"Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты
қала________ | 20___ жылғы "____"_______ |
_________________ "Тасымалдаушы" атынан ________ сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_______________, бір тараптан және ______________бұдан әрі "Экспедитор" деп аталатын,____________, сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_________________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шарт клиенттерге халықаралық транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсететін Тасымалдаушының экспедитормен өзара қатынастарын реттейді, Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін төлеуді қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және заңнамамен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүк тасымалдарын ресімдеу кезінде Тасымалдаушы экспедиторға ________ код береді және "Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің негізінде Қазақстан Республикасы темір жолдарының халықаралық және мемлекетаралық жүк тасымалдарын ұйымдастыруға көшуі туралы" Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 мамырдағы № 474 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - Келісім) нысан бойынша толтырылатын, теміржол көлік жүкқұжатында (тасымалдау шарты) көрсетіледі, Экспедитор ұсынған оның қысқартылған атауын растайды.
4. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бірыңғай жеке (есептік) шоты - жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитор (БЖШ-ға) төлемінің қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесіндегі Экспедитордың бірыңғай жеке (есептік) шоты (бұдан әрі - БЖШ);
2) Жеке кабинет - жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитордың төлемінің қозғалысы туралы ақпаратқа (БЖШ-ға) қол жеткізе отырып, Тасымалдаушы сайтының бөліміндегі Экспедитордың жеке кеңістігі.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Тасымалдаушы:
1) Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Экспедитор экспедициялайтын жүктерді жеткізуді (беруді) қамтамасыз етуге;
2) жүктерді тасымалдауға кедергілер туындаған кезде жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларды және Экспедиторды жеделхатпен не өзге де жолмен хабардар етуге;
3) Экспедиторды Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің (халықаралық шарттарға сәйкес), сондай-ақ тарифтік шарттардың өзгеруі туралы тасымалдаушының __________________Интернет-ресурстарында өзгерістер жариялау арқылы хабардар етуге;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда кеден органдары мен декларанттар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар және кедендік операциялар жасайтын өзге де тұлғалар арасында құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасу электрондық нысанда немесе құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсыну (жіберу) арқылы жүзеге асыруға;
5) жүк:
- тасымалдаушыларға транзиттік тасымалдарды төлеу туралы белгілер (жүк беретін тасымалдаушыны қоспағанда);
- қабылдаушы тасымалдаушыға (жүк беруші тасымалдаушыны қоспағанда) тасымалдағаны үшін төлеуші онымен шарты жоқ төлеуші көрсетілген;
- мемлекеттік органдардың (кедендік, шекаралық, фитосанитарлық және басқа) бақылауымен жүктерді кедергісіз тасымалдау үшін қажетті құжаттар болмаған кезде жүкті тасымалдауға қабылдамауға;
6) шарт жасалғаннан кейін Тасымалдаушының станцияларына, филиалдарына және Келісімге қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктеріне Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған экспедиторға код берілгені және оның расталған қысқартылған атауы туралы хабарламаны (еркін нысанда) жіберуге;
7) жүктерді тасымалдауға кедергілер туындаған кезде жүк жөнелтілетін, баратын станцияларды және Экспедиторды уәкілетті органдардың жүктер мен көлік құралдарын кідірткені туралы шешімі жөнінде жеделхатпен не электрондық почта хабарламасымен дереу хабардар етуге;
8) жүк пен көлік құралдарын кідірту туралы жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларға және Экспедиторға жеделхатпен не электрондық почта хабарымен дереу хабарлауға;
9) Экспедиторды тасымалдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің қабылданған шешімі туралы себептерін көрсете отырып, дереу хабардар етуге;
10) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы салдарынан экспедиторға келтірілген залалдарды толық өтеуді талап етуге;
11) Экспедитордың БЖШ-дан өндіріп алынған бос тұрып қалу сомасынан тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп ала отырып, олар БЖШ-ға қажетті мөлшерде іс жүзінде болған кезде БЖШ-ға төлемнің жоқтығына байланысты құжатпен расталған шығындарды толық мөлшерде Экспедиторға өтеуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
6. Тасымалдаушы:
