ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19520 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (А.Ғ. Арыстанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі М. Ахметжанов
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігі |