"Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 654 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 19325 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 363 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15555 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы: "спортшылар мен жаттықтырушыларды кейіннен олардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысуы жағдайларын іске асыра отырып, оларды даярлау жөніндегі қызметтерді;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтерді;

      6) мекемеде өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді;

      7) қонақүй қызметтерін көрсетеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін қаражат:

      1) жабдықты және құралдарды (оның iшiнде жиһаз) сатып алуға;

      2) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделер, естелік сыйлықтар, грамоталар сатып алуға және ақшалай сыйақыларға;

      3) спортшылардың тамақтануы, оларға тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды жабуға;

      4) асханаларды ұстауға (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдық пен құралдарды сатып алу, күрделi жөндеу және басқа да шығыстар);

      5) спорт алаңдарын салуға;

      6) сауықтыру iс-шараларына;

      7) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, арбитрлардың (төрешiлердiң) және медицина жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабуға;

      8) ақылы қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;

      9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;

      10) банк қызметтерін төлеуге;

      11) ынталандыру сипатындағы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды және басқа да төлемдерді белгiлеуге;

      12) заттай мүлік заттарын, спорттық және арнайы киім-кешекті сатып алуға, тігуге және жөндеуге;

      13) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстарға және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеуге, көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстарға;

      14) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялауға және күрделi жөндеуге;

      15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру процесін фармакологиялық қамтамасыз етуге;

      16) iссапар шығыстарына жұмсалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июля 2017 года № 363 "Об утверждении Правил оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области спорта, и использования денег от реализации таких услуг"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 654. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 сентября 2019 года № 19325

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июля 2017 года № 363 "Об утверждении Правил оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области спорта, и использования денег от реализации таких услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15555, опубликован 5 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области спорта, и использования денег от реализации таких услуг, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 дополнить подпунктами 5), 6), 7) следующего содержания:

      "5) услуг по санаторно-курортной деятельности и медицинской реабилитации;

      6) услуг по обеспечению питанием участников различных мероприятий, проводимых в учреждении;

      7) гостиничных услуг.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Средства, поступающие от реализации платных услуг, расходуются на:

      1) приобретение оборудования и инвентаря (в том числе мебели);

      2) приобретение призов, памятных подарков, грамот и денежные вознаграждения призерам и участникам спортивных мероприятий;

      3) покрытие расходов по питанию, бытового и культурного обслуживания спортсменов;

      4) содержание столовых (заработная плата, приобретение продуктов питания, приобретение оборудования и инвентаря, капитальный ремонт и другие расходы);

      5) устройство спортивных площадок;

      6) оздоровительные мероприятия;

      7) покрытие расходов по питанию участников соревнований, оплата труда арбитров (судей) и медицинских работников;

      8) оплата труда работников, оказывающих платные услуги;

      9) взносы за участие в спортивных мероприятиях;

      10) оплату банковских услуг;

      11) установление доплат, надбавок, премий и других выплат стимулирующего характера;

      12) приобретение, пошив и ремонт предметов вещевого имущества, спортивного и специального обмундирования;

      13) расходы на оплату за отопление, электроэнергию, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих и хозяйственных целей, оплата услуг по обслуживанию здания, оплата транспортных услуг и прочие расходы на приобретение товаров;

      14) реконструкция и капитальный ремонт зданий и сооружений;

      15) фармакологическое обеспечение учебно-тренировочного процесса спортсменов и сборных команд;

      16) командировочные расходы.".

      2. Спортивному комитету – Центральному спортивному клубу армии Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан на казахском и русском языках в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан генерал-майор
Н. Ермекбаев