"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 573 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 1167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қазанда № 19515 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 573 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14573 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      қызмет істері агенттігі

О признании утратившим силу приказа Министра финансов Республики Казахстан от 27 октября 2016 года № 573 "Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 21 октября 2019 года № 1167. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2019 года № 19515

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 октября 2016 года № 573 "Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14573, опубликован 30 декабря 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки Министерства финансов Республики Казахстан (Бектурова А.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель
Премьер-Министра Республики
Казахстан-Министр финансов
А. Смаилов

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы