"Тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 қарашада № 33605 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19082болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 42 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 19 шілдедегі
№ 521 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шарты

________ қаласы

20___жылғы "___"______

      _________________ "Тасымалдаушы" атынан ________ сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_______________, бір тараптан және ______________бұдан әрі "Экспедитор" деп аталатын,____________, сенімхат (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде әрекет ететін_________________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шарт клиенттерге халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсететін Тасымалдаушының Экспедитормен өзара қатынастарын реттейді, Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін төлеуді қамтамасыз етеді.

      2. Тараптардың қатынастары халықаралық шарттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      3. Тасымалдаушы Экспедиторға ________ код береді және халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда жүк тасымалын ресімдеу кезінде теміржол көлігі жүкқұжатында (тасымалдау шарты) көрсетілетін Экспедитор ұсынған оның қысқартылған атауын растайды.

      4. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бірыңғай жеке (есептік) шоты – жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитор (БЖШ-ға) төлемнің қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесіндегі Экспедитордың бірыңғай жеке (есептік) шоты (бұдан әрі – БЖШ);

      2) Жеке кабинет – жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде Экспедитордың төлемнің қозғалысы туралы ақпаратқа (БЖШ-ға) қол жеткізе отырып, Тасымалдаушы сайтының бөліміндегі Экспедитордың жеке кеңістігі.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Тасымалдаушы:

      1) халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда Экспедитор экспедициялайтын жүктерді тасмалдауды қамтамасыз етуге;

      2) жүктерді тасымалдауға кедергілер туындаған кезде жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларды және Экспедиторды жеделхатпен және (немесе) электрондық пошта арқылы дереу хабардар етуге;

      3) Экспедиторды тарифтік шарттардың өзгеруі туралы Тасымалдаушының __________________ Интернет-ресурстарында өзгерісті жариялау жолымен хабардар етуге;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда, кеден органдары мен декларанттар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдар, уәкілетті экономикалық операторлар және кедендік операциялар жасайтын өзге де адамдар арасында электрондық нысанда құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды немесе құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қағаз тасығышта ұсыну (жіберу) арқылы жүзеге асыруға;

      5) жүкті:

      - онымен шарты жоқ төлеуші көрсетілген, қабылдаушы тасымалдаушыға (жүк беруші тасымалдаушыны қоспағанда) тасымалдағаны үшін төлеуші;

      - мемлекеттік органдардың бақылауымен жүктерді кедергісіз тасымалдау үшін қажетті құжаттар болмаған кезде тасымалдауға қабылдамауға;

      6) шарт жасалғаннан кейін Тасымалдаушының станцияларына, филиалдарына халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған Экспедиторға код берілгені және расталған қысқартылған атауы туралы хабарламаны (еркін нысанда) жіберуге;

      7) жүк пен көлік құралдарын кідірткені туралы жүк жөнелтілетін, жүк баратын станцияларға және Экспедиторға жеделхатпен және (немесе) электрондық пошта арқылы дереу хабардар етуге;

      8) себептерін көрсете отырып, тасымалдауды уақытша тоқтатудың және (немесе) шектеудің қабылданған шешімі туралы дереу хабардар етуге;

      9) егер заң актілерінде және (немесе) шартта өзгеше көзделмесе, шарттың орындалмауы және (немесе) тиісінше орындалмауы салдарынан Экспедиторға келтірілген залалдарды толық өтеуді талап етуге;

      10) Экспедитордың БЖШ-дан өндіріп алынған бос тұрып қалу сомасынан тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп ала отырып, олар БЖШ-ға қажетті мөлшерде іс жүзінде болған кезде БЖШ-ға төлемнің жоқтығына байланысты құжатпен расталған шығындарды толық мөлшерде экспедиторға өтеуге;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

      6. Тасымалдаушы:

      1) Тасымалдаушы тартылған үшінші тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін толық жауапты болу арқылы, өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.

      7. Экспедитор:

      1) теміржол жүкқұжатында теміржол станциясының күнтізбелік мөртабан қойылған күні қолданыстағы тарифтер бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу үшін БЖШ-да жеткілікті төлемнің:

      халықаралық экспорттық және республикаішілік қатынастарда жүкті жөнелту күніне дейін;

      халықаралық импорттық қатынастағы межелі станцияға жүк келген күнге дейін;

      Тасымалдаушыға тиесілі тасымалдау төлемдері үшін болуын қамтамасыз етуге міндетті;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға Тасымалдаушының жүкке қойылатын талаптарын орындауға және тасымалдау құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ветеринариялық, карантиндік, кедендік, шекаралық, фитосанитариялық және өзге де бақылау органдарының талаптарын бұзу себебінен жүкті жылжытуға кедергі туындаған кезде жүкке және оның ілеспе құжаттарына анықталған ескертулерді жоюға жәрдемдесуге;

      4) клиент берген ақпараттың, сондай-ақ жүктің қасиеттері туралы ақпараттың, оны тасымалдау мен экспедитор көлік экспедиция шартында көзделген міндеттемелерін орындауы үшін қажетті өзге де ақпараттың шынайылығын тексеруге;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, осы шартты орындамау және (немесе) тиісті орындамау салдарынан тасымалдаушыға келтірілген, құжаттамалық расталған шығындарды өтеуге;

      6) мұндай кедергілер Тасымалдаушының кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жүкті тасымалдау үшін кедергілерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;

      7) құрылтай құжаттарының, заңды мекенжайының, Экспедитордың атқарушы органының басшысының, банк деректемелерінің, пошталық (нақты) мекенжайының, электрондық мекенжайының, телефон және факс нөмірлерінің өзгеруі туралы Тасымалдаушыны уақтылы хабардар етуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      8. Экспедитор:

      1) теміржол арқылы жүктерді халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастармен тасымалдау кезінде тарифтік жағдайлардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.

3-тарау. Есеп айырысу тәртібі

      9. Экспедитор Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төлеу үшін жеткілікті төлемді осы Шарттың __-тармағының __-тармақшасында көрсетілген Тасымалдаушының есеп айырысу шотына алдын ала аударуды жүргізеді.

      Экспедитордан түсетін төлемді есепке алу Экспедитордың жеке кабинетінде төлем қозғалысының ақпаратын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасымалдаушының қаржы жүйесінде жүзеге асырылады.

      Халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда тасымал төлемдерін есептен шығаруды Тасымалдаушы келіп түскен құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

      10. Экспедитордың БЖШ-да төлем болмаса, Тасымалдаушы жүк алушының келісім хаты болған кезде жүкті межелі станцияда жүк алушыдан тасымал төлемдерін өндіріп алуға құқылы.

      11. Экспедитор Тасымалдаушыға жүкті тасымалдауға байланысты құжатпен расталған қосымша төлемдерді, айыппұлдарды талап қою тәртібімен төлейді. Экспедиторға талап қою және оларды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Демалыс және мереке күндерінің алдында Экспедитор тасымалдау жоспарына сәйкес БЖШ-да осы күндері жүк тасымалдарын төлеу үшін жеткілікті соманың болуын қамтамасыз етеді.

      13. Тасымалдаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Экспедиторға "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бастапқы есепке алу құжаттары нысандарына сәйкес толтырылған Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін (Р-1 нысаны) есеп айырысу ведомосімен бірге (4А нысанды) халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынаста тасымалдау бойынша тасымал төлемдері мен қосымша алымдардың жалпы сомасына ұсынады. Шот-фактура Экспедиторға электрондық түрде беріледі.

      Тасымалдау құжаттарының көшірмелері жеке шарттар бойынша ұсынылады

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Осы Шарттың талаптары бойынша Тараптар халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда, келісімдерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      Егер халықаралық шартта осы шартта көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      15. Халықаралық импорттық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде дебиторлық берешек туындаса, Экспедитор талап ету бойынша Тасымалдаушыға тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, дебиторлық берешек туындаған күннен бастап (Қазақстан Республикасының аумағындағы кірме түйісу станциясына вагондар кірген күннен бастап), бірақ мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасынан өсімпұл төлейді.

      16. Тасымалдаушы Экспедитор төлем аударған вагондарды жөнелтуді тоқтатуға әкеп соққан БЖШ-ға төлемді есептемесе, Тасымалдаушы экспедитордың талабы бойынша барлық құжатпен расталған шығыстарды және тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленген мөлшерде, әрбір мерзімі өткен күн үшін есепке алынбаған сомадан өсімпұлды төлейді.

5-тарау. Шартты бұзу

      17. Шарт біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, Тараптардың өзара келісімі бойынша және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Тарап шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті, ал Тараптардың осы Шарт бойынша өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелері олар толық орындалғаннан кейін тоқтатылады.

      Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Экспедитор жүктерді тасымалдау үшін төлемді және Тасымалдаушыға тиесілі өзге де тасымалдау төлемдерін салыстырып тексеру актісі мен шот-фактура негізінде, оларды Тасымалдаушы ұсынған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырады.

      18. Осы Шарт бұзылған не қолданылу мерзімі аяқталған кезде Тасымалдаушы Экспедитордың өтінімі бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстыру актісіне қол қойылғаннан кейін Экспедитордың есеп айырысу шотына төлем қалдығын қайтарады.

      19. Осы Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында, 9, 12-тармақтарында айқындалған шарт ережелерінің біреуі бұзылған кезде Тасымалдаушы осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      20. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтатса, Тасымалдаушы тоқтатқан күннен бастап бір тәулік ішінде бұл туралы Экспедиторға хабарлауға тиіс.

      21. Экспедитор осы Шарттың 19-тармағында көрсетілген ережелердің бұзушылықтарын Тасымалдаушының жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюға міндетті, бұл ретте Тасымалдаушы бұзушылықтар жойылған күннен бастап шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қайта бастайды.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      22. Тараптар, егер олардың осы Шарттың талаптарын орындау мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларына, оның ішінде дүлей зілзалаларға, жер сілкіністеріне, дауылдарға, технологиялық апаттарға, әскери іс-қимылдарға байланысты, уәкілетті орган жариялаған террористік қауіп-қатер, эпидемиялар, мемлекеттік органдардың актілерін қабылдау және т.б. салдарынан туындаған болса, олар осы Шарттың талаптарын орындау мүмкіндігіне тікелей әсер етсе, осы Шартта көзделген жауаптылықта болмайды.

      23. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаса осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады.

      24. Осы Шарттың 22-тармағында көзделген сілтеме жасалатын мән-жайлар осындай мән-жайлар басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты олардың басталғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етуге және уәкілетті орган, ұйым берген растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      25. Еңсерілмес күш мән-жайларының әсері аяқталғаннан кейін еңсерілмес күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау болжанатын мерзімді көрсете отырып, осындай мән-жайлардың әрекетінің тоқтатылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      26. Егер еңсерілмес күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам созылса, онда Тараптардың бірі осы Шартты бұзудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын екінші Тарапты хабардар ете отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы, содан кейін шарт бұзылған деп есептеледі.

7-тарау. Дауларды шешу

      27. Осы Шарттың талаптары бойынша міндеттемелерді орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Тараптардың келіссөздері арқылы реттелмеген даулар талап қою тәртібімен шағым алынған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.

      29. Талап қою тәртібімен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.

8-тарау. Басқа шарттар

      30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалуға, қосымша келісімдермен ресімделуге, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. Қосымша келісімдерде Тараптардың мөрлерінің (бар болған жағдайда) бедерлері қойылуы тиіс.

      31. Барлық ескертпелер мен хабарламалар, егер олар басқа Тараптың мекенжайы бойынша жеке, факс, телекс, курьерлік не электрондық пошта арқылы жеткізілсе, онда Тараптар тиісті түрде ұсынған болып саналады. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде оны бұзу туралы хабарлама екінші Тарапқа, кейіннен хабарлама түпнұсқасын қолма-қол, хабарламамен курьерлік почтамен жібере отырып, алғаны туралы хабарламамен электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      32. Тараптардың осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісуі тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      33. Тиісті нысанда жасалған осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      34. Шарт 2 (екі) данада, бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды.

      35. Факсимильдік байланыс арқылы немесе электрондық пошта бойынша жіберілген шарттардың, қосымша келісімдердің, шоттардың, хаттамалардың, актілердің оларды түпнұсқаларымен ауыстырғанға дейін заңды күші болады.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату тәртібі

      36. Шарт күшіне 20__ "__" ______ бастап күшіне енеді және 20__ "__" _______ дейін қолданыста болады.

      37. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      38. Шарттың қолданылуы Тараптардың келісімі бойынша шартқа ажырамас қосымша ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

      39. Тараптардың келісімі бойынша шарт осы Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да қайшы келмейтін және нашарлатпайтын талаптарымен толықтырылуы және/немесе өзгертілуі мүмкін.

      40. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жүкті тасымалдау тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық актілер қабылданса, Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде осы Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған актілердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

10-тарау. Тараптардың деректемелерi

Экспедитор

Тасымалдаушы

______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/
жеке тұлғаның аты, тегі,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
__________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
____________________________________
(банк атауы)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің аты, тегі,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________
(қолы) мөр орны (бар болған жағдайда)

____________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/
жеке тұлғаның аты, тегі,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________
(заңды мекенжайы)
_____________________________________
(телефон, факс)
_____________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
______________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
_____________________________________
(банк атауы)
_____________________________________
(уәкілетті өкілдің аты, тегі,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________
(қолы) мөр орны (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады