Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14608 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.07.2019 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Ж.Ғ. Баканов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына (Ж.М. Қожахметов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Д. Абаев


  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 278 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің ашық деректер тізбесі

Ашық деректер атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дерек көзі (Автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) ашық деректердің интернет-порталы арқылы немесе Application Programming Interface мемлекеттік органыны)

Жауапты құрылымдық бөлімше

1.

ҚР АКМ аумақтық органдарының тізбесі

Жылына 1 рет

есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

2.

ҚР АКМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

Жылына 1 рет

есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

3.

ҚР АКМ ұйымдық құрылымы

Жылына 1 рет

есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

4.

ҚР АКМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

Жылына 1 рет

Жылдың соңы бойынша

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті

5.

ҚР АКМ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру

Жарияланған конкурстарға қарай

ҚР СЖҚІҚА сайтында жарияланғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

6.

ҚР АКМ басшылығының атына түсетін Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері бойынша статистикалық мәліметтер

Тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшілендіру департаменті

7.

ҚР АКМ азаматтарды қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Есептілік тоқсан басталғанға дейін 15 күн бұрын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшілендіру департаменті

8.

ҚР АКМ Қоғамдық кеңесіне қатысушылардың тізімі (қызмет түрін көрсете отырып, байланыс деректері)

Жылына 1 рет

жыл сайын 31 қаңтарға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау департаменті

9.

ҚР АКМ Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу кестесі

Жылына 1 рет

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау департаменті

10.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету үшін алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Жылына 1 рет

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия өткізілуіне байланысты

в зависимости от проведения МВК при Правительстве

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті

11.

Пошта байланысының қызметтерін ұсынатын компаниялардың тізімі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

12.

"Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің тізімі (кестесі және орналасқан жері)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

13.

Пошта байланысы бойынша статистикалық мәліметтер

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 мамырға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

14.

Халықаралық пошта алмасу (тапсырыс көлемі, қарапайым хаттарды, почта аударымдары)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 мамырға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

15.

Пошта бөлімшелеріндегі қызметтер тізбесі (қызметтердің тізбесі, сипаттамасы, тарифтер, жеткізу мерзімі)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 сәуірге дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

16.

Қазақстан Республикасының пошта индекстері

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

17.

телекоммуникация мен почта байланысының әмбебап қызметтері салаларындағы табиғи монополиялардағы тарифтер (бағалар, алым ставкаларын)

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

18.

Мемлекеттік органдарда қолданылатын ақпараттық жүйелердің тізбесі

Жылына 1 рет

Жылдың соңында

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

19.

тіркелген телефон байланысы бойынша статистикалық мәліметтер

Тоқсанына бір рет

15 қаңтар

15 сәуір

15 шілде

15 қазан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

20.

Ұялы байланыс бойынша статистикалық мәліметтер

Тоқсанына бір рет

15 қаңтар

15 сәуір

15 шілде

15 қазан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

21.

Кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізу бойынша статистикалық мәліметтер

Тоқсанына бір рет

15 қаңтар

15 сәуір

15 шілде

15 қазан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

22.

Ұялы байланыс операторлары мен тарифтер

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

23.

Өңірлер бойынша телефон тығыздығы

Тоқсанына бір рет

15 қаңтар

15 сәуір

15 шілде

15 қазан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

24.

Кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізу үшін тіркелгенжәне сымсыз трафигі (сымды), Гбайт

Жыл сайын (жылына 1 рет)

20 мамыр

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

25.

Байланыс саласының негізгі капиталына инвестициялар

Жыл сайын (жылына 1 рет)

1 шілде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

26.

Байланыс қызметтерінен түскен табыстар

Тоқсанына бір рет

15 қаңтар

15 сәуір

15 шілде

15 қазан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті

27.

"Халықтық бақылау желі сапасын" қызмет көрсету сәйкес шағымдар бойынша жүргізілген тексерулер туралы есептер

Жарты жыл бойынша

10 қаңтарға дейін

10 шілдеге дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

28.

Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алым ставкасын)

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

29.

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі

3 жылда 1 рет

Шемім қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті

30.

Телерадио хабарларын тарату ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-,радио арналардың тізбесі

3 жылда 1 рет

Шемім қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті

31.

Телеарналардың қызметін тарату үшін берілген лицензиялар жөніндегі тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

32.

Радиоарналарды қызметін тарату үшін берілген лицензиялар жөніндегі тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

33.

Есепке қойылған, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беру отандық телеарна тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

34.

Есепке қойылған, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беру отандық радиоарна тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

35.

Қазақстан Республикасының аумағына таралатын песепке қойылған, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беру шетелдік радио тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

36.

Қазақстан Республикасының аумағына таралатын песепке қойылған, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беру шетелдік телеарна тізбесі

Тоқсан сайын

тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті

37.

ҚР АКМ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер тізімі

Келіп түсуіне қарай

Жарты жылда бір рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Заң департаменті

38.

ҚР АКМ қызмет салалары бойынша мемлекеттік наградалар иегерлерінің тізбесі

Жылына 1 рет

есептілік кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

39.

ҚР АКМ қызмет салалары бойынша мемлекеттік наградалар иегерлерінің тізбесі

Жылына 1 рет

есептілік кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Персоналды басқару департаменті

40.

Ақпарат және коммуникациялар саласында аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің тізімі

Бір жыл ішінде

2017 жылғы наурыз айының соңына

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Заң департаменті

41.

Қазақстан Республикасы халықының 3G, 4G ұялы байланыс қызметімен қамту пайызы

Жыл сайын (жылына 1 рет)

есептілік кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс департаменті


      Аббревиатурлардын толық жазылуы:

      ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалық қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      ҚР АКМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

      ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталықтары;

      АҚ – Акционерлік қоғам;

      КЕАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады