Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.03.2022 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.03.2022 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 25.11.2022 № 86/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосымша құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

Қосымша құн салығы ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға инвестициялық ұсыныс пен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама:

1)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

148 541

166 366

2)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға бюджеттік инвестициялардың қаржы- экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

173 297

194 093

3)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

173 297

194 093

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

1 087 358 835

1 217 841 895

3.

Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытындылауды жүзеге асыру

1 қызмет*

210 982 513

236 300 415

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдем көрсету

1 оқыс оқиға

2 606 161

2 918 901

5.

Ақпараттық - коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу

1 қызмет***

1 150 249

1 288 279

6.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу:

1)

Бастапқы кодтарды талдау

1 Мбайт

5 812

6 510

2)

Жүктемелік сынау

1 пайдалану нұсқасы

410 910

460 219

3)

Желілік инфрақұрылымды зерттеу

1 кіші желі

745 079

834 489

4)

Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау

1 жүйе/
кіші жүйе

765 224

857 051

5)

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеу

1 жүйе/
кіші жүйе

740 344

829 186

7.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді жүзеге асыру

1 қызмет*

216 225 641

242 172 718

8

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі

1)

Қорғалуды қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық
үкіметтің"
ақпараттандыру объектісі*

7 086 554

7 936 941

2)

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі

1 "электрондық
үкіметтің"
ақпараттандыру объектісі*

6 669 698

7 470 062

3)

Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық
үкіметтің"
ақпараттандыру объектісі*

2 084 281

2 334 394

9.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг:

1)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату

1
мемлекеттік орган*

2 588 907

2 899 576

2)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық сүйемелдеу

1
мемлекеттік орган*

11 361 237

12 724 585

3)

Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мониторингі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау

1
мемлекеттік орган*

13 885 956

15 552 271

10.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою

1
мемлекеттік мекеме*

9 421 078

10 551 607

11.

Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеуді жүзеге асыру

1)

Дербес деректерді қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық шаралары мен процестері

1 зерттеу объектісі**

757 706

848 631

2)

Аспаптық сканерлеу

1 зерттеу объектісі**

597 202

668 866

12.

Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 қызмет*

170 018 924

190 421 195

13.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу, және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру

1 қызмет*

1 418 557 993

1 588 784 952

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі;

      ** қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі;

      *** қызмет ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 25.11.2022 № 86/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосымша құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін есепке алуды жүргізу

1 қызмет*

2 071 347 174

2 319 908 835

2.

Ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу

1 қызмет*

77 778 205

87 111 590

3.

Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу

1 қызмет*

270 296 083

302 731 613

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады