Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.05.2022 № 393 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Байболов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығына қосымша |
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Жүргізуші куәліктерін дайындау.
2. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер дайындау.
3. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау.