"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептердің) сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) сараптама қорытындысы – сараптама объектісінің әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған сараптама кеңесі сарапшысының ресми қорытындысы;
3) сараптама кеңестері – Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған, Заңның 6-бабының 34) тармақшасына сәйкес олардың ережелері мен құрамдарын бекітілетін, мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылатын алқалы органдар;
4) сараптамалық кеңестің қорытындысы – тиісті сараптама кеңесінің төрағасы (бұдан әрі – төраға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын және орындалған ғылыми зерттеулер бойынша орташа балл көлемі бойынша сараланған ғылыми зерттеулер (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептер) тізімін қамтитын, онда осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мәлімделген қаржыландыру сомасы көрсетілген, құжат;
5) сараптама кеңесінің сарапшысы (бұдан әрі – сарапшы) – сараптама қорытындысын ұсынатын, оған талап Заңның 6-бабының 34) тармақшасына және 21-бабының 6 тармағына сәйкес белгіленетін жеке тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептердің) сараптамасын жүргізу тәртібі
3. Сараптаманың негізгі міндеттері:
1) мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық қамтамасыз ету бойынша ғылыми зерттеулерді (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді) объективті және кешенді түрде қарау, алынған нәтижелерді ғылыми зерттеулердің (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептердің), мәлімделген мақсаттарымен салыстыру;
2) сараптама объектісінің сараптамалық бағалауын біріктіру.
4. Қорытындыларының тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік, кешенділік, нақтылық, толықтық және негізділігі қағидаттарында орындалған ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми зерттеулерге (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге) талдамалық бағалау дайындау мақсатында уәкілетті органның басшысы айқындайтын сарапшылар жүзеге асырады.
5. Сарапшылар күнтізбелік отыз күн ішінде ғылыми зерттеулерді (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептер) қарайды, сараптама қорытындысын дайындайды және уәкілетті органға жібереді.
Сараптама қорытындысында осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген Сараптама объектісінің сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес балл қойылады.
6. Уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде сарапшылар қол қойған сараптама қорытындыларын қарайды, орташа балл шығарады және тиісті сараптама кеңесінің қорытынды жобасын қалыптастырады.
7. Сараптамалық кеңестің қорытындысына төраға немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
8. Төраға немесе оны алмастырушы тұлға тиісті сараптама кеңесінің қорытынды жобасымен келіспеген жағдайда, күнтізбелік бес күн ішінде сараптама кеңесінің отырысын шақырады.
Отырыс өткізу үшін тиісті сараптама кеңесі құрамының кемінде екіден үш бөлігі қатысуы қажет.
Тиісті сараптама кеңесінің қорытындысы отырысқа қатысып отырған дауыстардың жартысынан астамы бірауыздан қорытынды қабылдаған кезде қабылданды деп есептеледі. Отырыс күндізгі нысанда және (немесе) онлайн конференция арқылы өткізіледі.
Отырыс қорытындылары бойынша бес жұмыс күн ішінде төраға немесе оны алмастырушы тұлға тиісті сараптама кеңесінің қорытындысына қол қояды және уәкілетті органға жібереді.
9. Сарапшы мынадай жағдайларда сараптаманы жүргізбейді:
1) өтінімді мақұлдау немесе қабылдамау нәтижесінде жеке немесе қаржылық қызығушылығының болуы;
2) соңғы үш жылдағы тең авторлықты қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді орындаушылармен бірлескен жарияланымдардың, соңғы үш жыл ішінде зерттеу нәтижелері және осы нәтижелерді қолдану бойынша өтінім дайындау, бірлескен жарияланымдар жоспарлау кезінде тікелей қатысудың болуы;
3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми зерттеулерді орындаушыларға тікелей басшылық ету, оның бағынысында болуы немесе оған консультациялық қызметтер көрсету;
4) ғылыми зерттеулерді орындаушылармен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туыстықта болу;
5) ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға Заңының 6-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітелген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларында айқындалатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
6) орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындауға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған шарттың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген жағдайда.
10. Сараптаманы жүргізу кезінде өтінім берушіге ғылыми зерттеулер бойынша сараптамны (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді) жүзеге асыратын сарапшылардың жеке басы сараптама қорытындысын шығару уақытында және одан кейін жария етілмейді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Сараптама қорытындысы
_______________________________________
(сараптама объектісінің атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы* | Балл (1 ден 9 дейн) | Сарапшының бағалау негіздемесі (міндетті түрде) | |
1 | Нәтижелерді пайдаланудың сапасы мен перспективасы | ||
2 | Өзектілігі | ||
3 | Іске асырылуы | ||
4 |
Өтініш берушінің құзыреттілігі (жобаны іске асыру үшін ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің құзыреттілік деңгейінің жеткіліктілігі. | ||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Қорытынды балдың шекті бағасы (төмен, орташа немесе жоғары) | |||
Күшті жақтары | |||
Әлсіз жақтары |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_______________________________________________________________
Қолы __________ Күні "__" ________ 20 __ ж.
* қосымша өлшемшарттар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс алушының ұсынысы бойынша белгіленеді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Сараптамалық кеңестің қорытындысы
_______________________________________________
(сараптама объектісінің атауы)
Ғылыми зерттеулер (орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептер) тізімі | Орташа балл | Қаржыландыру сомасы | |
1 | |||
2 | |||
3 |
Төрағаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________________________________________
Қолы __________ Күні "__"________ 20__ ж.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Сараптама объектісінің сараптамалық бағалау жүйесі
Шекті бағалау | Балл | Бағалау | Бағалаудың сипаттамасы күшті және әлсіз жақтары |
Жоғары | 9 | Жоғары дәрежелі | Әлсіз жақтары жоқ |
8 | Көрнекті | Елеусіз әлсіз жақтары бар | |
7 | Тамаша | Кейбір елеусіз әлсіз жақтары бар | |
Орта | 6 | Өте жақсы | Көптеген елеусіз әлсіз жақтары бар |
5 | Жақсы | Кейбір күшті жақтары және бірқалыпты әлсіз тұстары бар | |
4 | Қанағаттанарлық | Кейбір күшті жақтары, бірақ бір елеулі әлсіз жағы бар | |
Төмен | 3 | Нашар | Болмашы күшті жақтары және көптеген әлсіз жақтары бар |
2 | Қанағаттанарлықсыз | Күшті жақтары жоқ және елеулі әлсіз жақтары бар | |
1 | Тым қанағаттанарлықсыз | Күшті жақтары жоқ |