"Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 1049 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 қазанда № 19429 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16679 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілген, Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларында:

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1049 бұйрығына
қосымша
  Еркін қойма кедендік рәсімімен
орналастырылған шетелдік
тауарларды еркін қойма
кедендік рәсімімен
орналастырылған шетелдік
тауарлардан дайындалған
(алынған) тауарларда
сәйкестендіруді жүзеге
асыру қағидасына
1-қосымша
  нысан
  _________________________ не
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)
________________________ ден
(өтініш беруші)
БСН________________________
мекен-жайы
_____________________
телефон
________________________

Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру туралы өтініш

      № __________________                               20__ жылғы "___"______

      (өтініштің тіркеу нөмірі)                               (өтініш берілген күн)

      Сізден еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды мынадай дайын қайта өңдеу өнімдері бойынша сәйкестендіру жүргізуге рұқсат беруді сұраймын:

      1) тауардың атауы ______________________________________________;

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды (шикізат материалдары, құрамдауыштар)______;

      3) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 295-бабының 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру тәсілі;

      4) тауардың (қайта өңдеу өнімінің) толық атауы: түрі, типі, моделі, маркасы, бренді туралы _______________________________________________;

      5) қайта өңдеу кезінде тауарлармен жасалған операция түрлері ________;

      6) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру бойынша өзге де мәліметтер ____________________________________________________________________;

      7) таңдалған сәйкестендіру тәсілі бойынша қайта өңдеу өнімінде шетелдік тауарларды сәйкестендіруді растайтын құжаттар тізбесі ____________________________________________________________________;

      Осымен жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен деректердің дұрыстығын растаймын.

      __________________________________________             ___________________

      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі, аты,                   Қолы

      әкесінің аты (ол болған кезде)

      _________________________________________                  ___________________

      Тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде)                   Мемлекеттік кірістер органы

      қолы мөр орны

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады