Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15555 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 18 шілдедегі
№ 363 бұйрығымен
бекітілген

Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді
өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – АОСК) және оның филиалдары болып табылады.

      3. АОСК және оның филиалдары мынадай қызмет түрлерін:

      1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді;

      2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу);

      3) спорттық керек-жарақты және спорттық ғимараттарды беру жөніндегі қызметтерді;

      4) спортшылар мен жаттықтырушыларды кейіннен олардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысуы жағдайларын іске асыра отырып, оларды даярлау жөніндегі қызметтерді;

      5) санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтерді;

      6) мекемеде өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді;

      7) қонақүй қызметтерін көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін
ақшаны пайдалану тәртібі

      4. Заңды тұлғаларға қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге жүргізілген төлемге сәйкес жүзеге асырылады.

      5. АОСК және оның филиалдары оқу-жаттығу орталықтарының аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты:

      1) АОСК және оның филиалдары көрсететін қызметтер тізбесін;

      2) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылатын қызметтерге тарифтерді орналастырады.

      6. АОСК-ның және оның филиалдарының көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен иелiгiнде қалатын ақша АОСК ашатын қолма-қол ақшаның бақылау шотына есепке алынады және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

      7. Қолма-қол ақшаны қабылдау фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданумен және бақылау чегін берумен АОСК-ның және оның филиалдарының кассалары арқылы, сондай-ақ ақшасыз есеп айырысу бойынша АОСК-ның "ақылы көрсетілетін қызметтер шоты" қолма-қол ақшаның бақылау шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      8. АОСК және оның филиалдары қызметтерді өткізуден алатын, өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операцияларды жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын (еркін нысанда) жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.

      9. Ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін қаражат:

      1) жабдықты және құралдарды (оның iшiнде жиһаз) сатып алуға;

      2) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделер, естелік сыйлықтар, грамоталар сатып алуға және ақшалай сыйақыларға;

      3) спортшылардың тамақтануы, оларға тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды жабуға;

      4) асханаларды ұстауға (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдық пен құралдарды сатып алу, күрделi жөндеу және басқа да шығыстар);

      5) спорт алаңдарын салуға;

      6) сауықтыру iс-шараларына;

      7) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, арбитрлардың (төрешiлердiң) және медицина жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабуға;

      8) ақылы қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;

      9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;

      10) банк қызметтерін төлеуге;

      11) ынталандыру сипатындағы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды және басқа да төлемдерді белгiлеуге;

      12) заттай мүлік заттарын, спорттық және арнайы киім-кешекті сатып алуға, тігуге және жөндеуге;

      13) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстарға және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеуге, көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстарға;

      14) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялауға және күрделi жөндеуге;

      15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру процесін фармакологиялық қамтамасыз етуге;

      16) iссапар шығыстарына жұмсалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. АОСК-ның және оның филиалдарының көрсетілетін қызметтердi өткізуден түскен иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алуы және оларды жұмсауы туралы есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады