың (ENPV) және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (EIRR) негізгі параметрлер (өткізу көлемі, инвестициялық және пайдалану шығындары) бойынша сезімталдығын талдауы (осы көрсеткіштер бар болған жағдайда);
7) пайдаланылатын ақпарат көздері.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден тікелей ақша ағындарын алу болжанбайтын жобалар бойынша жобаға қаржылық талдау жүргізу талап етілмейді.
Жобаның қаржылық және экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеген жағдайда, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қаржы-экономикалық моделінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат БИЖ ТЭН-іне қоса беріледі.
Жобаның қаржылық тиімділігі көрсеткіштерінің есептемесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның таза дисконтталған табысының (NPV) және ішкі пайдалылық нормасының (IRR) сезімталдығын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның ең аз шығындарын талдау көрсеткіштері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жоба шығындарының тиімділігін талдауға арналған көрсеткіштер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің есептемесі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның экономикалық таза дисконтталған табысының (ENPV) және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (EIRR) сезімталдығын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қосымшалардағы көрсеткіштер мен есептемелер БИЖ ТЭН-інде негізделген болуға тиіс.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Салалық сараптама қорытындысы:
1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін;
2) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
3) БИЖ-ді іске асыру болжанатын қолданыстағы саяси,
әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды;
4) өнімдерге/көрсетілетін қызметке қазіргі және болжанатын (БИЖ өмірлік циклінің кезеңіне) сұраныстың немесе осы өңірде бар бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіктің көрсеткіштерін;
5) БИЖ-ді іске асырудан болатын пайдалар мен шығындарды бөлуді;
6) БИЖ ТЭН-де қабылданған технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде БИЖ-ді іске асыру кестесін бағалауды;
7) бағалық шешімдерді, оның ішінде БИЖ ТЭН-інде келтірілген инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасын, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жоспарланып отырған бағаларды тиісті нарықтық бағалармен салыстыруды;
8) БИЖ таңдаудың негіздемесімен қоса, проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған баламалы нұсқаларды;
9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;
10) салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың ведомстволық нормативтеріне сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігін;
11) БИЖ іске асырылған жағдайдағы ықтимал тәуекелдерді және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды бағалауды көздейді.";
74 және 74-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, БИЖ ТЭН түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
Егер БИЖ бойынша қаржыландыру көзін сыртқы үкіметтік қарыз алуға өзгерту (толықтыру) жоспарланса, онда ТЭН кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, жобаны басқару, сүйемелдеу, құрылысты қадағалау, институционалдық дамыту бойынша консультациялық көрестілетін қызметтер бойынша қосалқы қосымша қосу бөлігінде ғана түзетіледі.
Бұл ретте, аталған қосымшада осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген ақпарат қамтылады.
Егер Тапсырыс берушінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10632 болып тіркелген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы түзетудің негізделген қажеттілігі туындаған жағдайда, жоба алдындағы құжаттаманы түзету (бар болса) талап етілмейді.";
74-1. ТЭН-ді экономикалық сараптама жүргізбей және экономикалық қорытынды алмай түзету мынадай:
1) осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген;
2) егер іс-шараларды техникалық шешімдерді өзгертпей және қосымша шығыстарсыз іске асыру дәйектілігі және (немесе) мерзімдері өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
Бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз түзетілген БИЖ ТЭН-ін бекітуге жол берілмейді.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеу талап етілмейді.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің құнын өзгеру мәселелерін шығару екі кезеңмен жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстың орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
Екінші кезең - ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
Бірінші кезеңде ББӘ БИЖ-дің ерекшелігіне қарай бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
2) ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, БИЖ-ді іске асыру шеңберінде (ЖСҚ әзірлеу және басқалар) жасалған шарттар туралы ақпарат;
Жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру (құрылыс үшін ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап). Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
оның кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
техникалық зерттеп-қарау және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;
бекітілген ЖСҚ-да немесе ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныста көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;
3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;
3-1) ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша ақпаратттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қорытындылар;
4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрық;
6) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін уақыт белгіленген БИЖ-ді іске асыру шеңберінде (салу үшін ЖСҚ әзірлеуден бастап) бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның актісі;
7) ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырма кесте мен құжаттама тізбесі;
8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;
9) БИЖ бұрын бекітілген ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.
ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде, ЖСҚ-ға немесе не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсынысқа тиісті түзетулерді енгізеді.
Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс, сонымен қатар БИЖ-дің ерекшелігіне қарай:
ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын;
мемлекеттік салалық уәкілетті органның сараптама қорытындысын;
ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша ақпаратттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қорытындыларды;
БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесі мен түзетілген құнға ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығыстары (бар болған жағдайда) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын енгізеді.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, бірыңғай энергетикалық жүйенің ірі объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін іске қосу жұмыстары бойынша шығындар елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуін растауды қамтитын уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган БИЖ-дің ерекшелігіне қарай тиісті бюджеттік комиссияның қарауына осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетілген ББӘ ұсынған құжаттардың, сондай-ақ БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша түзетілген инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қорытынды, БИЖ-ге түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс негізінде түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша БИЖ құнының ұлғаюын енгізеді.
Екінші кезеңде құнның ұлғаюын қаржыландырудың орындылығы:
құнының ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын РБК қарайды;
құнының ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.";
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ЖСҚ-ны түзету жүргізіледі.
Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, инвестициялық ұсынысты түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, ЖСҚ-ны әзірлеуді қажет етпейтін БИЖ-дің құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ді түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.";
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. "Негiздiлiк" бөлiмiнде iс-шараларды iске асыруға арналған Инвестициялар мөлшерiнiң және Инвестициялардың ҚЭН-інің iс-шараларын баламалы көздерден қаржыландырудың мүмкін болмауының негiздемесi келтiрiледi.
"Негiздiлiк" бөлiмi мынадай тарауларды қамтиды:
1) "Инвестициялар көлемi" тарауы;
2) "Қаржыландырудың балама көздерi" тарауы;
3) "Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі" тарауы;
4) "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы" тарауы;
5) "Болжанатын техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы мен негіздемесі" тарауы.
Егер Инвестициялар Институционалдық МЖӘ жобасын іске асыруға бағытталған болса, "Қаржыландырудың балама көздерi" және "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы" тараулары ұсынылмайды.
Егер Инвестициялар ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздеген жағдайда "Болжанатын техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы мен негіздемесі" тарауы ұсынылуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 131-2 тармақпен толықтырылсын:
"131-2. "Болжанатын техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы мен негіздемесі" тарауында мыналар қамтылады:
1) жоба ауқымының сипаттамасы және жоба қуатының есептік негіздемесі, жоба қуатын игеру серпіні;
2) технологиялар мен жабдықтарды таңдау негіздемесі, пайдаланылатын жабдықпен технологиялық үйлесімділік, баға-сапа оңтайлы арақатынасы, технологиялар мен жабдықтар таңдаудың балама нұсқалары, инновациялық жабдықты қолдану, жобада сапа стандарттарын пайдалану туралы ақпарат;
3) жобаның құрамдауыштары бойынша қаржыландыруды бөле отырып, жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде технологиялық кезеңдер бойынша);
4) автоматтандырылған функциялар, процестер және оларды тұтынушылар тізбесі (use-case схемасы);
5) телекоммуникация схемасы және байланыс арналарына қойылатын талаптар, жобаның ауқымы мен қуатының сандық көрсеткіштері негізінде есептеу қуаттары мен сақтау көлемдеріне және есептеу құралдарының санына қойылатын талаптардың негіздемесі;
6) жүйе архитектурасының, жүйе құрамдауыштарының және олардың өзара байланысының жалпы сипаттамасы;
7) жобаны іске асыру нәтижесінде өзекті болмауы мүмкін мемлекеттік ақпараттандыру объектілерін және олардың құрамдауыштарын көрсету;
8) сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграцияны көрсету;
9) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын көрсету.
Инвестициялық ұсыныстың осы бөлімінде салыстырмалы талдау жүргізілетін және таңдап алынған нұсқаның негіздемесі ұсынылатын жобаның мақсатына және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізудің кемінде екі ықтимал нұсқасы көрсетіледі.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Қосымшалар мынадай құжаттармен жиынтықталады:
1) "Ретроспектива" бөлiмiне:
ҚЭН-ді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы, мөр басылған және ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға мен бас бухгалтердің қолы қойылған қатысушылардың қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;
Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қатысушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есептілікті ұсына алады.
Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысуы туралы, баланс валютасында 10 % және одан көп үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.
2) "Институционалдық" бөлiмiне:
оларға сәйкес қатысушылар құрылған немесе құрылатын құжаттардың көшiрмесi;
Инвестициялар алушы жарғысының көшiрмесi (бар болса);
Институционалдық МЖӘ жобалары бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға Инвестициялар жүзеге асырылған кезде мемлекеттік және жекеше әріптестер арасындағы жобаны іске асыру туралы құжаттардың көшірмелері беріледі;
3) "Негiздiлiк" бөлiмiне:
осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Сатып алынатын (құрылатын) активтердiң құны мен сипаттамасы";
осы Қағидалардың 129-тармағының 2) тармақшасында келтiрiлген ақпаратты растайтын ақпарат қамтылған прайс-парақтардың (ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша прайс-парақтар болмаған жағдайда кемінде екі тәуелсіз бағалау қорытындысы беріледі), бағалау актiлерi мен басқа да құжаттардың көшiрмелерi беріледі. Бұл ретте, егер бұл құны кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысында расталған технологиялық және инженерлік жабдық болса, онда қосымша растаушы құжаттар талап етілмейді.
Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысы ұсынылады.
Егер Инвестицияларды іске асыру бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын болса, аталған салалық мемлекеттік органдар Инвестициялардың тиісті сараптамалар қорытындыларын ұсынады.
Бұл ретте, қосымша салалық сараптамалар қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар Инвестициялардың іске асырылуының жетекшілік ететін салаға әсерін бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.
Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:
саладағы қазіргі жағдайдың талдауын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда, саладағы жағдайдың талдауын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларын іске асырудың саланы дамытуға әсерін сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және мыналарды:
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігінің бағасын көрсете отырып бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;
бар болған жағдайда, салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының негізділігін қамтиды.
Жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бұрынан бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-ің құрамында ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе ЖСҚ, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, жерге орналастыру жобасы немесе жер-кадастрлық жоспар (қажет болған кезде жер учаскелері иелерiнің және жер пайдаланушылардың шығындарын, алынатын алқаптардың түрлеріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсінің шығындарын есептеулерді қоса бере отырып), техникалық шарттар ұсынылады.
Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (іске-қосу-баптау жұмыстары) шығыстары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындылары талап етіледі.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында берілген есептеулерге сәйкес іске қосу жұмыстары бойынша шығындар жүзеге асырылады;
Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-інің құрамында Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген қорытындылар ұсынылады.
Инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметтi болжайтын iс-шараларды іске асыруға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады;
4) "Нәтиже" бөлiмiне:
"Өнім өндiру бағдарламасы" осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;
"Өнімді өткізу бағдарламасы" осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;
осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген "Қаржы моделіне қойылатын талаптар" нысанына сәйкес дайындалған қаржылық модель қоса беріледі.
Қызметін әлеуметтік маңызды салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қаржылық модельдің болуы талап етілмейді. Инвестициялардың әлеуметтік маңыздылығы салалық сараптаманың қорытындымен айқындалады;
"Инвестициялар нәтижелерi" осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;
"ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі" осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысанда;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 15384 болып тіркелген Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдардан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарында айқындалған нысандарға сәйкес, Инвестицияларды ескермегендегі Инвестициялар алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:
"Бухгалтерлік баланс";
"Пайдалар мен шығындар туралы есеп";
"Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей тәсіл)" не "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама тәсіл)";
"Капиталдағы өзгерістер туралы есеп";
осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы.";
145-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"145-1. Экономикалық сараптама жүргізусіз және экономикалық қорытындыны алусыз Инвестициялар ҚЭН түзету мынадай:
1) осы Қағидалардың 149-тармағында көзделген;
2) техникалық шешімдерді өзгертуге әкелмейтін, бір іс-шара ішіндегі құрамдауыштар арасында қаражатты қайта бөлген;
3) техникалық шешімдердің өзгеруіне және нәтижелердің төмендеуіне әкеп соқпайтын ҚЭН-ді қаржыландыру және (немесе) іске асыру мерзімдері өзгерген жағдайда жүргізіледі.";
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"188. Жоспар-кестеде есепті жылдың басталуына дейінгі кезеңге, ағымдағы жылға арналған нақты көлемдер және келесі үш жылға арналған болжамды көлемдер де көрсетіледі.
Жоспар-кесте бекітілген БИЖ ТЭН-інің және мақұлданған бюджеттік өтінімнің негізінде қалыптастырылады, ал ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс не ЖСҚ, сондай-ақ мақұлданған бюджеттік өтінім жоспар-кестені дайындаудың негізі болып табылады.
Жоспар-кестеде жобаны іске асыру кезеңі тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік өтінімге сәйкес көрсетіледі.
Жоспар-кестеге, мониторинг бойынша есепке енгізілген жобалар тізбесі тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен бекітілген жобалар тізбесіне сәйкес келеді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
27-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
32-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы"
1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және іске асыруға ұсынылатын мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - МИЖ) жөніндегі деректер
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі _______________________________________________
МИЖ атауы _______________________________________________________________
Құрамында МИЖ-ді іске асыру көзделген Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының, Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының атауы (нақты тармақтарға сілтемелер).
Инвестицияларды алушы (болған жағдайда) заңды тұлғаның атауы
МИЖ іске асыру кезеңі (белгісіз болса, жобалап көрсетіңіз):
Іске асырудың ұзақтығы: ____________ ай
МИЖ іске асырудың басталуы: жыл: ________ ай: ________
МИЖ іске асырудың болжамды аяқталуы: жыл: ______ ай: ______
МИЖ-дің пайдаланылу (қызмет ету) кезеңі
МИЖ-дің жалпы құны: ____ мың теңге, оның ішінде (қажет жағдайда толтырылады):
Техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу құны: __________ мың теңге
ТЭН түзету құны: ___________ мың теңге
Объектіні ұстауға арналған жыл сайынғы шығындар, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезең (қаржыландыру көзін көрсетумен)
МИЖ-дің іске асырылу орыны:
(МИЖ-дің, оның негізгі құрамдауыштарының іске асырылу орнын және МИЖ бойынша шығындардың өңірлерге бөлінуін көрсетіңіз)
1) Елдімекен (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)
2) Баланс ұстаушы* (қажет жағдайда толтырылады)
3) МИЖ үшін бөлінген жердің болуы* (қажет жағдайда толтырылады)
иә (жер учаскесі мен сол орында тұрған жылжымайтын мүліктің берілгені жөніндегі шешімнің нөмірі мен күні көрсетіледі);
жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажет сома көрсетіледі).
4) инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр-, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа да инфрақұрылымның) болуы:
иә (қандай екені көрсетіледі);
жоқ (қосымша қанша шығын қажет екені көрсетіледі)
Ескертпе:
* жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда, болашақ меншік иесі көрсетіледі, реконструкцияланған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі
2. Ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат)
Атауы | Инвестицияларды жүзеге асыру жылының алдындағы жылдар | ||||||||
жылы | жылы | жылы | |||||||
Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нөмірі | |||||||||
Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | |||||||||
Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) сипаттамасы | |||||||||
Стратегиялық бағыты | нөмірі | ||||||||
атауы | |||||||||
Мақсаты | нөмір | ||||||||
атауы | |||||||||
Міндеті | нөмір | ||||||||
атауы | |||||||||
Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) сомасы, мың. теңге | |||||||||
Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) бекіткен нормативтік құқықтық акт | түрі | ||||||||
қабылданған күні | |||||||||
нөмірі | |||||||||
Нәтиже |
Р/с | Нысаналы индикатор | Өлшем бірлігі | жоспар | нақты | жоспар | нақты | жоспар | нақты |
Тікелей нәтиже (сан көрсеткіштері) | 1 | ||||||||
... | |||||||||
№ | |||||||||
Түпкілікті нәтиже (нәтиже көрсеткіштері) | 1 | ||||||||
... | . | ||||||||
№ |
3. Саланың маркетингтік талдауы
1) объектілерді құру (салу) мен реконструкциялауды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытуды болжайтын МИЖ үшін қаралатын өңірде жобада (жобалар) болжанған өнімдерге (тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қазіргі кездегі және перспективадағы сұранысты не жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдауды көрсетеді.";
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерін жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуды болжайтын МИЖ үшін іс-шараларды іске асыру ықпал ететін негізгі көрсеткіштер мен даму серпінін көрсете отырып, іс-шараларды іске асыру болжанатын маркетингтік ортаны талдауды көрсетеді.
4. Іске асырылуы болжанатын МИЖ-дің жалпы сипаттамасы (МИЖ-ді жалпы сипаттау басымдылық тәртібінде жеке (жоба бойынша) баяндалады.
МИЖ-дің мақсаты мен міндеттері:
1) мақсаты
(мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласының (аясының) неғұрлым ауқымды міндеттерін/даму басымдықтарын көрсетуі тиіс).
2) сандық міндеттері (жобаның ауқымын айқындауға болатын жобаның санмен өлшенетін міндеттерін көрсетіңіз. Белгілі бір сандық көрсеткіштерді ұсыныңыз, мысалы, жобалық қуаты және т.б.)
3) Тікелей және түпкілікті нәтижелер
(жобаны іске асыру нәтижесінде оларды алушылар үшін өндірілетін өнімнен/көрсетілетін қызметтен болатын әсер, сондай-ақ бизнес (оның ішінде шағын және орта бизнес) субъектілеріне ықпалы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің негізінде жобаны іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу).
Жобаның негіздемесі:
(осы жобаны іске асыру қажеттілігін негіздеу;
Жобаны іске асырған жағдайда осы саланың көрсеткіші қаншалықты көтерілетіндігін көрсету).
Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жоба үшін мыналарды көрсетіңіз:
инвестициялық және пайдалану кезеңдерінде сатудың әрбір нұсқасы құнының есептері мен негіздемелерін келтіре отырып, іске асырудың кемінде 2 нұсқасы;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жобаны іске асыру нұсқасын оңтайлы таңдауды негіздеу үшін әрбір нұсқа бойынша ең аз шығындарға талдау жүргізу.
МИЖ сипаттамасы:
(1 және 2-кестелерге сәйкес жобаның және оның барлық іс-шаралары мен құрамдауыштарының мазмұнын сипаттаңыз)
1-кесте
Іс-шараның іске асырылу кезеңі мен құны | |||||
№ | Іс-шаралар мен құрамдауыштардың атауы | Кезеңі | Кезеңі | Кезеңі | Жиыны |
құны | құны | құны | |||
1. | |||||
1) | |||||
2) | |||||
2. | |||||
1) | |||||
2) | |||||
Жиыны |
2-кесте
№ | Жекелеген құрамдауыштар және іске асырылу кезеңдері | Сандық көрсеткіштер | ||
Өлшем бірлігі | Жоба бойынша | Құны (мың теңге) | ||
1. | ||||
2. | ||||
3. |
5. МИЖ-ді институционалдық басқару схемасы
Негізгі қатысушыларды сипаттау, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайдалар мен шығындарды бөлу, инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңдерде жобаны басқару схемасы, сондай-ақ пайда алушылар (жобаның іске асырылуынан пайда табатын нысаналы топтар мен адамдардың санын көрсетіңіз);
6. Әлеуметтік және экологиялық әсер ету:
(жобаның қоршаған орта мен тұрғындарға әсер етуін қысқаша сипаттаңыз)
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына әсері
(жобаның іске асырылуына тікелей немесе жанама қатысатын адамдар санын бағалауды ұсыныңыз).
7. МИЖ-ді қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша іске асырудың балама нұсқалары.
МИЖ-ді іске асыру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) тиісті негізделген есептерді қоса бере отырып, қаржыландырудың мынадай түрлері мен тәсілдерін жазыңыз:
1) бюджеттік инвестициялық жоба (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады, теңгерім ұстаушысы тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы);
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады және/немесе Инвестицияларды алушының белгілі бір көлемдегі және сападағы өнімді өндіруі);
3) бюджеттік кредит (ақпаратты бюджеттік кредиттеу қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан көрсету, оның ішінде:
бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік);
4) мемлекеттік жекешелік-әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы, оның ішінде концессиялық жоба (сәйкестікке қатысты ақпаратты көрсету):
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген МЖӘ, оның ішінде концессия қағидаттарын сақтау;
жобаны МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша іске асырудың әлеуметтік тиімділігі;
жобаны МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық тиімділігі;
МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша ұсынылатын шешімдердің негізделуі);
5) жеке инвестициялар (ақпаратты МИЖ-дің жоғары өтімділігіне сәйкестігі тұрғысынан көрсету).
8. Ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жоба үшін болжанатын техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы мен негіздемесі:
1) жоба ауқымының сипаттамасы және жоба қуатының есептік негіздемесі, жоба қуатын игеру серпіні;
2) технологиялар мен жабдықтарды таңдау негіздемесі, пайдаланылатын жабдықпен технологиялық үйлесімділік, баға-сапа оңтайлы арақатынасы, технологиялар мен жабдықтарды таңдаудың балама нұсқалары, инновациялық жабдықты қолдану, жобада сапа стандарттарын пайдалану туралы ақпарат;
3) жобаның құрамдауыштары бойынша қаржыландыруды бөле отырып, жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде технологиялық кезеңдер бойынша);
4) автоматтандырылған функциялар, процестер және оларды тұтынушылар тізбесі (use-case схемасы);
5) телекоммуникация схемасы және байланыс арналарына қойылатын талаптар, жобаның ауқымы мен қуатының сандық көрсеткіштері негізінде есептеу қуаттары мен сақтау көлемдеріне және есептеу құралдарының санына қойылатын талаптардың негіздемесі;
6) жүйе архитектурасының, жүйе құрамдауыштарының және олардың өзара байланысының жалпы сипаттамасы;
7) жобаны іске асыру нәтижесінде өзекті болмай қалуы мүмкін мемлекеттік ақпараттандыру объектілерін және олардың құрамдауыштарын көрсету;
8) сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграцияны көрсету;
9) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын көрсету.
Инвестициялық ұсыныстың осы бөлімінде салыстырмалы талдау жүргізілетін және таңдап алынған нұсқаның негіздемесі ұсынылатын жобаның мақсатына және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізудің кемінде екі ықтимал нұсқасы көрсетіледі.
Байланысатын адамның деректемелері
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_______________________________________
Лауазымы:________________________________________________________________
Бөлімше/ұйым:_____________________________________________________________
Мекенжайы:_______________________________________________________________
Байланыс телефоны: ________________________________________________________
Факс:_____________________________________________________________________
Электрондық пошта: ________________________________________________________
__________________________ ___________ Мөрдің орны (болған жағдайда)_________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы қолы
"Бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындаудың және іске асырудың жоспар-кестесі"
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі - РББӘ) немесе
Жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО):
Есепті кезең: 20___ жылғы _______
Р/с | Жобаның атауы | Техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) не инвестициялық ұсыныс бойынша жобаның құны, мың теңге | Жобалық-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) бойынша жобаның құны, мың теңге | ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны | Объектінің аяқталу мерзімі | Жобаның қуаттылығы | Жобаның іске асыру кезеңі | Жоспарланған жұмыстар көлемі заттай мәнінде (құрамдауыштар) | ТЭН /ЖСҚ-ға не инвестициялық ұсынысқа сәйкес жұмыстарды орындау кестесі | ||||||||
Құрам-дауыштың атауы | оның ішінде | ||||||||||||||||
бірінші жартыжылдық | жыл қорытындысы бойынша | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | Сала бойынша жиыны: | ||||||||||||||||
Қорғаныс | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтері | |||||||||||||||||
1- құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Білім беру | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Денсаулық сақтау | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Көлік және коммуникация | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Басқалары | |||||||||||||||||
1-құрамдауыш | |||||||||||||||||
2-құрамдауыш | |||||||||||||||||
n-құрамдауыш | |||||||||||||||||
Сала бойынша жиыны: | |||||||||||||||||
Жобаны іске асыру | Ескертпе | ||||||||||||||||
оның ішінде (мың тенге) | |||||||||||||||||
Есепті жылдың басталуына дейін (іске асырудың бірінші жылынан бастап) | ағымдағы жылға | одан кейінгі жылдарға болжам | |||||||||||||||
бюджеттен бөлінді | іс жүзінде орындалуы | оның ішінде | есепті жылдан кейінгі 1 - жыл | есепті жылдан кейінгі 2 - жыл | есепті жылдан кейінгі 3- жыл | ||||||||||||
бірінші жартыжылдық | жыл қорытындысы бойынша | ||||||||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | ||||||||||
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | |||||||||||||||||
Қорғаныс | |||||||||||||||||
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық атқару қызметтері | |||||||||||||||||
Білім беру | |||||||||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | ||||||||||
Денсаулық сақтау | |||||||||||||||||
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | |||||||||||||||||
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |||||||||||||||||
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | |||||||||||||||||
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | |||||||||||||||||
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | |||||||||||||||||
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | |||||||||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | ||||||||||
Көлік және коммуникация | |||||||||||||||||
Басқалары | |||||||||||||||||
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі немесе жергілікті атқарушы
орган:______________________________________
Есепті кезең: 20 ____ жылғы _______________
Нысан |
"Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобаның паспорты"
1. Жалпы ақпарат
№ | Ақпарат | Өлшем бірлігі |
1 | 2 | 3 |
1. | Жобаның атауы | |
2. | Жобаның типі | |
3. | Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі | |
1) | Функционалдық топ | |
2) | Кіші функция | |
3) | Әкімшінің коды | |
4) | Бағдарлама | |
5) | Кіші бағдарлама | |
6) | Ерекшелік | |
4. | Экономика саласы | |
1) | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушысы коды | |
5. | Өндірілетін негізгі тауарлар және көрсетілетін қызметтер | |
6. | Мемлекеттік (салалық) бағдарламаның атауы | |
7. | Жобаның мақсаты және міндеттері: | |
1) | мақсаты | |
2) | міндеттері | |
8. | Әкімшілік аумақтық объектілер сыныптаушысы коды | |
1) | Жобаның іске асырылу орны (облыс, қала, аудан) | |
2) | Басқалары | |
9. | Экономикалық таза дисконтталған кірісі (ENPV) | |
1) | жоспар | мың теңге |
2) | нақты | мың теңге |
10. | Кірістіліктің экономикалық ішкі нормасы (EIRR) | |
1) | жоспар | % |
2) | нақты | % |
11. | Өтімділік мерзімі | X |
1) | жоспар | жыл |
2) | нақты | жыл |
12. | Жобаны дайындау мен іске асырудың ағымдағы жай-күйі | |
13. | Жоба бойынша негізгі проблемалар | |
осы проблемаларды шешу жолдары | мәтін | |
14. | Жобаның іске асырылу кезеңі, оның ішінде: | |
1) | Іске асырудың басталуы | ай, жыл |
2) | Іске асырудың аяқталуы | ай, жыл |
15. | Жобаның құны: | X |
1) | тиісті бюджеттік комиссия мақұлдаған | мың теңге |
2) | "Тиісті үш жылдық мерзімге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе мәслихаттың тиісті қаулысымен бекітілген | мың теңге |
3) | Жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі - ЖСҚ) мемлекеттік сараптама бойынша | мың теңге |
оның ішінде құрылыс монтаждау жұмыстары | мың теңге | |
оның ішінде жабдықтар | мың теңге | |
16. | Қаржыландыру көздері | тізім бойынша |
17. | Жобалық қуаты: | X |
1) | заттай мәнінде | өлшем бірлігі |
2) | құндық мәнінде (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігіне) | мың теңге |
18. | Объектінің пайдаланылу (қызмет ету) мерзімі | Жыл |
19. | Тізбеде "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына сәйкес техникалық-экономикалық негідеме әзірлеуді талап етпейтін жобаның болуы | бар/жоқ |
20. | ЖСҚ болуы | № және күні |
21. | Сараптамалардың болуы | |
1) | ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама | №, күні |
2) | Салалық органның сараптамасы | №, күні |
3) | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасы | №, күні |
4) | Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның сараптамасы | №, күні |
5) | Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама | №, күні |
6) | Басқа сараптамалар | №, күні және атауы |
22. | Жер учаскесінің болуы (бөлінуі): | бар/жоқ |
1) | Меншік және жерді пайдалану құқығы | жеке/мемлекеттік |
2) | Жер учаскесін бөлу туралы шешім | №, күні |
3) | Жер учаскесін және онда орналасқан объектілерді сатып алуға қажетті сома | мың теңге |
23. | Жұмыс орындары: | X |
1) | құрылыс салу кезеңінде (орташа алғанда бір жылдағы) | X |
жоспарланған | адам | |
нақты | адам | |
2) | пайдалану кезеңінде (орташа алғанда бір жылдағы) | X |
жоспарланған | адам | |
нақты | адам | |
24. | Өткізу нарығы | X |
1) | ішкі нарық | % |
2) | экспортқа | % |
25. | Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі не ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы акт | күні, нөмірі |
Ескертпе: Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасы, осы Қағидалардың 19, 20, 22-тармақтары ақпараттандыру объектілерін құруға не дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаға қолданылмайды.