Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 24.12.2021 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңның 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19076 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 шілдіде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | ҚР АҚДМ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру | Конкурстар туралы хабарландырулардың жариялануынақарай | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігің сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Персоналды басқару департаменті |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. | ҚР АҚДМ мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі | Жылына бір рет | 10 қаңтар | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Ішкі аудит департаменті |
";
реттік нөмірлері 23, 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Тіркелген миссионерлердің саны | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істері комитеті |
24. | Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша дін саласындағы статистикалық деректер | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істері комитеті |
25. | Дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған құрылтай, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, рухани (діни) білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың және діни мақсаттағы заттардың тізімі | Тоқсанына 1 рет |
15 қаңтар (IV тоқсан бойынша) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Дін істерікомитет |
";
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
29. | Халықтың өзекті мәселелерін талқылау мәселесі бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтық сектор өкілдерімен тұрақты кездесулерінің кестесі | Жарты жылда 1 рет |
25 қаңтар (I жартыжылдыққа) | Ашық деректер интернет-порталы-ның АЖО | Азаматтық қоғам істері комитеті |
".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ""
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі