2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 225 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10974 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығымен бекітілген |
"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, оқу орындарының қызметкерлері мен бітірушілерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер, анықтамалар қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;
біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі мен дербестігі бойынша сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиынтығы;
еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесінің міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың жиынтығы;
кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде иеленетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас жиынтығын болжайтын кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері – салаларда танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдалған сипаты;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
2) БТБА – ҚР жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
3) ГТҚҚ – газ-түтіннен қорғау қызметі;
4) ТЖ – төтенше жағдай;
5) ТОЖҚҚ– тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары;
6) СБШ – салалық біліктілік шеңберлері;
7) ҰБШ - ұлттық біліктілік жүйесі.
2-тарау. Кәсіби стандарт паспорты
4. Кәсіби стандарт атауы: "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі".
5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: өрт қауіпсіздігі сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызмет саласындағы талаптарды, мазмұнына, сапасына, қызметшілердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Кәсіби топ: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бойынша қызмет.
Кәсіби кіші топ: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика баптаушысы, 3-5 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрт сөндіруші, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрттің алдын алу нұсқаушысы, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
бөлімше командирі, 3-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
қарауыл бастығы, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
қызмет бастығы, 5-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.12.2022 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.12.2022 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы" | |
Кәсіп коды | 7421-1-003 |
Кәсіп атауы | Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 3-5 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімінің деңгейі | Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы болған кезде жалпы орта білім. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім. |
Еңбек функциялары | 1. ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету. |
2. ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету. | |
3. Химиялық сіңіргіштер өнімінің сапасына қабылдау сынақтарын ұйымдастыру. | |
4. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада жаттығуын ұйымдастыру. | |
1-еңбек функциясы ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
3-еңбек функциясы Химиялық сіңіргіштер өнімдерінің сапасына қабылдау сынауларын ұйымдастыру. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
4-еңбек функциясы Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру. |
Ікерлік және дағдылар: |
Білімі | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланыс | Бөлімше командирі |
"Өрт сөндіруші" | |
Кәсіп коды | 5411-0-008 |
Кәсіп атауы | Өрт сөндіруші |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 4-6 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімнің деңгейі | Жалпы орта білім және Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы. Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіби. |
Еңбек функциялары | 1. Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. |
2. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. | |
3. Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды. | |
4. Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайды. | |
1-еңбек функциясы Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізеді |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
3-еңбек функциясы Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
4-еңбек функциясы Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын қалыпты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды орындайды. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланыс | Өрт сөндіруші-құтқарушы деңгейінен жоғары |
"Өртке қарсы профилактика нұсқаушысы" | |
әсіп коды | 3160-1-010 |
Кәсіп атауы | Өртке қарсы профилактика нұсқаушысы |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 4-6 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімінің деңгейі | Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіптік білім (Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлық және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту). |
Еңбек функциялары | 1. Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру. |
2. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу. | |
1-еңбек функциясы Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар жүргізу. |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы | Бөлімше командирі |
"Бөлімше командирі" | |
Кәсіп коды | 5411-0-003 |
Кәсіп атауы | Бөлімше командирі |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 3-6 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімінің деңгейі |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда жалпы орта білім беру және арнайы даярлық және оқыту курстары. |
Еңбек функциялары | 1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. |
2. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. | |
3. Өрт-техникалық жарақпен құтқару жабдығын жарамды күйде ұстайды, оған техникалық қызмет көрсетуді, арнайы дайындықты талап етпейтін ақауларды сынауды және жоюды жүзеге асырады. | |
4. Кезекшілік атқару кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын ақаусыз күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайды. | |
5. Бөлімшенің жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және олардың әрекеттері үшін жауап береді. Ол бөлімнің жұмысын басқарады. | |
1-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
3-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
4-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
5-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы | Бақылау˗өлшеу аспаптары мен газ-түтіннен қорғау қызметі автоматикасын баптаушы |
"Қарауыл бастығы" | |
Кәсіп коды | 1349-0-020 |
Кәсіп атауы | Қарауыл бастығы |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 4-6 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімінің деңгейі |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда орта техникалық білім және арнайы даярлық және оқыту курстары. |
Еңбек функциялары | 1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. |
2. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. | |
3. Қарауыл жұмысына басшылық жасайды, жеке құрамның және жеке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне, өртті сөндіру жөніндегі міндеттердің орындалуына, өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт-техникалық жарақтың сақталуына жауап береді. | |
1-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
3-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы | Қызмет бастығы |
"Қызмет бастығы" | |
Кәсіп коды | 1329-1-039 |
Кәсіп атауы | Қызмет бастығы |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5-6 |
БА бойынша біліктілік деңгейі | - |
Кәсіби білімінің деңгейі |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім. |
Еңбек функциялары | 1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. |
2. Өрт-құтқару даярлығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. | |
3. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын басқарады. | |
1-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
2-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
3-еңбек функциясы |
Іскерлік және дағдылар: |
Білімі: | |
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Өзін-өзі ұйымдастыру. |
СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы | Қарауыл бастығы |