"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 14573 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 1167 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 21.10.2019 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

      ______________ Қ. Қожамжаров

      2016 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 573 бұйрығымен бекітілген

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып
табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының
санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту
туралы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) осы лауазымға үміткер азаматтарға қойылады.

      2. Үлгілік біліктілік талаптары:

      1) білім бойынша талаптар;

      2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігінің деңгейіне сәйкес келетін сертификаттың болуы бойынша талаптар.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторлары
лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік
талаптары

      3. С-1 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      4. С-3 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі үш жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      5. С-4 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен не салық аудиті, салық есептілігі және есебі, бухгалтер, аудитор мамандықтары бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аумақтық бөлімшелерінің
мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын
үлгілік біліктілік талаптары

      6. С-О-1 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі үш жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      7. С-О-2 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      8. С-О-4 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі бір жарым жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      9. С-О-5 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен не салық аудиті, салық есептілігі және есебі, бухгалтер, аудитор мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

4-тарау. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың
ведомстволарының Ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік
аудиторларының лауазымдары санаттарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптары

      10. В-1, В-2 (Ішкі аудит қызметі бар болған жағдайда) санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен және (немесе) салық органдарында және (немесе) қазынашылық және (немесе) мемлекеттік органның тиісті саласында қызметін атқаратын жұмыс өтілі үш жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      11. В-3 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      12. В-4 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен не салық аудиті, салық есептілігі және есебі, бухгалтер, аудитор мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      13. С-1, С-2 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен және (немесе) салық органдарында және (немесе) қазынашылық және (немесе) қызметін атқаратын мемлекеттік органның тиісті саласында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      14. С-3 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      15. С-4 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен не салық аудиті, салық есептілігі және есебі, бухгалтер, аудитор мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

5-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың Ішкі аудит қызметінің
мемлекеттік аудиторларының лауазымдары санаттарына қойылатын
үлгілік біліктілік талаптары

      16. D-3 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      17. D-4 санаттындығы мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы және (немесе) есепке алу және аудит және (немесе) мемлекеттік аудит және (немесе) құқық және (немесе) менеджмент және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және (немесе) қаржылық бақылау органдарында және (немесе) олардың әдіснамасымен не салық аудиті, салық есептілігі және есебі, бухгалтер, аудитор мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;

      мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      *Осы абзацтың талабы ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесіне кіретін органдарда лауазымдарды 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін атқаратын қызметкерлерге қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады