Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 24.12.2021 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қоса берілген тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтар күші жойылған болып танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түріндегі көшірмесінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығымен бекітілді |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Ашық деректер жиынтығының атауы | Өзектендіру мерзімділігі | Ақпаратты орналастыру мерзімі* | Көзі (Ашық деректер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның Application Programming Interface жүйелері арқылы) | Жауапты құрылымдық бөлімше |
---|---|---|---|---|---|
1. | ҚР АҚДМ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесі | Жартыжылына 1 рет |
10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Мемлекеттік активтермен жұмыс жөніндегі және сатып алулар департаменті |
2. | ҚР АҚДМ ұйымдық құрылымы | Жартыжылына 1 рет |
10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Персоналды басқару департаменті |
3. | ҚР АҚДМ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру | Конкурстар туралы хабарландырулардың жариялануынақарай | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігің сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Персоналды басқару департаменті |
4. | ҚР АҚДМ басшылығының атына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша статистикалық мәліметтер | Тоқсанына 1 рет |
10 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ішкі әкімшілендіру департаменті |
5. | ҚР АҚДМ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі | Тоқсанына 1 рет |
15 желтоқсан (I тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ішкі әкімшілендіру департаменті |
6. | ҚР АҚДМ Қоғамдық кеңесіне қатысушылардың тізімі (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсете отырып) | Жылына 1 рет |
10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті |
7. | ҚР АҚДМ Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу кестесі | Жылына 1 рет |
10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті |
8. | ҚР АҚДМ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі | Жартыжылына 1 рет |
10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Заң департаменті |
9. | Ақпарат және қоғамдық даму саласында аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің тізбесі | Жылына 1 рет |
1 қыркүйек | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Заң департаменті |
10. | Қоғамдық аккредитациялаудан өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің саны | Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредитациялау бойынша | Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредитациялаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті |
11. | Республикалық және өңірлік маңызы бар "Рухани жаңғыру" жобалық кеңселерінің тізімі | Жартыжылына 1 рет |
5 қаңтар (II жартыжылдық бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үйлестіру департаменті |
12. | ҚР АҚДМ мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі | Жылына бір рет | 10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Ішкі аудит департаменті |
13. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі | Жылына 1 рет |
10 желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
14. | Телерадио хабарларын тарату ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радио арналардың тізбесі | Жылына 1 рет |
10 желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
15. | Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін берілген лицензиялардың тізбесі | Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензияларды берудің шамасына қарай | Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензияларды бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
16. | Есепке, қайта есепке қойылған, отандық телеарна куәлігінің телнұсқасын берудің тізбесі | Есепке, қайта есепке қоюдың, отандық телеарна куәлігінің телнұсқасын берудің шамасына қарай | Есепке, қайта есепке қойғаннан, отандық телеарна куәлігінің телнұсқасын бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
17. | Есепке, қайта есепке қойылған, отандық радиоарна куәлігінің телнұсқасын берудің тізбесі | Есепке, қайта есепке қоюдың, отандық радиоарна куәлігінің телнұсқасын берудің шамасына қарай | Есепке, қайта есепке қойғаннан, отандық радиоарна куәлігінің телнұсқасын бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
18. | Есепке, қайта есепке қойылған, Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарна куәлігінің телнұсқасын берудің тізбесі | Есепке, қайта есепке қойылған, Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарна куәлігінің телнұсқасын берудің шамасына қарай | Есепке, қайта есепке қойғаннан, Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарна куәлігінің телнұсқасын бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
19. | Бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеудің нәтижелері | Тоқсанына 1 рет |
25 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ақпарат комитеті |
20. | Тіркелген діни бірлестіктердің, олардың филиалдарының саны | Діни бірлестіктердің, олардың филиалдарын тіркеудің шамасына қарай | Діни бірлестіктердің, олардың филиалдарын тіркегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Дін істері жөніндегі комитет |
21. | Тіркелген рухани (діни) білім беру ұйымдарының тізбесі | Рухани (діни) білім беру ұйымдарын тіркеудің шамасына қарай | Рухани (діни) білім беру ұйымдарын тіркегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Дін істері жөніндегі комитет |
22. | ҚР АҚДМ мемлекеттік қызметтерінің тізбесі | Жылына 1 рет |
25 ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Дін істері жөніндегі комитет |
23. | Тіркелген миссионерлердің саны | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) 15 қазан (III тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істері комитеті |
24. | Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша дін саласындағы статистикалық деректер | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) 15 қазан (III тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істері комитеті |
25. | Дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған құрылтай, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, рухани (діни) білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың және діни мақсаттағы заттардың тізімі | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) 15 қазан (III тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істерікомитет |
26. | Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік діни бірлестіктердің тізбесі | Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктерді тіркеудің шамасына қарай | Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктерді тіркегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Дін істері жөніндегі комитет |
27. | Тіркелген ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) саны | Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) тіркеудің шамасына қарай | Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) тіркегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Дін істері жөніндегі комитет |
28. | Өңірлер бөлінісіндегі тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны | Тоқсанына 1 рет | 25 ақпан (орналастыру уақытындағы жағдай бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
29. | Халықтың өзекті мәселелерін талқылау мәселесі бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтық сектор өкілдерімен тұрақты кездесулерінің кестесі | Жарты жылда 1 рет |
25 қаңтар (I жартыжылдыққа) 25 шілде (II жартыжылдыққа) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
30. | Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өзінің қызметі туралы мәліметтерін ұсынған үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі | Жылына 1 рет |
1 маусым | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
31. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған әлеуметтік жобалардың (бағдарламалардың) көлемі және бағыттары | Жылына 1 рет |
1 ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
32. | Үкіметтік емес ұйымдардың гранттық қаржыландыру жоспары | Жылына 1 рет |
25 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
33. | Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы лауреаттарының тізімі | Жылына 1 рет |
20 желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
34. | Республикалық жастар ұйымдарының тізбесі | Жылына 1 рет | 25 ақпан (орналастыру уақытындағы жағдай бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
35. | Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымастықты жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың тізбесі | Тоқсанына 1 рет |
5 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
36. | "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының тізімі | Жылына 1 рет |
20 желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
37. | Отбасы саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі | Жылына 1 рет | 25 ақпан (орналастыру уақытындағы жағдай бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
38. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы | 3 жылда 1 рет | 20 мамыр (орналастыру уақытындағы жағдай бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
39. | Жастардың өзін-өзі басқару органдарының өңірлер бөлінісіндегі тізбесі | Тоқсанына 1 рет | 25 ақпан (орналастыру уақытындағы жағдай бойынша) | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Жастар және отбасы істері комитеті |
Аббревиатуралардың анықтамасы:
ҚР АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары.
Ескертпе:
* Ақпаратты орналастыру мерзімі демалыс күніне түскен жағдайда, одан кейінгі жұмыс күні орналастыру күні болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14608 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 278 бұйрығы.
2. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15936 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрдің 2017 жылғы 4 қазандағы № 137 бұйрығы.
3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрдің 2017 жылғы 4 қазандағы № 137 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17917 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-01/95 бұйрығы.