"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | К. Масимов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге | ҚҚС ескерілген бағасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу: | |||
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 159 824 | 179 003 | |
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 81 155 | 90 894 | |
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 42 129 | 47 184 | |
2. | Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру | 1 қызмет* | 887 095 812 | 993 547 309 |
3. | Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпаратты жинауды, талдау мен жаиынтықтауды жүзеге асыру | 1 қызмет* | 324 845 031 | 363 826 435 |
4. | Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу | 1 инцидент | 2 214 719 | 2 480 485 |
5. | Ақпараттық – коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу | 1 қызмет | 366 847 | 410 869 |
6. | Сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттiк органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу | |||
бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодының бір мегабайтын талдау | 1 МБ | 2 619,6 | 2 934 | |
бір пайдалану нұсқасын жүктемелік сынау | 1 қызмет | 293 188,4 | 328 371 | |
бір кіші телекоммуникация желісі мен серверлік жабдықты тексеріп қарау | 1 қызмет | 668 003,6 | 748 164 | |
бір сынақ объектісінің қауіпсіздік функцияларын және қорғалуын сынау | 1 қызмет | 378 146,4 | 423 524 | |
7. | Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру | қызмет* | 104 112 108 | 116 605 561 |
8. | Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі | қызмет* | 352 626 334 | 394 941 494 |
* Қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.
** Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.