"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № ҚР ДСМ-103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 19078 болып тіркелді

      "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйырықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының тізіміне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану тәртібін белгілейді";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;";

      6 және 7 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ағымдағы жылғы 15 наурызға қарай дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына жиынтық өтінімді ұсынады.

      7. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган ағымдағы жылғы 1 сәуірге қарай есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорларының айналысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған Қазақстан Республикасында медициналық мақсатта пайдалану үшін есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына жиынтық өтінімді ұсынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Медициналық мақсатта Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар пайдаланылады.";

      33-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецепт жазып беруге";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар нөмірленген, тігілген, денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері басшыларының мөрі мен қолдары қойылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес дәріхана қоймаларындағы есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының есепке алу, 1 осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлімшелерде және кабинеттердегі құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алу, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес дәріханада заттық-сандық есепке алуға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының есепке алу, 14-қосымшаға сәйкес мейіргерлер посттарындағы құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алу журналдарында заттық-сандық есепке алуға жатады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Нақты қалдықтың кітаптағы қалдықтан айырмашылығы анықталған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының басшысы анықтаған сәттен бастап тәулік ішінде бұл туралы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органды және ішкі істер органының аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Әр айдың бірінші күнінде материалдық жауапты тұлға нақты бар арнайы рецептуралық бланкілерді кітаптағы қалдықпен салыстырып, осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рецептуралық бланкілерді салыстыру актісін жасайды.

      Салыстыру нәтижелері бойынша айырмашылық анықталған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының басшысы анықтаған сәттен бастап тәулік ішінде бұл туралы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестесінің құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жарамсызданған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін (ақауы бар, сынған) басқа дәрілік заттарды жою үшін ұйым басшысының бұйрығымен құрамына ұйымның басшысы мен жауапты тұлғасы, ішкі істер органдарының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.";

      84-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-2. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған) дәрілік заттарды, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға қатыссыз сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды жою фактісі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттардың жою актісімен ресімделеді.";

      27 - қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _______________________

      2019 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-103 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткі
құралдарын, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларын медициналық
мақсатта пайдалану
қағидаларына
27-қосымша

Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға жатпайтын сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге келмейтін жартылай өнімдертдін қадықтарын; сынықтардан (талдаулардан) қалған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар сұйықтықты жою актісі

      _____________________ қ.                              ______________________

      Комиссия мынадай құрамда:

      1) Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объекті басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (бар болса);

      2) Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы жауапты адам басшысының Т.А.Ә. (бар болса);

      3) Ішкі істер органдары өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы;

      4) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы

      20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" ________ дейінгі кезеңге мынадай атаулар бойынша:

      __________________________________________________________________________

      (ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда, данада, граммда, миллилитрде)

      құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар

      жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы

      заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған) дәрілік заттарды,

      сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға жатпайтын сынақтардан

      (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары,

      жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды (керектісін сызу)жоюды

      жүргізді.

      жаншу; өртеу, 1:100 арақатынаста сумен араластыру, бейтараптандыру және пайда

      болған суспензияны немесе ерітіндіні өндірістік кәрізге ағызу арқылы жойылды (керектісін сызу).

      Төраға: ___________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері: ________________ (қолы)

      ___________________________________ (қолы)

      ___________________________________ (қолы)

      ___________________________________ (қолы)

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 32 "Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № ҚР ДСМ-103. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2019 года № 19078

      В соответствии с пунктом 1 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 10 июля 1998 года "О наркотических средствах, психотропных веществах, их аналогах и прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 32 "Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10404, опубликован 31 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан (далее - Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 1998 года "О наркотических средствах, психотропных веществах, их аналогах и прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими" (далее - Закон) и устанавливают порядок использования в медицинских целях лекарственных средств, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры, включенные в Список наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан (далее - Список).";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) государственный орган в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий - ведомство уполномоченного органа в области здравоохранения;";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Местные органы государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы представляют в государственный орган в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий к 15 марта текущего года сводную заявку на наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры для области, городов республиканского значения и столицы на следующий календарный год.

      7. Государственный орган в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий представляет в уполномоченный государственный орган в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов и прекурсоров к 1 апреля текущего года на следующий календарный год обобщенную заявку на наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры для использования в медицинских целях в Республике Казахстан.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В медицинских целях используются лекарственные средства, содержащие наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры, зарегистрированные и разрешенные к медицинскому применению на территории Республики Казахстан и внесенные в Государственный реестр лекарственных средств, медицинских изделий.";

      подпункт 1) пункта 33 изложить в следующей редакции:

      "1) выписывать рецепты на лекарственные средства, не зарегистрированные в государственном реестре лекарственных средств, медицинских изделий Республики Казахстан и не разрешенные к применению в Республике Казахстан;";

      пункт 53 изложить в следующей редакции:

      "53. Лекарственные средства, содержащие наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры, в организациях здравоохранения подлежат предметно-количественному учету в пронумерованном, прошнурованном, скрепленном печатями и подписями руководителей организации здравоохранения и территориальных подразделений государственного органа в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий журналах учета наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров на аптечных складах согласно приложению 11 к настоящим Правилам учета лекарственных средств, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры в отделениях и кабинетах согласно приложению 12 к настоящим Правилам учета наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих предметно-количественному учету в аптеке приложению 13 к настоящим Правилам учета лекарственных средств, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры на постах медицинских сестер согласно приложению 14 к настоящим Правилам.";

      пункт 58 изложить в следующей редакции:

      "58. В случае выявления расхождений фактических остатков с книжными остатками руководитель организации здравоохранения в течение суток с момента обнаружения извещает об этом территориальное подразделение государственного органа в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий и органа внутренних дел.";

      пункт 70 изложить в следующей редакции:

      "70. На первое число каждого месяца материально ответственное лицо сверяет фактическое наличие специальных рецептурных бланков с книжным остатком, о чем составляется акт сверки специальных рецептурных бланков по форме, согласно приложению 20 к настоящим Правилам.

      В случае выявления расхождений по результатам сверки руководитель организации здравоохранения в течение суток с момента обнаружения извещает об этом территориальное подразделение государственного органа в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий.";

      пункт 83 изложить в следующей редакции:

      "83. Для уничтожения лекарственных средств пришедшие в негодность, фальсифицированные, с истекшим сроком годности и другие (брак, бой), не соответствующие требованиям законодательства Республики Казахстан, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры Таблиц II, III, IV Списка, в объектах в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий, приказом руководителя организации создается постоянно действующая комиссия, в состав которой включаются руководитель и ответственное лицо организации, представители органов внутренних дел и территориального подразделения государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.";

      пункт 84-2 изложить в следующей редакции:

      "84-2. Факт уничтожения лекарственных средств, пришедшие в негодность, фальсифицированные, с истекшим сроком годности и другие (брак, бой), не соответствующие требованиям законодательства Республики Казахстан, а также сырья, материалов, остатков материалов, проб, отходов, полупродуктов, не подлежащих дальнейшей переработке после производства лекарственных средств и (или) испытаний (анализов), не относящихся к лекарственным средствам, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры, в объектах в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий оформляется актом уничтожения лекарственных средств, а также сырья, материалов, остатков материалов, проб, отходов, полупродуктов, не подлежащих дальнейшей переработке после производства лекарственных средств и (или) испытаний (анализов), не относящихся к лекарственным средствам, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры Таблиц II, III, IV Списка в объектах в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий по форме, согласно приложению 27 к настоящим Правилам.";

      приложение 27 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту лекарственного обеспечения и стандартизации Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет – ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
________________________
"___" ______________ 2019 год

  Приложение к приказу
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 июля 2019 года
№ ҚР ДСМ-103.
  Приложение 27
к Правилам использования в
медицинских целях наркотических
средств, психотропных
веществ и их прекурсоров,
подлежащих контролю в
Республике Казахстан

Акт уничтожения лекарственных средств, а также сырья, материалов, остатков материалов, проб, отходов, полупродуктов, не подлежащих дальнейшей переработке после производства лекарственных средств и (или) испытаний (анализов), не относящихся к лекарственным средствам, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры Таблиц II, III, IV Списка в объектах в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий
г.____________ от __________________

      Комиссия в составе:

      1) Фамилия, имя, отчество (далее - Ф.И.О.) (при его наличии), руководителя объекта в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий;

      2) Ф.И.О. (при его наличии), руководителя ответственного лица объекта в сфере обращения лекарственных средств, медицинских изделий;

      3) Ф.И.О. (при его наличии), должность представителя органов внутренних дел;

      4) Ф.И.О. (при его наличии), должность представителя территориального подразделения государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

      произвела уничтожение лекарственных средств пришедшие в негодность, фальсифицированные, с истекшим сроком годности и другие (брак, бой), не соответствующие требованиям законодательства Республики Казахстана, а также сырья, материалов, остатков материалов, проб, отходов, полупродуктов, не подлежащих дальнейшей переработке после производства лекарственных средств и (или) испытаний (анализов), не относящихся к лекарственным средствам, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры (нужное подчеркнуть)

      за период с "___" ____________ 20___ г. по "___" ____________ 20____ г. по наименованиям:

      ________________________________________________________________________________

      (наименование и количество в ампулах, в порошках, в таблетках, штуках, граммах, миллилитрах)

      уничтожены следующим способом: раздавливанием; сжиганием; разведением водой в соотношении 1:100, нейтрализацией и сливом образующейся суспензии или раствора в промышленную канализацию.

      (нужное подчеркнуть)

      Председатель: ____________________ (подпись)

      Члены комиссии: __________________ (подпись)

      __________________________________ (подпись)

      __________________________________ (подпись)

      __________________________________ (подпись)

      __________________________________ (подпись)