1) Экспедитор Тасымалдаушыға тиесілі барлық тасымалдау төлемдері мен алымдарын уақтылы және толық төлеуді қамтамасыз етпеген жағдайда, жүк тасымалын тоқтату және тасымалдау үшін төлем түскеннен кейін 6 (алты) сағат ішінде тасымалдауды қайта бастауға;
2) Тасымалдаушы тартылған үшінші тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін толық жауапты болған жағдайда, өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
7. Экспедитор:
1) теміржол жүкқұжатында теміржол станциясының күнтізбелік мөртабан қойылған күні қолданыстағы тарифтер бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу үшін БЖШ-да жеткілікті төлемнің:
- халықаралық экспорттық және республикаішілік қатынастарда жүкті жөнелту күніне дейін;
- халықаралық импорттық қатынастағы межелі станцияға жүк келген күнге дейін;
- Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста кіріс мемлекетаралық түйіспе пунктіне (бұдан әрі - МАТП) жүктің жеткізілген күніне дейін болуын қамтамасыз етуге;
- тасымалдаушыға тиесілі өзге де тасымалдау төлемдері үшін міндетті;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға Тасымалдаушының жүкке қойылатын талаптарын орындауға және тасымалдау құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ветеринарлық, карантиндік, кедендік, шекаралық, фитосанитарлық және өзге де бақылау органдарының талаптарын бұзу себебінен жүкті жылжытуға кедергі туындаған кезде жүкке және оның ілеспе құжаттары бойынша анықталған ескертулерді жоюға жәрдемдесуге;
4) клиент берген ақпараттың, сондай-ақ жүктің қасиеттері туралы ақпараттың, оны тасымалдау мен экспедитор көлік экспедиция шартында көзделген міндеттемелерін орындауы үшін қажетті өзге де ақпараттың шынайылығын тексеруге;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тасымалдау туралы шартта өзге көзделмесе, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиісті орындамау салдарынан тасымалдаушыға құжаттамалық расталған шығындарды өтеуге;
6) мұндай кедергілер Тасымалдаушының кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жүкті тасымалдау үшін кедергілерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
7) құрылтай құжаттарының, заңды мекенжайының, Экспедитордың атқарушы органының басшысына, банк деректемелерінің, пошталық (нақты) мекенжайының, электрондық мекенжайының, телефон және факс нөмірлерінің өзгеруі туралы Тасымалдаушыны уақтылы хабардар етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8. Экспедитор:
1) теміржол арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау кезінде тарифтік жағдайлардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
3-тарау. Есеп айырысу тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Көлік министрінің 29.12.2023 № 163 бұйрығымен.
9. Экспедитор Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төлеу үшін жеткілікті төлемді осы Шарттың ______ тармағының ________ тармақшасында көрсетілген Тасымалдаушының есеп айырысу шотына алдын ала төлеуді жүргізеді.
Тасымалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті сомасы төрт тәуліктік тасымалдау ақысының мөлшерінен кем емес сома болып табылады. Бұл сома өткен 2 (екі) ай үшін Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдау үшін тасымалдау ақысының нақты сомасынан есептеледі.
Экспедитордан түсетін төлемді есепке алу Экспедитордың жеке кабинетінде төлем қозғалысының ақпаратын көрсете отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста тасымалдау үшін қаражатты есептен шығару экспедитордың жеке кабинетінде орналастырылатын "Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбелері" негізінде жүзеге асырылады. Экспедитормен транзиттік тасымалдар бойынша түпкілікті есеп айырысулар МАТП шығу жолынан түскен тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі.
10. Тасымалдаушы дебиторлық берешек пайда болған кезде Экспедитордың БЖШ-да төлемнің болмауына байланысты жүктерді тасымалдауды тоқтата тұрады, бұл туралы жеделхаттарды МАТП, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі технологиялық орталықтардың және Тасымалдаушының бөлімшелерінің мекенжайына жібереді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Көлік министрінің 29.12.2023 № 163 бұйрығымен.
11. Жүкті ілгерілетуге кедергілер туындаған кезде тасымалдаушы мұндай кедергілер туындағанан бастап 3 (үш) сағат ішінде жөнелту станциясын, межелі станцияны, экспедиторды хабардар етеді.
Тасымалдаушы экспедитордың атына жіберген хабарлама экспедитордың БЖШ-дан қосымша алымдарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептен шығару үшін негіз болып табылады, бұл ретте тасымалдаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) 9-қосымшаға сәйкес ГУ-23 жалпы нысандағы актіде вагонды/контейнерді кідіртудің басталу уақытын көрсетеді, ол экспедиторға хабарлама жіберілген сәттен бастап есептеледі.
Тасымалдаушы кедергі туындаған күннен бастап 30 күн ішінде растайтын құжаттарды ұсынады.
Тасымалдаушымен БЖШ есебінен шығарылған қосымша алымдардың, айыппұлдардың, өсімпұлдардың мөлшерімен Экспедитор келіспесе, "Теміржол туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабына сәйкес наразылық тәртібімен талап қоюға құқылы.
Бұл ретте тасымалдаушы экспедитордың шағымын оны алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде қарайды және артық есептен шығарылған соманы қайтарады және/немесе "Теміржол туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 91-бабына сәйкес қайтарудан бас тартады.
12. Демалыс және мереке күндерінің алдында Экспедитор БЖШ-да осы күндері жүк тасымалдарын төлеу үшін жеткілікті соманың болуын қамтамасыз етеді.
13. Экспедитор Тасымалдаушыға халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға қолданылатын және теміржол жүкқұжатындағы жүктерді жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабан қойылған күніне сәйкес келетін күні қолданыстағы тарифтер бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуді жүзеге асырады.
14. Тасымалдаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Экспедиторға Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 20 желтоқсандағы 2012 жылғы № 562 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8265 тіркелген) бекітілген бастапқы есепке алу құжаттары нысандарына және Темір жол көлігі жөніндегі кеңестің 1994 жылғы 10 желтоқсандағы он екінші отырысында бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының темір жол әкімшіліктері арасындағы кешенді есеп айырысу ережелеріне сәйкес толтырылған Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін (Р-1 нысаны) есеп айырысу ведомосімен бірге (4А нысанды) Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста тасымалдау бойынша тасымал төлемдері мен қосымша алымдардың жалпы сомасына ұсынады. Шот-фактура Экспедиторға электрондық түрде беріледі.
Тасымалдау құжаттарының көшірмелері жеке шарттар бойынша ұсынылады.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
15. Осы Шарттың талаптары бойынша Тараптар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда, келісімдерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық қатынаста тасымалдар кезінде жауапты болады.
Егер халықаралық шартта осы Шартта көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
16. Тасымалдаушы Экспедитор аударған тасымалдарды тоқтатуға әкеп соққан БЖШ төлемін есептемеген жағдайда, Тасымалдаушы Экспедитордың талап етуі бойынша барлық құжатпен расталған залалдарды және тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде, әрбір мерзімі өткен күн үшін есепке алынбаған сомадан өсімпұлды төлейді.
17. Осы Шарттың 11-тармағында көзделген Тасымалдаушының шығыстарын өтеу Экспедитордың БЖШ-нан төлемді есептен шығару жолымен вагондардың тұрып қалуы (кідіруі) аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүргізіледі, бұл ретте Тасымалдаушы вагондар мен контейнерлердің тұрып қалғанын/кідіргенін растайтын құжаттарды және вагондар мен контейнерлердің кідіргені үшін төлемді өндіріп алу туралы жалпы нысандағы актілердің түпнұсқаларын не куәландырылған көшірмелерін ұсынуға тиіс.
18. Экспедитор осы Шартта көзделген қызметтен бас тартқан және шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, оның ішінде шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жүк тасымалының болмауына байланысты Тасымалдаушы Экспедитордан байланыс операторының мөлшерлемелері бойынша Экспедитордың жариялауы бойынша жеделхаттарды жөнелту үшін төлемді өтеуді талап етуге құқылы.
5-тарау. Шартты бұзу
19. Жүк тасымалы шартқа қол қойылған күннен бастап қатарынан 3 (үш) ай ішінде болмаған жағдайда, Тасымалдаушы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
20. Тасымалдар көлемі болмаған жағдайда, Экспедитор шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
21. Тараптардың өзара келісімі бойынша шарт біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Тараптардың бірі шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті, ал Тараптардың осы Шарт бойынша өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелері олар толық орындалғаннан кейін тоқтатылады.
Осы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Экспедитор жүк тасымалы үшін төлемді және Тасымалдаушыға тиесілі өзге де тасымалдау төлемдерін салыстыру актісі мен шот-фактура негізінде Тасымалдаушы салыстыру актісі мен шот-фактура ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
22. Осы Шарт бұзылған не қолданылу мерзімі аяқталған кезде Тасымалдаушы Экспедитордың өтінімі бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстыру актісіне қол қойылғаннан кейін Экспедитордың есеп айырысу шотына төлем қаражатының қалдығын қайтарады.
23. Осы Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасы, 9,10,11-тармақтары бұзылған кезде Тасымалдаушы осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
24. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұрған жағдайда Тасымалдаушы тоқтата тұрған күннен бастап бір тәулік ішінде бұл туралы Экспедиторға хабарлауға тиіс.
25. Экспедитор осы Шарттың 23-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды Тасымалдаушының жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюға міндетті. Тасымалдаушы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын бұзушылықтарды жойған күннен бастап жаңартады.
6-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
26. Тараптар, егер олардың осы Шарттың талаптарын орындау мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларына, оның ішінде дүлей зілзалаларға, жер сілкіністеріне, дауылдарға, технологиялық апаттарға, әскери іс-қимылдарға байланысты, уәкілетті орган жариялаған террористік қауіп-қатер, эпидемиялар, мемлекеттік органдардың актілерін қабылдау және т.б. салдарынан туындаған болса, олар осы Шарттың талаптарын орындау мүмкіндігіне тікелей әсер еткен жағдайда, осы Шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
27. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған жағдайда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады.
28. Еңсерілмес күш мән-жайларының әсері аяқталғаннан кейін еңсерілмес күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау болжанатын мерзімді көрсете отырып, осындай мән-жайлардың әрекетінің тоқтатылғаны туралы хабарлауға міндетті.
29. Егер еңсерілмес күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам созылса, онда Тараптардың бірі осы Шартты бұзудың болжамды күніне дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты хабардар ете отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы, содан кейін шарт бұзылған деп есептеледі. Пайдаланылмаған сома шарт бұзылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Экспедитордың БШС-на қайтарылады.
Алдын ала төлемнің пайдаланылмаған сомасы болған кезде ол шарт бұзылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Экспедитордың БЖШ-на қайтарылады.
7-тарау. Дауларды шешу
30. Осы Шарттың талаптары бойынша міндеттемелерді орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
31. Тараптардың келіссөздері арқылы реттелмеген даулар талап қою тәртібімен шағым алынған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.
32. Талап қою тәртібімен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
8-тарау. Басқа шарттар
33. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалуға, қосымша келісімдермен ресімделуге, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. Қосымша келісімдерде Тараптардың мөрлерінің (бар болған жағдайда) бедерлері қойылуы тиіс.
34. Барлық ескертпелер мен хабарламалар, егер олар басқа Тараптың мекенжайы бойынша жеке, факс, телекс, курьерлік не электрондық пошта арқылы жеткізілсе, онда Тараптар тиісті түрде ұсынған болып саналады. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде оны бұзу туралы хабарлама екінші Тарапқа, кейіннен хабарлама түпнұсқасын қолма-қол, хабарламамен курьерлік почтамен жібере отырып, алғаны туралы хабарламамен электрондық пошта арқылы жіберіледі.
35. Тараптардың осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісуі тиісті хабарламаны алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
36. Тиісті нысанда жасалған осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
37. Шарт 2 (екі) данада, бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды.
38. Осы Шартта ескерілмеген бөлікте Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату тәртібі
39. Шарт күшіне 20__ "__" ______ бастап күшіне енеді және 20__ "__" _______ дейін қолданыста болады.
40. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
41. Шарттың қолданылуы Тараптардың келісімі бойынша шартқа ажырамас қосымша ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
42. Тараптардың келісімі бойынша шарт осы Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да қайшы келмейтін және нашарлатпайтын талаптарымен толықтырылуы және/немесе өзгертілуі мүмкін.
43. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жүкті тасымалдау тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде осы Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған актілердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
10-тарау. Тараптардың деректемелерi
Экспедитор | Тасымалдаушы |
______________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________ (заңды мекен-жай) ____________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________ (банктік сәйкестендіру коды) __________________________________ (жеке сәйкестендіру коды) ____________________________________ (банк атауы) ___________________________________ (уәкілетті өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________ (қолы) мөр орны (бар болған жағдайда) | ____________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________ (заңды мекен-жай) _____________________________________ (телефон, факс) _____________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________ (банктік сәйкестендіру коды) ______________________________________ (жеке сәйкестендіру коды) _____________________________________ (банк атауы) _____________________________________ (уәкілетті өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________ (қолы) мөр орны (бар болған жағдайда) |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты
Ескерту. Үлгі шарты жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 31.10.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________ қаласы | 20___жылғы "___"______ |
_________________ "Тасымалдаушы" атынан ________ сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_______________, бір тараптан және ______________бұдан әрі "Экспедитор" деп аталатын,____________, сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_________________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шарт клиенттерге халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсететін Тасымалдаушының Экспедитормен өзара қатынастарын реттейді, Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін төлеуді қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың қатынастары халықаралық шарттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
3. Тасымалдаушы Экспедиторға ________ код береді және халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда жүк тасымалын ресімдеу кезінде теміржол көлігі жүкқұжатында (тасымалдау шарты) көрсетілетін Экспедитор ұсынған оның қысқартылған атауын растайды.
4. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бірыңғай жеке (есептік) шоты – жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитор (БЖШ-ға) төлемнің қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесіндегі Экспедитордың бірыңғай жеке (есептік) шоты (бұдан әрі – БЖШ);
2) Жеке кабинет – жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитордың төлемнің қозғалысы туралы ақпаратқа (БЖШ-ға) қол жеткізе отырып, Тасымалдаушы сайтының бөліміндегі Экспедитордың жеке кеңістігі.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Тасымалдаушы:
1) халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда Экспедитор экспедициялайтын жүктерді тасмалдауды қамтамасыз етуге;
2) жүктерді тасымалдауға кедергілер туындаған кезде жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларды және Экспедиторды жеделхатпен және (немесе) электрондық пошта арқылы дереу хабардар етуге;
3) Экспедиторды тарифтік шарттардың өзгеруі туралы Тасымалдаушының __________________ Интернет-ресурстарында өзгерісті жариялау жолымен хабардар етуге;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда, кеден органдары мен декларанттар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдар, уәкілетті экономикалық операторлар және кедендік операциялар жасайтын өзге де адамдар арасында электрондық нысанда құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды немесе құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қағаз тасығышта ұсыну (жіберу) арқылы жүзеге асыруға;
5) жүкті:
- онымен шарты жоқ төлеуші көрсетілген, қабылдаушы тасымалдаушыға (жүк беруші тасымалдаушыны қоспағанда) тасымалдағаны үшін төлеуші;
- мемлекеттік органдардың бақылауымен жүктерді кедергісіз тасымалдау үшін қажетті құжаттар болмаған кезде тасымалдауға қабылдамауға;
6) шарт жасалғаннан кейін Тасымалдаушының станцияларына, филиалдарына халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған Экспедиторға код берілгені және расталған қысқартылған атауы туралы хабарламаны (еркін нысанда) жіберуге;
7) жүк пен көлік құралдарын кідірткені туралы жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларға және Экспедиторға жеделхатпен және (немесе) электрондық пошта арқылы дереу хабардар етуге;
8) себептерін көрсете отырып, тасымалдауды уақытша тоқтатудың және (немесе) шектеудің қабылданған шешімі туралы дереу хабардар етуге;
9) егер заң актілерінде және (немесе) шартта өзгеше көзделмесе, шарттың орындалмауы және (немесе) тиісінше орындалмауы салдарынан Экспедиторға келтірілген залалдарды толық өтеуді талап етуге;
10) Экспедитордың БЖШ-дан өндіріп алынған бос тұрып қалу сомасынан тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп ала отырып, олар БЖШ-ға қажетті мөлшерде іс жүзінде болған кезде БЖШ-ға төлемнің жоқтығына байланысты құжатпен расталған шығындарды толық мөлшерде экспедиторға өтеуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
6. Тасымалдаушы:
1) Тасымалдаушы тартылған үшінші тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін толық жауапты болу арқылы, өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
7. Экспедитор:
1) теміржол жүкқұжатында теміржол станциясының күнтізбелік мөртабан қойылған күні қолданыстағы тарифтер бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу үшін БЖШ-да жеткілікті төлемнің:
халықаралық экспорттық және республикаішілік қатынастарда жүкті жөнелту күніне дейін;
халықаралық импорттық қатынастағы межелі станцияға жүк келген күнге дейін;
Тасымалдаушыға тиесілі тасымалдау төлемдері үшін болуын қамтамасыз етуге міндетті;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға Тасымалдаушының жүкке қойылатын талаптарын орындауға және тасымалдау құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ветеринариялық, карантиндік, кедендік, шекаралық, фитосанитариялық және өзге де бақылау органдарының талаптарын бұзу себебінен жүкті жылжытуға кедергі туындаған кезде жүкке және оның ілеспе құжаттарына анықталған ескертулерді жоюға жәрдемдесуге;
4) клиент берген ақпараттың, сондай-ақ жүктің қасиеттері туралы ақпараттың, оны тасымалдау мен экспедитор көлік экспедиция шартында көзделген міндеттемелерін орындауы үшін қажетті өзге де ақпараттың шынайылығын тексеруге;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, осы шартты орындамау және (немесе) тиісті орындамау салдарынан тасымалдаушыға келтірілген, құжаттамалық расталған шығындарды өтеуге;
6) мұндай кедергілер Тасымалдаушының кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жүкті тасымалдау үшін кедергілерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
7) құрылтай құжаттарының, заңды мекенжайының, Экспедитордың атқарушы органының басшысының, банк деректемелерінің, пошталық (нақты) мекенжайының, электрондық мекенжайының, телефон және факс нөмірлерінің өзгеруі туралы Тасымалдаушыны уақтылы хабардар етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8. Экспедитор:
1) теміржол арқылы жүктерді халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастармен тасымалдау кезінде тарифтік жағдайлардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
3-тарау. Есеп айырысу тәртібі
9. Экспедитор Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төлеу үшін жеткілікті төлемді осы Шарттың __-тармағының __-тармақшасында көрсетілген Тасымалдаушының есеп айырысу шотына алдын ала аударуды жүргізеді.
Экспедитордан түсетін төлемді есепке алу Экспедитордың жеке кабинетінде төлем қозғалысының ақпаратын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасымалдаушының қаржы жүйесінде жүзеге асырылады.
Халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда тасымал төлемдерін есептен шығаруды Тасымалдаушы келіп түскен құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
10. Экспедитордың БЖШ-да төлем болмаса, Тасымалдаушы жүк алушының келісім хаты болған кезде жүкті межелі станцияда жүк алушыдан тасымал төлемдерін өндіріп алуға құқылы.
11. Экспедитор Тасымалдаушыға жүкті тасымалдауға байланысты құжатпен расталған қосымша төлемдерді, айыппұлдарды талап қою тәртібімен төлейді. Экспедиторға талап қою және оларды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Демалыс және мереке күндерінің алдында Экспедитор тасымалдау жоспарына сәйкес БЖШ-да осы күндері жүк тасымалдарын төлеу үшін жеткілікті соманың болуын қамтамасыз етеді.
13. Тасымалдаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Экспедиторға "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бастапқы есепке алу құжаттары нысандарына сәйкес толтырылған Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін (Р-1 нысаны) есеп айырысу ведомосімен бірге (4А нысанды) халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынаста тасымалдау бойынша тасымал төлемдері мен қосымша алымдардың жалпы сомасына ұсынады. Шот-фактура Экспедиторға электрондық түрде беріледі.
Тасымалдау құжаттарының көшірмелері жеке шарттар бойынша ұсынылады
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
14. Осы Шарттың талаптары бойынша Тараптар халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда, келісімдерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Егер халықаралық шартта осы шартта көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
15. Халықаралық импорттық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде дебиторлық берешек туындаса, Экспедитор талап ету бойынша Тасымалдаушыға тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, дебиторлық берешек туындаған күннен бастап (Қазақстан Республикасының аумағындағы кірме түйісу станциясына вагондар кірген күннен бастап), бірақ мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасынан өсімпұл төлейді.
16. Тасымалдаушы Экспедитор төлем аударған вагондарды жөнелтуді тоқтатуға әкеп соққан БЖШ-ға төлемді есептемесе, Тасымалдаушы экспедитордың талабы бойынша барлық құжатпен расталған шығыстарды және тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде, әрбір мерзімі өткен күн үшін есепке алынбаған сомадан өсімпұлды төлейді.
5-тарау. Шартты бұзу
17. Шарт біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, Тараптардың өзара келісімі бойынша және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Тарап шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті, ал Тараптардың осы Шарт бойынша өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелері олар толық орындалғаннан кейін тоқтатылады.
Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Экспедитор жүктерді тасымалдау үшін төлемді және Тасымалдаушыға тиесілі өзге де тасымалдау төлемдерін салыстырып тексеру актісі мен шот-фактура негізінде, оларды Тасымалдаушы ұсынған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырады.
18. Осы Шарт бұзылған не қолданылу мерзімі аяқталған кезде Тасымалдаушы Экспедитордың өтінімі бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстыру актісіне қол қойылғаннан кейін Экспедитордың есеп айырысу шотына төлем қалдығын қайтарады.
19. Осы Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында, 9, 12-тармақтарында айқындалған шарт ережелерінің біреуі бұзылған кезде Тасымалдаушы осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтатса, Тасымалдаушы тоқтатқан күннен бастап бір тәулік ішінде бұл туралы Экспедиторға хабарлауға тиіс.
21. Экспедитор осы Шарттың 19-тармағында көрсетілген ережелердің бұзушылықтарын Тасымалдаушының жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюға міндетті, бұл ретте Тасымалдаушы бұзушылықтар жойылған күннен бастап шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қайта бастайды.
6-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
22. Тараптар, егер олардың осы Шарттың талаптарын орындау мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларына, оның ішінде дүлей зілзалаларға, жер сілкіністеріне, дауылдарға, технологиялық апаттарға, әскери іс-қимылдарға байланысты, уәкілетті орган жариялаған террористік қауіп-қатер, эпидемиялар, мемлекеттік органдардың актілерін қабылдау және т.б. салдарынан туындаған болса, олар осы Шарттың талаптарын орындау мүмкіндігіне тікелей әсер етсе, осы Шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
23. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаса осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады.
24. Осы Шарттың 22-тармағында көзделген сілтеме жасалатын мән-жайлар осындай мән-жайлар басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты олардың басталғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етуге және уәкілетті орган, ұйым берген растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
25. Еңсерілмес күш мән-жайларының әсері аяқталғаннан кейін еңсерілмес күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау болжанатын мерзімді көрсете отырып, осындай мән-жайлардың әрекетінің тоқтатылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
26. Егер еңсерілмес күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам созылса, онда Тараптардың бірі осы Шартты бұзудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын екінші Тарапты хабардар ете отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы, содан кейін шарт бұзылған деп есептеледі.
7-тарау. Дауларды шешу
27. Осы Шарттың талаптары бойынша міндеттемелерді орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
28. Тараптардың келіссөздері арқылы реттелмеген даулар талап қою тәртібімен шағым алынған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.
29. Талап қою тәртібімен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
8-тарау. Басқа шарттар
30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалуға, қосымша келісімдермен ресімделуге, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. Қосымша келісімдерде Тараптардың мөрлерінің (бар болған жағдайда) бедерлері қойылуы тиіс.
31. Барлық ескертпелер мен хабарламалар, егер олар басқа Тараптың мекенжайы бойынша жеке, факс, телекс, курьерлік не электрондық пошта арқылы жеткізілсе, онда Тараптар тиісті түрде ұсынған болып саналады. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде оны бұзу туралы хабарлама екінші Тарапқа, кейіннен хабарлама түпнұсқасын қолма-қол, хабарламамен курьерлік почтамен жібере отырып, алғаны туралы хабарламамен электрондық пошта арқылы жіберіледі.
32. Тараптардың осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісуі тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
33. Тиісті нысанда жасалған осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
34. Шарт 2 (екі) данада, бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды.
35. Факсимильдік байланыс арқылы немесе электрондық пошта бойынша жіберілген шарттардың, қосымша келісімдердің, шоттардың, хаттамалардың, актілердің оларды түпнұсқаларымен ауыстырғанға дейін заңды күші болады.
9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату тәртібі
36. Шарт күшіне 20__ "__" ______ бастап күшіне енеді және 20__ "__" _______ дейін қолданыста болады.
37. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
38. Шарттың қолданылуы Тараптардың келісімі бойынша шартқа ажырамас қосымша ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
39. Тараптардың келісімі бойынша шарт осы Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да қайшы келмейтін және нашарлатпайтын талаптарымен толықтырылуы және/немесе өзгертілуі мүмкін.
40. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жүкті тасымалдау тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық актілер қабылданса, Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде осы Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған актілердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
10-тарау. Тараптардың деректемелерi
Экспедитор | Тасымалдаушы |
______________________________________ |
____________________________________ |