БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16679 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілген, Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру туралы өтініш
№ __________________ 20__ жылғы "___"______
(өтініштің тіркеу нөмірі) (өтініш берілген күн)
Сізден еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды мынадай дайын қайта өңдеу өнімдері бойынша сәйкестендіру жүргізуге рұқсат беруді сұраймын:
1) тауардың атауы ______________________________________________;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды (шикізат материалдары, құрамдауыштар)______;
3) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 295-бабының 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру тәсілі;
4) тауардың (қайта өңдеу өнімінің) толық атауы: түрі, типі, моделі, маркасы, бренді туралы _______________________________________________;
5) қайта өңдеу кезінде тауарлармен жасалған операция түрлері ________;
6) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру бойынша өзге де мәліметтер ____________________________________________________________________;
7) таңдалған сәйкестендіру тәсілі бойынша қайта өңдеу өнімінде шетелдік тауарларды сәйкестендіруді растайтын құжаттар тізбесі ____________________________________________________________________;
Осымен жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен деректердің дұрыстығын растаймын.
__________________________________________ ___________________
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі, аты, Қолы
әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________ ___________________
Тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде) Мемлекеттік кірістер органы
қолы мөр орны
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.