"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 4 қарашадағы № 92/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 қарашада № 19577 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға К. Масимов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2019 жылғы 4 қарашадағы
№ 92/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

159 824

179 003


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

81 155

90 894


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

42 129

47 184

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

887 095 812

993 547 309

3.

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпаратты жинауды, талдау мен жаиынтықтауды жүзеге асыру

1 қызмет*

324 845 031

363 826 435

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу

1 инцидент

2 214 719

2 480 485

5.

Ақпараттық – коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу

1 қызмет

366 847

410 869

6.

Сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттiк органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу


бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодының бір мегабайтын талдау

1 МБ

2 619,6

2 934


бір пайдалану нұсқасын жүктемелік сынау

1 қызмет

293 188,4

328 371


бір кіші телекоммуникация желісі мен серверлік жабдықты тексеріп қарау

1 қызмет

668 003,6

748 164


бір сынақ объектісінің қауіпсіздік функцияларын және қорғалуын сынау

1 қызмет

378 146,4

423 524

7.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру

қызмет*

104 112 108

116 605 561

8.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі

қызмет*

352 626 334

394 941 494

      * Қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.

      ** Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/нс "Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 ноября 2019 года № 92/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2019 года № 19577

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/қе "Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17630, опубликован 6 ноября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      Цены на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сфере информатизации, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Службе информации и кибербезопасности Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (Конкашев Ш.Р.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель К. Масимов

      СОГЛАСОВАН
Министр национальной экономики
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министр цифрового развития, инновации
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Председателя
Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан
от 4 ноября 2019 года № 92/қе
  Приложение 1
к приказу Председателя
Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан
от 23 октября 2018 года № 86/нс

Цены на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сфере информатизации

№ п/п

Наименование услуги

Единица измерения

Цена без учета НДС, тенге

Цена с учетом НДС, тенге

1

2

3

4

5

1.

Экспертиза инвестиционного предложения, технико-экономического обоснования бюджетного инвестиционного проекта и технического задания, направленных на создание или развитие информационных систем государственных органов, на соответствие требованиям информационной безопасности:


Проведение экспертизы технико-экономического обоснования бюджетного инвестиционного проекта, направленного на создание или развитие информационных систем государственных органов, на соответствие требованиям информационной безопасности

1 услуга**

159 824

179 003


Проведение экспертизы технического задания бюджетного инвестиционного проекта, направленного на создание или развитие информационных систем государственных органов, на соответствие требованиям информационной безопасности

1 услуга**

81 155

90 894


Проведение экспертизы инвестиционного предложения бюджетного инвестиционного проекта, направленного на создание или развитие информационных систем государственных органов, на соответствие требованиям информационной безопасности

1 услуга**

42 129

47 184

2.

Осуществление межотраслевой координации по вопросам мониторинга обеспечения информационной безопасности, защиты и безопасного функционирования объектов информатизации "электронного правительства", казахстанского сегмента Интернета, а также критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры, реагирования на инциденты информационной безопасности с проведением совместных мероприятий по обеспечению информационной безопасности в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан

1 услуга*

887 095 812

993 547 309

3.

Осуществление сбора, анализа и обобщения информации оперативных центров информационной безопасности об инцидентах информационной безопасности на объектах информационно – коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и других критически важных объектах информационно-коммуникационной инфраструктуры

1 услуга*

324 845 031

363 826 435

4.

Содействие собственникам, владельцам и пользователям объектов информатизации в вопросах безопасного использования информационно-коммуникационных технологий

1 инцидент

 2 214 719

2 480 485

5.

Согласование задания на проектирование информационно-коммуникационной услуги на соответствие требованиям информационной безопасности

1 услуга

366 847

410 869

6.

Испытания сервисного программного продукта, информационно-коммуникационной платформы "электронного правительства", интернет-ресурса и информационной системы государственного органа, информационной системы, отнесенной к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, негосударственной информационной системы, интегрируемой с информационной системой государственного органа или предназначенной для формирования государственных электронных информационных ресурсов, на соответствие требованиям информационной безопасности


анализ исходного кода программного обеспечения одного мегабайта

1 МБ

2 619,6

2 934


нагрузочное испытание на один вариант использования

1 услуга

293 188,4

328 371


обследование одной подсети телекоммуникаций и серверного оборудования

1 услуга

668 003,6

748 164


испытание функций безопасности и защищенности одного объекта испытаний

1 услуга

378 146,4

423 524

7.

Осуществление сопровождения единого шлюза доступа к Интернету и единого шлюза электронной почты "электронного правительства"

услуга*

104 112 108

116 605 561

8.

Мониторинг обеспечения информационной безопасности объектов информатизации "электронного правительства" посредством системы мониторинга обеспечения информационной безопасности Национального координационного центра информационной безопасности

услуга*

352 626 334

394 941 494

      * Услуги оказываются Комитету национальной безопасности Республики Казахстан.

      ** Услуги оказываются уполномоченному органу в сфере информатизации.