Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 тамызда № 19199 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 602 бұйрығымен
бекітілген

Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағының 55-42) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесі (бұдан әрі - Міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізбесі) "Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 тіркелген) бұйрығымен бекітілді.

      3. Танкерлер үшін теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін тарифтерді табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган реттейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.11.2019 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шегінде салааралық басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      тәуекел коэффициенті – авариялық оқиғаның мүмкін болуына байланысты теңізө портының көрсетілетін өызметтері үшін тарифтерге қосымша пайыз және ескі кемеге қызмет көрсету кезінде қосымша күш-жігер көрсеткені үшін үстемеақы.

2-тарау. Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану тәртібі

      5. Міндетті түрде көрсететін қызметтердің тізбесіне:

      корабельдік;

      навигациялық;

      арнамен өткен үшін;

      айлақтық;

      зәкірлік;

      арқандап байлау;

      табиғат қорғау іс-шаралары саласында;

      карантиндік кіреді.

      1) Кеменің қызмет көрсетуіне арналған баға (тариф) кеме теңіз портына әрбір рет кірген және порттан шыққан кезде қолданылады және кеменің әрбір брутто тіркелген тоннасына белгіленеді.

      2) Навигациялық орталықтың қызметтерін пайдалану "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бағалар (тарифтер) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

      Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Навигациялық орталықтың қызметтерін пайдаланудың бағасы (тарифі) кеменің өлшемдік куәлігінде көрсетілген кеменің жалпы сыйымдылық бірлігі үшін белгіленеді және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің кіруі үшін және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің шығуы үшін бөлек қолданылады.

      Өлшеу куәлігі жоқ кемелер үшін навигациялық орталықтың қызметтерін пайдалану бағасының (тарифінің) есебі кеме құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.

      Баржабуксирлік құрамның, керуендер мен өзге де құрамдық жүзу объектілерінің (соның ішінде салдар) жалпы сыйымдылығы навигациялық орталығының қызметтерінің көлемін есептеу кезінде жүзу объектілердің барлық элементтерінің жалпы сыйымдылығының қосындысы ретінде айқындалады. Жүзу объектілерінің жалпы сыйымдылығы болмаған жағдайда, кеме құжаттарында немесе жүзу объектілерінің басқа құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.

      Ақтау портының навигациялық қызметтері (навигациялық мән-жай құралдарын пайдалану) үшін бағалар (тарифтер) кеменің портқа әрбір кіруі мен шығуы кезінде қолданылады және кеменің әрбір брутто-тіркелу тоннасы үшін белгіленеді.

      Навигациялық орталықтың қызметтеріне арналған баға (тариф) әскери кемелерге және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-Теңіз күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемелеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және (немесе) жою бойынша шараларды қабылдау, оларға дайындықты арттыру (оқытулар, жаттығулар) бойынша іс-шараларға қатысу үшін тартылатын мемлекеттік органдардың кемелеріне қолданылмайды.

      3) Каналмен өткені үшін баға (тариф) соңғы баратын жеріне каналдан әрбір өткен сайын қолданылады және кеменің әрбір брутто тіркелген тоннасына белгіленеді.

      4) Жүк операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы жүк кеменің тұрағына қолданылады және әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басындағы кемелерден алынады (рейдік айлақтан басқа).

      Жүк операцияларынан тыс операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы тұрақта тұрған уақыт ішінде кемелердің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басында тұрған уақыт үшін кемелерден алынады (рейдтік айлақтан басқа).

      5) Зәкірлік қызмет үшін баға (тариф) рейдте және/немесе айлақта кемелерге зәкірлік тұрақ үшін қолданылады және кеменің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді.

      6) Арқандап байлау қызметі үшін баға (тариф) арқанның ұштарын тарату, арқанды босату және кемелерді тарту бойынша арқан байлаушылардың жұмысына қолданылады.

      Арқандап байлау қызметі үшін арналған баға (тариф) бір операцияға белгіленеді.

      7) Табиғатты қорғау іс-шаралары үшін баға (тариф) портта кемелердің тұрақта тұрған әр тәулігіне белгіленеді.

      8) Карантиндік қызметтер үшін баға (тариф) кеменің бір рет кіргені үшін белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады.

      Қазақстан Республикасының теңіз және аумақтық суларында балық аулауды және акваөсіру объектілерін өсіруге және (немесе) күтіп-бағуға, көбейтуге байланысты қызметті жүзеге асыратын осы теңіз портына тіркелген кемелер портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктерді ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 24.09.2024 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы.

      Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі, навигациялық қызметтер көрсетуге қатысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.

      Бұл ретте, тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін келесіден аспауы керек:

      20 жылдан асқан және 25 жылға дейінгі кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 30 % құрайды;

      25 жылдан асқан кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 50 % құрайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.11.2019 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 602. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2019 года № 19199.

      В соответствии с подпунктом 55-42) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики

Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 1 августа 2019 года № 602

Правила применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта разработаны в соответствии с подпунктом 55-42) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" и определяют порядок применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта.

      2. Перечень обязательных услуг морского порта, утвержден приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 77 "Об утверждении Перечня обязательных услуг морского порта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10906) (далее – Перечень обязательных услуг).

      3. Тарифы за обязательные услуги морского порта для танкеров регулируются уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 01.11.2019 № 819 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере торгового мореплавания, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, - межотраслевую;

      коэффициент риска – дополнительный процент к тарифам на услуги морского порта в связи с вероятностью возникновения аварийного происшествия и надбавка за дополнительные усилия при обслуживании старого судна.

Глава 2. Порядок применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта

      5. В Перечень обязательных услуг входят:

      корабельные;

      навигационные;

      за проход каналом;

      причальные;

      якорные;

      швартовые;

      в сфере природоохранных мероприятий;

      карантинные.

      1) Цена (тариф) за корабельные услуги применяется при каждом входе в порт и выходе судна из порта и устанавливается за каждую брутто-регистровую тонну судна.

      2) Пользование услугами навигационного центра осуществляется на платной основе по ценам (тарифам), утверждаемым уполномоченным органом в соответствии с пунктом 1 статьи 156 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      Порядок оказания навигационных услуг с использованием системы управления движением судов осуществляется в соответствии с Правилами плавания и стоянки судов в морских портах Республики Казахстан и на подходах к ним, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 162 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12193).

      Цена (тариф) за пользование услугами навигационного центра устанавливается за единицу валовой вместимости судна, указанной в мерительном свидетельстве судна и применяется за заход судна в зону действия системы управления движением судов и отдельно за выход судна из зоны действия системы управления движением судов.

      Расчет цены (тарифа) за пользование услугами навигационного центра для судов, не имеющих мерительного свидетельства, производится по условному объему судна, исчисляемому в кубических метрах, путем произведения трех величин судна – наибольшей длины, наибольшей ширины и наибольшей высоты борта судна, указанных в судовых документах, с применением коэффициента 0,35.

      Валовая вместимость баржебуксирных составов, караванов и прочих составных плавучих объектов (в том числе плотов) при расчете объема услуг навигационного центра определяется как сумма валовых вместимостей всех элементов составных плавучих объектов. При отсутствии валовой вместимости у плавучих объектов расчет производится по условному объему плавучего объекта, исчисленного в кубических метрах, путем произведения трех величин – наибольшей длины, наибольшей ширины и наибольшей высоты плавучего объекта, указанных в судовых документах или иных документах плавучего объекта с применением коэффициента 0,35.

      Цены (тарифы) за навигационные услуги порта Актау (использование средств навигационной обстановки) применяются при каждом входе в порт и выходе судна из порта и устанавливаются за каждую брутто-регистровую тонну судна.

      Цена (тариф) за услуги навигационного центра не применяется к военным кораблям и судам Военно-Морских Сил Вооруженных Сил Республики Казахстан и Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, а также судам, привлекаемым государственными органами, для принятия мер по предупреждению и (или) ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, участия в мероприятиях по повышению готовности к ним (учениях, тренировках).

      3) Цена (тариф) за проход каналом применяется при каждом прохождении канала в один конец и устанавливается за каждую брутто-регистровую тонну судна.

      4) Цена (тариф) за использование причала под грузовыми операциями применяется за стоянку судна у причала под грузовыми операциями и устанавливается на каждую брутто-регистровую тонну судна и производится с судов, стоящих у причала (исключая рейдовый причал).

      Цена (тариф) за использование причала для вспомогательных (вне грузовых) операций применяется за время стоянки судна у причала и устанавливается за каждую брутто-регистровую тонну судна за время стоянки у причала и производится с судов, стоящих у причала (исключая рейдовый причал).

      5) Цена (тариф) за якорную услугу применяется за якорную стоянку судам на рейде и/или у причала и устанавливается за каждую брутто-регистровую тонну судна.

      6) Цена (тариф) за швартовые услуги применяется за работу швартовщиков по разноске швартовых концов, отшвартовку и перетяжку судов.

      Цена (тариф) за швартовые услуги устанавливается за одну операцию.

      7) Цена (тариф) за природоохранные мероприятия устанавливается за каждые сутки стоянки судна в порту.

      8) Цена (тариф) за карантинные услуги устанавливается за один судозаход.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 02.06.2023 № 406 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. При заходе в порт судов, приписанных к данному морскому порту, для осуществления внегрузовых операций (пополнение запасов, бункеровка, сдача отходов или иная вынужденная необходимость) в связи с нахождением в море свыше срока автономной работы судна владельцем морского порта (оператором морского терминала) предоставляются скидки на обязательные услуги морского порта на условиях и в порядке, им определенных, за исключением регулируемых государством услуг.

      При заходе в порт судов, приписанных к данному морскому порту, которые осуществляют рыболовство и деятельность, связанную с разведением и (или) содержанием, выращиванием объектов аквакультуры в морских и территориальных водах Республики Казахстан, владельцем морского порта (оператором морского терминала) предоставляются скидки на обязательные услуги морского порта на условиях и в порядке, им определенных, за исключением регулируемых государством услуг.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 02.06.2023 № 406 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным приказом Министра транспорта РК от 24.09.2024 № 312 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Владельцем морского порта и навигационным центром возможно применение коэффициентов риска к тарифам на обязательные услуги морского порта в отношении судов (субстандартных либо возрастом свыше двадцати лет), в том числе иностранных, заходящих в акваторию данного морского порта.

      Размеры коэффициентов риска устанавливаются владельцем морского порта, в отношении навигационных услуг ведомством уполномоченного органа, осуществляющим реализацию государственной политики в сфере торгового мореплавания.

      При этом, размер повышающего коэффициента не должен превышать:

      для судов возрастом свыше 20 лет и до 25 лет – 30 % от оплаты за обязательные услуги морского порта;

      для судов возрастом свыше 25 лет – 50 % от оплаты за обязательные услуги морского порта.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 01.11.2019 № 819 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).