Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қазанда № 19520 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.05.2022 № 393 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Байболов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 924 бұйрығына
қосымша

Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Жүргізуші куәліктерін дайындау.

      2. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер дайындау.

      3. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 924. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2019 года № 19520.

      В соответствии с пунктом 9 статьи 193 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.05.2022 № 393 (вводится в действие с 01.07.2022).

      1. Утвердить прилагаемый Перечень видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Байболов М.К.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Е. Тургумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 24 октября 2019 года № 924

Перечень видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность

      1. Изготовление водительских удостоверений.

      2. Изготовление свидетельств о государственной регистрации транспортных средств.

      3. Изготовление государственных регистрационных номерных знаков.